Кіріспе ­­­­­­­­­­


Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы



бет5/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы: Жұмыстың ғылыми негізге сүйенген нәтижелері жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясы мен дүниетанымы, өмірі және шығармашылығын таныту мақсатында арнайы семинар пәні ретінде пайдалануға ұсынылады.
Жұмыстың жариялануы:
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I. Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ЛИРИКАСЫ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА -ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы омоним сөздердің қолданысы
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақастан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Шәкәрім олардың немересі, яғни Абайдың немере інісі. Ақынның «Мұтылғанның өмірі» деген өмірдерек өлеңінде келтірілген өлең сөзде Шәкәрімді ата-анасы бес жасынан сабаққа бергеніне, әкеден жетім қалды. Жетім деген аты болмаса, Құнанбайдың ерке немересі болып өседі: «Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім», - дейді өз өлеңінде. Бірақ, туысынан талантты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмірбойы шыңдап, өркендеп, өсіріп отырған Абайдың: «Адамның адамдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес»,-дейтіні осы болады. Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
«Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - дейді ол шежіре кітабында - қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кіс еді. Ержеткен соң, сол кісіден тағлым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім», -дейді.[ ]
Шәкәрім оқуға өте зерек болып, хатты тез таныған. Осы қабылетті байқалған соң, әке-шешесін Шәкәрімге өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп, әсіресе, шешесі кенже ұлына араб, түрік тілдерін қосымша үйретіп отырған. Ғұламаның «жасымнан жетік білдім түрік тілін» деуі осыдан. Шәкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де - Абай болды. Шәкәрім жасынан «мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек қып айтып, араб, парсының бәйіттерін көп әуестенген. Оның үстіне домбыра, скрипка, гармонды шебер меңгереді. Он бес жасқа келгенде Шәкәрім қаршыға ұстап, құс баптап аңшылық жолға түседі. Ол өз тұсындағы құсбегі, мерген болғандардың алды болды. Бала, бозбала Шәкәрімнің нәр алған, үлгі - өнеге көрген қайнары-қырдағы қазақ мәдениеті, дәстүрлі көшпелі қазақ ортасы. Ақынның жан әлемі осы өзгеше хәл мен күйден енді айрылмайды. Оны: «Жиырмадан өткенде, азған ғылым оқыдым. Алғызып кітап шеттен де, көңілге біраз тоқыдым» және «білмегенді сұрадым, жиыстырдым, құрадым. Оқыған сайын ұнадым, жолына түстім осының» деуімен паш етеді. Тағы бір дәлел - 1930 жылдары жазылған «Кейбіреу безді дейді елден мені» деп басталатын өлеңі. Онда ақын «Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып» деген сөзіне байланысты Мұхтар Әуезовтің осы кезең туралы жазғанын келтірейік: «Ысқақты ұдайы үш сайлау 9 жыл болыс қылған соң, төртінші сайлауда: «Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін» деп, жасы жиырмаға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем-өзінің үлкен шешесі Күнкеден туған Құдайберді деген ағасы болып табылады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының әруағын сыйлағандықтан, жасы жетер - жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 1984 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады.», - дейді.[ ]. Бұл жөнінде Шәкәрім өзінің өмірбаянында жазады. Сөйтіп, Шәкәрім ел басқару ісіне еріксіз араласқанын өмірінің өкінішті бір кезеңі деп біледі. «Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы», - деп налиды. Көзін ашып, өсіп, өзгерген санамен жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым дүниесіне терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-еркін меңгеруге бой ұрады. «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстанған. Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да толғаусыз тобына бермей, өз ақылына жүгініп, сыншыл көзімен қарап оқыды.[ ]
Шәкәрімнің өміріне қатысты қазір Семейдегі жаңа тарихи құжаттар орталығынан біраз құнды құнды құжаттар қолға тиіп отыр. Мысалы, соның бірі - 1917-1918 жылдары Семейде күн сайын шығып тұрған «Дело» газеті. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жарық көрген басылым болса керек. «Дело», общественно – политическая газета, № 145 6 Орган Семипалатинского областного комиссариата, четверг, от 30 (13) ноября 1917 года» деп жазыпты. Газеттің осы санында Керенский басқарған Уақытша Үкіметтің қаулысына сәйкес Семей уездік Земстволық комитетінің жергілікті халықтық билік органына депутаттарды сайлау туралы, жалпы өткізілген сайлау қорытындысы жайлы хабарландырулары, ресми құжаттары берілген. Онда ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің қоғамдағы, қазақ өміріндегі осындай саяси оқиғалардан сырт қалмай, сол кездегі К.Жанатаев, И.Тарабаев, И.Қазанқапов, Х.Ғаббасов тәрізді қазақ зиялыларымен бірге Семей уездік Земстволық жиынына депутат болып сайланғаны жайлы тың дерек бар. Семей уездік Земство жиынына кезекті сайлау науқанын 1919 жылдың басында өткізу жоспарланған көрінеді. Шәкрімнің өзі :
Семейде ақтар меңгеріп,
Қазаққа соттық жол беріп,
Сыртымнана сайлап жөн көріп….[ ] дегендей, бұл Алашорда үкіметінің Шәкәрім қажына сырттай халық соты сайлап, оның төбе би болып билік айтқан кезін, дәлелдейтін құжат. Бүгінде бірқатар зерттеушілер Шәкәрімнің Алаш партиясы тілегінде болғанын, алайда ғұлама ақынның Алашорда үкіметі қайсыбір басшыларының «ұр да жық» мінезімен қисық та келісе алмай, олардан үзілді-кесілді қол үзгені туралы айтып жүр. Ғалым Қайым Мұхаметханов осы мәселеге байланысты бір оқиғаға түсінік береді: «Қаланың Белгібай дейтін байының қызын тобықтының бір үлкен байы баласына айттырып, қалың малын беріп қойған екен. Қыз Қабдолла Қоскеев деген жас мұғалыммен көңіл қосып, қашып кетеді. Байдың балалары мұғалімді ұстап алып, соққыға жығып, байлап тастайды. Осы жұмысқа билік айтуды Алашорда басшылары Шәкәрімге тапсырып, сіз билік айтыңыз және қызды алып қашқан мұғалім жазаға тартылып, қыз айттырған жеріне баратын болсын, - дейді.[ ]. Шәкәрім: мен билік айтсам, әділетін айтам ардың билігін айтам дейді. Алашордашылар, байлар Шәкәрімге қысым жасайды. Ақыры, халық алдында ашық сот болып, қыз бен жігіттің бірін-бірі сүйіп, өз еріктерімен қосылғанына көзі жеткен соң, Шәкәрім әділ билік айтып, қыз бен жігіт қосылсын дейді. Осы биліктен туған дау қала, далаға тегіс жайылады. Халық Шәкәрімге риза болып, алғыз айтса, байлар, алашордашылар қарғыс айтып, наразы болады. Шәкәрім өтірік ауруды сылтау етіп, еліне кетеді. Алашорда үкіметі ақынды халық соты қызметіне қайта қанша шақырғанымен, оған қайтып бармағанын білеміз. Ақыры, оны өздерінше, халық алдында масқара етпек болып, Шәкәрімге байкот жариялады». Әрине, бұл арада аталмыш мақаланың кешегі Кеңес өкіметі кезінде, Алаш көсемдері әлі ақтала қоймаған уақытты жазылғанын ескеру керек секілді. Демек, Шәкәрім мен Алашорда үкіметі арасындағы осы «жұмбақ жайлар» әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе.[ ].
Шәкәрім Меккке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан соң, бір жылдан кейін барған. Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Стамбул қалалары болаған. Ал Меккеге бару себебі: «Құдайдың үйі» деп жүрген Меккені көзімен көріп білу үшін және ондағы Құнанбай тәкиясын көру үшін болуы керек. Шәкәрімнің өзінің шежіре кітабында Мекке туралы бар жазғаны: «1874 жылы қажыға барғанда (Құнанбайды айтады), қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкия, яғни үй сатып алып, құдайы қылып еді... Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылағ қарай қажыға барғанды тәкияны көрдім», - дейді.[ ].
1882-1883 жылдар Шәкәрімнің ішкі дүниесі, жан әлемі толысуының жаңа бір белі болғанға ұқсайды. Оған өз табиғат - мінезінде еселене түскен ой тәрбиесіне қоса, бәлкім, жастай атқарған болыстық қызметі, сол арқылы жиған өмір тәжірибесі өзгеше әсер еткен болар. Қалай да болса, осы жылдары жасы 25-ке таман ілінген жігіттің ақындық жолға бұрып, өз ортасынан озған кісі болып жекеленіп шыға бастағаны белгі береді. Шәкәрімнің әзірге белгілі бес дастаны бар. «Оятқан мені ерте - Шығыс жыры –деп өзі айтқандай, ақын бал дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп оқып, олар жайлы мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі - артқыға кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу, шығарма-шылық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-соңды өткен ұлы ақындар үшін жазылмаған қағида есепті еді. Бес дастаннның үшеуі: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі: «Ләйлі-Мәжүн», «Дубровский»-аударма туындылары. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»-1912 жылы Семей қаласында «Жәрдем» баспасында басылып шыққан. Қалың қазақ сүйіп оқыған. Халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та автордың таныстыру есепті кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке орай, екі дастаннның жазған уақыты да мәлімсіз.[ ].
Абайдың тікелей қатысуымен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған Құдайбердиев Шәкәрім қазақ - орыс байланысының одан әрі дамуына зор үлес қосқан көрнекті өкіл - Шәкәрім еді. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімділікпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық өнер кәусерінен барынша мол сусындауы игілікті іс деп білген Шәкәрім дүниежүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастайды. Соның ең елеулілерінің бірі - А.С.Пушкиннің «Дубровский» романы. Бұл шығарма жайында 1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан. Қазақша өлеңмен аударылған бұл хикая Ахат Құдайбердиевтің айтуына қарағанда, 1903-1909 жылдары аударылса керек.\6
Шәкәрім қалай ұсталды? Оған қандай айып тағылды? Бұл жөнініде қауыпсіздік органдарындағы мұрағат құжатары нендей сыр шертеді? Енді сол деректерге назар аударайық.[ ].
1931 жылдың 2 қыркүйегінде Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай) ауданында қарулы көтеріліс болды. Осы көтеріліс басшыларының біреуі 1858 жылы туған Абай ауданының тұрғыны, қазақ, Құдайбердиев Шәкәрім екен. Осыған байланысты Шыңғыстаудағы банды көтерілісіне қатысты деп сотталған, жауапқа тартылған адамдардың мұрағат - тергеу ісімен таныстық. Мұнда РСФСР қылмыстық кодекстініің 58 - бабының 2-тармағы бойынша айыпталған Құдайбердиев Шәкәрімге байланысты материалдарды тергеу ісіне жеке бөліп, оның қазақ болуына байланысты қылмыстық ізіне түсуді тоқтату туралы аудандық ОГПУ - дың 1932 жылдың 22 ақпанындағы қаулысы бар екен. ОГПУ қызметкерлері фактілерді бұрмалап, болған оқиғаға сол кездегі саяси ахуалға орай баға берген. Мысалы, қылмыстық істігі жазбаларға сенсек, Шәкәрім жаңа өкіметтің барып тұрған қас жауы, Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі, буржуазиялық, ұлтшылдық пиғылдағы жат элемент. Шығармашылық еңбектерінің де құны шамалы. Саясат жағынан келгенде коммунистік идеологиямен үйлеспейді, яғни оның шығармашылығында келер ұрпаққа үлгі етерлік, рухани азық боларлық ештеңе жоқ. Құжаттардың мазмұнынан осы ой - пікірді байқауға болады.[ ].
1931 жы Абай ауданында бандылардың қарулы көтерілісін қырып-жойып, елге тыныштық орнату операциясын тікелей басқарған бұрыңғы Шыңғыстау аудандық ОГПУ бөлімінің бастығы Абзал Қарасартов былай деп түсініктеме берген: «Құдайбердиев Шәкәрім Алаш орда контрореволюциялық ұйымының көсем ақсақалы, ірі бай, жартылай феодал, қажы болған. 1931 жылы барлық коммунистер, әсіресе басшы қызметкерлерді қырып - жою мақсатымен қару - жарақ асынған бандыны ұйымдастырып, Шыңғыстау ауданының орталығына шабуыл жасады. Бақанас шатқалында банды жақтастары жиналды, сол жерде хан сайланды, ал банды басшысының бірі Сұлтанбек оған «Абылай хан жасасын» деп жазылған ақ жалауды тапсырды. Осы тумен «Абылай» деп ұрандатқан олар аудан орталығына бет түзеді. Жолда екі мұғалымдерді-Рамазан Абаев пен оның әйелін ұстады. Бұл екеуі де коммунист болатын. Шәкәрімнің нұсқауы бойынша оларды жылқының құйрығына байлап, тау мен тасқа сүйреді, азаптап, қорлап өлітірді. Сол түнде олар аудан орталығына бара жатып, «Қарауыл» колхозында аудандық комитеттің төрағасы Шалабаев Олжабайды өлтірді. Бұдан кейін 3 сағатқа созылған атыс басталды. Коммунистердің ұйымшылдықпен шабуыл жасауының арқасында банды кейін шегінді. Осылай жеңіліс тапқан банды шекара арқылы Қытайға өтіп кетуге әрекет жасады. Мен коммунистер отрядымен бандының соңына түстім. 1931 жылдың 21 қазанында Құдайбердиев Шәкәрім «Керегетас» тауының маңында болған атыста қазақ тапты» [ ].
Міне, ақынның қазасы туралы құжат ОГПУ қызметкері Абзал Қарасартов жазған дерек осы еді. Бірақ, бұл құжаттың бүгінгі таңда жалған екендігі айдан анық болып отыр. Қарасартовтың әңгімесіне сену миға қонбайтын әңгіме еді. Шәкәрім секілді жан - жақты білімді, ғалым адам өнбейтін іспен айналысуға тиісті емес екені белгілі. Ал енді қанды оқиға қалайша өрбіді, соған тоқталайық. Шәкәрімнің өмір сүрген заманында өкінішке орай қоғам да, адам да бір шетте өзімен өзі жүрген және еріксіз қыспақта шыр көбелек айналдырып, өз сеніміне тарта берді емес пе! Сөйтіп, сол заманнан, қоғамнан, адамнан тыс тура ал-майсын, сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады де-ген өмірдің қарапайым қағидасы шындыққа айналып келе жатқан-ды.
Осы орайда бірнеше пікір қалыптасты. Соның бірі - бір топ қауым қажыны арғы бетке Қытайға өтуге көндірдік дегенге саяды. Олардың айтуынша, Шәкәрім құпияда оққа ұшатын күні болар, ішінде қажы да бар, бәрі шекараны детке алып, Шың еніне қарай аттанбақ болыпты. Сол соңғы сәтте қажы жапандағы саят қорада атын арналған сұлу бар екендігін және бір қоржын кітапты ала кетуі керектігін айтып, негізгі сапар бағытын өзгертіп жіберіпті мыс. Олар солай десе, бұған тіптен де де кереғар пікір айтушылар аз емес. Бұлардың пікірніше: «Өлген мола, туған жер жібермеді, әйтпесе тұрмас едім осы маңда», - деп ұлы Абай айтпақшы, Шәкәрім қажының сол шақта дастан да, дұшпаннан да көңілі қайтқанмен, туған жер, өсекен елді қия алмай әлгілерге кесімді сөзін айтпағаны шындық. Бірақ, солай дей тұрғанымен, оларға Қытайға қалай өту керектігін карта түрінде зор ыждаһаттықпен белгілеп бергені де рас. «Бақты арқылы ассаңдар, алдарыңнан әскер күтіп, алуы мүсмкін. Сондықтан да Жетісу, Іле арқылы өтіңдер», - дей келіп.[ ], сол маңайдағы соқпаққа дейін қағазға түсіріп беріпті деседі. Мұны енді жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, Қытайға бет алғандардың ішінде ұлы Зият та бар еді. Содан бұлар Қызылбиіктен асып, Қарабұлақтағы саят қораға бет алған шақта соңдарынан қуып келген қызылжендеттерге тап болды. Олармен атысып, шабысу еш ойында жоқ Шәкәрім бұларды тоқтатып қойып, қуғыншыларға жалғыз өзі бет түзейді Бірақ...иә, бірақ көздері қанталаған қызыл жендеттер алдымен мұның астындағы тор жорға атты, іле аттан мұрттай ұшқанмен орнынан атып тұрып, мылтығын басынан көтере жоғары ұстап: «Атпаңдар, мен керекпін», - деген мұның сөзін елеу қылмастан өзін де оққа бойлады. Осы орайда қарсы пікірдегілер: «Шәкәрім көтеріліс басшысы болмаса, осыдан біраз уақыт бұрын көтерілісшілер қолынан қаза тапқан Олжабай коммунистің торы жорға аты оның астында қайдан жүрді?» - деп
[ ] айғақты сөзбен ықтырған болатын. Иә, соңғы сәтте Олжабайдың торы жорғасы қажының астынан табылғаны рас. Бірақ, бұл Шәкәрімнің көтерілісіне басшы болғандығына ғана емес, тіпті оған қатысқандығына да нақты айғақ емес. Шындығында торы жорғаны бұған әлі оқиғадан соң, мұны Қытайға бірге жүріңіз деп үгіттеушілер әкеп берген. Ал Шәкәрім болса соңғы сәт оны өз қолымен өзі білетін Қарасартовқа тапсырғысы келген. Бірақ, өкінішке қарай, бұлар оған мүмкіндік бермеген. Зият және тағы басқалары Қытай жеріне өтіп кетті. Сол жақта Зият әкесінің өлім туралы көлемді дастан жазыпты деседі. Әрине ондағы оқиға шындыққа бір табан жақын екендігіне еш күмән жоқ. Бірақ, әзірге ол шығарма қолға тиер емес.[ ]
Шәкәрім Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.
Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.[ ].
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы», және т.б өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-кебек», «Нартай лақ пен Айсулу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-қасиеттер лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы, орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдегі-бәрі де өз заманың тілек–талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның «Еңлік-кебек», «Қалкаман-Мамыр» сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін, сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін, жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынаналғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте сирек құбылыс дей аламыз. «Жастарға» атты 1879 жылы жазылған өлеңінде:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек – табармыз шыны ғылым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.[ ] Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты тұралы айта отырып, өзінің өнерпаздық бағытында айқындайды «Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық?» деген сауал қойып, кім болса да үлгі аларлық «білімді, данышпан», шынайы ғылым Абай дейді. Өлеңнің негізгі идеясы-жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру. Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді, адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққ қарап күресу.
Шәкәрім өзіне Абайдың шыншыл сөздері қатты әсер еткенін тебірене атады. Абайдың салған ізімен жүру бірден-бір дұрыс деген шешімге келеді.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көніл күйі, ішкі сезім әсерлері, махабббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сары күшті.Шәкәрімнің ойшылдығының, ақылдығына тән фәлсапашылдығының сыры неде десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған.
Қазақтың белгілі ақын, жыршы-жыраулармен қатар арғы-бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және батыс ақындарының шығармаларының өте жақсы білген.
Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану салаларындағы түрік тілдегі, орыс тілдегі, араб тіліндегі ғылым еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан-жақты, энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты дана адам болған.[ ].
Шәкәрім қазақ поэмасында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді.Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, жерленгіштік қабілеті мен не нәрсенің болсың ішкі сырын, көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердін арасын ажыратып,болмыстын, дүниетану мен моральдың негізі ақыл деп санайды. Ақыл, парасатты, ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дүрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді, сондықтан «ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау» деп түсіндейді.
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр». Деген өленінде Шәкәрім сол нұрды, ақылдың керемет күш-қуатын адам жақсы іске ғана емес, сонымен қатар күн көріс үшін, пайда үшін зұлындық пен айла жасауға да жұмсап түр дейді. Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен ақылға билетіп, ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа жеткізеді деген ой-түйеді.[ ].
Дүниетанымның,ғылымның да негізгі тірегі–ақыл-ой, ойлау қабілетінің қуаттылығы, ой-тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы-таза ақыл мен ойлау.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір- болмыстын, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып-түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктін мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселерді ғылыми ұғым-түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлендерді өз алдына бір тақыырыптық арна болып қлыптасты.[ ].
Акынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік- біртұтастықты танытады.Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса –Тәнірі сол» дейді.
Тәніріні іздеу, жаратқан Аллаға сену-ақиқатты іздеу, адалдыққа ақылмен жету деп түсінеді.
Ақынның ойшылдығың оның дүние-болмыстың терең сырларын тауып-білуге құмарлығын, мысалы, дүние қалай жаралған деген мәселеге айрықша көніл қойып, тиянақты жауап іздеп, сол арқылы «ен түпкі жаратушы-мінсіз Ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
«Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөнгеленген жердің күнді айналып жүретіні көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегені айтады:
Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау!
Қайырлы түн болсын деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау!
«Ей, жастар, қалай дейсің бұл дұние ?» [ ] деген басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңғаларлық нәрсе өте көп, алайда бәрінде де заңдылық , қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі толымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының кұдіреті де шексіз деген мағына туады:
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге? [ ].
Шәкәрімнің философиялық өлендері ой терендегі, пікір соңылығымен танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра білумен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасыңа сай интеллектуалдық сипат алған.
Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның мінезін, іс-әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл- парасаттылықты қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.
Өмірдің өкініші аз болмайтынын айта отырып, ақыл- парасаттылық,ой тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы қылық қылуына басшы болады деп пайымдайды ақын.
«Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл»,- дей отырып, әр адам өз қабілетін дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған орай әрекет қылғанда ғана адам сәтсіздікке ұшырамайтынын мейлінше дәлелді етіп көрсетеді.Адам өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, сонда ол өз ісінің сәтсіздігін өзгеден көрмей, нақтылы жағдайды дүрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық мәні бар түйінді ой қорытады
[ ]. Қазақ қоғамындағы, жағдайды, әлеуметтік ортаны, әр түрлі топты өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін жан-жақты барлап, терең түсінген шығармаларында шынайы бейнелеп берген Шәкәрім халықты ескілік шырмауынан шығарып, өркениетке бастайтын бірден-бір өнімді сара жол өнер-білімге қол жеткізу, ғылым үйренуді керемет уағыздап, ғұлама ғалымдарды, ойшылдарды қастерлейді.
Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алады. Өнеріңді, ғылымды елге жай,«пайдалансын өзгелер», «сусағанның сусыны бол», өнер, білім, ғылымның жетістіктерін ел игілігіне жүмсауды талап етеді.
Өнер – білім, ғылым үйрену мәселесін ойшыл ақын халықтың мүддесімен, биік адамгершілік, әділеттілік, махаббат, адал еңбек ете білу, талаптылық, жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады. Бұл қасиеттер мейірімділік, имандылық арқылы толысып, жетілетінін атап айтады.
Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл - деген сөздері Шәкәрімнің жоғарыда келтірген пікірлерімен тікелей жалғас, солардың қорытынды-түйіні деуге лайық[ ].
Ұзақ жылдар барлық қүш-қайратын жұмсап, білім іздеген, ғылымды түсіріп, кейінгіге мұра етіп қалдыруды мақсат тұтады. Жасы ұлғайған шақта өнімсіз талас-тартыстан бойын аластатып, қалған өмірін оңаша, еркін творчестволық еңбекке арнағанды пайдалырақ көреді. Алайда, ақын идеологиялық қүрес-тартыстарға араласпай, қанша шеттесе де, тоталитаризмнің зардабын тартып, зансыздықтың құрбаны болды.
Шәкәрімнің асқан ақындық шеберлігі оның өлең өрнегін түрлендіру өнегесінен айқын байқалады. Абай «Сегіз аяқ» атты өлеңінде қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өрнегі Шәкәрімнің назарынан тыс қалған жоқ. «Жастық туралы» өлеңінде Шәкәрім бұл өлең өрнегін жеңіл, ойнақы ырғақпен айтуға лайықты келтірген[ ].
Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген
Шәкәрім ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене айтады. «Ескі ақындық» атты өлеңінде Шәкәрім бұрынғы жырау, жыршылардың, суырып салма ақындардың шеберлігін, өнерпаздық өнегесін аса жоғары бағалайды.
Шәкәрімнің адамгершілік идеялары, арман-мұраттары алуан түрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандардынан мейлінше толық танылады. Қазақ өмірінен алынған нақтылы оқиғалар негізінде нағыз реалистік сипаттағы «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» секілді поэма жазуы-ақынның ұлттық әдебиетімізге қосқан үлкен үлесі екені даусыз. Осы поэмаларда баяндалып тұрған оқиғалар бір-екі ғасыр бұрын болса да, ақынның заманындағы қазақ өмірінде әлі де кеңінен орын алған типтік жай- жағдайлар болатын. Еңдеше, ақыңның «Еңлік-Кебек» поэмасы хақыңда бүл «ертегі емес, ертеде болған іс» деп атап көрсетуінің үлкен мәні бар. Шәкәрімнің суреткерлік шеберлігі сан-қилы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін, көңіл-күйін, әсерлі бейнелеумен қатар, сол арқылы халықтың салт-санасын, әдет- ғұрпын, түрлі топ өкілдерінің психологиясын терен ашып көрсетуінен айқын аңғарылады. «Еңлік-Кебек», әсіресе, «Нартайлақ пен Айсулу» дастанынан бұларға қоса ақыннын елдің ертедегі тарихынан мол мағлұматы бар шежірешілдігін де байқаймыз[ ].
«Еңлік-Кебек»-қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет- ғұрпын, әр топтың өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды. Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстаған ру намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен.
Поэма тұңғыш рет 1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасында жарияланады. Шәкәрім поэмаға қысқаша кіріспе жазды. Қазақ даласында тайпалар мен ру басшыларының қақтығыстарының қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім көп толғанғанда, сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеген,тарих тағылымы арқылы ондай озбырлықтың қайталанбауын ел есіне салуды ойлады. Сөйтіп, ол адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, билеуші таптың әділетсіз әрекетіне наразылық, бірін-бірі ұнатқан жастардың қайғылы өмірі туралы «Еңлік-Кебек» поэмасын жазды. Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған замаңның құрбаны болған екі жастын қайғылы тағдырын баяндайтын «Еңлік-Кебек» поэмасы бұрын да бірнеше рет жарияланған болатын. Алғашқы ңұсқасы «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз » деген атпен «Дала уалаяты» газетінің 1892 жылғы 31-39 сандарында, 1900 ж. «Қазақтың тұрмысынан хикая» деген атпен қайта басылады[ ].
Кейбір адам, жер-су аттары ғана өзгеріске ұшырағаны болмаса, поэманың бүрынғы мазмұны, сюжеттік желісі сақталған.
Өмір шындығына өзінше айландыру мақсатында тыңнан табылған пішін, шындық арқауында шиеленісе шиыршық атқан табиғи тартыс, осыларды көркем жинақтаудан туған ер идея, өршіл пафос, мінездері мінсіз жасалған дара, мүсіндері тастан қашалған кесек кейіпкерлер Нысан, Абыз, Еңлік, Кебек, Есен, Еспембет, Жапал, т.б. осылардың әрқайсысының кеудесінде ұшқын атып, жалын шашып тұрған шекспирлік құштарлық пен өшпенділік, бәрін қаусырып жатқан кемел парасат пен кенен философия, осылардың өзін саф таза өнер биігіне көтеріп тұрған кенеулі ой мен келісті тіл.
Шәкәрім шығыс, орыс классиктерінің шығармаларын қазақша тәржімалауға көп қөңіл бөлді. Бұл тұста аударма деген сөзді кейбір шығармаларыңда шартты мағынада қолдануға болатынын айтуға тиіспіз. Мысалы, «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны бүгінгі қалыптасқан мағынада аударма емес, Шығыс әдебиеттерінде кеңінен тараған нәзира дәстүрлі негізінде белгілі сюжетті өзінше баяндаған шығарма. Нәресте кезінен бір-біріне өліп-өшіп ғашық болған Ләйлә мен Мәжнүннің махаббаты барған сайын күшейе түсіп, екі қыршын жастың мезгілсіз өмірмен қоштасқанын баяндап шыққаннан соң поэманың соңында өз көңіл күйін Мәжнүннің тағдырмен салыстыра бейнелеуі де назар аударарлық[ ].
Шәкәрімнің қарасөз түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетінде реалистік психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет. Мұны «Әділ-Мария» атты автор өзі «қайғылы роман»деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл қүйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кеіптеу тәсілмен жан бітіргендей етіп суреттеуінен анық байқаймыз.
Шәкәрім Абайдың ақындық дәстүрлерін қоғамдық өмірдің ең маңызды мәселелерін қозғау жағынан, әсіресе, өнер-білімді, ғылымды уағыздау, надандықты, топастықты, әділетсіздік пен зұлымдықты әшкерлеу, шығыс, орыс әдебиетінінің таңдаулы нұсқаларын насихаттау жағынан ілгері дамытты. Сонымен қатар ол ақындығы, прозашылдығы, ойшылдығы-философиясы, дінге көзқарасы, суреткерлігі, көркемдік ойлау жүйесі, стилі, тіл бейнелілігі, өлен өрнектерін өзгеше түрлендіруі-қай жағынан алсақ та, қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі бірден-бір жаңашыл ірі тұлға болды[ ].
Шәкәрімнің атын атауға тыйым салынып, шығармалары көп жылдар бойы жабулы жатқаны, ақын туралы сол кезде айтылса, тек оғаш, кате пікірлер ғана айтылып келгені белгілі. Сонда да Шәкәрімнің өлен-жырларын, дастандардын жаттап, жадында сақтап, айтып жүрген адамдар аз болған жоқ. Ал, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық мұралары, өлендері мен дастандары, көркем прозасы бірнеше зерттеу еңбектерде, диссертацияларда әр қырынан танылып, баяндалып, бағаланып келеді.
Қазіргі кезде бүгінге жазылған, жарияланған мақалдар мен зерттеулерді негізге ала отырып, ұлы ойшыл-ақынның мұрасын алдағы уақытта жан-жақты талдап, терендеп тексерудің зәрулігі талассыз. Қай ғылым саласы болсын, ізденіс, зерделеуге ынта- ықылас қүшейген сайын, мағлумат-деректер жинақталып, ой-пікірлер, түйін-тұжырымдар қорланып, ұғым-түсініктер, пайымдаулар терендей түскен сайын жана проблемалар туындайтыны, шешімін табуды тілейтін мәселелер көбейе түсетіні зандылық.
Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толуына 4-5-ақ жылдай уақыт қалғанын еске алсақ, шәкәрімтану саласының дәл осы тұста тың зерттеулер арқылы жаңа бір белеске көтерілуі қоғамдық сұраныска жауап болары күмәнсіз. Осы тұрғыдан қарасақ, алдағы зерттеулердің бағыт-бағдары қандай болмақ, қай мәселелерге көбірек назар аудару орынды және мәселені қай қырынан тексеру ұтымды дегенді ойласу қажет. Шәкәрімнің шығармалары тарихи-әдеби процеспен, қазақ қоғамындағы рухани өзгерістермен, ізденістермен, ұлттық ой-сананың өркендеуімен неғұрлым тығыз байланыста қарастырылса, оның ақындық, ойшылдық тұлғасы соғұрлым ірілене түспек[ ].
Шәкәрім шығармаларының халықтық, ұлттық сипаты да, танымдық, көркемдік мәні де мейлінше айқын ашылмақ. Шәкәрімнің дүниетанымы, ойшылдығы, діни көзқарастары көбіне-көп әр еңбекте әр қырынан қарастырылатыны байқалады. Әдебиеттанушылар мен тарихшылар, философтар мен дінтану, педагогика секілді ғылым салаларының мамандары бірігіп, авторлар тобы құралып, бірлесе зерттесе, ақын, ойшыл, гуманист Шәкәрімнің тұлғасын толық сипаттайтын біртұтас концепция — көзқарас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік туар еді.
Ал, Шәкәрімнің ақындық әлемін зерттегенде поэтика, әдебиет теориясы тұрғысынан қарастыру да маңызды болары талассыз. Бұл жағы әлі де жетімсіз. Сондай-ақ Шәкәрім шығармаларын эстетика, этика категориялары тұрғысынан пайымдау да ұтымды болмақ. Айталық, Шәкәрім творчествосы эстетиқалық идеал деген тақырыпты арнайы зерттеу арқылы ақын тұлғасын жаңа бір қырынан кеңінен ашып көрсетуге мүмкіндік берер еді, Сондай-ақ, Шәкәрім шығармаларының тағылымдық, тәрбиелік мәнін зерделеу педагогика мамандарының үлесінде[ ].
Ал Шәкәрім мұрасын насихаттау жағынан келсек, шығармаларын орыс тіліне және басқа шет тілдерге аудару маңызды іс екені талассыз.Шәкәрімнің толымды көркем бейнесін сомдап жасауда ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері атқаратын істер де жетіп артылады.
Шәкәрім дүниеден өтті. Зұлымнын, сұмның қолынан асыл қаза тапты. Өмір бойы ақ пен қара, әділдік пен зұлымдықтың құрбаны Шәкәрім болды. Бірақ ол әлеуметтік, бостандық жолындағы әдебиет эстафетасын жаңа ұрпақтарға берді. Біз енді Абай мен Сұлтанмахмұт, Сәкен аралығындағы ақ таңдақ орынға зор тұлғасымен Шәкәрімді отырғызамыз. Дүниенің барлық көріністерін, адам өміріндегі мың алуан құбылыстарды бүкіл болмысымен, барлық сезімімен қабылдай білген ақынның түйсігінде шек жоқ. Ол жердің сырын, желдің үнін, құстың әнін, адамның арман қиялымен, мұнымен бірдей түсінді[ ].
Қанша тіршілік-тірлігіміз күйреп, қанша сән-салтанатымыз қирап, алыптарымыз қияанатқа ұшыраса да, соның бәріне шыдаппыз. Көзіміздің жасымен, жанымыздың дертімен болашаққа бағып, әділдік күтіппіз. Сол күткен әділдік жетті. ақиқаты ортамызға қайта оралған Шәкәрім ақын.
Шәкәрім шығармаларын бүгінгі күннің биігінен қарап талдап, бағалау, сөйтіп оларды өз тәуелсіздігін қолына алған еліміздің игілігіне аса беруіне үлес қосу-әрбір зерттеушіге, өнер иесіне де ортақ міндет[ ].
Ал енді әркімнен естіген әрқилы әңгіме одан кейін былайша өрбіген. Яғни, жендеттер Бақанастан Ғылымбай деген кісінің жалғыз ақбас атанын алдырып, қажының сүйегін соған артып, сол ауылға алып барады. Кешкісін денесін Ғылымбайдың шошаласына койғызады. Қарасартов болса өзі аудан орталығына қайтып кетеді. Қажымен Ғылымбай секілді өте сыйлас болған бұл кісі, сол күні түнде сол кезде жасы 8-9 дағы баласы Қабышты жендеттердің соңына салып, елеусіз аңдытып қояды. Содан жендеттер Шәкәрімнің сырт киімдерін бөлісіп алады да, мүрдесін сол маңдағы бір құрқұдыққа тастап, бетін жасыра салады. Оның бәрін бұта түбіне жасырынған бала Қабыш көріп отырады. Ертеңінде әкесін әлгі жерге ертіп әкелсе, құрқұдыққа тасталған топырақ кеуіп те үлгермепті. Топырақтың үстіне шөп тасталғаны көрінеді. Міне, қажының бұдан кейінгі отыз жылғы мекені осылайша нақтыланған. Бірақ, бұған куә болғандар бұл туралы ешкімге жақ ашпаған. Содан 1943 жылы Мұхтар Әуезов елге ұлы ақын туралы материал жинақтай келгенде Қабышты тауып, оңаша тілдескен көрінеді[ ].
Міне, отыз жыл өткеннен кейін, яғни 1961 жыл Шәкәрімнің баласы Ахат Шәкәрімұлы әкесінің сүйегін іздеп табады. Ол өзінің естелігінде: «1961 жыл 26 шілдеде Бақанасқа бардым, 27 шілдеде әкем сүйегін тастаған құдықты жалғыз қазып, 28 шілдеде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек оқ бүлдірген сүйегі болды. Бірі - оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген. Екіншісі атқан оқ төс сүйектің ортасына өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған. 7 тамызда қабірі қазылды. 8 тамызда Абай зиратының қасына жерленді», - деп еске алады Ахат Шәкәрімұлы.
1929-1930 жылдары 70 жастың өріне шыққанда артқыға арнаған «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық жырында тағдыр тепкісін, өмір суығын көп көрген ақын «Өмірім суық бәріңе, шыдамассың зәріне» деп ескерткен еді. Шыны солай болды. 30-шы жылдардың басында «Халық жауы» деген жазықсыз да жолсыз жазамен отыз жылдай ойшыл ақынның сөзі - тұтқында, тәні - құдықта қалды. Есім халыққа аянбай еңбек еткен асыл адамдар қатарынан мүлде сызылып тасталды[ ]
1957 жылы - елді қалтыратқан жеке басқа табынушылықтың қара бұлты ыдырай бастаған шақ еді. ҚОКП «Қазақ халқының әдеби-поэтикалық, музыкалық мұрасын зерттеу мен оны сын тұрғысына пайдаланудың жағдайы мен оны жақсартудың шаралары» атты қаулы қабылдайды. Алғаш рет саяси «жылымықта» 1958 жылы 29 қазанда КСРО прокуратурасы Құдайбердиев Шәкәрімнің қылмысы дәлелденбегендіктен, оның үстінен қозғалаған істі тоқтатты. Әдебиет пен өнерді тізгіндеуші күштердің қауқарын әлсіренткен осы қаулының негізінде 1959 жылы Республикалық ғылыми - теориялық конференция өткізілді. Өткендегі өнер қайраткерлерінің шығармашылығы жайында М.О.Әуезов сөз сөйлеп, көптеген ақындардың, оның ішінде Шәкәрімнің шығармашылығын жариялаудың қажеттігінің баса көрсетті. Бірақ, «ауа-райының» жылымшуы тек «қазақ әдебиеті газетінде ақынның 8 өлеңін жарық көруіне ғана мұрсат берді. Керітартпа күштер өретүрегеліп «Кеңес өкіметінің ата жауының» шығармашылығын баспауға қол қойған газеттің бас редакторы Әбділда Тәжібаевты қалалық арыздың астына алысты. Айқас ұзаққа созылған жоқ. Ақын шығармасы қайта аяққа тапталды. «Жұлдыз» журналы теруге жіерген ақынның 500 жол өлеңі кері қайтарылды
[ ] Ақынның рухымен алысушылар жеңіс тойын тойлап жатқанда Әбекең бастаған топтың салы суға кеткен. Әкімшілік - командалық системаның құрған торын үзіп, шыға алмағандарға үкініскен. Бірақ тізе бүгер жандардың олар емес-ті. Олар Шәкәрім мұрасын жүйелі түрде зерттеуде жолға қоя бастады. «Шәкәрімшіл» бұл топ (айдарда қарсыластары таққан) үздіксіз ізденісінің арқасында 1965 жылы ҚОКП орталық комитеті әдебиет және өнер институтына Шәкәрім шығармасын жан-жақты зерттеп, пікір айтуды ұсынды. Институт ғалымдары, басы директор М.Базарбаев болып, 1969 жылы даяр болған істі Академия жанындағы координациялық кеңестің талқысына салды. Көптеген ағаларымыздың сол кездегі позициясынан хабардар болайық. Қазақ сөз өнері мен ғылымының белді өкілдері қатысқан бұл мәжілістің стенографиялық есебінен үзінді келтірейік.
Оқып біліп, айтып көріп жүрген ақын – жазушылардың ешқайсысында ұқсамайтын Шәкәрім шығармалары бір шеті Алтай өңірі, бір шеті Қытай еліне де жақсы таныс. Әр шығарманың өзіндік қалыптасу дәстүрі, тарихи терең тағлым бар. XIX ғасырдың 2 жартысында қазақ халқының тарихы мен әдебиетін, мәдениетін қалыптастыру жолында елеулі еңбек еткен, Шоқан, Ыбырай Абайлармен тұстас, замандас болған, сол кезеңнің аумалы - төкпелі дәуірдің куәсі Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманындағы адамға, қоғамға, өзін қоршаған ортаға әлеуметтік жағдайларға байланысты туындаған көзқарасты, ой -түйіні бағыты болуы шартты еді. Сондықтан да Шәкәрім XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға құбылыстарға қызу үнін қосты. Оның ішінде жаңа заман жастарын оқу - білімге өнерге шақыру лебі бар. Осы оқу білім, өнер жолында бір адамнан үлгі алып үйренейік, соған жүгінейік деген ой айттады. «Жастардың рухани азық алып, жан сарайы тазартуда үлгі болар адам біреу ғана ол - Абай» - дейді жастайынан өз пір тұтып үлгі алған Абай бойындағы адамгершілік пен мейірім, адалдық пен ар, ұят тәрізді ұғымдарды философиялық терең толғауларда Абай өсиеті арқылы беруді мақсат тұтады.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас амал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық[ ].
1877 жылы жазылған бұл өлеңнің меңзегені жастар болашағы. Оқу-білімсіз ел ертеңі жоқ екеннін айтып түсіндіруге айтып тырысады. Өзі жүріп өткен өмір өткелдерінде, тағдыр алқасында Шәкәрім ұстанған бағыты. Таңдаған жолы өздіген іздену, оқу, білім, үйрену ұлылардан үлгі алу. Сондықтан да ол білімділікті дәріптеген, ұлағатты ойлар айтып, өздігінен білім алу, оқу, іздену жолдарын ұсынған, соны дамытуға күш салған. Білім алудың ең оңтайлы кезеңі жастық шақ екендігіне де назар аударады. Абайша толғап, Абайша өкінеді. Өз өкінішін өсиет етіп қалдырады. Ол арнайы білім беру, оқыту ісіне арласып, белгілі бір еңбектер жазбағанымен, осы салада терең ой толғап, болашақ ұрапақты қайткенде білімді салауатты санала етіп тәрбиелейміз, - деген мәселелер төңірегінде сөз қозғап, өзіндік көзқарас туындырып жол нұсқайды. Жастардың өздігінен ізденіп оқу жолындағы мақсат - міндетін айқындауға өзінің Меккеге сапарын үлгі қылады.
Сезіндім біразын байқай,
Кітап, ғылым, ой алмаққа.
Маған жол болды сол жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа, [ ]. Шәкәрімнің бүкіл шығармашылығының өң бойына желі болып табылған ой - толғаныс, парасат - пайымы, ұстанған бағыт бағдары - Шығыс пен Батыстың озық ойлы даналарының үлгі өнегесі - тәлім тағлымы. Өздігінен оқып, бірнеше тілді жетік білген ғұламаның кейінгілерге берері, айтпақ ақылы, қалдырған мұрасы да осы жан - жақты білімді меңгеру жолы. Ақынның жүріп өткен жолы, өмір кезеңі оның шығармашылы-ғының тарихылылығын айқындайды. Сондықтан да Шәкәрім өлеңдерінде жеке адамның өсу кезеңдерінен бастап, ол өмір сүрген орта, қоғам өмірінің өзгерістері, тарихи саяси болмысы белгілі бір замандылықпен суреттеледі. Шәкәрім өзі өмір сүрген, қазақ еліне ерекше тарихи өзгерістер енгізген. Халқымыздың санасын жаңғыртып, түрлі жаңалық, өзгерістер әкелген. Шәкәрім ұстанған дәстүр мен жаңашылдық Батыс пен Шығыстың әдеби мұраларынан бастау алып, Абайға ұласқан жалғастық оны өзіндік көзқарасын қалыптастырғанын, ол дәстүрлерді қабылдағынын көрсетеді. Ақынның қоғам өміріндегі өзгерісті асқан парасаттылықпен меңгеруге себеп: оның қазақ зиялыларымен орыс интеллегенциясымен жақын таныс, пікірлес болғандығына олармен бірге қоғамдық маңызы бар істерген араласуында. Маңызды істерге араласа жүріп халқына түзу жол, бағыт - бағдар сілтеп отырды[ ].
Адам табиғатынын диалектикалық күрделі де, қат - қабат қайшылықты құрамын жасауда, сонымен қоса, қазақ қоғамының шындығын көрсетуде Шәкәрім өз тұрғысынан келді. Ол өлең өрнегі және философия сонымен қоса адамның ішкі психологизімін бірлестіре отыра, қазақ тарихына жаңаша мазмұн мен түр әкелді. Адамның «Ішкі әлемнің» күрделілігін, құндылығын ішкі сапа мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуде, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым - қатынаста бола тұра, адамның «ішкі әлемнің» өзінің - өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ тарихы мен философиясына маңызды өзгерістер әкелді. Жалпы адам тануда , «Құдайтануда», «Ішкі әлем» жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен философияның ғана сыбағасына тиетін үлес қана емес. Сонымен қоса ұлттық санаға, ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді. Шәкәрім күн тәртібіне адам сапасын арттырудың, оған қандай мінез - құлықтың әсері және қандай адами құндылықтарды дамыту керек деген мәселелерді қойды. Шәкәрім сыртқы ортанын әлеуметтік жағдайдың адамға ықпалын әсерін анық байқай отыра, сол ортаны, қоғамды, әлеуметтік өмірді өзгерту жағдайына, адамның рухани толыққанды қалыптасқан әсерінін күштілігін мойындайды. Адамның іштей дамуын, ішкі жан дүниесінін өзгеруі, психологиясын, дүниетанымын өзгерту, дұрыстыққа бұруы адамның өз қолында. Шәкәрім шығармашылығының бір иірімі, Жаратушы мен адам, махаббат адамшылық, адами қасиеттер мен құндылықтар, адамның жекелік дамуынынң көрінісі деген ойларда жатыр. Шәкәрім оптимизмі де ұлт болашағына қатысты. Оның болашаққа деген үміті зор, ұлттың дамуын, өз ұлтынын озық дәстүрлерімен ерекшеліктерін сақтай отыра, онын дамуынын қайталанбас көздерін, бағыттарын табуды мақсат тұттады. Ұлттың өткен тарихына сүйене отыра, жаңашылдығы басым жан - жақты ізденістер мен дүниетаным дамытуда көркемдік тәсілдерді кеңінен пайдаланды. Өлең сөздерінін байлығы, сұлулығы қазақ тілінің бай сөздік қорыны ала отырды. [ ].
Шәкәрім поэзиясында омонимдердің бояуы әр түрлі мақсатта қолданылады. Ақын өз шығармасының көркемдік дәрежесін биіктету мақсатымен омоним сөздердің орнын тауып қолданған. Омонимдер белгілі контексте, әсіресе, өлең жолдарында кездесіп келіп ой ойнақылығын тудырады. Ұқсас сөздерден мағынасы мүлде ұқсамайтын мағына аңғарылады. Омоним сөздерді дұрыс қолдану образды бейнелі, әсерлі көрсету үшін тіл көркемділігінің шынайылығымен жан-жақты мағыналық топтарын анықтау үшін қажет. Кез келген көркем шығармада омонимдерді ажырату көп мағыналы сөздерден контекстік сипаты басым келеді. Қазақ тілі лексикасы бір буынды түбірден болған омонимдерге бай. Бір буынды түбірден болған мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзіліп, полисемиядан ажыраған омонимдер Шәкәрім поэзиясында көрнекті орын алған.
«Жарымның нұрына жанып,
Тәнім көмір бола қалып». [294]
«Жардың сөзін құран қыл,
Шатақ дін мен заңнан без!» [59]
Осындағы омоним сөздер- «жар». Шәкәрім шығармаларында «жар» (әйел) өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, Құдай бейнесін беретін идеалды образ, символ деңгейіне дейін трансформацияланған. [3,35]
Сондай-ақ, «жар» сөзі іс-қимылды білдіріп, етістік қызметін де атқарып тұрады. Мысалы:
«Ішін жарып, ішек жалғап, сүйек қиып,
Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін.» [138]
«Жүрегімді жарып алып,
Ағызды арамын, насын.» [145]
«Жар» сөзі тура мағынасында келіп әйел мағынасын білдіреді:
«Бейісте бар сұлу жар,
Мінсіз таза, хор қыздар.» [243]
«Жар сүймесе баласы жай білмесе,
Қанды жасы көзінен қайтып ақпас». [162]
«Өзге асықтар қызғанады,
Басқалардан өз жарын». [254]
«Жар» сөзі табиғат әсерінен (жел үрлеп, су шаюдан) пайда болған, биік қабақ тік жаға мағынасында да қолданылған. Соған қоса қиыншылық көріп, тауқыметін тартқан азабын аңғарту сияқты ұғымды білдіріп, аңғартады:
«Жарға жетсем болғаны,
Суалған көңіл толғаны.
Басыма қыдыр қонғаны,
Ақсам-дағы миллион жыл!». [249]
Шәкәрім шығармашылығында омоним сөздерді қатарластырып алуы да кездесіп қалады. Мысалы:
«Кетті еріншек өкпелеп,
Қайта келіп қонбасқа.
Өкпеге тағы тепкілеп,
Тарланды салдым болмасқа». [54]
Осындағы өлеңнің бірінші жолындағы «өкпелеп» іс-қимылды білдіріп, адамның көңіл-күйін білдірсе, үшінші жолдағы «өкпе» заттық мағынада тұрып, анатомиялық атау болып тұр.
Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкін, бірақ, бұл байлықты аса сақтықпен абайлап пайдаланған дұрыс. Өйткені омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдыратып, көмескі, түсініксіз тіпті кейде екі жақты мағына беруі мүмкін ... шын өнер иелері омонимді сарабдал таңдайды. (4,19)
Өлең жолдарында қатар тұрмай, қатар алынбаған омонимдер ой мен сезімге көркем шығарманы ажарлауға қызмет ете алмайды.
Шәкәрімнің поэтикалық тілінде мұндай омонимдер көп-ақ:
«Газетке жаз, кітап жаз,
Бастыр,оқыт қазаққа». [53]
Осындағы жаз етістік омонимі, бірақ осының басқа мағына беретін түрлері бұл өлең жолдарында кездеспейді. Бірақ басқа өлең жолдарында кездеседі. Мысалы:
«Суыр неге қазады таудың сайын?
Жаз жиып қыстық азық қылар дайын». [262]
«Кейде күннің райын,
Сипаттаған түсі бар
Бір айы мен бір айын
Жазы, күзі, қысы бар». [143]
Атын өлең жолдарында өрнек тауып әдемі бояу үшін жиі қолданылатын омонимдер бар: «жас», «жүз» т.б
Жас I. Үстеу. Өмір өлшемі.
«Жас күнде бойды үйретпе ерінгенге». [169] Жас II. Зат есім. Жылағанда көзден шығатын сұйық зат. Көз жас
«Айла таппай адастым,
Қайғы артылып мойныма.
Ақылымнан шатастым,
Жас төгілді қойныма». [47]
«Сүйте-сүйте ашылып арандарын,
Алғызарсың бұл елдің қанды «жасын». [156]
Жас III. Зат есім. Адам.
«Жастарым, құмар болма көрінгенге» [59]
«Күндемей, шын міндесең» разымын,
«Қайта, жастар сөйтсін» деп тілегім бар [66]
Жас IV. Сын есім. Қарсы мағынасы-кәрі.
«Жас көңілде жарық бар,
Кәріде кемдік анық бар». [38]


Жүз. I. Зат есім, синонимі-бет, өң, келбет, дидар мағыналарында жұмсалады:
«Жүзіңді көргелі
Күн шықты қайтадан». [45]
«Көңілден суреті кетпес,
Жүзі-сиқыр, шашы –тұзақ». [212]
Жүз II. Сан есім
«Неше жүз автомобиль, арбаменен
Жіберсе де көңілі бір сенбеген». [154]
«Жүз мың ділдә алды да кедей сатты,
Шыдадым деп баланың қазасына» [152]
«Бұл күнде жүз түрленіп, мың құбылып,
Көзіңді қызықтырар тым жылпылдап». [73] Жүз III. Сын есім. Адамның мінез-құлқын білдіреді:
«Молдеке-ау, оған таңданба,
Сол кіреді бейіске.
Екі жүзді сандалма,
Сен қаласың кейісте». [342]
Жер жүзі IV. Зат есім, синонимі- дүние жүзі, әлем мағыналарында жұмсалады.
«Жер жүзіне қып-қызыл гүл бітірем,
Көзімнен қанды жасым сорғаласа» [259]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет