Тапсырманың маңызы: Оқушылар өз көзқарастарын білдіре отырып, өз болашақтарына кең мақсат қоюды үйренеді.
«Өскенде кім болғың келеді?» тақырыбына мәтін құрастыру .
Өскенде кім болғың келеді? Өскенде мен президент болғым келеді. Президент болып, мен еліме көмектескім келеді. Әсіресе, кедей отбасыларға, жетімдерге, көп балалы отбасыларға,мүгедектерге қаржылай көмек көрсеткім келеді.Халықты сумен, жылумен, жарықпен және ақшамен қамтамасыз етер едім.
Мәтінге қойылатын сұрақтар:
Президент болу үшін үлкен жауапкершілік керек деп ойлайсың ба? (Иә).
Ауыл тұрғындарына көмек берер ме едің? (Иә).
деген сияқты сұрақтар келеді. Соңында әрбір оқушы өздерінің болашақта кім болғысы келетінін айтып, мұғалім оқушылар арасында өзара пікірталас туғызады.Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты кәсіптік бағдар беру бастауыш сыныптан басталады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық деңгейін қалыптастыру қажет. Ол үшін қатысымдық, интерактивті, ойын әдістері қолданылады. Мәтін бойынша диалог құрады. Диалогтік сөйлемдерді монологке айналдырады. Сол арқылы оқушылар сынып алдында қысылмай, саспай сөйлеуге өз ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады.Оқушылар сабақта өзіндік пікір айтуға, ізденімпаздықпен жұмыс жасауға және оқушыларда басқа біреудің айтқан ойын жалғастыратын, бітпей қалған ойды білдіретін ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың дайын үлгісіз мәтін құрастырып, монологті және диалогті сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Оқушыларға арнайы дайындалған үлгіде тапсырмалар беріледі.Оқушылар сабақта шығармашылықпен жұмыс істейді.Диалогтік оқыту амал-тәсілдеріне сәйкес түрлі тапсырмаларды шешуге белсене қатысады.Ал мұғалім сабақта бағыт беруші, әрі бақылаушы болып табылады.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыруға байланысты түрлі тапсырмалар берілді. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік пікір айтуына, сөйлеген сөзін анық әрі толық жеткізуге арналған тапсырмалар берілді. Диалогте әркім өздерінің пікірлерін дәлелдеуге ынталанады. Диалогтік тапсырмалар оқушының өзіндік пікірін дәлелдеумен қатар шығармашыл ойлауға дағдыландырады. «Сенбілік» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.