Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша


ІІ. Негізгі кезең -Дерек. Адалдық пен жауапкершілік туралы. Адалдық



бет12/14
Дата18.12.2023
өлшемі170,99 Kb.
#140520
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша-emirsaba.org

ІІ. Негізгі кезең
-Дерек. Адалдық пен жауапкершілік туралы.
Адалдық - адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол”, - дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.
- Оқушылар пікір алмасады
- Әр қатарға 1 жағдаят беремін. Оны өз араларында шешіп,қорытындыны келесі қатарға айтады.Солай әр қатар алмаса отырып жағдаят шешеді.
1-жағдаят. Қайрат пен Алмас өте жақын дос. Қайрат Алмасқа қалаға барсаң маған үялы телефон алып келуін өтінді.Алмас жақсы деп қомақты қаражатты алды.Бірақ оның ойында басқа ойлар болды.Яғни,досына әйтеуір ескі ұялы телефон алды да,қалған ақшаны өз қалтасына басты. Сен Алмастың орнында болсаң не істер едің?
2-жағдаят. Айман еңбек демалысына шығуға дайындалып жүр. Бірақ соңғы уақытта жұмысына салғырт қарап, дұрыс жасамайды.Бұл жағдайды байқаған бастығы оны еңбек демалысына шығармады. Неге? Себебі қандай деп ойлайсың?
3-жағдаят. Ардақ оқуға түсіп,қазірге таңда жатақхана да тұрып жатыр. Бұрыңғыдай ата-анасы жанында емес. Ол сабаққа бармай,жатақханаға кеш келеді.Сен Ардақтың бойынан қандай қасиет байқадың? Сен оның орнында болсаң не істер едің?
Видиороликпен жұмыс. https://youtu.be/EuPMpu0yxS8 әр оқушы түсінгенін айтып,қорытынды ой айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет