Байланысты: Кіші жаста ы мектеп о ушыларын диалогтік, монологтік с зге йрет
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тілдерді қолдану мен дамытудың
2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары –«дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру», шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау [1].
Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Мектептің негізгі міндеті – оқушының жеке басының бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, тілдік қарым-қатынастың тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының меңгеруге жағдай жасайды» делінген [2].
Коммуникативтік (қарым-қатынастарды зерттейтін) лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері тіл дамытудың, оның ішінде ең алдымен тіл меңгертудің мазмұнын жаңаша құру қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі тіл білімі күні бүгінге дейін лингвист зерттеушілердің, назарынан қағыс қалып келген адамдардың тіл саласындағы қызметі. Тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде, өзара түсінісуге септігін тигізетін тәсілдер мен құралдарға ерекше көңіл бөлінуде.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығын,ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Бастауыш мектепте оқушылардың ауызша сөйлеу әрекеті әліппе, ана тілі, қазақ тілі сабақтарында қалыптасады (оқушылардың өз ойын білдіруі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөйлемдерді құрауы,сөйлеу мәдениеті т.б.).
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру, соның ішінде диалог және монолог арқылы сөйлеуін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Бірақ бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын (диалог және монолог арқылы) қалыптастыру әдістемесі бүгінгі күнге дейін әлі толық зерттелген жоқ. Бір жағынан, оқушылардың тілін дамытатын мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің жоқтығы өз алдына қиындық туғызады. Оқушылардың тілін дамытуға байланысты түрлі қазақ, шетел ғалымдары өз пікірлерін білдірген.
Тіл дамытуда қандай тілдік материалдарды пайдалануға болады, яғни бұл мәселеде пікір айтқан ғалымдарды мынадай топқа бөлуге болады:
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу (В.А.Малаховский, П.О.Афанасьев т. б.);
б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану (А.М.Пашковский, А.Б.Шакиров, т. б.);
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу (М.Н.Петерсон, М.А.Рыбникова т. б.) [3].
Бала тілін дамытудың теориялық негіздері жайында көптеген тұжырымдар мен пікірлер айтқан әдіскер ғалым С.Рахметова тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары. Әдіскердің пікірінше, бұл жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыстырыла, қатар алып жүруі тиіс.
X.Арғынов тіл дамыту жұмыстарына: әңгіме құрастыру, шығарма, мақала, күнделік жаздыруды жатқызады. Тіл дамыту жұмыстары тіл туралы мәлімет, қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы тақырыптарына байланысты жүргізіледі. Олар мәтін талдау, әртүрлі жазба жұмыстарын орындау, әңгімелесу т.б. түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзіне асырылады»,– дейді.