б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.28 мин (30%)
- бүйрек және асқазан-ішек жолын рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау.
- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.
- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.
- зерттеуді өткізу кезінде медбикенің қатысуы.
-рентгенді сәуле туралы түсінік.
-рентген сәулелерінің қасиеті.
-организмге және тканьдерге рентген сәулелерінөткізу.
-рентгеноконтрастты зат.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
- Тыныс мүшелері анатомиясын
- Тыныс мүшелері физиологиясын
- Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттары
- Тыныс мүшелері зақымдарының белгілері
- Тыныстың патологиялық түрлері
-науқастың жағдайын кадағалау;
-АҚ кысымын өлшеу, пульсті есептеу;
Тыныс мүшелері адам ағзасын оттегімен және ағзадан көміртегін шығарумен қамтамасыз етеді. Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттарына пневмония, бронх демікпесі, бронхоэктатикалық сырқат, өкпе эмфиземасы және пневмосклероз, өкпе ісіктері, туберкулез. Салыстырмалы жиі кездесетін өкпе тініндегі деструктивті сырқаттарды да (өкпе абсцесі мен гангренасы) жатқызуға болады.
Тыныс мүшелері зақымдарының жиі кездесетін белгілері: ентігу, жөтел, кеуде тұсында ауырсыну, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету.
Сау адамда тыныс алу ритмді, дем алуы мен шығаруы біркелкі. Тыныс жиілігі қалыпты кезде минутына 16- 20 – рет болады. Тыныс алудың жиілеуі (20 – дан жоғары ) – тахипноэ, төмендеуі ( 16 – дан төмен ) – брадипноэ, тыныстың уақытша тоқтауы – апноэ – деп аталады.