Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет36/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Колеміне қарайзейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғүрлым көп нысанды қамтыса, солғүрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ турактай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойы белгілі бір нысанда зейінді шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде қысқа мерзім ішінде зейін басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.
Өтеәлсіз зейінді алаңғасарлық деп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының омірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мысалы шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.
Ойлау және тіл. Интеллект
§2.5 Ойлаудың анықтамасы мен ерекшеліктері және ойлау операциялары

Ойлау - тек қана адамға тән қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс. Бірақ бізге атомның құрылысына да, ультрадыбыстардың қасиеттеріне де, жұлдыздардыңтемпературасына және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің көзіміз көрмейді, құлағымыз естімейді. Демек, сезім мүшелерімен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл - ойлау.


Ойлау - бұл ерекше дәл, терең, толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.
Ойлау тәсілдері
Белгілі бір зат туралы, белгілі бір объекті туралы біз әруақыттаойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз немесе ол туралы түсінігіміз болады. Ойлау затсыз болуы мүмкін емес.
Салыстыру - бұл жекелеген заттар мен құбылыстардыңарасында ұқсастықты немесе айырмашылықты, теңдікті немесетеңсіздікті, бірдей немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады. Салыстыру - бұл қоршағандүниедегі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты ойша табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет