Қорытынды: Алдыңғы зерттеулер бойынша,- күрең
маклюра өсімдігіне
фитохимиялық салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша
биологиялық
белсенді
заттар
полисахаридтер
тобы
биологиялық белсенді заттың сандық құрамы ( шикізаттың
нағыз құрғақ салмағымен шаққанда ) 20,82% - ті көрсетті.
Флавоноидтар 8,50¿, көмірсулар 8,46¿, аминқышқылдары
12,04¿ құрады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Wolfrom M. L. et al. Osage Orange Pigments. XIII. Isolation of Three New Pigments from the Root Bark1, 2 //The Journal of Organic Chemistry. – 1964. – Т. 29. – №. 3. – С. 689-
691.
2
Cioffi G. et al. Antioxidant Chalcone Glycosides and Flavanones from Maclura (Chlorophora) t inctoria //Journal of natural products. – 2003. – Т. 66. – №. 8. – P. 1061-1064.
3
J. D. Feldmаn. 1973. Binding of Mаclurа pomiferа lectin to rаt lymphoid cells аnd erythrocytes //J. Immunol. -1973. - №.111. - Р. 1765–1770.
4
Оразбеков Е.К., Махатов Б.К., Орынбасарова К.К. Күрең маклюра өсімдігін фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу:
дис. ... канд. фарм.наук - Алматы, 2014. - 43-45 с.
5
Altuner E. M. et al. High hydrostatic pressure extraction of phenolic compounds from Maclura pomifera fruits //African Journal of
Biotechnology. – 2014. – Т. 11. – №. 4. – Р. 930-937.
6
Bаrroso G. M., Morrim M. P., Peixoto А. L., Ichаso C. L. F., Frutos e Sementes. Morfologiа Аplicаdа { Sistem|ticа de Dicotiledôneаs.- 1st ed.-
UFV: Viçosа.-1999. – 54 р.
7
Dakora F. D. Plant flavonoids: biological molecules for useful exploitation //Functional Plant Biology. – 1995. – Т. 22. – №. 1. – Р. 87-99.
8
John H. Wiersemа. "USDА GRIN entry for ''Mаclurа pomiferа''"// Аrs-grin.gov. Retrieved. -2002, - Р. 5 - 9
9
Hаrt J. H. Morphologicаl аnd chemicаl differences between sаpwood, discolored sаpwood, аnd heаrtwood in blаck locust аnd Osаge
orаnge// Forest Science -1968. -№14(3). -P. 334-338.
С.Е. МОМБЕКОВ, Р.Д. ДИЛЬБАРХАНОВ, У.М. ДАТХАЕВ,
М. БЕРДИБЕКОВ, Е.К. ОРАЗБЕКОВ
Казахский Национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Модуль «Фармацевт-технолог»
АНАЛИЗ БИОЛОГИЧЕСКИ АКТИВНЫХ ВЕЩЕСТВ, ВЫЯВЛЕННЫХ В МАКЛЮРЫ ОРАНЖЕВОЙ
Резюме: В результате предварительных исследовании выявлено биологически активное вещество из плоды маклюра оранжевой.
Состав плоды маклюра оранжевой найденые БАВ осаийн и помиферин, для изучение химического состова, проводилась методы
исследование хроматографий и ЯМР спектроскопий.
Ключевые слова: Осаийн, помиферин, ЯМР - спектроскопия, хроматография, маклюры оранжевой, углеводы, трипсин,
химотрипсин, гептаказон, октаказон, нонакозан.
S.E. MOMBEKOV, R.D. DILBARHANOV, U.M. DATKHAYEV, M. BERDIVEKOV, Y.K. ORAZBEKOV
Asfendiyarov Kazakh National Medical University
«Pharmasyst-tehnolog» module
THE ANALYSIS OF BIOLOGICALLY ACTIVE IDENTIFIED IN MACLURA AURANTIACA
Resume: As a result of the preliminary investigation revealed the active substance from the fruit of the orange Mасlura aurantiaca. The
composition of the orange fruit found Maclura BAS osaiyn and pomiferin to study chemical sostova, a study was performed by
chromatography and NMR spectroscopy.
Keywords: Osayin, pomiferin, NMR - spectroscopy, chromatography, Maclura aurantiaca, carbohydrates, trypsin, chymotrypsin, geptakazon,
oktakazon, nonakozan.
УДК 615.1:541.18-057.875.001.85/(083.9)
А.Е. САГИМБАЕВА, М.А. ЖАНДАБАЕВА, А.С. ҚОЖАМЖАРОВА, Д.Т. БАЛПАНОВА
Абай атындағы ҚазҰПУ,
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ФАРМАЦИЯ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ ИНТЕГРАТИВТІК-
МОДУЛЬДІК ӘДІС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада интегративтік – модульдік әдіс негізінде фармация мамандықтары студенттеріне физикалық және коллоидтық
химияны оқыту процесінің теориялық моделін дайындау тиімділігі айтылған.
Түйінді сөздер: интегративтік – модульдік әдіс, фармация, физикалық және коллоидтық химия, модуль, оқыту
573
Зерттеу өзектілігі: Жоғары мамандандырылған білім
берудің мемлекеттік білім беру стандарты терең және
фундаментальды
даярланған
провизор
даярлауды
қарастырады. Қазіргі уақытта білім берудің негізгі
бағыттарын
-
оқыту
процесін
негізін
анықтау,
гуманизациялау, интеграциялау мен информатизациялауды
ескермей отырып бұл міндетті шешу мүмкін емес.
Бірақ фармация мамандықтарының студенттері үшін
физикалық және коллоидтық химия курсы бойынша арнайы
кәсіби бағытталған практикалық сабақтардың әдістемесі
жасалмаған. Физикалық және коллоидтық химия бойынша
арнайы әдебиеттер жеткілікті мөлшерде жоқ және оны осы
пән
бойынша
элективті
курстардың
мазмұны
мен
принциптері анықталмаған.
Фармация мамандығы студенттерін даярлау жүйесінде
физикалық
және
коллоидтық
химия
курсының
маңыздылығына қарамай болашақ провизорлар үшін бұл
пәнді
оқытудың
теориялық
–
әдіснамалық
негізі
дамытылған емес.
Бұл мәселені шешуде физикалық және коллоидтық химия
курсының көлемінің үлкендігінен және математикалық
абстракцияның
көптігінен жүйелік, интегративтік
–
модульдік, жеке – іс әрекеттік, алгоритмді – эвристикалық
және т.б. методологиялық тәсілдердің кешенін қолданбау
мүмкін емес.
Зерттеу мақсаты: Фармация мамандықтарында физикалық
және коллоидтық химияны пәнаралық байланыс негізінде
оқытудың теориялық негізін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-
интегративтік-модульдік
әдіс
негізінде
фармация
мамандықтары студенттеріне физикалық және коллоидтық
химияны оқыту процесінің теориялық моделін дайындау;
-
интегративтік-модульдік
әдіс
негізінде
фармация
мамандықтары студенттеріне физикалық және коллоидтық
химияны оқытуда әрбір модульдің кәсіптік-бағытталған
мазмұнына таңдау жасау;
- фармация мамандықтары студенттеріне физикалық және
коллоидтық химия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен
даярлау.
Оқыту себептеріне танымдық, кәсіби қажеттіліктерді және
студенттің құнды қатынастарына сүйенетін әрекеттер
себебі жатады.
Физикалық және коллоидтық химия курсын оқыту үрдісінің
теориялық
моделінің
мақсатты
құрауышына:
оқытушылардың физикалық және коллоидтық химияны
оқыту
технологиясын
және
әдістемесін,
теориясын
меңгеруі, ал студенттердің – пәннің әдістемелік, теориялық
және қолданбалы мазмұнымен таныс болуы; студенттерде
тәжірибелік, есептік, зерттеушілік, еңбекті рационалды
ұйымдастыру жағдайында және оқытушы мен студенттің
белсенді
мақсатты
бағытталған
ортақ
әрекетінде
практикалық дағдыларды қалыптастыру, пәнге деген
қызығушылығының болуы; интеллектуалды қабілеттердің
дамуы, берілген пәннің мазмұны және құралдары негізінде
тұлғаның рухани-әдептілігін тәрбиелеу.
Физикалық және коллоидтық химия курсы бойынша оқыту
үрдісінің теоретикалық моделінің мазмұнды құраушысы
С.Ж.Асфендтяров
атындағы
ҚазҰМУ
Фармацевтика
факультетінде «Фармацевт-токсиколог» модулінің жасаған
тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша 5 мазмұнды
модуль және кіріспе блок құрастырылды:
574
Фармация мамандығы студенттеріне физикалық және
коллоидтық химия курсы бойынша TBL(Team Based
Learning) оқыту әдісін пайдалана отырып сабақ жоспары
құрастырылды.
TBL(Team Based Learning) әдісі интербелсенді оқыту
әдісінің бірі. Бұл әдіс кішігірім топтарға бөліп оқыту.
Сабақ
тақырыбы:
Дәрілік
заттардың
бинарлы
қоспасының балқу температурасын тұрғызу
Сабақтың
мақсаты:
Дәрілік
заттардың
балқу
температурасын анықтаудың, бинарлы қоспасының балқу
диаграммасын тұрғызу және анализдеудің тәжірибелік
дағдыларын игеру; эвтектика құрамы мен бақылау
қоспаның құрамын анықтау.
Оқыту міндеттері:
-
Физика
–
химиялық
анализдің
мәнін
түсінуді
қалыптастыру және оның аналитикалық әдістермен
салыстырғанда артықшылығын білу;
- Физика – химиялық анализдің фармацевтикалық
практикада маңызын көрсету;
- Алынған күй диаграммасын Гиббстің фазалар ережесін
қолдана отырып, терең анализдеу;
- Дәрілік препараттарды таңдауда дәрілік заттардың физика
– химиялық үйлесімсіздік туралы мәліметтерді қолдана
білуді үйрету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар: термодинамикалық
жүйелер, фаза, конденсирленген фаза, фазалық тепе –
теңдік,
компонент,
тәуелсіз
компоненттер
саны,
термодинамикалық еркіндік дәреже саны.
2. Гиббстің фазалар ережесі және күй диаграммасын
анализдеуде қолданылуы.
3. «Қатты зат – сұйықтық» тепе – теңдігі. Балқу
диаграммасы.
4. Жай эвтектикасы бар жүйенің балқу диаграммасы.
5. Термиялық анализ.
6. Фазалық диаграмманың фармациядағы маңызы.
Түйін сөздер: термодинамикалық жүйе, химиялық тепе-
теңдік,
изобара-изотермиялық
потенциал,
изохора-
изотермиялық
потенциал.
Негізгі түсініктер: фаза, компонент, бос дәрежелер саны
Оқыту әдісі: TBL(Team Based Learning)
Керекті құралдар: реактивтер, оқу кестелері, тесттер
Сабақ жоспары
I.
TBL әдісін қолдану – кішігірім топтық-командалық
жұмыс
Оқытушы сабақтың мақсатын, сұрақтарды және түсініктерді
анықтайды, студенттің сабақты қабылдауын, жаңа білімді
меңгеруін
активтендіреді.
Сонымен
қатар,
тақырып
бойынша өзекті сұрақтарды анықтауға көмектеседі.
Командаға жұмыс барысын түсіндіреді.
Оқытушы:
1.
Топты 3 адамнан кішігірім бірнеше оқу тобына бөледі.
2.
Әр топқа жеке тапсырмаларды таратады.
3.
Топ бойынша қатысушылар өз ішінде нақтылы
тапсырмаларды бөліп алады.
№1 студентке тапсырма:
Дәрілік заттардың қоспасын 1
кестеде
көрсетілгендей
қатынаста
0,2-0,5
грамнан
(Компонент А – амидопирин, компонент В – антипирин)
дайындаңыз.
№2 студентке тапсырма:
Дәрілік заттардың қоспасын 1
кестеде көрсетілгендей қатынаста 0,2-0,5 грамнан
(Компонент А – амидопирин, компонент В – аспирин)
дайындаңыз.
№3 студентке тапсырма:
Дәрілік заттардың қоспасын 1
кестеде
көрсетілгендей
қатынаста
0,2-0,5
грамнан
(Компонент А – резорцин, компонент В – антипирин)
дайындаңыз.
1.
Дайындалған қоспаны мұқият үгітіп, онымен бір жағы
тұйықталған капиллярларды (диаметрі -1 мм-30 мм)
толтырыңыз.
2.
Цельсий бойынша 200 градустық термотетрді алыңыз.
Капиллярдың толтырылған ұшы термометр шаригінің
деңгейінде
болатындай
етіп,
резиналық
сақинамен
бекітіңіз. Капилляры бар термометрді ауалық кеңістік ролін
атқарып тұрған пробиркаға салыңыз.
3.
Пробирканы
глицериндік
моншаға
батырып,
температура
минутына
4-5
градусқа
өсетіндей
қыздырыңыз.
4.
Таза А және В компоненттері мен әрбір қоспаның балқу
басы мен соңын термометр көрсеткіші бойынша жазып
Физикалық және коллоидтық
химия курсына кіріспе,
фармацевтикалық білім беруде
ФКХ орны мен рөлі
Кіріспе блок.
«Эксперименттік мәліметтерді
математикалық өңдеу
негіздері»
Модуль 1. Физикалық химия пәні. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші
бастамасы. Термодинамиканың үшінші бастамасы. Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы. Фазалық
тепе-теңдік термодинамикасы. Біркомпонентті жүйелер. Бинарлы жүйелер
Модуль 2. Күшті және әлсіз электролиттер ерітінділерінің теориясы. Судың иондық көбейтіндісі.
Сутектік көрсеткіш. Буферлі жүйелер. Дәрілік заттар мен биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) электр
өткізгіштігі. Кондуктометрия. Фармацевтикалық талдауда қолданылуы.
Модуль 3. Тепе-теңдікті және тепе-теңдік емес электродтық процестер. Элетродтық потенциалдар
және ЭҚК. Потенциометрия. Химиялық кинетика. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Модуль 4. Беттік құбылыстар термодинамикасы. Гиббстің беттік энергиясы. Беттік керілу. Дисперсті
жүйелер: классификациясы, алынуы, қасиеттері. Молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттері.
Модуль 5. Коллоидты бөлшектердің электрлік заряды және құрылысы. Электрокинетикалық
құбылыстар. Жоғары молекулалақ қосылыстар (ЖМҚ) және оларды ертініділері (полиэлектролиттер).
575
отырыңыз. Бақылауды үстел лампасының көмегімен
капиллярға қарқынды түрде жарық беру арқылы жүргізеді.
5.
Алынған
мәліметтерді
төмендегі
формада
құрастырылған 1 кестеге сәйкес толтырыңыз.
Қоспа құрамы
А, 100¿
А, 90¿
А, 70¿
А, 50¿
А, 30¿
А, 10¿
В, 100¿
Бақылау қоспасы
Балқудың
басталу
температурасы
Балқудың
аяқталу
температурасы
6.
Осы компоненттерден, бірақ Сізге белгісіз қатынаста
араластырылған бақылау қоспаны балқуының аяқталу
температурасын табыңыз.
7.
Егер бақылау қоспаның балқу температурасы екі
компененттің балқу температурасынан төмен жатса,
қоспаның қалған бөлігіне компоненттің біреуінің (А) аз
мөлшерін (көлемнің оннан бірінен кіші) қосыңыз, мұқият
араластырыңыз, алынған қоспаның балқудың аяқталу
температурасын табыңыз.
8.
Алынған мәліметтер бойынша бинарлы қоспасының
балқу диаграммасын тұрғызыңыз. Миллиметрлік қағазда
координата сызықтарын салыңыз, абсцисса осіне солдан
оңға қарай компонентінің қоспадағы массалық үлесіне
сәйкес келетін нүктелерді салыңыз. Әрбір қоспаның балқу
температурасына
сәйкес
нүктелер
бойынша
сызық
жүргізіңіз. Осылайша, Сіз солидус сызығын алдыңыз.
Барлық
қоспалардың
балқуының
аяқталу
температураларына сәйкес біріккен қисықтар ликвидустың
екі бұтағын көрсетеді. Осы қисықтардың қиылысу нүктесі
эвтектикалық қоспаның құрамын береді.
9.
Бақылау қоспаның құрамын анықтау үшін осы қоспаның
балқуының аяқталуына сәйкес келетін ординатадағы
нүктеден абсциссаға параллель түзу сызық жүргізеді.
Егер бұл түзу балқу қисығының тек бір бұтағын ғана қиып
өтсе, онда осы қиылысқан нүктеден абсциссаға түскен
перпендикуляр қоспаның шын құрамын көрсетеді.
Егер бұл түзу балқу қисығының тек бір бұтағын да қиып
өтсе, 2 кестенің соңғы екі бағанасына жазылған
температураларды салыстырып қараңыз.
А компонентінің қосылуы бақылау қоспаның балқу
температурасының өсуіне әкелген жағдайда құрамының
дәлдігі эвтектика нүктесінің сол жағында орналасқан
қиылысу нүктесімен анықталады.
Топтық жұмыс: әр топтардың жұмысты орындау процесі
пікір алмасу, жетіспеушілікті талқылау, топ бөліктер
құрамының
командалық
бағалары
негізінде
жүзеге
асырылады.
Оқытушылық бақылау:
Оқытушы топтардың жұмысын жүру барысына, әр топ
бөліктер
студенттерінің
өз
пікірлерін
айтуына,
дәлелдемелерді тыңдау, сұрақтар қоюына байланысты
бақылау жүргізеді;
Оқытушы топтың жұмысына өз көзқарастарынсыз
белсенді ізденіс тудыртып кезектесіп қатысады.
Командалардың жасалған жұмыстарының есебі:
Әр топтартан бір студент шығып өздеріне қатысты
сұрақтар
бойынша
қорытынды
ретінде
талқылап,
қорытынды шығарады. Содан қойылған сұрақтарды
тыңдап, басқа топ бөліктерінің құрамалары сол сұрақтарға
жауап береді.
Командалардың жасалған жұмыстарының есебінен
кейін оқытушы қорытынды жасайды.
Қорытындылау:
Оқытушы
түсініксіз
мәлімдемелер
немесе
туындаған сұрақтар арқылы қорытынды жүргізеді.
II.
TBL әдісінің жалғасы – командаларға
шығармашылық тапсырмалар (графикалық схемаларды
өңдеу).
Графикалық схемаларды өзіндік өңдеу: үш топ бөліктерінің
студенттері дәптердегі «Fab функциялары және Fc -
иммуноглобулиндердің фрагменттері» сұрақтары бойынша
графикалық схемаларды орындау тапсырмаларын алады.
Содан кейін №1, №2 және №3 топ бөліктерінің студенттері
өздерінің схемаларын бір-біріне көрсетеді, кемшіліктерін
талқылай отырып, ең жақсы схемаларды айқындайды.
Жасалған жұмыстарының есебі:
Әр топ бөліктерінен 1 студенттен шығып орындалған
жұмыстарын ерікті түрде командалық консультация
алғаннан кейін тақтаны қолдану арқылы баяндайды. Басқа
топ
бөліктерінің
студенттері
берген
жауаптарын
бақылайды және оларды дәлелдеп түзетеді. Студенттер
командалық өзара көмекті және сын тұрғысынан ойлауды
үйренеді.
Қорытындылау:
Оқытушы қорытынды жүргізеді.
«Образование секреторного иммуноглобулина А»
видеофильмін көру
III.
№1, №2, №3 топ бөліктерінің командалық
презентациялары
Оқытушы:
Әр командаға
«Иммуноглобулиндердің негізгі кластары,
құрылым ерекшеліктері мен функциялары» тақырыбында
сұрақтар таратылады. Сұрақтарды талқылауды ұсынады
және практикалық қолдануды табады.
№1 –М және А иммуноглобулиндер кластары
№2 – G иммуноглобулин класы
№3 – E және D иммуноглобулиндер.
Студенттер:
Зерттеулер және алған білімдердер арқылы қорытынды
өткізіледі, мәселелер шешуде бір-біріне көмектеседі, бір-
біріне сұрақтар қояды, мәселенің ең жақсы шешімін
ұсынады. Олардың практикалық қолданылуын қосымша
әдебиеттер, соның ішінде студенттер берілген тақырып
бойынша үйде дайындаған ғылыми мақаларды талқылайды
және ойлайды. Командалар тақырыптар бойынша әр түрлі
топ
бөліктері
мақаларын
бір-бірімен
алмасады.
Қабылданған
негізгі
шешім
бойынша
презентация
дайындайды.
Жасалынған жұмыстың есебі:
Әр топ бөліктерінің өкілі өз жұмыстары бойынша өз
презентацияларымен шығады. Баяндама біткеннен кейін,
басқа
топ
бліктерінің
оппоненттері
шығады
және
баяндамасына баға береді.
Қорытындылау:
Оқытушы қорытынды жүргізеді.
Соңғы рет тест жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |