Педагогикалық эксперимент – бұл дәл ескерілген жағдайларда педагогикалық үдерісті өзгеріске келтіруге арналып, ғылыми ұйымдастырылған тәжірибе. Әдістер бар құбылысты ғана айғақтаса, эксперимент жасампаздық сипаты мен жаңа құбылыстарға жол ашады, яғни педагогикалық эксперименттен оқу-үйретім, үйренім, тәрбие іс-әрекеттерінің соны тәсілдері, әдістері, формалары, жүйелері өзінің тұрмыс-қызметтік бастауын алады.
Эксперимент – бұл мәндік тұрғыдан қатқыл қадағалауға алынған педагогикалық бақылау, айырмашылығы: экспериментатор бақылау үдерісін белгілі мақсатта өзі ойластырып, өзі жоспарлы іске асырып барады. Педагогикалық эксперимент балалар тобын, бір сыныпты, мектепті не бірнеше тәлім орнын қамтуы мүмкін. Кең аймактық эксперименттер де жүргізілуі мүмкін. Тақырыбы және мақсатына тәуелді мұндай зерттеулер ұзақ мерзімді не қысқа мерзімді бола алады.
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
3
3
2
Ғылыми жұмыстың зерттеу көздерін жүйелеу жолдарын топтастырыңыз.
Зерттеу кезеңдері бүкіл зерттеудің орындалу реттілігін анықтайды. Мысалы, ол мыналар болуы мүмкін: 1) теорияны зерттеу; 2) практиканы зерделеу; эксперимент жүргізу; 4) мәтін жазу және т.б.