Тәжірибе соңында эксперимент сыныптары мен бақылау сыныптарын салыстырғанда, білім дәрежелерінің айырмашылықтары анықталып, эксперименттік оқыту нәтижелі болды.
2-сурет – Бақылау және эксперимент сыныптарының эксперименттен кейінгі білім көрсеткіші.
Қорытынды экспериментте оқушыларды оқытудың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі нәтижелері, білімдері анықталып, ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері, әдістеменің тиімділігі анықталды. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары арқылы оқушылар өзгенің пікірін тыңдауға, бағалауға, өзінің пікірін дәлелдеуге дағдыланды. Тәжірибелі эксперимент нәтижелері арқылы төмендегідей қорытынды шығарылды:
1. Әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қолданған ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, тілін дамытты.
2.Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырды.
3.Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары негізінде оқушылардың еркін қарым-қатынасқа түсу қабілеттері артты.
4. Жаңа инновациялық технологияларды негізге алған сабақтар оқушыларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына себепші болды.
5. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалогтік және монологтік сөйлеу қабілеттерін дамытты.
6. Түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа материалдарды жақсы меңгерді.
7. Эксперимент нәтижелері ғылыми болжамды бекітті және ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.