Наталья ДЯГИЛЕВА, Мектепке
дейінгі балалар мен білім беру
ұйым дарын санитарлық-гигиеналық
қадағалау бөлімінің бастығы:
– Мектеп формасы, ең алдымен,
ыңғайлы болуы тиіс. Егер киім ауа
өткізбейтін болса, баланың денесі
терлеп, өзін ыңғайсыз сезінеді.
Синтетикадан тігілген киімді киген
оқушының тынысы тарылады. Ал
бұдан келіп баланың оқу үлгерімі
нашарлап, сабаққа деген ынтасы
төмендейді. Бүгінде қара базардағы
Қырғызстан мен Қытайдан жеткізілетін
мектеп формаларының барлығы
белгіленген талапқа сай емес. Сон-
дықтан, ата-аналар сапасы төмен
мектеп формаларын мүмкіндігінше
балаларына кигізбегені жөн.
Мамандар осылай дейді. Алайда
маманның бұл мәлімдемесіне құлақ
асқан ата-ана байқалмайды. Өйткені,
бірлі-жарым отандық сән үйлері
тіккен мектеп формаларының баға-
сын еліміздегі кез келген ата-ананың
қалтасы көтере алмайтыны анық.
Мәселен «Glasman» компаниясының
мектеп формасы шамамен қыз балалар
үшін 30 мың болса, ер балалар үшін 25
мың теңгенің төңірегінде. Ал мектепке
бірнеше баласы баратын орта әлеуетті
отбасылар балаларының бәрін бірдей
сапасы талапқа сай отандық мектеп
формаларымен қамтамасыз ете алма-
сы түсінікті.
Көршіден алар
үлгі көп
Осы орайда айта кетер жайт,
өнеркәсіп саласындағы көрсеткіш
бойынша, Қырғыз Республикасы
ТМД елдері арасында бірінші орында
тұр. Оның ішінде көрші елдің киім
өндірісіндегі үлесін де атап айтуға
тұрарлықтай. Көрші елдерде бұл
мәселе оңтайлы шешімін тапқан.
Мәселен, Қырғызстан, Қытай, Ресей,
Үндістан елдерінде үкімет жеңіл
өнеркәсіпке қаржылай қолдау көрсетіп
отырады екен. Сондай-ақ, Қырғызстан
мен Қытайда киім тігетін мекемелер
салықтан мүлдем босатылған көрінеді.
Бізге де жеңіл өндірісті дамыту үшін
осындай қамқорлық керек-ақ.
Амангелді МОМЫШЕВ, қоғам
қайраткері:
– Бұл жерде, ең алдымен, біздің
халықты басқа елдерден әкелінетін
тауардың сапасы емес, арзандығы
қызықтырып отыр. Айта кетер жайт,
Қырғызстанның киім өндірісшілері
мемлекетке салық төлемейді. Сон-
дықтан, киімдерінің де өзіндік бағасы
арзан болып келеді. Осы орайда
халқымыз денсаулыққа залалсыз киім
кисін десек, өзіміз дің отандық киім
өндірісімізді жаңғыртуымыз керек.
Сондай-ақ, киім өндірісі тезірек
жандансын әрі киімдеріміз халықтың
қалтасына сай болсын десек, қыр-
ғыздар секілді өндірісшілерді салықтан
босату жолдарын да қарастырған
жөн. Жалпы, отандық өндірісімізді
жандандырмай, қауіпсіз өнімге қол
жеткіземіз деп айта алмаймын.
Салықтан босатумен қатар, тері мен
жүн қабылдайтын орталықтар ашу
көбіне киімдерін дөкейлерге, эстрада
әншілеріне арнап тігеді. Бағалары да
қымбат. Мысалы, Аида Қауменованың
ұлттық брендтегі киімдері 150-300 мың
теңге аралығында. Лидия Досалина,
Сәкен Жақсыбаевтың киімдері қара-
пайым халық үшін қолжетімсіз.
Бағаның қымбаттығы – бір. Екіншіден,
отандық киім өндірісінде бәсеке
жоқтың қасы.
Осы орайда айта кетер жайт, қайта
Кеңес одағы кезінде елімізде киім-
кешек өндірісі бір жолға қойылған еді.
Әр облысымызда киім-кешек, аяқкиім
фабрикалары тұрақты жұмыс істеп
тұрған болатын. Сол үрдісті сақтап
қала алмағанымыз өкінішті.
Бір ғана мысал – Қарағандыдағы
аяқкиім фабрикасының 1960 жылдары
3 млн жұп аяқкиім шығаруға қуаты
жеткен. Осылайша, қазақстан дық
нарықтың 65 пайызын өзімізде
өндірілген аяқ киімдермен қамтамасыз
етіп отырған. Бұл аз десеңіз, еліміздің
бас қаласы болған – Алматыдағы
атақты мақта-мата фабрикасы мен
Қызылордадағы тері илейтін алып
зауыт, Алматы, Шымкент, Қарағанды,
Семей, Қызылорда шаһарларындағы
аяқ киім фабрикалары тек қазақ стан-
дықтардың ғана емес, күллі Одақ
елдерінің қажеттіліктерін өтеген.
Кеңес заманында жеңіл өнеркәсіп
сала сы отандық бюджеттің 15 пайы-
зын құраса, қазіргі үлесі – небәрі – 0,3
пайыз.
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің
үлесіне қатысты сандар былай сөй-
лейді: елде жыл сайын 500 мың
тоннадан артық мақта өнімдері, 30
мыңға жуық тонна жүн һәм 7,5 млн
тонна тері өнімдері жиналады екен.
Бұлардың түгелі дерлік шикі күйінде
шекарадан шетел асады. Себеп –
біреу-ақ, қазақ жерінде өнімдерді
қайта өңдейтін мардымды кәсіпорын
жоқ. Содан қырғыздан – көйлек,
қытайдан бәтеңке сұрап отырмыз.
Біздің есептеуімізше, егер елдегі
бір қалада шамалап айтқанда 350
мың тұрғын бар десек, олар жылына
3 пар аяқ киім тоздырады екен. Яғни,
5 млрд теңгені сыртқа жөнелтеді
екенбіз. Сонда Қазақстандағы бір ғана
қаланың өзі 5 млрд теңгені сыртқа
жөнелтсе, жалпы еліміз бойынша
қыруар қаражат «қолды» болатыны
айтпай-ақ белгілі.
Любовь ХУДОВА, «Жеңіл өнер-
кәсіп кәсіпорындары» қауым дас-
тығының президенті:
– Бізге жалпы жеңіл өнеркәсіпті
дамыту керек. Әйтпесе, қалған тірлік
бос әурешілік. Менің ойымша, тікелей
жеңіл өнеркәсіппен айналысатын
холдингтің құрылғаны маңызды. Неге?
өндірсек, біртіндеп аяқкиім нарығы
импортты ығыстыра бастайды деген
сенім пайда болар еді.
Киім тігуден
кенде емеспіз
Жалпы алар болсақ, ертеден
қазақ киім тігуден ешкімнен кем
түскен емес. Оқалы шапан, бүрмелі
көйлек, кестелі орамал, құндыз
бөрік тіккен, алтынмен апталған,
күміспен күптелген ат-әбзелін жаса-
ған қазақ емес пе едік? Ендеше,
қазіргі заманауи киімдер тігуге неге
шамамыз жетпей отыр. Тіпті, сонау
кеңес кезінде де жеңіл өнеркәсіп
еліміздегі ең дамыған саланың
бірі болған деседі. Сол кездегі
көрсеткіштерге қарасақ, біздегі
жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы
15,8 пайызға жетіп, ел бюджетінің
25 пайызын құраған екен. Ал мұндай
көрсеткіш әлемді тауарымен жаулап
алған Қытайдың өзінде әлі күнге дейін
болмаған. Дүниежүзілік даму банкінің
мәліметіне қарағанда, бүгінде аспан
асты еліндегі жеңіл өнеркәсіптің үлес
салмағы 10 пайызды көрсетеді, бұл
Қытай мемлекеттік бюджетінің 20
пайызы. Іс жүзінде өзіндік табиғи
ресурстары жоққа тән Түркияда да
бұл саланың үлес салмағы 10 пайыз,
жеңіл өнеркәсіптен түскен қаржы ел
бюджетінің 40 пайызын құрайды.
Жеңіл өнеркәсіп халықты жұмыс-
пен жоғары деңгейде қамтитын
әлеуметтік сала болғандықтан, кез
келген мемлекетте ерекше мәнге
ие. Мысалы, Қырғызстан бұл салаға
қосымша құн салығын салмайды,
м ұ н д а й ә д і с Т ү р к и я д а д а б а р .
Үндістанда жекелеген қорлар қолдау
көрсетеді. Қытай елі өндірісшілеріне
субсидия береді екен. Ал жеңіл
өнеркәсіпке ерекше мән берілген
Корея, Жапония сынды елдер 70-80
пайыз өз өнімдерін тұтынады деседі.
Бұл ең бірінші – тұрғындар үшін жұмыс
Келілеп киім сату
пайдалы
Елімізде қолжетімді киім-кешектің
тапшылығы ма екен, соңғы кездері
келілеп киім сататын дүкендер қаптап
кетті. Әсіресе, Алматы қала сында
аттап басқан сайын шетелдің ескі
киімдерін саудалаған дүкендерді
кездесертіресің. Халық та Second
hand, Stokk секілді киім дүкендеріне
барғыш болып кетті. Әрине, бағасы
қолжетімді. Киімнің бір келісі 1500 бен
2500 теңгенің аралығында. Салмағы
200-300 граммнан аспайтын бір
жеңіл футболканы 500-700 теңгеге
аласыз. Ал базарда 15-20 мың
тұратын киімдерді мұнда төрт-бес
мың теңгеге табуға болады. Дегенмен
Еуропа елдерінің халқы киіп-киіп
күресінге тастаған ескі киімдеріне
халқымыз неге кіріптар болып отыр?!
Әрине ең алдымен арзандығы үшін.
Оның үстіне, сұраныс болмаса олар
қаламызда қаптап ашылмас еді.
Г ү л с і м А С Қ А Р О В А , А л м а т ы
Мемлекеттік дәрігерлер білімін
жетілдіру институты тері-венеро-
логия кафедрасының меңгерушісі,
медицина ғылымының докторы,
профессор:
– Шынында да, бізде Second
hand деген өлшеп сатылатын киім
дүкендері қаптап кетті. Олардан киім
алатындар да күннен-күнге көбейіп
отыр. Әрине, мен көпшілікке ондай
жерлерден киім сатып алмаңдар
деп айта алмаймын. Өйткені, әркім
қалтасына, шамасына қарай киінеді.
Десек те, қазір бізде денесіне
аллергиялық жаралар пайда болған
науқастар көбеюде. Ал аллергия
киімнен де жұғады. Мұның барлығы
Еуропадан әкелінген ескі киімдерден
жұғып жатыр десек ыңғайсыз болар.
Дегенмен, солай болуы да мүмкін,
тек оны науқас білмей қалуы ғажап
емес. Осы орайда тұрғындарға
ондай дүкендерден аяқкиім мен іш
киім алуға болмайтынын ескерткім
келеді. Өйткені, туфлидің бұрынғы
и е с і н і ң а я ғ ы н д а с а ң ы р а у қ ұ л а қ
жарасы бар болатын болса, ол
міндетті түрде екінші киген адамға
жұғады. Оның үстіне, оның аяғын-
дағы қолаңса иіс жұқса, оны да
кетіру оңай емес.
Естуімізше, мұндай киімдердің
барлығы бізге АҚШ-тан, Ұлыбри-
т а н и я д а н , Г е р м а н и я д а н к е л е д і
екен. Ол жақта арнайы бір күн
белгіленіп, кедей-кепшікке ұсынған
көмегі ретінде тұрғындар есіктерінің
алдына өздерінің керексіз заттарын
шығарып қояды. Оны арнайы көлік
жинап алып, сұрыптаудан өткізіп,
жоғары температурадағы қайна-
тылған суға салып, дезин фекция-
лайтын көрінеді.
Дегенмен, Украина шетелден
әкелінген ескі-құсқы киімдерді өз
елінде саудалауға заң жүзінде тыйым
салып отыр. Ел басшыларының
айтуынша, бұл отандық жеңіл өнер-
кәсіптің дамуына кесірін тигізіп әрі
сырттан әкелінген, санитарлық сапасы
күмәнді тауарлар украиналықтардың
денсаулығына зиян келтіреді екен.
Әрине, бізде жеңіл өнеркәсіп дамып
отырған жоқ, бірақ санитарлық жағын
ескере отырып, келілеп сатылатын
киім бизнесіне шектеу қою қажет пе
еді?!
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТПАЙ,
АЛҒА ЖЫЛЖУ ЖОҚ
ЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ДЕГЕНДЕ ЕҢ АЛДЫМЕН ОЙЫМЫЗҒА КИІМ
ӨНДІРІСІ КЕЛЕДІ. ЕЛІМІЗДЕГІ КИІМ ӨНДІРІСІНІҢ ДҰРЫС ЖОЛҒА
ҚОЙЫЛМАУЫ САЛДАРЫНАН ХАЛҚЫМЫЗ ШЕКАРА АСЫП КИІНУГЕ
МӘЖБҮР БОЛЫП ОТЫР. ЯҒНИ, БІЗДІ КӨРШІЛЕРІМІЗ КИІНДІРІП
ОТЫР. ҚАРАПАЙЫМ ШҰЛЫҚ ТҮГІЛІ, ЖІПКЕ ДЕЙІН ҚЫТАЙДАН,
ҚЫРҒЫЗСТАННАН, ТҮРКИЯДАН ТАСЫП ӘКЕЛУДЕМІЗ. ЖАҢА ОҚУ
ЖЫЛЫНА ДА БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ ҚЫРҒЫЗДАР МЕН ҚЫТАЙЛАР
КИІНДІРІП ЖІБЕРЕДІ.
РАС, ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОТАНДЫҚ КИІМ КОМПАНИЯЛАРЫ
ЕЛІМІЗДЕ ДЕ БАР. ӘЙТСЕ ДЕ, ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ «ӨЗІМІЗДІКІ»
ДЕЙТІНДЕЙ ЕМЕС. ӨЗІМІЗДІКІНЕ ҚАРАҒАНДА ШЕКАРА АСЫП
КЕЛГЕН ӨЗГЕНІКІНІҢ БАҒАСЫ ӘЛДЕҚАЙДА ҚОЛЖЕТІМДІ. ШЕКАРА
АСЫП КЕЛГЕН КИІМНІҢ БАҒАСЫ ҚАЛТАҒА САЙ БОЛҒАНЫМЕН
САПАСЫ, ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС.
ӘРИНЕ, ӨЗГЕ ЕЛ ОЗЫҒЫН, ЖАҚСЫСЫН, САПАЛЫСЫН АРЗАНҒА
ИЫҒЫМЫЗҒА ІЛМЕСІ АНЫҚ. ОСЫЛАЙША ЕЛІМІЗДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ,
ЯҒНИ, ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛЫП ОТЫР.
орны. Мәселен, Үндістан, Түркия,
Қытайда жеңіл өнеркәсіп саласында
тұрғындардың 21 пайызы жұмыс
істесе, Қырғызстанда халықтың 30
пайызы өз нәпақасын осы саладан
табады екен. Және оларда жұмыс
орындарының көптеп ашылуына
біздің де үлесіміз бар. Өйткені,
еліміз Қытайға, Қырғызстанға,
Түркияға олардың өнімін тұтыну
арқылы инвес тиция салып отыр
деген дұрыс. Әрі біздің ақшаға ол
жақта қосымша жұмыс орындары
ашылып жатыр. Олай дейтініміз, бізге
сырттан келетін киім-кешек килолап
емес, тонналап әкелінеді. Ал бұдан
сыртқа аз ақша кетіп жатпағанын
аңғару қиын емес.
Қазір жеңіл өнеркәсіппен айналысам
деушілерде еркіндік жоқ. Бүгінде
кластерлік жүйені қалыптастыру
мәселелеріне аса мән берілмейді.
Мысалға, қазір ауылдағылар қолда
бар терілерін жинап-теріп Қытайға екі
жүз теңгеге сатып жүр. Яғни, тері-жүн
бизнесі елімізге қызмет етіп отырған
жоқ. Осыдан келіп, сапалы былғарыға
мұқтажбыз дейміз. Егер елдегі бүкіл
жеңіл өнеркәсіптің басын бір арнаға
тоғыстыратын холдинг болса, бәлкім
мұндай келеңсіздіктер орын алмас
та еді ғой. Жеңіл өнеркәсіпті осылай
ұйымдастыра алғанда ғана аяғынан
тік тұрғызамыз. Бұл айтып отырғаным,
тікелей аяқкиім нарығына да қатысты.
Сапалы былғарыны өз елімізде
керек. Әйтпесе, бүгінгі күні ауылдық
жердегі мал терілері мен жүндері
шіріп, қалғаны өртеліп, желге ұшып
жатыр. Дайын шикізаттың қадірін
білмей отырмыз.
Статистиканы
сөйлетсек...
Қазақстандағы киім-кешектің 70
пайызы бізге Түркия, Қытай, Ресей
және Қырғызстаннан келеді екен.
Алайда, бұл бізде отандық киім
өндірушілер жоқ деген сөз емес,
бар. Бірақ, қазір біздегі киім тігумен
аты шыққан мекемелердің көбі – сән
үйлері. Аты айтып тұрғандай, олар
Ө
З ХАЛҚЫМЫЗДЫ ІШЕР АС, КИЕР КИІММЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЕҢ АЛДЫМЕН ҰЛТ ДЕН
С А У Л Ы Ғ Ы Н А Ж А С А Л Ғ А Н Ж А Ғ Д А Й Б О Л С А ,
Е К І Н Ш І Ж А Ғ Ы Н А Н Е Л І М І З Д І Ң Э К О Н О М И К А С Ы
ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ. МҰНАЙҒА ИЕК АРТЫП
О Т Ы Р А Б Е Р М Е Й , Б А С Қ А С А Л А Л А Р Ы М Ы З Д Ы
ДАМЫТУ ҚАЖЕТТІГІН КЕШЕГІ КЕЛГЕН ДАҒДАРЫС
СЕЗДІРУДЕЙАҚ СЕЗДІРІП ЖАТЫР. СОНДЫҚТАН,
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА БАТЫЛ ҚАДАМ МЕН
ШҰҒЫЛ БЕТБҰРЫС ҚАЖЕТАҚ.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Ж
Т
Ү
Й
І
Н
ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ
10
№101/1 (2879)
15 қыркүйек 2016
zangazet@maiI.ru
Киімнен кесел
жұқпасын!
Жалпы елімізге келген барлық
киімнің сапасы жаппай тексеруден
өткізіле бермейді. Алыпсатарлар
қырғыздың жайма базарынан көтере
алған дүниесін шекарадан ебін
тауып өткізіп, базарымызға әкеліп,
ойына келген бағасын қойып емін-
еркін саудалай береді. Тек арнайы
науқан кезінде тиісті орындардың
шекара асып келген оқушылардың оқу
формасын тексеруі кезінде талапқа
сай еместігін анықтап жатады.
Мәселен, өткен оқу жылында
еліміздегі базарлар мен дүкендер-
дегі балалар киімдерінің құрамын
тексерген мамандар еріксіз дабыл
қақты. Өйткені, шекара асып келетін
киімдердің құрамынан сәбилерді
түрлі дертке ұшырататын химиялық
қоспалар табылған. Талап бойынша,
сәби киетін киімдерге синтетикалық
талшықтар мүлдем қосылмауы керек.
Алайда оқушылар формасынан бөлек,
бесіктегі нәрестелердің киімдерін
тексерген Метрология комитетінің
мамандары киім құрамының жарты-
сынан көбі синтетика екенін анықтаған.
Ең сорақысы, бұл киімдердің балалар
денсаулығына тигізер зардабының
үлкендігі соншалық, тіпті келешекте
баланың белсіз болып қалу қаупі де
бар көрінеді.
Қытай мен Қырғызстаннан жет-
кізілетін балалар киімдері ұрпақ
тамырына балта шауып қана қоймай,
жеткіншектердің аяғын майтабан
қылып, буын ауруларының пайда
болуына да әсер ететіні дәлелденген.
Алайда, ұрпағымызды улап, денсау-
лығына зиянын тигізіп жатқан бұл
киімдерге тосқауыл қоюға әзірге
қауқарсыздық танытып отырмыз.
Денсаулыққа қатер төндірер киімдер
қара базарларымызда самсап тұр.
Қытайдан әкелінетін киімдердің
ешқайсысының сертификаты да жоқ.
Яғни, кімдердің шығарып жатқаны
белгісіз. Тек зертхана мамандары
киімдердің қытайдікі екенін анық-
таған. Әйтсе де, үстерінде жара,
аяқтарында бөртпе пайда болып,
тері ауруларына ұшыраған балаларға
араша түсер, яғни, тұтынушының
құқығы мен мүддесін қорғайтын
отан дық өндірісіміз болмай отыр.
Осылайша, балаларымызды жалаңаш
қойғымыз келмегендіктен, амал жоқ,
қайтадан Қытайдың киіміне қол созуға
мәжбүрміз.
Айта кетер жайт, мамандардың
балалар киіміне бұлай шоши қарауы
бірінші рет емес. Бұған дейін де
сарапшылар Қытай мен Қырғыз-
станнан жеткізілетін оқушы ларға
арналған мектеп форма ларының
оқушылардың денсаулығына кері
әсер етіп, білім алуға деген қабілетін
төмендететіні жайлы сан рет шулаған
еді. Мектеп формаларына сараптама
жасаған мектепке дейінгі балалар мен
білім беру ұйымдарын санитарлық-
гигиеналық қадағалау бөлімі мектеп
формаларының сапасы физикалық-
химиялық талапқа сай келмейтінін
анықтап, алдын ала дабыл қаққан
болатын. Бірақ, баласын білімсіз
қалдыра алмайтынын және киімсіз
мектепке жібере алмайтынын ұққан
ата-аналар қара базардағы бағасы
«удай», сапасы тұқымыңды тұздай
құртар мектеп формасын сатып
алғаннан басқа амал таппай отыр.
Өйтпеске амалдары қайсы?!
Сапа сына бағасы сай отандық киім
дүкендерде толып тұрмағаннан кейін,
ата-аналар адал ақшасына қытай мен
қырғыздың денсаулыққа кері әсер
етер киімдерін алуға мәжбүр. Негізгі
талап бойынша, оқушының мектеп
киімі 60 пайыз табиғи мақтадан
тігілуі тиіс. Ал қара базардағы мектеп
формаларында көбінесе өнім туралы
ақпарат тұрмақ, құжаты да жоқ болып
келеді.
Наталья ДЯГИЛЕВА, Мектепке
дейінгі балалар мен білім беру
ұйым дарын санитарлық-гигиеналық
қадағалау бөлімінің бастығы:
– Мектеп формасы, ең алдымен,
ыңғайлы болуы тиіс. Егер киім ауа
өткізбейтін болса, баланың денесі
терлеп, өзін ыңғайсыз сезінеді.
Синтетикадан тігілген киімді киген
оқушының тынысы тарылады. Ал
бұдан келіп баланың оқу үлгерімі
нашарлап, сабаққа деген ынтасы
төмендейді. Бүгінде қара базардағы
Қырғызстан мен Қытайдан жеткізілетін
мектеп формаларының барлығы
белгіленген талапқа сай емес. Сон-
дықтан, ата-аналар сапасы төмен
мектеп формаларын мүмкіндігінше
балаларына кигізбегені жөн.
Мамандар осылай дейді. Алайда
маманның бұл мәлімдемесіне құлақ
асқан ата-ана байқалмайды. Өйткені,
бірлі-жарым отандық сән үйлері
тіккен мектеп формаларының баға-
сын еліміздегі кез келген ата-ананың
қалтасы көтере алмайтыны анық.
Мәселен «Glasman» компаниясының
мектеп формасы шамамен қыз балалар
үшін 30 мың болса, ер балалар үшін 25
мың теңгенің төңірегінде. Ал мектепке
бірнеше баласы баратын орта әлеуетті
отбасылар балаларының бәрін бірдей
сапасы талапқа сай отандық мектеп
формаларымен қамтамасыз ете алма-
сы түсінікті.
Көршіден алар
үлгі көп
Осы орайда айта кетер жайт,
өнеркәсіп саласындағы көрсеткіш
бойынша, Қырғыз Республикасы
ТМД елдері арасында бірінші орында
тұр. Оның ішінде көрші елдің киім
өндірісіндегі үлесін де атап айтуға
тұрарлықтай. Көрші елдерде бұл
мәселе оңтайлы шешімін тапқан.
Мәселен, Қырғызстан, Қытай, Ресей,
Үндістан елдерінде үкімет жеңіл
өнеркәсіпке қаржылай қолдау көрсетіп
отырады екен. Сондай-ақ, Қырғызстан
мен Қытайда киім тігетін мекемелер
салықтан мүлдем босатылған көрінеді.
Бізге де жеңіл өндірісті дамыту үшін
осындай қамқорлық керек-ақ.
Амангелді МОМЫШЕВ, қоғам
қайраткері:
– Бұл жерде, ең алдымен, біздің
халықты басқа елдерден әкелінетін
тауардың сапасы емес, арзандығы
қызықтырып отыр. Айта кетер жайт,
Қырғызстанның киім өндірісшілері
мемлекетке салық төлемейді. Сон-
дықтан, киімдерінің де өзіндік бағасы
арзан болып келеді. Осы орайда
халқымыз денсаулыққа залалсыз киім
кисін десек, өзіміз дің отандық киім
өндірісімізді жаңғыртуымыз керек.
Сондай-ақ, киім өндірісі тезірек
жандансын әрі киімдеріміз халықтың
қалтасына сай болсын десек, қыр-
ғыздар секілді өндірісшілерді салықтан
босату жолдарын да қарастырған
жөн. Жалпы, отандық өндірісімізді
жандандырмай, қауіпсіз өнімге қол
жеткіземіз деп айта алмаймын.
Салықтан босатумен қатар, тері мен
жүн қабылдайтын орталықтар ашу
көбіне киімдерін дөкейлерге, эстрада
әншілеріне арнап тігеді. Бағалары да
қымбат. Мысалы, Аида Қауменованың
ұлттық брендтегі киімдері 150-300 мың
теңге аралығында. Лидия Досалина,
Сәкен Жақсыбаевтың киімдері қара-
пайым халық үшін қолжетімсіз.
Бағаның қымбаттығы – бір. Екіншіден,
отандық киім өндірісінде бәсеке
жоқтың қасы.
Осы орайда айта кетер жайт, қайта
Кеңес одағы кезінде елімізде киім-
кешек өндірісі бір жолға қойылған еді.
Әр облысымызда киім-кешек, аяқкиім
фабрикалары тұрақты жұмыс істеп
тұрған болатын. Сол үрдісті сақтап
қала алмағанымыз өкінішті.
Бір ғана мысал – Қарағандыдағы
аяқкиім фабрикасының 1960 жылдары
3 млн жұп аяқкиім шығаруға қуаты
жеткен. Осылайша, қазақстан дық
нарықтың 65 пайызын өзімізде
өндірілген аяқ киімдермен қамтамасыз
етіп отырған. Бұл аз десеңіз, еліміздің
бас қаласы болған – Алматыдағы
атақты мақта-мата фабрикасы мен
Қызылордадағы тері илейтін алып
зауыт, Алматы, Шымкент, Қарағанды,
Семей, Қызылорда шаһарларындағы
аяқ киім фабрикалары тек қазақ стан-
дықтардың ғана емес, күллі Одақ
елдерінің қажеттіліктерін өтеген.
Кеңес заманында жеңіл өнеркәсіп
сала сы отандық бюджеттің 15 пайы-
зын құраса, қазіргі үлесі – небәрі – 0,3
пайыз.
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің
үлесіне қатысты сандар былай сөй-
лейді: елде жыл сайын 500 мың
тоннадан артық мақта өнімдері, 30
мыңға жуық тонна жүн һәм 7,5 млн
тонна тері өнімдері жиналады екен.
Бұлардың түгелі дерлік шикі күйінде
шекарадан шетел асады. Себеп –
біреу-ақ, қазақ жерінде өнімдерді
қайта өңдейтін мардымды кәсіпорын
жоқ. Содан қырғыздан – көйлек,
қытайдан бәтеңке сұрап отырмыз.
Біздің есептеуімізше, егер елдегі
бір қалада шамалап айтқанда 350
мың тұрғын бар десек, олар жылына
3 пар аяқ киім тоздырады екен. Яғни,
5 млрд теңгені сыртқа жөнелтеді
екенбіз. Сонда Қазақстандағы бір ғана
қаланың өзі 5 млрд теңгені сыртқа
жөнелтсе, жалпы еліміз бойынша
қыруар қаражат «қолды» болатыны
айтпай-ақ белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |