Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет6/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

Зерттеудің мақсаты: Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерін анықтау, қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:

сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;

  • ауызекі тілді оқытудың әдістері мен ғылыми негіздерін, дағдыларын

қалыптастыруды анықтау;

  • оқушылардың дағдысы мен ептілік деңгейін тексеру үшін

жаттығулардың тиімді жүйесін құрастыру.
Зерттеу нысаны: Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін жасау.
Зерттеу пәні:.Кіші жастағы мектеп оқушысының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғылыми еңбекте педагогика, психология, лингвистика және қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми- әдістемелік еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған еңбектер негіз болды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау-жинақтау, тұжырымдау, талқылау, қорыту, эксперименттік әдістер және математикалық-статистикалық әдістер
т.б. қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет