Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет8/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысын бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскер ғалымдар қолдана алады.
Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан қаралып талдануы арқылы тексеріледі. Зерттеудің мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістері, тұжырымдары бастауыш сыныптың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәнінде қолданылуына негіз болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін диалог және монолог арқылы қалыптастыруда оқушылардың дағдысын, сөйлеу шеберлігін қалыптастыратындығы;

  • төменгі сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін арттыратындығы;

  • ұсынылған әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің артатындығы;

  • қазіргі заманның талабына сай білімді, шебер сөйлейтін оқушыны

дайындау тіл дамытудағы кешенді жұмыстар арқылы іске асырылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жоба кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША

СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ –
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Сөйлеу әрекетінің психологиялық, физиологиялық және тілдік сипаты

Қазақ тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Қазақ тілінің бай ауызекі сөйлеу үлгілері көркем де бай болса, жазба нұсқалары – әр кезеңіндегі ұлттық тілдің негізін танытар белгілер. Сөйлеу әрекетін зерттеген ғалымдардың ойларын сараласақ, сөйлеу әрекеті – сөйлеу мен түсіну үрдісі. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.б. А.Шахнарович, бала тілін жан-жақты зерттеудің қаншалықты маңызды және керек екендігін білдіреді. Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады»,–деген. Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді [4].


Сонымен, сөйлеу – тек адамға ғана тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы мен тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды қабылдауға әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді жүйелестіру құралы мен ережелері болуы шарт. Бұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі бір ұлттық тіл қызмет етеді.
Сөйлеу әрекетіне үйрету «қозғаушы тетік» қажеттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады.Психологтар қажеттіліктің бірнеше түрін атап көрсетті:
а) сыртқы (әлеуметтік) қажеттілік;
б) жеке қажеттілік;
в) ішкі (коммуникативтік) қажеттілік.
Әлеуметтік қажеттілік – қоғамдық деңгейдегі сұранысты өтеу қажеттілігі негізінде туындайды. Бұл қажеттілік оқу кезінде оқушының өз елі алдындағы борышын түсініп, өмірінде қандай да болмасын жетістікке жетудің көзі білімді азамат болу екенін дұрыс түсінгенде, жүзеге асырылады.
Жеке қажеттілік – әр оқушының қазақ тілін меңгеруді өзіне қажет деп санағанда, өзінің жеке басының мүмкіндігін дәлелдегісі келген жағдайда алға қойылады.
Ішкі (коммуникативтік) қажеттілік – қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттігі. Сөйлеу әрекеті қарым-қатынас үстінде, сөйлесу кезінде ғана ұштала түседі, әйтпесе ол өзінің мәнін жояды, жасанды халге түседі. Оқу процесі кезінде табиғи сөйлесу мүмкіндігінің болмауы сөйлеу әрекетіне үйретуде көп қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңу үшін мұғалім оқушылардың коммуникативтік қажеттілігін үнемі туындатып отыру керек.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана –
Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді.Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады.Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығыны назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу – адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.
«Сөйлеу», «тіл» «қарым- қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болмағанымен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мысалы, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.
Сөйлеу – қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс. Сөйлеудің өзі есту мен көру мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Жеке тұлғаның сөйлеу әрекеті оның «тұлғалық және кәсіби өсуінің қажетті механизмі»,– екенін
А.Н. Ксенофонтова айтқан [5].
Зерттеудің бірінші бағыты – тілдің негізгі қызметі және оның қалыптасу жүйелілігін зерттеу. Тілдің негізге алынатын қызметі оның әлеуметтік қызметі, яғни, қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі.Экстралингвистикалық факторлар тілге сөйлеу әрекеті арқылы әсер етеді.
Бала тілінің қалыптасуындағы тілдің қызметін Л. Выготский индикативтік, номинативтік, және сигнификативтік деп көрсетеді [6].
Зерттеудің екінші бағыты - бала тіліндегі тіл мен ойлау ара қатысы. Тіл мен ойлау ара қатысы бала сөйлеуінің даму сатыларының алғашқы сатысы, яғни, сөйлеуге дейінгі кезеңдегі тілдің қызметімен қабаттасып кетеді.Тілдің шығуы мидың сенсорлы аймағының қызметі мен мидың функцианалды өсіп өрбуіне тікелей байланысты.
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы күрделі құбылыс. Екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталатыны белгілі. Бала тілі мен ойлауына келетін болсақ, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіл мен ойлау ара қатысы әртүрлі.
Зерттеудің үшінші бағыты – баланың сөйлеуі.
Бала тілінің шығуын зерттеу оның кешенді түрде когнитивтік дамуын көруге мүмкіндіктер береді. Когнитивті даму деп отырғанымыз: баланың биологиялық, физиологиялық, танымдық дамуы. Сөйлеу әрекеті адам баласының көп әрекеттерінің ең бастысы. Баланың дамуы сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты. Баланың сөйлеуі мен оның танымы, ойлауы қатар жүреді. Сондықтан баланың өсіп жетілуі оның сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты. Бұл туралы көптеген зерттеу мағлұматтары бар.
Зерттеудің төртінші бағыты – бала тіліндегі атаулардың пайда болуы және бесінші бағыты – бала тіліндегі алғашқы сөйлемдердің пайда болуы.Баланың алғашқы сөйлеуі оның дене қимылы, дыбыстары арқылы беріледі. Қарапайым сөйлеуден бастап сөйлем ішіндегі сөз мағынасын ұғына бастайды.
Адам әрекеті қажеттіліктен, белгілі бір мақсатты орындауға ұмтылудан туады. Сөйлеу әрекеті білім, білік және дағдымен өзара байланыста болады да, олардың дамуының негізгі шартына айналады. Бұл туралы М.Ә. Құдайқұлов өз еңбегінде былай дейді: «Адамның кез-келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын қимыл-қозғалыстар мен амал-әдістердің дағдыға айналуы болып саналады» [7].
Сөйлеу әрекетін жүзеге асырудағы тілдің орнын әртүрлі деңгейде түсіндіретін екі мыңнан астам анықтама бар: философиялық деңгейде тіл – білімнің біліну(өмір сүру) формасы немесе білімнің жүйесі, семиотикалық тұрғыда белгілер жүйесі, лингвистикалық деңгейде таңбалар жүйесі.
Адамдардың өзара қатынасы, дүниетанымы, электронды-есептеуіш машинамен жұмысы тіл арқылы жүзеге асады. Осыған орай, «тіл – табиғи тіл, ғылыми тіл және информациялық тіл деп жіктеледі»-дейді И.Нұғыманов [8, 3]. Өмірдегі ойды бейнелеу мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тіл – табиғи, ал адамдардың белгілі бір саяси шағын қажеттіліктері үшін жасалынатын тіл жасанды тіл болып табылады. Тілдің ең қажеттігі, мейлі ол табиғи болсын немесе жасанды болсын – ол адамдар арасындағы іс-әрекетті үйлестіру құралы болып табылатындығында.
Қазіргі теориялық көзқарастар тілді болмыстың моделі деп қарайды. Болмыс пен тілдің арасында сана мен ойлау тұрады.
Б.Н.Головин айтпақшы: «...тіл – күрделі таңбалық механизм, сөйлеу - тіл таңбаларының бірізділігі» [9, 50]. Шындық пен адамзаттың қажеттігі тілдік қарым-қатынаста өзгеретіндіктен, сөйлеу тілге қарағанда өзгермелі болып келеді. Сөйлеу мен тіл арасындағы өзгешеліктің, әрқайсысының мән-мағынасы, көріну, қабылдау жолдарының бір-бірінен айырмашылығының болуы – сөйлеу процесінің күрделілігін көрсетеді, бұл күрделілік.
Ю.В. Фоменконың [10], Я.Скалкованың [11,31], И.С. Торопцевтің [12,18] еңбегінде дәлелденген. Адамның іс-әрекетінде таңбалар жүйесі болып табылатын тіл – танымдық және тілдік қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіл мен сөйлеу қызметтерінің ерекшеліктері: яғни, тіл - құрал іспетті, ал сөйлеу - процесс іспетті болатындығында.
Тіл мен сөйлеу әртүрлі құбылыс емес, бір құбылыстың әр жағы. Тіл – сараптау жолымен,ал сөйлеу – қабылдау мен түсіну жолымен айқындалады. Сөйлеу қолданыстағы – тіл. Сөйлеу кезінде тіл таңбалары (сөз) грамматикалық заңдарға сәйкес тізбек түзіп тіркеледі және тілдік материал арқылы жүзеге асады, тілдік заң ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сондай-ақ, адамның дара тұлға болып қалыптасуының ең негізгі факторы. Адам бір тәулік уақытының 70%-ын сөйлеу әрекетіне – оқуға, жазуға, сөйлесуге, тыңдауға арнайды екен.
Адамға ғана тән сөйлеу әрекетінде мән-мағынасыз, мақсат-мұратсыз сөз болмақ емес. Айтылған сөздің мән-мағынасы, адамның ойына, интеллектуалдық деңгейіне тәуелді болғандықтан, ой мен сөйлеу туралы: «сана – бұл тіл», «тіл – ойдың жемісі», «сөз – интеллектіні тудырушы», «адамның ішкі дүниесінің көрінісі, айнасы – сөз» деген сияқты тұжырымдар айтылады.
Сөйлеу – қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс. Бұл мәселені зерттеуде көптеген ғалымдардың пікірлері ұштасып жатады. Ол әрі физиологиялық, әрі акустикалық, әрі лингвистикалық құбылыстардың бірлігінің нәтижесі. Сөйлеудің өзі есту мен көру мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты [13]. Сөйлеу – күрделі процесс, оған психологиялық, физиологиялық, тілдесім механизмдері қатысады, оны сөйлеу әрекетінің теориясы зерттейді.
Сөйлеу әрекетінің рөлі, орны, түрі, сипаты туралы А.Н.Ксенофонтованың еңбегінде оқушыларды оқыту үрдісіндегі сөйлеу әрекетінің маңызды жағдайлары мен даму жолдары көрсетілген [5]. Ол жалпы сөйлеу әрекеті мұғалім уақытының 70 пайызын, оқушы уақытының 20 пайызын алтындығын және қалған уақыт оқушылар мен мұғалімнің арасында, яғни, оқушылардың мұғалімнің айтқанын қайталауын өтінумен өтеді екен.
Нәтижесінде, адам өміріндегі сөйлеудің бір-бірімен байланысты мынадай қызметтерін бөлуге болады:

  • Сөйлеу – еңбек әрекеті, яғни бір істің нәтижесін алу мен оны толық атқару әрекеті;

  • Сөйлеу – танымдық іс-әрекеттің құралы;

  • Сөйлеу – жеке тұлғаның талғамын, мінез-құлқын, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру мен сана-сезіміне әсер ету құралы.

Сөйлеу – оқушылардың оқуға және ғылыми тілді үйренуге ниетінің, олардың ішкі сезімінің оянуын, қызығушылығын, қабілеттілігін дамытудың құралы бола отырып, жеке тұлға болып қалыптасуының ең негізгі шарты болып саналады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет