АЛАҢ ЖҰРТ
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
Б
ҮГІНГІ КҮНІ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ САНЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНЕН
ДЕ, АРАЛАС МЕКТЕПТЕРДЕН ДЕ АЗ ЕКЕНІН ЖОҒАРЫДАҒЫ
СТАТИСТИКА БАЙҚАТЫП ОТЫР. ЕГЕР ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІ
КӨБЕЙСЕ, БАЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНА БЕРГІСІ
КЕЛЕТІН АТА-АНАЛАРДЫҢ САНЫ ӘЛІ ДЕ БОЛСА АРТАР ЕДІ. АЛДЫМЕН
ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ САНЫН АРТТЫРА АЛМАЙ ОТЫРЫП АТА-АНАҒА
«БАЛАҢДЫ НЕГЕ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫНА БЕРМЕЙСІҢ?» ДЕП РЕНЖУДІҢ, АЛ,
ҚАЗАҚ БАЛАСЫН «НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙСІҢ?» ДЕП КІНӘЛАУДЫҢ
РЕТІ БАР МА?!
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
шаға үйретсек, олардың өзі
үшін де, қоғам үшін де пайдалы
емес пе?!
Бүгінгі күні еліміздегі ара
лас мектеп пен орыс мектеп
теріндегі жағдай осын дай. Тек
осыны көре тұра, мәселені
шешуге ұмтылмайтын жергі
лікті жердегі білім басшы
л а р ы н ы ң ә р е к е т і қ а й р а н
қалдырады. Осы орайда айта
кетер жайт, Астана қала
сы ның іргесіндегі «Лесная
поляна» мектебінде биылғы
оқу жылында 1сыныптар саны
17ге жетіпті. Ұстаздары бұл
үрдіс үшінші жыл қатарынан
қайталанып тұрғанын айтады.
Ал, Алматы қаласының ірге
сін де орналасқан Алғабас
ауылында 1сыныптардың
саны 18ге жетсе, Шымкент
қаласының бір мектебінде
1сыныптардың саны 23ке
ж е т і п т і . С а н ы м ы з д ы ң к ө п
бол ғаны жақсыау, ал, олар
дың сапалы болғаны одан да
жақсы. Ендеше, ұрпағы мызды
сапалы ететін ең алдымен
білім екенін ұмытпасақ екен.
Аралас мектеп
азаяр емес
Шын мәнінде бүгінгідей
қазақ сыныптарына мектеп
жетіспей жатқан тұста аралас
мектептерді таза қазақтілді
мектептерге айналдыру ұтым
ды әдіс. Дайын мектепті тек
таза қазақтілді білім ордасына
айналдыр да, оқушы ларға ана
тілінде білім бере бер!
Әйтсе де елімізде аралас
мектеп азаяр емес. Ғалым
Мекемтас Мырзахметұлы:
« 1 9 3 7 1 9 3 8 ж ы л д а р д ы ң
өзін де елімізде 478 аралас
мектеп болатын. Ол бүгінгі
күнде 2097 аралас мектепке
жетіп, екі аралықта 4,5 есеге
дейін өсіп отыр. Бұл 2097
аралас мектеп ада қазақтар
мен шала қазақтардың жыл
асқан сайын еселене көбеюінің
фабрикасына айналып кетті», –
деп қынжылған болатын. Ағамыз
айтып өткендей, Қазақстанда
1938 жылы 478 аралас мектеп
болса, кейін мұны еселеп өсіру,
яғни, орыстандыру саясатының
негізінде 19401941 жылдары
аралас мектеп саны 841ге
жетіп екі есе өссе, 19541955
жылдары 1228ге жетіп үш есе
көбейген.
Еліміз тәуелсіздік алған
нан кейін аралас мектептер
саны күрт азаюы керек еді,
бірақ, ол үміт ақталмай отыр.
Өткен ғасырдың 70жылдары
Қазақстанда 1689 аралас
мектеп болса, қазір олардың
саны 2000нан да асқан.
Шынын айту керек, аралас
мектептердегі оқушылардың
мектеп ауласында тілдесетін
негізгі тілі – орыс тілі. Демек,
Мекемтас аға айтқандай, ара
лас мектеп негізінен шала
қазақтарды дайындап шығады.
Ендеше, шала қазақтарды
тәрбиелейтін білім ордасының
бізге керегі бар ма?
Айтпақшы...
Аралас мектептер азаймақ
т ү г і л , к ө б е й і п ж а т қ а н ы н
айттық. Үш жыл бұрын Алматы
о б л ы с ы Қ а р а с а й а у д а н ы
Ж а ң а т ұ р м ы с а у ы л ы н д а ғ ы
қ а з а қ о р т а м е к т е б і н і ң
жаны нан орыс сыныптары
ашылып, білім ордасы ара
л а с м е к т е п к е а й н а л ғ а н ы
есімізде. Мемлекеттік тілге
б а с ы м д ы қ б е р у м ә с е л е с і
талай рет айтылғанымен,
аралас мектептер көбейген
тұста тіл мәселесінің күрде
лене түсетіні айқын. Тіпті,
екі жыл қатарынан Алматы
қаласындағы аралас мектеп
т е р д і ң қ а з а қ с ы н ы б ы н а
о қ у ш ы қ а б ы л д а м а й , а т а
аналардың редакциямызға
хабарласып шу шығаруынан
соң ғана аралас мектептер
қ а з а қ с ы н ы б ы н а о қ у ш ы
қабылдай бастаған болатын.
Айта кетерлігі, алғашында
«аралас мектепті орыс мек
тебіне айналдыру жөнінде
жоғарыдан нұсқау келді» деген
мектеп басшысы артынан
о л с ө з і н е н а й н ы п ш ы ғ а
келген. Білім басқармасы да
ешқашан аталмыш мектепке
ондай нұсқау бермегенін
айтып ақталғанды. Қазақ
бөліміне оқушы қабылдамау
арқылы аралас мектепті орыс
мектебіне айналдыру жөніндегі
ұсыныстың қай дан шыққанын
анықтай алмасақ та, соңында
мектеп басшысының қазақ
сыны бына бала қабылдамау
жөніндегі жоспарын жүзеге
асыруға жол бермегенімізге
қуанғанбыз. Артынан мәселе
шешілгенімен, аралас мек теп ті
қазақ сынып та ры ның есебінен
біртілді мектепке айналдыру,
нақты лай айтқанда таза орыс
тілді мектепке айналдыру,
жөніндегі ұсыныстың нақты
қайдан шыққанын сол күйі
анықтай алмаған едік.
Жалпы, үзілісте орыс тілінде
с ө й л е с е т і н б а л а л а р ү ш і н
қатынас тілі орыс тілі болатыны
талассыз. Ол бала келешекте
қазақ тілін қажетсінбейді де.
Осыдан келіп тіл мәселесі
туындайды. Негізі, жыл сайын
бірдіекілі араластілді білім
ошақтарын мемлекеттік тілде
білім беру жүйесіне ауыстыру
сөз жүзінде айтылады. Алайда,
орындалмайды. Керісінше,
бірдіекілі өзге диаспора
ө к і л д е р і ұ с ы н ы с ж а с а с а ,
мектептер аралас мектепке
айналып шыға келеді. Тіпті,
талай аралас мектептер таза
орыстілді мектепке айналған
жағдайлар да кездесті. Бұл –
шын мәнінде үлкен мәселе.
Біз Қазақстанда өмір сүріп
жатқандықтан, өзге ұлт өкіл
дерін де қазақ тілінде білім
алуға икемдеуіміз керек. Олар
неге мемлекеттік тілде білім
Мамандар не дейді?
алуға қарсы? Бұл, біріншіден,
біздегі идео логияның әлсіз
тұстары бар екенін көрсетеді.
Егер де мемлекетіміз бола
шағын тек қазақ тілімен байла
ныстырып, мемлекеттік тілдің
көкжиегін кеңейтуді ойласа,
басқа диаспора өкілдері қазақ
тілін оқудан бас тартпас еді.
Алайда, қазір қазақтың қара
домалақтарының өзі өзге тілде
білім алуға құштар. Демек,
олар және олардың атаана
лары қоғамда қазақ тілінің
қажеттілігін сезініп отыр ған
жоқ. Екіншіден, біздің еліміз
дегі шенеуніктер, білім беру
мекемелерінің басшылары
халықпен жұмыс істемейді.
Халықты мем лекеттік тілді
білуге, құр мет теуге, үйренуге
шақыра алмайды.
Үшіншіден, іргедегі мил
лион қазағы бар Ресейде
бірдебір қазақ мектебі жоқ.
Ал, біз еліміздегі әзірбайжанға
да, өзбекке де, күрдке де,
түрікке де орыс тілін үйретіп,
о р ы с м е к т е п т е р і н а ш ы п ,
ара лас мектептерден орыс
сынып тарын ашып жарылқап
жатырмыз. Осы мәселемен
жұмыс істейтін мамандар
сонда қайда қарап отыр?! Міне,
еліміздегі аралас мектептер
санын өсіріп отырған да осы
жағдай. Сондықтан, бұл жер
де осы түйткілді шешетін
ұлт жанды мамандар керек,
арнайы мекемелердің жауап
кер шілігін көтеру қажет.
Ж а л п ы , қ а з а қ с ы н ы п
тарының санын арттыру елі
мізде өте баяу жүруде. Еліміз
д е г і қ а з а қ м е к т е п т е р і н і ң
көбінде оқушы саны қалыпты
деңгейден артық. Оқушы
санының көптігіне байланысты
балаларды үш ауысыммен
оқытып жатқан қазақ мек
тептері де баршылық. Оның
ү с т і н е , ж ы л ө т к е н с а й ы н
балаларын қазақ мектептеріне
бергісі келетін атааналар
санының еселеп өсе түсуі
де қазақ мектептеріне деген
сұра нысты өсіре түсуде. Әйтсе
де қоғамның бұл сұраны
сын дер кезінде өтей алмай
отырмыз. Тіпті, іргетасынан
бастап жаңадан қалап, қазақ
балаларына жаңа қазақ мек
тебін салып бермесек те, бала
санын толтыра алмай отыр
ған орыс мектептері есебінен
қазақ мектептерінің санын неге
арттырмасқа?! Әсіресе, бұл
мәселе сол түстік облыстарға
тікелей қатысты.
– К ө п ж а ғ д а й д а б і з д і ң
сөзіміз бен ісіміз қабыспай
жатады. Қоғамда мемлекеттік
тілге басымдық беру мәселесі
жиі айтылғанымен, іс жүзінде
бәрі керісінше. Мәселен, тілді
игеру балабақша мен мектеп
жасында тез жүзеге асатын
процесс. Сондықтан, еліміздегі
балабақшалар мен мектептерді
қазақыландыруды қолға алу
арқылы бұл мәселенің тез ше
шім табуына ықпал етер едік.
Алайда, әлі күнге солтүстік жақта қазақтілді мектебі жоқ
аудандар бар немесе бүгінге дейін аралас мектептерге
күні қараған қалалар жетерлік. Мұндай жағдайда біз тіл
мәселесін шеше алмаймыз. Жыл өткен сайын елімізде
қазақтілді оқушылардың қатары жыл санап артып келе
жатыр. Тіпті, баласын мемлекеттік тілде оқытқысы
келетін өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Бұл түбінде
қазақ тілінің өз елінде қанатын кеңге жайып, нағыз өз
мәртебесіне ие болатынына деген халықтың сенімі
болса керек. Осыған қарамастан, бұл бағытта жұмыстар
жүргізілмей жатқаны өкінішті.
Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының
докторы, профессор:
– Көп жыл білім беру сала
сында қызмет еткен ұстаз
дар қауымы «аралас мектеп
дегеніміз – қазақ балаларын
орыстандырудың жымысқы
түрі» деп жатады. Дәл бүгін
Қазақстанда 1777 таза орыс
мектебі, 2068 аралас мектеп
бар екен. Яғни, барлығы 3845
мектеп орысша оқытып жатыр
д е г е н с ө з . А л , т а з а қ а з а қ
мектебі 3750дің шамасында.
Бұл тәуелсіз Қазақ елінде таза
қазақ мектебі 50 пайызға да
жетпей отырғанын көрсетеді. Қазір жанжағымыздағы
елдердің барлығы өзге тілдегі мектептер санын жауып,
аралас мектептерді жойып жатыр. Ал, біз әлі бірдіекілі
диаспора өкілінің сөзінен шыға алмай, бүкіл қазақтың
құқығын аяқасты етіп отырмыз. Мәселен, Қытайда
қазақтар жиі қоныстанған ауылдардағы қазақ мектептері
жабылған, көрші өзбек елінде де дәл осындай жағдай.
Сондықтан, тез арада осы мәселені шешуді қолға
алмасақ, қазақ мүддесі көп нәрседен ұтылады.
Жыл сайын жаңа оқу жылында аралас мектептер
дің саны азаю орнына көбейіп шыға келеді. Қазір
елімізде қазақ мектептерінің саны жеткіліксіз. Ал,
қазақ мектептеріне деген сұраныс күн өткен сайын
өсіп барады. Біз халықтың осы ынтаықыласына сай
қимылдап, дер кезінде қазақ мектептерінің санын
көбейтуге, оларды сапалық тұрғыдан жақсартуға күш
салуымыз керек. Бірақ, дәл қазір осыған батыл бетбұрыс
жасау жетіспей тұр. Айналып келгенде қоғамымызда
қазақ тілінің мүддесін күйттейтін арнайы бір мекеме
жетіспей тұрған тәрізді.
Т
Ү
Й
І
Н
Дос КӨШІМ, саясаткер, «Ұлт тағдыры»
қозғалысының төрағасы:
– Қазір елімізде қазақ мек
теп терінің саны жеткіліксіз.
Соған қарамастан, баласын
қазақ мектебіне бергісі келетін
атааналар санының өсе түсуі
де қуантып отыр. Дегенмен,
халықтың ықыласына, тала
б ы н а с а й к е л е т і н ж ұ м ы с
жүргізілмей жатқаны қинайды.
Мәселен, Риддер қаласында
17 мектеп бар екен. Оның
біреуі ғана таза қазақ мектебі.
Қалғанының барлығы орыс
мектептері. Ал, жалғыз қазақ
мектебіне қазір балалар сыймай жатыр. Жергілікті
атқарушы билік өкілдері «жаңадан қазақ мектебін
саламыз» деген құр уәдемен ғана құтылуда. Өз басым
есептеп көргенімде, орыс мектептерінде 5 мың
оқушының орны бос тұрғанына, сол орыс мектептерін
біріктіру арқылы 16 мектептің ең болмағанда бір
екеуін қазақ мектебіне айналдыруға болатынына көз
жеткіздім. Тіпті, кейбір орыс мектептері 3040 пайыз
ғана толық. Демек, бізге жаңадан мектеп салудан
гөрі әлгі жартылай бос тұрған орыс мектептерін қазақ
мектебіне айналдыру әлдеқайда арзанға түсер еді. Рас,
жергілікті орыстілді азаматтар «сонда үйдің іргесіндегі
мектеп қазақ мектебіне айналса, біздің баламыз 100
метр ары жүріп, орыс мектебіне баруы керек пе» деп
отыр. Еліміз бойынша қазақ мектебі жетіспей, екі
үш ауысыммен оқып жатқанда орыс азаматтарының
мектептің сәл алыстайтынына қынжылуы күлкіліақ.
Мен өз бетімше орыс мектептерін біріктіру арқылы
қазақ мектебіне айналдыруды бала санына қарай
есептегенімде жеті қазақ мектебін ашуға мүмкіндік
барына көз жеткіздім. Бұл бір ғана Риддер қаласындағы
жағдай. Еліміздің басқа да облыстарындағы мектептерде
осындай өзгерістер жасасақ, қазақ мектептерінің санын
арттыруға мүмкіндік туар еді. Қазір елімізде балаларын
қазақ мектебіне бергісі келетін атааналар қатарының
артуына орай осындай батыл шаралар жасалуы керек
және атааналардың өтінішіне қарай қазақ сыныптарын
толассыз аша беруіміз керек.Тәуелсіз Қазақ елінде
таза қазақ мектебі 50 пайызға да жетпейді. Елімізде 80
мектеп өзбек тілінде, 15 мектеп ұйғыр тілінде, 5 мектеп
тәжік тілінде, 3 мектеп украин тілінде, 2 мектеп кәріс,
армян тілдерінде білім беруде.