Кіріспе ­­­­­­­­­­


Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Ш.Құдайбердиев сияқты ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің белгілі өкілдерінің бірінің шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болды. Ал оның шығармаларын тілдік және стильдік жағынан қарастыру мәселесі кенже қалып отыр. Ақын шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген көлемді зерттеу, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бұл ретте зерттеуші А..Қонарбаева өз диссертациясында Шәкәрім шығармашылық өнерінің тілдік қолданыс ерекшелігін қарастырған. Бірақ Шәкәрімнің шығармашылық ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыстың жазылуына сонымен бірге ақын шығармаларының тікелей әсері болды. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі кезеңіндегі көркем әдеби стильдің ерекшеліктерін көрсете алатын, қазақ тілінің бейнелілігін танытуға тиісті Ш.Құдайбердиев шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу нысанасынан тыс қалдырсақ, онда өткен ғасыр басындағы әдеби тіліміздің ерекшеліктері түгел болмас еді.
Шәкәрім шығармашылығын зерттеуді бұлайша саралап қарастыру ғалым Р.Сыздықованың айтуынша, «ойшыл, аудармашы әрі заманында мерзімді баспасөз беттерінде өзінің азаматтық үнін қосқан көп қырлы таланттың ұлттық әдеби тілдің нормалану процесіне тигізген ықпалы мен үлесін айқындаудан туып отыр ... Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызды, ал ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының» стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді» – деген филология ғылымының докторы Р.Сыздық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құдайбердиев лирикасының тілін лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеп, өлең құрылысындағы лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен сөздердің көркемдегіш құралдар
түрлерінде қолданылу сипатын айқындап беру – тіл білімінде ғылыми ізденісті қажет ететін өзекті мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет