Клиникалық фармокология Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына арналған дәрілік заттар



бет6/6
Дата22.12.2022
өлшемі36,54 Kb.
#59117
1   2   3   4   5   6
Дәрілік заттарды ұтымды қолдану
№ 35 есеп.
Колледжде оқитын 16 жастағы науқас дәрігерге әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, кеудеде жану сезімі, қатты приступ тәрізді, бөлінуі қиын сары-жасыл қақырықпен жүретін жөтел, бас ауруы, бұлшықет ауруы, суыққа төзімсіздік (саусақтардың ұштарындағы, аяғындағы суықта байқалатын өткір ауырсыну сезімі) шағымдарымен дәрігерге жүгінді. Өзін суық тиюден кейін аурумын деп санайды. Ол одан басқа топтағы бірнеше адам ауырып қалғанын атап өтті. Қатты аяздың салдарынан жылу құбырлары жарылып, сыныптарда қатты суық болғандығымен байланыстырады. Физикалық тексеруде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ.

Диагноз анықтағаннан кейін сіздің емдеу тактикаңыз:


1. Ампициллинмен эмпирикалық терапия күніне 0,5 г, ішке 10 күн, төсектік режимі, көп сұйықтық ішу
2. Гентамицинді күніне 2 рет 80 мг, бронходилататор 1 ас қасық тағайындайды. Күніне 3 рет, төсектік режим 5 күн
3. Дезенсибилизациялық терапия, жөтелге қарсы дәрілер (амброксан, бронхолитин), бронхолитикалық шөптермен ингаляция
4. Азитромицин 0,5 мг / тәулігіне 3 күн
5. Феноксиметилпенициллинмен эмпирикалық терапия тағайындаңыз, күніне 4 рет 1 таблеткадан, ішке 2 апта, төсектік режим, көп сұйықтық ішу, қақырық түсіретін заттар

№ 36 есеп.


14 жастағы науқас клиникаға сол жақ тізе буынының ауырсынуына, дене қызуының 39С дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке байланысты түсті. 3 апта бұрын тамағы ауырған. Бір апта бұрын шынтақ буындары ауырған. Объективті: сол жақ тізе буыны үлкейген, гиперемияланған, ұстағанда ыстық, пальпацияда және қимылда ауырады. Басқа буындар мен ішкі органдар қалыпты болды. Қан анализі: гемоглобин - 140 г / л, лейкоциттер - 16,5х10 9, нейтрофилдер - 78%, ЭТЖ - 60 мм /сағ.

Сіздің емдеу тактикаңыз:


1. ҚҚСП кем дегенде 9-12 апта
2. Преднизолон - 0,7-0,8 мг / кг жылдамдықпен
3. Пенициллин тобының антибиотиктері
4. Парацетомол күніне 3-4 рет 0,5 мг
5. ҚҚСП кем дегенде 9-12 апта, пенициллин тобының антибиотиктері

№ 37 есеп.


Жүкті әйел 30 жаста, бел аймағындағы ауырсыну шағымдары, дене қызуының 38,2С градусқа дейін жоғарылауы. Жүктілік мерзімі - 29 апта. Суық тиюден кейін ауырып қалды. Анамнезінде - созылмалы тонзиллит, өршу 2-3 жылда 1 рет . Жүктіліктің бірінші жартысы - 37,5 градусқа дейін қызған ЖРВИ, бактериялық вагиноз. Екінші жартысы қалыпты өтті.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері ақшыл қызғылт, ұстағанда ыстық. Балтыры ісінген. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. ЖЖЖ минутына 20 рет. Жүрек соғысы 98 /мин. АҚ 120/90 мм с.б. Тілі ылғалды. Іші жүкті жатырдың арқасында ұлғайған, ауырсынусыз. Көкбауыр пальпацияланбайды. Ұрғылау симптомы екі жақта да оң.
Клиникалық қан анализі: Эр. 2,9х10 12 / л, гемоглобин 104 г/л, лейкоциттер - 19,3х10 9 / л: таяқша тәр. - 17%, ЭТЖ - 46 мм / сағ. Зәр анализі: белок 250 мг, лейкоциттер 20-25 дейін к/а, эрит. жоқ, бактериялар +.
Бүйрек УДЗ: бүйрек паренхимасының диффуздық өзгерістері, оң жақта тостағанша комплекстің кеңеюі. Іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі: ерекшеліктер жоқ.

Сіздің емдеу тактикаңыз:


1. Цефтриаксон - 2 апталық курс, антигистаминдік терапия
2. Амоксиклав, цефтриаксон - 10 күндік курс, сорбифер
3. Амоксиклав, ампциллин - 10 күндік курс
4. Ампициллин, детоксикация терапиясы
5. Пенициллин - 10 күндік курс, сорбифер

№ 38 есеп.


Науқас Л., 37 жаста, оң өкпенің ортаңғы бөлігінде локализацияланған жедел бактериялық пневмония бойынша ауруханада жатыр. 2 күн бұрын жедел ауырған: қалтырау пайда болды, дене қызуы 39,9°С дейін көтерілді. Келесі күні құрғақ жөтел пайда болды, кеуде қуысының оң жағында ауырлық пайда болды. Температура 38-39,3°C аралығында болды, алғашқы күнінен бастап әр 6 сағат сайын б/і 500 000 ЕД пенициллин тағайындалды. Емдеудің 4-ші күні жағдайы сәл жақсарды, бірақ температураның 37,8-38,5 ° C дейін көтерілуі, шырышты-іріңді қан аралас қақырықты жөтел, қатты әлсіздік байқалды. Қақырық себіндісінде пенициллинге сезімтал пневмококк пен пенициллинге сәл сезімтал стафилококк табылды. Пенициллиннің қан сарысуындағы концентрациясы 0,08 ЕД/мл құрады (препараттың келесі инъекциясынан 5,5 сағаттан кейін).

Қан сарысуындағы пенициллиннің қажетті терапиялық концентрациясын алу үшін сізге:


1. Бензилпенициллиннің бір реттік дозасын 1500000 бірлікке дейін және қабылдау жиілігін тәулігіне 6 есеге дейін арттыру
2. Енгізу жиілігін 3 есеге дейін төмендету, себебі препараттың өте жоғары концентрациясына қол жеткізілді
3. Препараттың тәуліктік дозасын б/і 3 000 000 ЕД дейін көбейту
4. Препараттың тәуліктік дозасын б/і 3 000 000 ЕД дейін көбейту, қабылдау жиілігін тәулігіне 8 есеге дейін арттыру
5. Бензилпенициллиннің бір реттік дозасын арттырмай енгізу жиілігін күніне 6 есеге дейін арттыру

№ 39 есеп.


Ревматоидты артритпен ауыратын науқас соңғы 2 жыл ішінде метотрексатты қабылдап келеді. Өттас ауруына байланысты ол жоспарланған операцияға дайындалуда.

Метотрексатпен емдеу тактикасы қандай болуы керек:


1. Метотрексат қабылдауды жалғастыру
2. Операциядан 1 апта бұрын және 1 аптадан кейін препаратты алып тастау
3. Метотрексатты преднизонмен алмастыру
4. Метотрексат дозасын жоғарылату
5. Препаратты 2-3 айға дейін тоқтату

№ 40 есеп.


78 жастағы науқас ауруханаға қатты бас ауруы, құсу және көз алдында шіркей көрінуі шағымдарымен түсті. 15 жыл бойы гипертония ауруымен ауырады. Бұл науқаста мақсатты АҚ деңгейіне қол жеткізілмеді: АҚ үнемі 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары. Объективті: жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Науқас әлсіз, адинамикалық. Беті ісінген. Қабақтары ісінген. АҚ 240/130 мм, с.б. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс, пульсі минутына 70. Өкпеде аускультативті қатты тыныс, ысқырықты сырылдар естілмейді. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасының шетінен 3 см шығып тұр. Диурез азайған.

Осы жағдайды емдеу үшін қандай препараттар көрсетілген?


1. Фуросемид 80 мг көктамыр ішіне немесе натрий нитропруссиді көктамыр ішіне 0,5-1,0 мкг/кг/мин жылдамдықпен
2. Бисопролол күніне 1,25 мг немесе метопролол сукцинаты 12,5 мг/тәу
3. Карведилол күніне 3 рет 3,125 мг немесе небиволол 1,25 м /тәу
4. Фуросемид 90 мг көктамыр ішіне немесе эналаприл 5-10 мг/кг
5. Натрий нитропруссиді көктамыр ішіне 1,0-2,0 мкг/кг/мин жылдамдықпен

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет