Кодекс орындалуымен қҰнды елбасы қР ҚОРҒаныс министрлігінің басшылық ҚҰрамымен кездесті



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата20.02.2017
өлшемі7,52 Mb.
#4533
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:

(Соңы. Басы 1-бетте)

12

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

zangazet@mail.ru

Сот  әділдігінің  сапасына,  сот  өндірісінің 

мерзіміне,  азаматтардың  сот  жүйесінің  жұмы-

сы жайлы аз хабардар болуына, сот актілерінің 

толықтай нәтижелі орындалмауына байланысты 

проблемалар ел алдындағы қазіргі міндеттерді 

шешу үшін мемлекеттік билік институттарының 

қызметі мен жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету 

мақсатында процессуалдық және материалдық 

құқықты жетілдіру өзекті болып отырғандығын 

айқындады. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын-

дағы 19 қадам заң үстемдігін қамтамасыз етуге 

бағытталған.

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін 

жеңілдету үшін сот жүйесі инстанциялары оңтай-

ландырылды. Бұл бағытта құқықтық мемлекет 

принциптеріне сәйкес, сот  инстанцияларының 

міндеттері мен функцияларының аражігі нақты 

ажыратылып,  сот  істерінің    әрбір  жекелеген 

жағдайда  әділдік  пен  заңдылыққа  кепілдік  бе-

ретін инстанциялармен жылжу тәртібі ретке кел-

тірілген. Оңтайландыру нәтижесінде ең жоғары 

кассациялық инстанция ретінде Жоғарғы Соттың 

рөлі  күшейтілді, сот  инстанцияларының ұйым-

дық тәуелсіздігі қамтамасыз етілді, сот әділдігін 

жүзеге асыру сапасы артты. Қоғам мен судьялар 

корпусы  сот  әділдігінің  үш  деңгейлі  жүйесіне 

көшу  туралы  шешімді  оң  қабылдады.  Келесі 

қадам судья лауазымына кандидаттарды іріктеу 

жүйесіне көзқарасты түбегейлі өзгерту, азамат-

тық  қоғамның,  экономикалық  қарым-қатынас-

тардың дамуы судьялардың кәсібилігін арттыру 

талабын  қойды.  Соттарға  кәсіби  және  өмірлік 

тәжрибелі,  адал,  дайындығы  бар  кадрлардың 

келуіне  берілетін  кепілдік  артты.  Судьяларды 

дайындау,  іріктеу,  кәсіби  қызметін  бағалау 

жүйесі  өзгерді.  Сот  билігінің  сапалы  кадрлар-

мен  нығайтылуы  бүкіл  сот  жүйесі  жұмысының 

жақсару әсерін тікелей детерминациялап, уақыт 

өте келе үдемелі траекториямен көрініс табатын 

жинақтауышты сипатқа ие болады. 

Бұл бағыт оқыту мен сот практикасының өз-

ара  байланыстылығын  күшейту,  іс  басындағы 

судьялардың біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай 

жасады. Жоғарғы Сот жанында арнайы академия 

құрып,  оған  түсушілерге  қойылатын  талаптар 

күшейтілді. Қазақстанның судьялар корпусы үл-

кен жауапкершілікпен қатар, судьялық лауазым-

мен байланысты шектеулерді де саналы түрде 

қабылдаған күрделі судьялық еңбекті таңдаған 

лайықты  кадрлармен  толықтырылып  отырады. 

Осы  аталған  міндеттердің  іске  асырылуы  су-

дья  лауазымына  заңнаманы  білетін,  бойында 

моральдық-этикалық  қасиеттері  мен  өмірлік 

тәжірибесі бар азаматтарды тағайындауға мүм-

кіндік береді. 

Жоғарғы Сот жанындағы Қазылар алқасына 

судьялардың әрекеттеріне азаматтар шағымда-

на алады. Осы арқылы судьялардың қоғамдық 

және корпоративішілік есеп беруі күшейеді. Бұл 

мәселе  бойынша  судьялардың  тәртіптік  жау-

апкершілік институты реформаланып, тәртіптік 

орган мен судьялардың кәсіби біліктілігін айқын-

дайтын органның өкілеттіктерінің ара-жігі ажы-

ратылды. Тұңғыш рет барлық процестердің жүз 

пайыздық БТЖ енгізілуде, соттарда даулы сәт-

терді қадағалауға болатын бөлмелер бар. БТЖ 

жүйесі  сот  отырысын  өткізудің  уақыттылығын 

анықтауға, оның қолданысы туралы есеп беруге, 

репликациясына мониторинг жүргізуге мүмкіндік 

береді. Мұндай шаралар соттарды нақты жұмыс 

кестесін  қадағалауға  және  процестің  үзілуіне 

жол берген тұлғаларды жазалауға мәжбүрлейді. 

БТЖ  енгізілуі  сот  жүйесін  ақпараттық-комму-

никациялық  технологиялардың  мүмкіндіктерін 

қолданумен сапасын жаңа деңгейге ауыстыру-

дағы жалғыз шара емес екендігі сөзсіз. Қазірдің 

өзінде «Талдау форумы» сараптамалық ақпарат-

тық сервисі жұмыс істейді, барлық деңгейдегі 

соттар бейнеконференцбайланыс жүйелерімен 

жарақталуда,  ІІМ-мен  бірігіп,  «Қашықтықтағы 

сот процесі» жобасы іске асырылуда. Сот жүй-

есіндегі жүз пайыздық электрондық құжат ай-

налымына  бірте-бірте  көшу  мақсатына  кіретін 

«Төрелік – сот жүйесінің ақпараттық қауіпсізді-

гін  басқару  жүйесі»  енгізілуде.  Соттар  қажетті 

техникамен жарақталуда, байланыс және жыл-

дамдық  арналарының  өткізу  қабілеті  артуда, 

сот  қызметкерлері  мен  халықты  ақпараттық 

жүйелермен жұмыс істеуге оқыту процесі жүру-

де. Осының бәрі сот әділдігінің қол жетімділігі 

мен  ашықтығына  қосымша  кепілдіктер  береді, 

процестің жосықсыз қатысушылары тарапынан 

Пікір

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді, - 

деп  ақын  Айбатыр  Сейтақ  жырлаған  Ата 

Заңымыз мемлекеттік тіліміздің мәртебесін 

айқындап берді.

Қазақстан  Республикасында  мемле-

кеттік  тіл  –  қазақ  тілі,  мемлекеттік  ұйым-

дарда  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ 

тілімен  тең  қолданылатындығы,  мемле-

кет  Қазақстан  халқының  тілдерін  үйрену 

үшін  жағдай  туғызуға  қамқорлық  жасау ға 

міндетті  екені  Қазақстан  Республикасы 

Консти туциясының  7-бабында  атап  көр-

сетілген.  Мұның  өзі  мемлекеттің,  ұлттың 

сақ талуының, дамуының алтын тірегі қазақ 

тілі екендігін дәлелдейді.

Ұлтымыздың  негізгі  қасиетті  белгісі  – 

ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуі, 

халықтың  қымбат  қазынасы,  рухани  бай-

лығы,  салт-санасы,  әдет-  ғұрпы  мен  мә-

дениетінің өркендеуіне кеңінен жол ашты, 

тектері өзге тілдің негізінде жазылып кеткен 

қазақ  азаматтарына  өз  тілінде  қайтадан 

өңдеп,  қазақша  атаумен  өз  ата  тектерін 

жаздырып алуға мол мүмкіндік ұсынды.

Егемен  еліміздің  негізгі  Заңы  біздің 

қоғамымыздағы қайта құру кезеңінің өзекті 

мәселелерін шешумен қатар, сынды өткел-

дерден сүрінбей өткізетін бас құжат болды,  

тәуелсіз жас мемлекеттің басқару, атқару 

және заң шығару орындарын, елімізде де-

мократиялық қоғам құрудың принциптерін 

белгіледі.

Тарихқа үңілсек 1991 жылы Қазақ ССР-

нің  егемендік  алып,  Қазақстан  Республи-

касы аталуы, қазақ халқының тарихындағы 

маңызы зор елеулі уақиға болды. Қазақстан 

Республикасының  тұңғыш  Конституциясы 

1993 жылы қаңтар айының 28-інде қабыл-

данып,  өзінің  саяси-экономикалық  және 

әлеуметтік  құрылымын  дамыта  бастаған 

жаңа мемлекет қалыптасты.

Қазақстан  Республикасының  конститу-

циялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы 

қабылданған, биылғы жылы қабылданғаны-

на 21 жыл толған Конституция әлемдік стан-

дартқа сәйкес келетін саяси-экономикалық 

және әлеуметтік мәнге ие болды.

Конституция әлемдегі көшбасшы елдер 

– Франция мен Германия мемлекеттерінің 

конституцияларының негізінде қазақ халқы 

мен  Қазақстанды  мекен  еткен  басқа  да 

ұлттардың ерекшеліктері ескеріле отырып  

жобаланған  және  көпұлтты  республика 

аумағында  ұлттардың  бейбіт  және  өзара 

тату тұруына, өзге ұлт өкілдерінің дамуына 

жағдай жасау көзделген.

Конституцияда «Қазақстан Республика-

сының  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және 

адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостан-

дықтары» деп бекітілген және тұңғыш рет 

адам  мен  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтары және міндеттері нақты түр-

де жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы  1948 

жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей 

декларациясында және басқа халықаралық 

құжаттарда  бекітілген  құжаттармен  то-

лығымен қамтылды.

Қазақстан  Республикасы  Конституция-

сының  3-бабында:  «Мемлекеттік  биліктің 

бірден-бір бастауы – халық, халық билікті 

тікелей  республикалық  референдум  және 

еркін  сайлау  арқылы  жүзеге  асыратын-

дығын,  сондай-ақ,  өз  билігін  жүзеге  асы-

руды мемлекеттік органдарға беретіндігін, 

Қазақстан Республикасында билікті ешкім 

де  иемденіп  кете  алмайтындығын,  билікті 

иемденіп  кетушілік  заң  бойынша  қудала-

натындығы,  халық  пен  мемлекет  атынан 

билік жүргізуге республика Президентінің, 

сондай-ақ  Парламенттің  де  құқығы  бар 

екендігі, республика Үкіметі өзіне берілген 

өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан 

билік жүргізетіндігі» атап көрсетілген. Кон-

ституцияның  ең  жоғары  заңдық  күші  бар 

және ол республиканың барлық аумағында 

тікелей қолданылады.

Конституция бойынша еліміздің басқару 

билігінің үш түрі – заң шығарушы, атқарушы 

және сот билігінің құзыреттері нақтылана-

ды. Биліктің заң шығарушы тармағы – Пар-

ламент,  атқарушы  тармағы  –  Үкімет,  сот 

билігін тек қана сот жүзеге асырады.

Өткен 21 жыл ішінде Конституциямызға 

бірнеше  өзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізілсе де, ол өзінің негізгі қағидаларын 

жоғалтқан  жоқ.  Ол  еліміздің  демократия-

лық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 

мемлекет ретінде орнығуына мол ықпалын 

тигізді.

Аумағы  ұшқан  құстың  қанатымен,  жер 

апшысын қуырған тұлпар тұяғының дүбірі-

мен  өлшенген  кең  де  келісті  өлкені  ме-

кендеген қазақ халқы ел болып егемендік 

алып, еңсесін тік ұстап, туын көтеріп осы-

дан 21 жыл бұрын, яғни, 1995 жылы тамыз 

айының  30  күні  тәуелсіз  ел  –  Қазақстан 

Республикасының  Ата  Заңын  (конститу-

циясын)  қабылдап,  үш  жүз  жылдан  аса 

уақыт еркіндігінің темір құрсауы қамытына 

айналған бодандықтан құтылып, тарихтың 

жаңа үрдісіне бет бұрып, бостандық, тәу-

елсіздік жолына түсті.

Биыл  ел  болып  жиырма  бір  жылдығын 

атап  өтіп  отырған  біздің  Ата  Заңымыз  өз 

өміршеңдігін  көрсетті.  Конституция  қағи-

даттарына  сәйкес,  еліміздің  демократия-

лық  жолмен  даму  бағыты  айқындалды. 

Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағида-

лары қоғамда және азаматтардың санасын-

да түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Ең 

бастысы, Қазақ елінде кейбір көршілеріміз-

дегідей, «ертеңіміз қалай болады?» деген 

үрей жоқ, араб елдеріндегідей тығырыққа 

тірелтетін  дағдарыстардан  да  аулақпыз. 

Ал  ондай  дағдарыстар  туындауының  бір 

негізі  конституциялық  қайшылықтардан, 

даму  бағытын  айқындаудың  олқылығынан 

туындап жатқаны да белгілі болып жатыр. 

Керісінше, қазақ даласында ортаңғол шару-

асын айналдырған халықтың ақжарқын жүзі 

мен ертеңге деген сенімін байқаймыз. Осы-

ның бәрі қолданыстағы Ата Заңды арқау ете 

отырып, оның ережелерінен еш ауытқымай, 

елге, халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш 

Президент – Елбасының сабырлы саясаты-

ның арқасы. Ең бастысы, Қазақстан мем-

лекеттігінің  нығаюына,  еліміздің  дамуына, 

халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап 

берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғыр-

лы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр. 

Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымыз-

ды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі! 



Д.БҰЛҒЫНБАЕВ,

Семей қалалық 

№2 сотының төрағасы 

ЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ  НЕГІЗГІ  СТРАТЕГИЯЛЫҚ  МАҚСАТТАРЫНА  ЗАҢ  ҮСТЕМДІГІ  МЕН 

ҚОҒАМНЫҢ  ҚАУІПСІЗДІГІН  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ,  ЕГЕМЕНДІК  ЖЕТІСТІКТЕРІН  ОДАН 

ӘРІ НЫҒАЙТУ, ОРТАҚ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУ 

ЖАТАДЫ. 

М

РЕФОРМАЛАР РЕТІМЕН 

ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

қиянат жасалуына  жол  бермейді  және осының 

нәтижесінде қоғамның соттарға деген сенімділі-

гін арттырады.        

Алқабилер  сотының  қызметін  дамыту  және 

жетілдіру жеке тұлғаның құқықтары мен заңды 

мүдделерін қорғауда, жеке тұлға, мемлекет және 

қоғам арасындағы мүдденің теңгерімін орнатуда 

маңызды құраушы болып табылады. Алқабилер 

сотының қолданылу саласының кеңейтілуі сотқа 

сенім артудың күшейтілуіне және азаматтардың 

құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы-

ның қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.  

Реформалардың  жетінші  бағыты  –  соттар-

да айыптау мен қорғау арасында  байланысты 

қамтамасыз ету. ҚР Қылмыстық-процессуалдық 

кодексімен  сотқа  дейінгі  қылмыстық  сот  өн-

дірісінде  тұлғалардың  құқықтары,  бостандығы 

мен заңды мүдделері сақталуын бақылап оты-

ратын жаңа институт – тергеу судьясы енгізілді. 

Десе  де,  бұл  құқықтық  реформаның  алғашқы 

кезеңі. Келесі кезең тергеу судьясының өкілет-

тіктерін  кеңейтуге  де,  оның  процессуалдық 

қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіруге де 

бағытталу тиіс. Осы бағыттағы реформалар те-

реңдеген кезде соттардағы айыптау мен қорғау 

арасында теңгерім қамтамасыз етіледі. 

Елде инвестициялық даулар бойынша бөлек 

сот өндірісі құрылды. Бұл бизнес субъектілері 

мен  инвесторлардың  құқықтарын  қамтамасыз 

етуде сот жүйесінің ерекше рөл атқаратындығын 

көрсетеді.  Бүгінде  қалыптасып  келе  жатқан 

инвестициялық өндіріс үшін өзекті проблема – 

қарастырылған  істерді  зерттеу  және  саралау, 

инвестициялық дауларды қарастыру практикасы 

бойынша  нормативтік  қаулы  дайындау  мақса-

тында сот тәжірибесін қорытындылау.

Инвестициялық  дауларды  қарастырудың 

арнайы тәртібі мемлекеттің инвесторларға жеке 

ілтипат  көрсетуге  кепілдік  берілуіне  дайынды-

ғын  көрсетеді.  Мұндай  даулар  Қазақстандағы 

бүкіл  азаматтық  істердің  жалпы  ағысына  түс-

пейді, олармен астаналық соттың бөлек маман-

дандырылған құрамы, ал, ірі  инвесторлардың 

істерімен  Жоғарғы  Соттың  өзі  айналысады. 

Осылайша,  қазақстандық,  шетелдік  инвестор-

лармен  қатар,  мемлекеттің  де  құқықтары  мен 

заңды мүдделерін қорғау міндеті жүзеге тиімді 

асырылуда. 

Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында 

AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру. 

Шетелдік бизнесмендердің сенімін қамтамасыз 

ету үшін арнайы құқықтық режим енгізіледі, ал, 

ХҚО негізінде Қазақстан Республикасының сот 

жүйесіне  кірмей,  толықтай  тәуелсіз  болатын 

дербес сот құрылады. Мұндай жағдай сондай-ақ 

құрылған халықаралық қаржы орталығының ин-

вестициялық тартымдылығын арттыруға, инве-

сторларға әдеттегі құқықтық ортада құқықтары 

мен  заңды  мүдделерінің  барынша  қорғалуына 

кепілдік беруге арналған. 

Үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін 

ҚР Жоғарғы Соты жанында халықаралық кеңес 

қазақстандық  және  шетелдік  сарапшылардың, 

белді судьялардың, ғалымдар мен құқық қорғау, 

мемлекеттік және сот басқармасы,  инвестиция-

лық,  салық,  кәсіпкерлік,  кеден  саласындағы 

және  де  құқық,  экономика,  менеджмент  және 

т.б.  ғылымдардың  басқа  да  сала  маманда-

рының  арасынан  құралады.  Судьялық  корпус 

Кеңес мүшелерінен сот әділдігінің халықаралық  

стандарттарын қазақстандық соттардың тәжіри-

бесіне  одан  әрі  имплементациялау,  норматив 

шығару  қызметі  мәселелері,  сондай-ақ,  нақты 

инвестициялық даулар бойынша сапалы сарап-

тық қорытындылар алынуын күтеді. 

Реформалардың он бірінші қадамы азамат-

тық  процеске  прокурордың    қатысуын  түбе-

гейлі  азайтуға  бағытталған.  Мәні  мемлекеттің 

жекеменшік  құқықтық  қатынастар  саласына 

араласуын  қысқарту  азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандығын  қорғауда  соттың  рөлін  арт-

тыру, сот бақылауының мүмкіндіктерін кеңейту, 

заманауи азаматтық заңнама идеологиясы аза-

маттық-құқықтық дауларды сотта шешу кезінде 

прокурордың қатысу институтын өзгерту қажет-

тілігін көрсетті.  Бұл, әрине, сот  процедурала-

рының жеңілдетіліп, сот процесінің тездетілуіне 

әкелері сөзсіз. 

Қорытындылай келгенде, сот жүйесін рефор-

малау  шаралары  дүниежүзілік  экономикалық 

форумның  бәсекеге  қабілеттіліктің  Жаһандық 

индексі  рейтингінде  «соттардың  тәуелсіздігі» 

көрсеткіші  бойынша  Қазақстан  Республика-

сының  позициясын  жақсарту  –  сот  жүйесінің 

тәуелсіздік пен риясыздық деңгейі Еуропадағы 

қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымының 

(адами  өлшем  саласында)  тиісті  міндеттемесі 

болып танылған алғашқы отыз елдің қатарына 

2020 жылға қарай кіру бойынша стратегиялық 

мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Соттардың 

тәуелсіздігін  қамтамасыз  етудегі  проблемалар 

сот  құрылымдарының  ұйымдастырылу  прин-

циптері  мен  жұмыстарының  әлеуметтік  меха-

низмдерінде атап көрсетілген.  Реформаларды 

іске асыру өзгерістерге жетелейтін ең маңызды, 

алайды,  мұнымен  шектелмейтін  қадам,  елдің 

сот корпусының алдында сот билігінің тиімділік 

параметрлерін одан әрі тереңдетіп, кеңейту мін-

деттері тұр. Мемлекет осы сәтте судьялардың 

тәуелсіздігі мен судьялар қоғамдастығының бе-

делін нығайту жолында жұмыс істейтін өміршең 

шаралар  бекітіліп,  бірқатары  іске  асырылып 

үлгерді.  



Венера ТОХТАРБАЕВА, Ал

мат

ы 

об

лыс

ы 

Е

ң

б

ек

ш

іқазақ 

аудан

дық

 

сотының төрайымы

Ата Заң


«ОСЫ ЖОЛ 

ХАЛЫҚТЫҢ ДА 

НАҚ СЕНЕРІ!»

ТА  ЗАҢЫМЫЗБЕН  ӨЗГЕ  ҰЛТ  ТҮГІЛ,  ӨЗ  ҰЛТЫМЫЗДЫҢ  ӨКІЛДЕРІ  ҰМЫТА 

БАСТАҒАН, ТҰНЫҒЫ ТАЗА, ИІРІМІ КҮШТІ, ҚОЛДАНУҒА ИКЕМДІ, АЙТАЙЫН 

ДЕГЕН  ОЙЫМЫЗДЫ  ТӨТЕ  ДЕ,  ЖАНАМАЛАЙ  ДА,  ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢМЕН  ДЕ, 

АСТАРЛАЙ ДА ЖЕТКІЗУГЕ МҮМКІНДІГІ МОЛ АНА ТІЛІМІЗГЕ БИІК, МЕМЛЕКЕТТІК 

МӘРТЕБЕ БЕРІЛДІ. 

А

ТҰҒЫР


13

zangazet@maiI.ru



№101/1  (2879) 

15 қыркүйек 2016

Қ

азақстан  мемлекеті  тәуел­



сіздік  алған  кезеңнен  бас­

тап  Мемлекет  басшы сы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қамқор­

лығымен  қазақстандық  сот  жүйесі 

жаңа  заманның  демокра тиялық 

және  құқықтық  мемлекет  құрудағы 

жалпыәлемдік  озық  стан дарттарына 

сәйкес  ұлттық  тәуелсіз  сот  жүйе­

сі  болып  қалыптасты.  Бүгінде  сот 

жүйесінің  құқықтық  үстемдігін  қам­

тамасыз  ету  бойынша  жұмыстар 

жүргізілуде.  

Елбасы  Судьялар  одағының  V 

съезінде: «Біздің азаматтардың үміті­

нің  ақталуы,  олардың  әділеттілікке 

деген  сенімділігі  судьялардың  қыз­

меттерімен  тығыз  байланысты»,– 

деген  қанатты  сөз  айтты.  Расында, 

елдегі  әділеттің,  қауіпсіздіктің,  тату­

лықтың  бәрін  сот  органдарымен 

байланыстырудың жөні бар.

Қазақстан  Республикасының 

Пре зи денті  ұлттық  құндылықтар 

мен  өскелең  ұрпақ  санасындағы 

патриотизмді  нығайтудың  маңыз­

дылығы ең басты мәселе екенін және 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспары 

мем лекетті  жаңғырту  жолындағы 

бағ дар лама  ретінде  жаһандық  және 

ішкі  сын­қатерлерге  қарсы  күресуге 

жұмылдыратын  әрі  елімізді  әлемдегі 

дамыған мемле кеттердің отыздығына 

қосуға  жол  бастайтын  қауқары  зор 

маңызды құжат екенін жеткізді. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын­

да  көрсетілген  бағыттардың  11  тап­

сырмасына  сай,  қазақстандық  сот 

жүйесін одан әрі әлемдік стандарттарға 

сәйкестендіру  арқылы  дамыту  және 

сот жүйесін  реформалау, азаматтарға 

сотқа жүгіну үшін басымдықтар беру, 

сотқа  деген  халық  сенімін  арттыру,  

адамның құқықтары мен бостандығын 

заңның  үстемдігі  арқылы  қорғау 

мақсат етілген.

Қазақстан  Республикасы  Жоғар­

ғы  Сотының  төрағасы  Қ.Мәми  Ұлт 

жоспарында  міндеттелген  тапсыр­

маларды  орындаудың  практикалық 

кезеңі бастау алғанын және жергілікті 

жерлердегі  сот  жүйесінің  бірінші 

басшылары  Мемлекет  басшысының 

сот  абыройын  арттыру  жөніндегі 

тапсырмасын  орындауға  жауапты 

екенін, сот билігінің беделін жоғарылату 

үшін сот төрелігін ең лайықты кәсіби 

мамандар  атқаруға  тиісті  және  заң 

үстемдігін қамтамасыз ету соттардың 

басты  міндеті  деп  қадап  айтқан 

болатын.  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Соты  төрағасының  бас­

шылық жасауымен «100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарындағы Елбасымен міндет­

телген 11 тапсырманы жүзеге асыру 

үшін ұдайы бағытты іс­шаралар ұйым­

дастырылып, өткізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Консти ту­

циясының 1­ші және 2­бабында мем­

лекетіміздің  ең  қымбат  қазынасы  – 

адам және адамның өмірі, құқықтары 

мен бостандықтары екені, адам және 

азаматтардың  құқықтары  мен  бос­

тандықтарын  жүзеге  асыру  кезінде 

ешкімнің оны бұзбауға және құқықтары 

заңға қайшы келмейтін барлық тәсіл­

дермен  қорғауға  заңмен  кепілдік 

берілгені, жеке бастың қадір­қасиетін 

қорлайтындай  жәбір  көрсетуге  не 

жазалауға  болмайтыны,  әркім  өз 

құқықтары  мен  бостандықтарын  сот 

арқылы қорғауға, өмір сүруге құқығы 

бар екені нақты айқындалған.

Қазақстан  Республикасы  Консти­

ту циясымен  және  халықаралық 

құқықтың жалпы жұрт таныған прин­

циптері  мен  нормаларына  сәйкес, 

азаматтардың құқықтары мен бостан­

дықтарын қорғау және заң нормасын 

дұрыс қолдану арқылы заң үстемдігін 

қамтамасыз  ететін  заңның  бірі  – 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексі.


Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету 

кәсіби  маманмен  жүзеге  асырылуы 

сотқа деген халық сенімін арттырады 

және  сот  беделін  жоғарылатады. 

Қазақстан  халқының  санасында 

судья  ол  жоғары  құқықтық  білімді, 

мінсіз  әдепті,  жақсы  мінез­құлықты, 

заңдылық пен тазалықты дәріптейтін 

тұлға ғана емес, заң үстемдігін қам­

тамасыз  ететін  тұлға  болып  қалып­

тасуы  керек.  Жаңа  ӘҚБтК­і  2015 

жылы қолданысқа енгізілді, заңнама­

да көрсетілген міндетті талаптар мен 

қағи даттарды жүзеге асыру сот төре­

лігі арқылы заң үстемдігін қамта масыз 

ететін әрбір судьяның міндеті. 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  әре­

кетті  айғақтайтын  және  іс  бойынша  

аса  маңызды  құжат  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  хаттама  болып 

есептеледі.  Хаттама  ӘҚБтК­нің 

2­тарауында  көрсетілген  қағидаттар 

басшылыққа  алына  отырып,  осы 

кодекс тің  803­бабында  баяндалған 

тәртіппен толтырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер 

министрінің  2011  жылғы  4  сәуір­

дегі  №143  бұйрығымен  бекітілген 

қалалық,  аудандық  (басқармалар) 

iшкi  iстер  органдарының  жанындағы 

медициналық  айықтырғыш  туралы 

Ереженi, медициналық айық тыр ғыш­

тарға  жеткiзiлетiн  адамдарға  меди­

циналық  көмек  көрсету  жөнiндегi 

және  медициналық  айықтырғыш 

жанындағы  профилактика  кабинетi­

нiң  жұмысын  ұйымдастыру  жөнiн­

дегi  Нұсқаулығының  ІІІ  тарауының 

22­бөлімінде  «Әкімшілік  ұстау, 

яғни,  жеке  тұлғаны  уақытша  жеке 

бас  бостандығынан,  атап  айтқанда, 

белгіленген уақыт ішінде медициналық 

айықтырғышта  мәжбүрлеп  ұстай 

отырып, әрекет етуді және қозғалыс 

бостандығынан  айыруды  аталған 

адам  қоғамдық  орындарда  спирттік 

ішімдіктерді  ішкен  немесе  адамдар­

дың  қадір­қасиетін  қорлап  және 

қоғамдық  әдепті  бұзып,  мас  күйде 

қоғамдық  орындарда  болған  кезде 

полиция  қызметкеріне  бағынбаған 

жағдайларда  ішкі  істер  органдары 

(полиция) жүргізеді. Адамның қоғам­

дық  орында  мас  күйде  жүруі  оны 

ұстауға  және  медициналық  айық­

тырғышқа  кіргізуге  негіз  болмайды» 

деп міндеттелген. 

Қазақтан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы 

«Әкімшілік қадағалауды орнату жөнін­

дегі  заңнаманы  қолданудың  сот 

тәжірибесі  туралы»  №3  нормативтiк 

қаулысының    10­бөлімінде  «хаттама 

мен  қаулыда  қоғамдық  тәртіптің 

және  азаматтардың  құқықтарының 

қалай бұзылғаны сипаттап­дәлелдеп 

жазылуға  міндетті  және  адамның 

қоғамдық  орында  мас  болып  келу 

фактісі,  егер  бұл  адамның  қадір­

қасиетін  қорламаса  немесе  иман­

дылыққа  зиян  келтірмесе,  әкімшілік 

құқық бұзушылықтың құрамын құра­

майтынын назарда ұстаған жөн» деп 

көрсетілген.

Яғни,  нормативтiк  қаулы  мен 

нұсқаулық  талабы,  әкімшілік  құқық 

б ұ з у ш ы л ы қ   т у р а л ы   х а т т а м а д а 

құқық  бұзушы  адамның  мас  күйінде 

нақты  қандай  қоғамдық  тәртіпті 

бұзғаны,  адамның  қадір­қасиетін 

қорлайтын  және  имандылыққа  зиян 

келтіретін  әрекет  жасағаны  толық 

мәтінде  сипатталып  жазылуға  тиіс­

ті.  Және  адам  қоғамдық  тәртіпті 

бұзбаса,  адамның  қадір­қасиетін 

қорламаса,  имандылыққа  зиян  кел­

тірмесе, әрекет әкімшілік құқық бұзу­

шылықтың  құрамын  құрамайды, 

құқық  бұзушылықтың  субъектісі 

болып  табылмайды  және  әкімшілік 

жауап тылыққа тартылуға тиісті емес.   

Сонымен бірге заңда қоғамдық орында 

қоғамдық тәртіпті бұзбаса, теріс қылық 

жасамаса, адамды қоғамдық орында 

мас  болып  жүргені  үшін  себепсіз 

ұстау, тоқтату және ескерту жасау заң­

да көзделмегені айқындалған.

Денсаулық  сақтау  министрлігінің 

11.06.2003  жылғы  №446  бұйры­

ғымен бекітілген, ҚР ІІМ­мен келісіл­

ген  «Психикалық  белсенді  затты 

пайдалану  фактісін  және  мас  болу 

жағдайын  анықтау  туралы»  нұсқау­

лықта  азаматтарды  медици налық 

куәландыруды жүзеге асыру жөніндегі 

шараларды нақты іске асыру тәртіптері 

көзделген.

Құқық бұзушы тұлғаның психика­

лық  белсенді  затты  пайдалану  және 

ұйым  қызметкерлеріне  ҚР  Заңына 

сәйкес жауапкершілік көзделген.

Ел  Конституциясы  мен  Әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің 

16­бабына  сай,  ешкімді  де  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  заңында 

белгіленген  негіздер  мен  тәртіптен 

өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, жеке 

басын тексеруге және негізсіз ескерту 

жасауға құқы жоқ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы 

«Әкімшілік  қадағалауды  орнату 

жөніндегі  заңнаманы  қолданудың 

сот  тәжірибесі  туралы»  №3  норма­

т и в т i к   қ а у л ы с ы н ы ң   5 ­ б ө л і г і н д е 

«Соттар  қылмыстық  жауапқа  тарту 

мәселесін  шешу  үшін  адамды  ҚР 

ӘҚБтК­нің  440­бабында  көзделген 

құқық  бұзушылық  құрамын  және 

әкімшілік  жаза  берудің  заңдылығы 

мен  негізділігін  тексеруге  тиіс»  деп 

көрсетілген.

Нормативтiк  қаулы  соттарға  ҚР 

ӘҚБтК­нің  440­бабының  4­бөлігімен 

толтырылған  әкімшілік  құқық  бұзу­

шылық  туралы  хаттамасы  бойынша 

іс  материалын  қарау  кезінде,  заң­

ды  күшіне  енген  хаттамалар  мен 

қаулылардың  заңдылығы  мен  негіз­

ділігін тексеруді міндеттеген және заң 

нормасын бұзу арқылы толтырылған 

хаттамалар мен шығарылған қаулылар 

адамның  жағдайын  нашарлататын 

болғандықтан заңды күші болмайтыны, 

істі шешу үшін және адамды кінәлі деп 

тану  негізіне  пайдалануға,  сонымен 

бірге  дәледеме  ретінде  жіберілуге 

және  пайдалануға  жіберілмейтіні 

нақты айқындалған.

Ә к і м ш і л і к   қ ұ қ ы қ   б ұ з у ш ы л ы қ 

заңын да  адамды  заңсыз  әкімшілік 

жауаптылыққа  тарту,  әділетсіз  жаза 

тағайындау, негізсіз әкімшілік жауап­

кершіліктен  босату  фактілері  орын 

алмау керектігі және орын алған жағ­

дайда лауазымды адам жауап кершілік 

көтеретіні айқындалған.

ӘҚБтК­нің 803­бабының талабына 

сай,  «Өзіне  қатысты  іс  қозғалған 

тұлғаға  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

хаттамамен  танысуға  мүмкіндік  беру 

керек.  Хаттаманың мазмұны бойынша 

түсініктемелер және ескерту жасауға, 

сондай­ақ,  қол  қоюдан  бас  тарту 

уәждерін  баяндауға  құқылы,  бұлар 

хаттамаға  қоса  беріледі».  Аталған 

жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы  іс  жүргізіліп  жатқан  тұлғаға 

заңмен  кепілдік  берілген  барлық 

құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі 

берілуі тиіс.

ӘҚБтК­нің  7­бабының  талабында 

заңның  заңдылықтары  мен  міндет­

терін  және  принциптік  қағидаттарын 

бұзу,  сипаты  мен  мәніне  қарай  іс 

бойынша  іс  жүргізуге  жарамсыз 

болып табылады, мұндай іс жүргізудің 

барысында  шығарылған  шешімдер 

бұзылуға  жатады  және  жиналған  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

заңның  процессуалдық  тәртіптерін 

тиісті  орындамау  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  заңын  елеулі 

түрде бұзу деп танылады. Кодекстің 

787­бабының талабы бойынша, құқық 

бұзушы  адамды  ұстау  оның  жеке 

бас  бостандығын  қысқаша  мерзімге 

шектеу болып есептеледі.

Сондай­ақ, 789­баптың 1­бөлігінде 

осы  кодекстің  785­бабындағы  мақ­

саттарға  қол  жеткізу  үшін  құқық 

бұзушы адамды әкімшілік ұстау және 

жеткізу  жөнінде  хаттама  толтыру 

арқылы  3  сағаттан  ұзақ  болмайтын 

мерзімге,  2­бөлігіне  сай,  24  және 

48  сағат  мерзімге  әкімшілік  ұстау 

негіздері көзделген.

Талданып  отырған  заңнаманың 

788­бабында  «Әкімшілік  ұстап  алу 

жөнінде  хаттама  жасалады.  Ұстап 

алынған тұлға қол қояды және өзіне 

қатысты  іс  қозғалған  жеке  тұлғаға, 

жәбірленушіге  дереу  тапсырады. 

Ұстап  алынған  тұлғаға  құқы  мен 

міндеттері  түсіндіріледі,  ол  жөнінде 

хаттамаға  тиісті  жазба  жасалады. 

Ұстап  алынған  тұлғаға  құқы  мен 

міндеттерін  түсіндірмеу  әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ді 

елеулі  бұзушылық  болып  танылады 

және  ҚР  заңнамасында  көздел ген 

жауаптылыққа  соғады»  деп  көр­

сетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық тура­

лы  заңы  лауазымды  адамға  әкім­

шілік  ұстау  және  жеткізу  жөнінде 

хаттама толтырмай, ұстап алу жөнінде 

хаттамаға  тиісті  жазба  жазбай  ұстау 

және  ҚР  ӘҚБтК­нің  744­бабындағы 

құқықтарын  түсіндірмей,  адамның 

жеке  бас  бостандығын  қысқаша  3, 

24,  немесе  48  сағат  мерзімге  ұстап 

шектеуге құқық бермейді.

ҚР ӘҚБтК­нің 803­бабының 2­бөлі­

гінің 4) тармағында «Әкімшілік құқық 

бұзушылық  туралы  хаттамада  құқық 

бұзушылық жасалған уақыт көрсетілуі 

міндетті»  делінген.  Яғни,  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  хаттамада 

құқық  бұзушылық  жасалған  уақыт 

дәлме­дәл көрсетілуі керек. 

Заңнаманың  738­бабына  сәйкес, 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

іс жүргізу тілін белгілеу қаулы шығару 

арқылы рәсімделеді». Құқық бұзушы 

тұлғаға осы кодекстің 744­бабындағы 

құқықтарын  түсіндірмеу,  іс  жүргізу 

тілін  белгілемеу,  құқық  бұзушылық 

жасалған уақытты көрсетпеу, хаттама 

көшірмесін  табыстамау,  қорғану 

құқын  шектеу,  құқық  бұзушылық 

туралы хаттаманы кодекстің 803­бабы­

на  сәйкес  толтырмау,  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  заңның 

процестік  нормаларын  елеулі  түрде 

бұзу  деп  танылады  және  жиналған 

дәлелдемелердің  күші  болмауға, 

сондай­ақ, оны жарамсыз деп тануға 

әкеп соқтыратыны реттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет