Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н


№  4  (908)  науры з  201$  ж ы л



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата22.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№  4  (908)  науры з  201$  ж ы л

АУҒАННЫҢ ОТТЫЖАЛЫНЫ

СҮИІНШІ


Сөз  асылы  қай  ғасырда  болмасын  өз  мәнін  жойған 

емес,  жоймайды  да.  Себебі  күнделікті  өмірімізді  тілсіз 

елестету мүмкін емес.  Соның ішінде ауызекі тілі  мен жазба 

сөз  саптау  өнерінің  құндылығы  ерекше.  Сол  себепті  біз 

педагогика  факультетінеің  жаршысы  «Жайық  жауһары» 

атты  жаршымызды  жариялап  отырмыз.  Осы  орайда  біз, 

тарыдай шашылып жатқан ойларымызды жинақтап,  студент 

жастардың мерекелік шараларымен күнделікті таныстыруды 

жөн санаймыз. Біздіңфакультет қай сында,  қай жарыста, қай 

додада болмасын  өз күшін саралап, талай  мәрте жүлдегер 

атанып жүр.  Міне, бұл орайда «Мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курсстуденті Хасанова Аида 

Жантуринатүрақтытілшімізетіптағайындадық. Ол облыстық, 

республикалықақындаржарысыныңжүлдегеріжәнебелсенді 

студентіміз.  Осы  жаршының  түрақты  тілшімізге  сәт  сапар 

тілеп, келер қадамына нұр бітсін деймін...

Педагогика факультетінің деканы Гүлжан Алғазықызы:

Педагогика факультеті қай өнердің саласы болмасын ез 

бағыныңсыншысы, өнерініңжаршысы болыпжүр. Осы орайда 

мен, өнерлі жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, оларды 

концерттік  бағдарламаларға  және  әртүрлі  жарыстарға 

дайындаймын.

Әр студенттің бойында ерекш талант бар. Сол талантты 

шындау  да  шымырлау  да  өз  қолында.  Сол  себепті  әрбір 

жастың өз бойындағы қабілетін дамытып, әрмен қарай өнер 

ағысына  жетелеуді  жен  кердім.  Жалпы  біздің  факультетте 

аспаптық өнер, әншілікжәне хореографиялық бағытта жұмыс 

жасайтын  үйірме  топтар  аштым.  Ал  ақындар  бағытында 

АидаХасанова «Кәусар» ақындар үйірмесін ашып, қаламгер 

студенттерді  жанына  тартуда.  Қай  топтың  болмасын  өз 

студеттері баршылық. Аспаптық өнердің өзінде дәстүрлі бағыт 

бойынша  орындайтын  жастар  өз  серпілістерін  шындауда. 

Ал  ән  мен  хореография  бағытындағы  студенттердің  саны 

өте  кеп.  Олардың  арасында  құйқы лжы та  әуелетіп  ән 

орындайтындар  талай  топта  топ  жарып  жүлдегер  атанып 

жүр.  Ал  биші  қыздарымыз  да  бидің  сәнің  келтіріп  орындау 

үстінде.  Бұл  студент жастардың болашақтарын  оң серпіліс 

тілеп, қадамдарына гүл бітсін деймін...



Орынай Айтжанова, 

педагогика және психология 

мамандығының 3-курс студенті, 

Т.Мұқабаев атындағы шәкіртақы иегері

Мерейін тегер бүл 

күнде,  нәзіктік 

әлем кектемде

Наурыз  айның  алғашқы  мейрамы  бұл  ардақты  қыздар 

күні.  Бұл  орайда  «Мектепке дейінгі  оқыту және тәрбиелеу» 

мамандығының арасын ашық кураторлық сағат оздырылды. 

Бұл  мерекелік  кештің  шымылдығың  ашқан  жүргізушілер 

а лғаш қы   құ тт ы қта у   сөз  ке зе гін   кур а то р м ы з  Гүлшат 

Сержанқызына берген  болатын.  Куратормыз он бес қыздан 

құралған  топты  қызу  құттықтады.  Топтың  қыздары  өте 

ұйымшыл  және  тәрбиелі,  өнегелі  болғанына  қуанып,  ез 

алғысын білдірді. Бұл кештіңжүргізушілері Самат Мөлдір мен 

Аида Хасанова болған  еді.  Әрмен  қарай  қыздар  бұл  күннің 

сәтті  өтуіне  ыстық  лебіщдерін  білдіріп,  шаттық  шеңберіне 

тұрып, бір-бірінедеген жылы тілектерін білдірді. Тобымыздың 

ақын  қызы  Аида  ез  жыр  шашуын  арап  өтті.  Кейін  әр  түрлі 

ситуациялық  сұрақтар  қойылып,  жауаптары  да  мардымды 

болды. Ойын арнасымен қаныққан қыздар бір-бірінің әр түрлі 

жақсы  тұстарын  байқады.  Тобымыздың  әншісі  Нағашыбай 

Айжан «Ана» туралы әнімен қыздарды тәнті етті. Алыстағы 

анасына  ыстық  сағыныш  лебізін  білдіруге  Қожабергенова 

Аяда көркем сөз оқып, талайдың қошеметіне бөленді. Аида 

топ  құрамдағы  қыздарға арнап  құттықтау жырларын табыс 

етті.  Мерекелік кештің шымылдығын  «Ана туралы»  хормен 

тәмамдадық.  Осындай  кеш  шаралары  өз жалғасын табады 

деген сенімдемін



Сымбат  Тулегенова,

06101 топ студенті

Ауған  соғысының  аяқталғанына  биыл  міне 

26 жыл.  Осы  орайда  педагогика факультетінде 

арнайы соғыс ардагерлерімен кездесу шаралары 

бастау алды. 12-ші ақпан студенттермен арнайы 

кездесуге  келген  ауған  соғы с  ардагерлері 

өз  ойларын  ортаға  салып,  отты  майданның 

кейбір  тұстарын  атап  өтіп  студенттерді  мол 

ақпараттармен құлақ құрышын қандырды.

1979 жылдың 25 желтоқсаныңда  басталып, 

1989  жылдың  15  ақпаныңда  аяқталған  Ауған 

соғысы  9  жыл  10  айға  созылып,  мыңдаған 

адамныңөмірінөзгертіп, қаншама қайғы-қасірет 

әкелгені  сөзсіз.  1979  жылы  Ауғанстанға  Кеңес 

Одағы  әскерлері  шақырылды.  Осылай  КСРО  1979  жылы  25 

желтоқсанда  Кеңес  әскерінің  шектеулі  контингентін  Ауғанстан 

жеріне енгізді. Мұның арты он жылға созылған қанды қақтығысқа 

алып  келді.  КСРО  қорғаныс  министрі  бұйрығымен  аталған 

соғысқа  Кеңес  әскерлерінің  қатысы  сол  кездегі  басшылық 

тарапынан  жіберілген  өрескел  қателік болды.  Себебі  бөгде  ел 

мен  жердің  ішкі  жағдайымен  олай  толық таныс болмай  жатып- 

ақ.өздерін бір-екі айлық акцияға қатысып, белгілі бір тапсырманы 

орындайтын боламыз деп есептеді. Олай болса, Ауған соғысының 

жылнамасына тоқталсам:  1979 жылы  Кеңес әскерлері өздерінің 

86 адамынан  айырылды.оның 7-уі  қазақстандық еді.  1980 жылы 

қаза  болғандар  саны  -  1484,  181-і  -  қазақстандық.  1981жылы 

1298  солдат  пен  офицер  кез жұмса,  оның 97-сі  -  қазақстандық. 

1982 жылы қаза тапқандар 1948 жылы адамды құраса, оның 168 

адамы -  қазақстандық.  1982 жылы қаза тапқандар  1948 адамды 

құраса, оның 168 адамы -  қазақстандық азамат.  1983 жылы қаза 

болғандар  саны  -   1446  адам,  оның  72-сі  -  қазақстандық.  1984 

жылы 2343 адамнан айырылды.оның 103-і - қазақстандық.  1985

жылы 1868адамнан айырылды, оның86-сы-қазақстандық. 1986 

жылы қайтыс болғандар саны -1 3 3 3  адамды құраса, ал оның 70-і

- Қазақстаннан. 1987 жылы қазатапқандарсаны 1215 адам болса, 

оның 64 адамы -  біздің отандасымыз. 1988 жыл ы мерт болғандар 

саны 759 адамды құраса, оның 44-і -  қазақстандық азамат.  1989 

жылы  қаза  тапқандар  53  адам  болса,  оның  8-і  -   Қазақстаннан. 

Міне,  Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша, бұл соғыста  15 

мыңнан астам совет офицері мен солдаты қаза тапты, 35 мыңнан 

астам адам жараланып, оның қаншамасы өмірлік мүгедек болып 

қалды. Осы соғыс әрекеттері  КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. 

Ал осы соғыстың ел басына әкелген  қайғы-қасіретінде шекжоқ. 

Бұл соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысып, оның 780 -  і қаза 

тапты,  ал  22-сі  хабарсыз  кетіп,  із-түссіз  жоғалды.  1990  жылғы 

мәліметтер  бойынша,  хабарсыз  кеткендердің  екеуі  -   АҚШ-та 

тұтқында,  11-і  тұтқындар  лагерінде  қаза  тапқан.  Соның  ішінде 

Н.Г.Саминь мен  Қ.Бекболатовтың Бадабер тұтқындар лагерінде 

ерлікпен қаза тапқаны соңғы уақытта белгілі болды. Иә, адамзат 

тарихындағы  қанқұйлы  оқиғалардың  бірі  осы  Ауған  соғысы 

болғаны жасырын емес.

Бұл  кездесулер  студ е нтте р д і  тарих  арнасы м ен  тағы 

бір  мәрте  тоғыстырды.  Мұндай  кездесулер  жастармызды 

патриоттылыққа, ұлтжандылыққа, Отанның құрмет тұтуға, ұлттық 

рәміздерімізді қастерлеуге шақыратыны сөзсіз. Мұндай шаралар 

ез жалғасын табады деген үміттемін. Бұл орайда барша Қазақстан 

азаматтарының ынтымақты, тату-тәтті бір шаңырақта мекендеп, 

егемендігімізді асқақ тұтып жүре берсін...



Жарылгас Гүлжанат,

06103 топ студенті

Білім бәсекесіндегі серпіліс

Біздіңуниверситетбілім бәсекесіндехалықаралықдеңгейдегі 

уни ве р ситте р м е н  тең  дәреж еде.  С оларды ң  бірі  Қалм ақ 

мемлекеттік  университеті  мен  біздің  университет  арасындағы 

екі  жыл  бойына  академиялық  ұтқырлық  бойынша  студенттер 

саналы білім алуда. Жалпы жеті студент келген болатын.  Оның 

төрт студенті біздің педагогика факультетінде білім алуда.

Олардан  жеке-жеке  сұхбат  алған  болатынмын.  Психология 

мамандығының 2-ші курсына екі студент білім нәрімен сусындауда. 

Олардың бірі Нахальдикова Джангра Юрьевича.

-Сіз бұл университетке келгенінізге қуаныштысыз ба?

-Әрине,  мұндай  сапалы  да  саналы  білім  нәрінің  ошағы 

М.Өтемісоватындағы Батыс Қазақстан мемлекеттікуниверситетіне 

келгеніме өте қуаныштымын.

-Біздің  университеттің  жатаханасы  және  қызмет  көрсету 

сапасына көңілініз тола ма?

-Иә, мұндағы жатахана өте жақсы мүмкіндіктермен қамтамасыз 

етілген.  Барлық жағдайлар қарастырылған.

-Педагогикафакультетініңоқытушыларыныңбілім беруүрдісі 

қанағаттандыра ма?

-Өте жоғары  деңгейде  деп  айта  аламын.  Себебі  факультет 

оқытушылары  жоғарғы  білік  тәжірибесімен  студентке  ерекше 

психологиялықтұрғысынан қарап, адал да әділ білім беруде.

-Тобыңыздағы топ құрамы сізді қалай қабылдады?

-Мені өтежақсы ықыласпен қарсы алып, қазіргі таңдааралас- 

құралас болып кеттік. Топ құрамының көбі қыздар болса да ерекше 

шыраймен танысып кеттік.

-Сіздің хоббиыңыз қандай?

-Менің  хоббиым  фотограф,  яғни  мен  әр  түрлі  бейнелерді 

фотоға түсіргенді өтте қатты ұнатамын.

-Рахмет  сұхбатыңызға.  Болашақта  Қазақстанға  ат  басын 

бұрып тұрыңыз.

-Сәлеметсіз бе, құрметті Алтына Пюрвеева. Сіз де психология 

мамандығында оқисыз. Біздіңуниверситеткедеген кезқарасыңыз?

-Мен  бұл  университетке  келгеніме  өте  бақыттымын.  Мұнда 

барлық жағдайларымыз жасалған. Университет тарихы өте үлкен 

ауқымды  қамтиды.  Сол  себептен  де  білім  көкжигегінің  жоғары 

екеніне көзім жетті.

-Бұрын сонды  Қазақстанға келіп пе едіңіз?

-Жоқ,  мен  бұл  жылы  ғана  келіп  отырмын.  Қазақстанның 

осыншалықты әдемі екеніне бір қалаға қарап айтуға болады. Сіздің 

Орал қалаңыздыңтабиғаты, климаты әтежақсы қолайлы. Өсіресе

қы с  м е з г ш ін д е г і 

қыраулы  теректер 

ете  әдемі  керінеді 

екен.  Жалпы  маған 

қала ете ұнап жатыр.

Б  і  з  д  і  ң 



у н и в е р с и т е т т ің  

сабағы оңай немесе 

қиыншылықтұстары 

бар ма?


С абақты   алып 

жүруге болады. Мен 

үшін  оңай  деп  айта 

аламын.


Р  а  х  м  е  т 

ұхбаттасқаныңызға.

Орал қаласына келіп 

тұрыңыз.


-Сәлеметсіз  бе,

Эльзята  Тюрбеева.

Сіз  болашақ  дене  тәрбиесінің  оқытушысы  боласыз.  Сіздің 

Қазақстан спортына деген кезқарасыңыз қаншалықты деңгейде?

-Қазақстан спортыхалықаралық, әлемдікдеңгейдеетежоғары 

жетістікке жетуде. Рекордтық деңгейгежетіп, алғашқы ондықтың 

теріне  шығып  жүр.  Бұл  университеттің  сабақ  жағына  келсек. 

Сабақ  қиын  болмағанымен,  машықкерлік  жұмысымыз  үлкен 

жауапкершілікті  қажет етеді.  Қиын тұстары да болып тұрады.

-Жасалынып  жатқан  әлеуметтік  жағдайлардың  деңгейі 

қандай?

Біз үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Жатаханада ете 



қатты ұнайды.

-Қазақстанның қонақжайлы халық екенің білетін  шығарсыз?

Әрине, бірден кезім жетті. Келгеннен бастап етежақсы қарсы 

алып, шынайы ілтипаттарын білдіруде.

-Рахмет.  Біздің қазақ еліне жиі келіп тұрыңыз.

Аида Хасанова,

1-курс студенті, 

педагогика факультетінің меншікті тілшісі

Ж Е М Қ О Р А Ы Қ   -  ҒА С Ы Р  Д Е Р Т І



«Жайық  жауьары»  айдарының  жаршысының 

жауапты тілшісі - Айда Хасанова.

Жемқорлықбұл-екіадамныңарасыңдағы 

заңсыз  сыйбайластық  келісім.  Бұл  атауды 

естісек құлағымызға үйреншікті ұғым болып 

кеткен. Дегенмен бұл заңсыздыққажол бермеу 

мақсатында  студент жастарға үгіт-насихат 

жүргізуге  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік қызмет істер женіндегі сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  агенттігінен  бір  топ 

қызметкерлер  университетімізге  ат  басын 

тіреді.

Сыбайласжемқорлыққа қарсы агенттігінің 



департаменті  Сүйінбаев  Нұрлан  Болатұлы, 

университет  ректоры  Иманғалиев  Асхат 

Сәлімұлы,  «Ақиқат»  жастар  орталығының 

жетекшісіТасмағамбетовӘсетСембайулының 

мұрындық  болуымен  жиын  өз  жалғасын 

тапты. Арнайы дайындапған баяндамада заң 

аясының келемі күрделегендігі туралы тілге 

тиек етті.  Бұл  орайда 2015-2020 жылдарды 

«Сыбайластық  жемқорлықпен  күресу» 

жылы  деп  белгілеген  болатын.  Жыл  еткен 

сайын  заң  аясы  күрделегенемен,  заңды 

күшейіткенмен  де  сыбайлас жемқорлыққа 

жол  берушілер  азаймай  тұрғанын  атап 

етті.  Осындай  қылмыстарды  болдырмау 

мақсатында есіп  келе жатқан жас ұрпақтың

бойына  адалды қ  пен  әділд іктің  дәнің 

себуді  талап  етті.  Мектепте,  орта  және 

жоғары  оқу орындарында  тек үгіт-насихат, 

конференциялар шеңберіңде ғана шектеліп 

қоймай, әрмен қарай оқушылар мен студент- 

жастарға  әр түрлі  трейнингтер өткізіп,  тест 

жүйесінде  сұқпат алсақ ескелен  ұрпақтың 

мұндай  әрекетке жол  бермеуіне  ез  септігін 

тигізер еді деп баяндамада сез алғандар ез 

ойларын  топшалады.  Құқықтық  мәдениет, 

құқықтық  менталитет  қалыптастыру жас 

кезден  бастау  алса  нұр  үстіне  нұр  болар 

еді.  Әрбір тұлға ез бас пайдасын ойлаумен 

шектелетін  заманға  жеттік.  Қарапайым 

қызметші қызметорныңда кемшіліктустардың 

орның толтыру үшін  өз басшысына арнайы 

сыйақы  беріп,  жұмысының терістігіне  екеуі 

де  кезжұма  қарайтын жағдайлар  күнделікті 

емірде  орын  алып  тұрады.  Қазіргі  таңда 

жас  мамандар  қызметке  тұру  мақсатында 

басшысына қомақты  мелшерде пара беріп, 

қызметкетұруын етінеді. Міне, бұл аталмыш 

факторларға жол  бермеу үшін  қызметкер 

ұсынбау керек, басшы параны алмау қажет. 

Керісінше  бұл  әрекеттің  заңсыз  екенін 

түсіндіріп,  келіп  тұрған  жас  маманның

санасы на  кіш кене  болса  да 

ақыл-ойына  тамшы  болар  еді. 

Қазақ халқы жемқорлық беруден 

де  алудан  да  әлем  бойынша 

алғашқыжүздікке кіреді. Мұныңақыры неге 

апарып  соғады  деген  сұрақ  туындайды. 

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

-  азаматтардың  екілетті  органдарға, 

мемлекетке деген сенімсіздігі;

-  дипломсыз  немесе  басқа  саладағы 

дипломмен қызмет атқару;

- адамдар арасындағы күмәнділік;

- сапасыз білім кезі;

- нәтижелі емес жұмыс;

- инвестицияның құлдырауы;

- экономикалық құлдырау;

- рухани дағдарыс;

- қаржы дағдарысы;

Міне,  осы  факторлардың  жиынтығы 

ж алпы   қоғам ны ң,  м е м л е ке ттің   және 

дүние жүзіне  ез зардабын  тигізері  сезсіз. 

Осындай  аталмыш  іс-әрекеттерге  жол 

бермейік айбынды алаш жұрты!..



Самат Мөлдір, 

1курс студенті, педагогика 

факультетінің меншікті тілшісі

N

2

  4  (908)  науры з  201$  ж ы л



Үстаздыққа қадам

;

Тиімді саральан 

сәттері

Мен  26.01.2015  -   21.02.2015  аралығында  физика-математикалық 



бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде сарамандық машықтан еттім. 

Алғашқы күннен бастап маған тиесілі  12 «Ғ» сыныбының оқушыларымен 

тезтіл табысып, бірлесе шығармашылықта өзімнің қабілетімді шыңдадым. 

Балалардың  тек  сабақтарына  ғана  емес,  сабақтан  тыс  қоғамдық 

жұмыстарына  да  көмектесіп  жүрдім.  Өзімнің  болашақ  мамандығым 

бойынша ағылшын тілі сабақтарын өткізіп, көп тәжірибежинадым. Машық

барысында НазарбаевЗияткерлікбілім шаңырағында 

«Тәрбие  саясаты»  бойынша  жеті  бағытқа  бөлінген 

куратор  сағаттарының  жоспарына  сүйеніп  жаңаша 

формада  шәкірттерімнің  қызығушылықтарын  ояту 

мақсатында ізденушіліктанытып, куратор сағаттарын 

және  ағылшын  тілі  апталығы  барысында  активити 

ойындарын  өткіздім.  Жалпы,  бұл  білім  ордасында 

сабақ  таңертеңнен  кешке  дейін  өткізіледі.  Мектепте 

оқушылар  күнделікті  үш  мезгіл  тамақтанады.  Әр 

күн  сайын  әрбір  қоңырау  уақытында  бекітілген 

а п та л ы ққа   б а й л а н ы с ты ,  тү р л і  қы зы қты   іс - 

шаралар,  оқушылардың  шаршағанын  басатын 

ойындар,  таңертеңгілік  би,  сергіту  жаттығулары 

ұйымдастырылады. Бұл білім ошағы қазіргі заманға 

сай  құрал-жабдықтармен,  смарт-сыныптармен, 

интерактивті тақталармен, физика, химия, биология

нано  және  биотехнология  бойынша  кеңейтілген 

л а б о р а то р и я л а р м е н ,  со ны м е н  б ір ге   р обот 

техникасы, техникалық моделдеу, технология және 

өнер, мемлекетжәнеқұқықнегіздері кабинеттерімен 

әрлене,  жабдықталған.  Осы  жоғарыда  аталған 

сабақтарды тәжірибелі шетелдік мұғалімдер өткізеді.

Мен  осынау  жаңа  үлгідегі  білім  ордасында 

с а р а м а н н а н   ө т к е н ім е   р и з а м ы н .  Ө й т к е н і, 

сарамандық  машық  барысында  өзіме  қажетті, 

пайдалы  мағлұматтарды  игеріп,  көп  тәжірибе 

жинақтады м .  Сынып  ж етекш ісім ен,  ағылшын 

тіл і  пәні  м ұға л ім ім е н ,  оқуш ы л а р м е н  жақсы  

тіл  табы са  білдім .  Болаш ақта  осы  игерілген 

білім,  біліктерімді  жетілдіріп,  осы  аталған  білім 

ордасында келесі жылы да мемлекеттік сараманнан 

өтуді  орынды  санадым.  Сөз  соңында  мектептің 

педагогикалы қ  ұжымына  алғысымды  айтамын.

Г үлжамал  Иргалиева,

«Шет тілі: екі шет тілі»,  03301а - топ

П р ези ден ттік с а й л а у  -  2 0 1 5

Жастар  куатты  

Казакстан  үшін

«Жастар  Қуатты 

Қазақстан  үшін» 

Республикалық  Жа- 

стар 

форумы.сәуір 



айының 

екінші 


жұлдызында 

Орал 


қаласындағы  жаңадан  бой  көтерген  теннис  кешенінде  болды. 

Форумға  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  тікелей  езі 

қатысып,  30-дан  аса  мемлекетіміздің  туын  әлемдік  сахналарда 

кекке  желбіретіп  жүрген  спортшылар,  шығармашылық  саласын- 

да  кептеген  жетістіктерге  жеткен  жас  кино  жұлдыздары  және  екі 

мыңнан аса Батыс Қазақстан обл ысының, тікелей көрсетілімде Аты- 

рау және Маңғыстау облысының жастары, жас ассамблея өкілдері 

қатысты.  Батыс  Қазақстан  облысының жоғары  оқу орындарының 

студенттері,  көптеген  қоғамдық  бірлестік  жастары  өз  үлестерін 

қосты.  Біздің  киелі  қара  шаңырақ  М.Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан мемлекеттік университетінің өзінен 300-ден аса студент 

осы форумға қатысып, зорқуанышқабеленді. Менеңкөп ббстуденті 

іріктелген филология факультетініңбағыжанған студентініңбірімін.

Мен  үшін  бұл  күн  ерекеше.  Бұл  тұста  «көрген  де  арманда, 

көрмеген  де  арманда»  деген  сөз  артық  болмас.  Әлемдік  арена- 

да  ойып  тұрып  орын  алатын  Илья  Ильин,  Сабина  Алтынбекова, 

Серік  Сапиев,  Светлана  Подабедова,  Мая  Манеза,  Денис  Тен 

сынды  көптеген  чемпион  спортшылар,  отандық  кино  саласын- 

да,  жалпы  шығармашылықга  ерекше  орны  бар  жас  актерлер 

және  ең  бастысы  көреген  Кешбасшымыз  Елбасы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевты  көру  мен  үшін  сөзбен  айтып  жеткізе 

алмастай  үлкен  әсер  қалдырды.Ол  тұлға  замана  көшіне  дер- 

бес  ел  болып  қосылған  алғашқы  күннен  бастап  еліміздің  күллі 

әлемге  танылып,  дамып  ілгері  жылжуы  Елбасымыздың  есімімен 

тығыз  байланысты.Заман  ағымын  жіті  ойлап,  ата-бабамыз- 

дан  қалған  асыл  өнегені  әлемге  мойындатқан  Кешбасшымыз. 

Тұңғыш  Президентіміз-әрбіріміз  үшін  даусыз  тарихи  тұлға.

Міне,  осындай  тарихи  тұлғаны  көрген  өзімді  бақытты  са- 

наймын.  «Бір  Отан,  бір  тағдыр,бір  Елбасы»  деп  ұрандатқан 

жастарға  Елбасымыздың  «Елдің  жарқын  ертеңі  де,  басты  үміті 

де  сіздерсіздер»  деген  сезі  еркеше  рух  берді.  Мендегі  елге, 

жерге  деген  патриоттық  сезім  тек  ерши  түспесе,  еш  азайған 

емес.  Сол  күні  сәуір  айының  26-сында  ететін  Президенттікке 

кезектен  тыс  сайлауға  бәріміз  «Қуатты  Қазақстан  үшін,шуақты 

Қазақстан  үшін»  дауыс  береміз  деген  сеніммен,  «Нұрсұлтан! 

Қазақстан!»  деп  ұрандатып  Елбасымызға  қолдау  көрсеттік.

Форум  ете  жоғарғы  деңгейде  өтті.  Елордадан 

кел- 


ген 

ұйымдастырушылар 

тобы 

және 


облысымыздың 

белсенді 

жастары 

көп 


тер 

төкті. 


Форумға 

қатынасқан 

замандастарымның,  достарымның  ерекше  сезімге  бөленгендігі 

айтпаса 


да 

мәлім 


еді. 

Елім, 


жерім 

деген 


жастардың 

қатары  көбеймесе  азайған  жоқ  деп  анық  айта  аламын.

Мен осы жалындаған жас,  бақытты студенттің бірі болғаныма 

қуанамынжәнеСәуірдің26-сы күніөтетінсайлауғақатысып.жарқын 

болашақ үшін Елбасыма дауыс беремін және өз замандастарымды 

да ат салысуға шақырамын. Себебі менің дауысым маңызды, біздің 

дауысымыз маңызды. Жастар қуатты Қазақстан үшін дауыс береді.

Зарина Рахметова,

«ФҚТ»,  02205-топ

Болмасаң да ұқсап бақ

Профессор  Серікқапи 

Шаравасов  шапагаты

80  жылдан  аса  тарихы  бар  қасиетті 

қара  шаңырағымыз  М.  Өтемісов  атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде 

әр  факультетте  студенттерге  ғылыми  және 

тәрбиелік  бағыт  беретін  үйірме,  бірлестіктер 

жеткілікті. Солардыңбірегейі ретінде филология 

факультетіндегі  академик  Қажым  Жұмалиев 

атындағы  әдеби  бірлестікті  айтуға  болады. 

Ғылым жетекшісі ф.ғ.к.,  профессор Серікқали 

Ғабдеш ұлы  Ш арабасов  бірлестік  қақында 

былайша таратады:



«Университет  -  көп  қырлы,  бір  сырлы 

алып  құрылым.  Кеп  қырлылығы-  сан  түрлі 

ә д іс -а м а л д а р   а рқы лы   с а п а лы   б іл ім   мен 

саналы  тәрбие  беру,  ал бір сыры -  керемет 

адам  тәрбиелеу.  Сірә,  қазақтың  Қабдоловы 

«Әдебиет- ардың ісі» деп тегін  айтпаган. Арлы 

маман  даярлау-  бағзы 

һ ә м  

бүгінгі  күннің  ете 

зәру мәселелерінің  бірі.  Мен  университетке 

1975 жылы  1 шілде күні келдім.

Каф едра  м е ң ге р уш ісі  ақ  ж үрек,  нағы з 

педагог  Қалимолла  Ж ұм ағалиұлы :  «Сізге 

қоғамдық жұмыстан  қазақ тілі мен  әдебиеті 

үйірмесін  бергелі  отырмыз»,-  деді.  Бұл  езі 

үйреншікті жұмыс  еді.  Өйткені институтта 

оқы ған  төрт  ж ы лды ң  үш  ж ы лы н  үйірме 

старостасы болып істегем.  50 - жылдары бұл 

жұмысты Мұхамбет Қадырбергенов, Мәтжан 

Тілеужанов,  ал  60-жылдары  аға  оқытушы 

Меруерт Жолдықайырова атқарған екен.

Біраз маманданғаннан кейін үйірме деген сөз 

маған  олқы  көрінді.  Бұл жұмыстың  мағынасы 

«бірлестік»  десе  көркейе  түсердей  көрінді. 

Студенттерге  «бірлестік»  атауын  ұсынып 

ем, олар «академик Қажым Жұмалиев атындағы 

болсын» деп шешті.  Әдемі есім екен.  Өйткені 

қадірлі Қажекең институттың бірінші ұстазы, 

бірінш і  кафедра  меңгерушісі және  алғашқы 

«Әдебиет  теориясы»  кітабының  авторы, 

ке й ін   ұлы л ар  со қп а ғы н а   т үсіп,  алғаш қы

м а ха м б е т т а н уш ы   болды .  Б із  б іл е т ін  

Қ.Аманжолов, А. Жұмалиев, Жәрдем  Тілеков 

,  Батыр  Қыдырниязов,  Хамит  Ерғалиев, 

Жұбан  Молдағалиев,  Қуандық  Тастайбеков 

сияқты талантты жастар басын қосқан да 

осы қадірлі Қажекең екен-ау!

Біз  ж ұм ы ст ы   т ақы рдан  баст аған 

еш т еңем із  жоқ.  Әдемі  дәст үрі,  нақт ы 

жоспары, ауқымды жұмыс аясы бар сала еді. 

70-жылдары  үйірме  отырысына  профессор 

Т.Кәкішев,  ақындар 

Ж.  Молдағалиев,  С. 

Сейітов, кейінжазушыларҚ. Мұхамбетқалиев, 

Қ.  Жұмағалиев,  М.  Құлкенов,  Д.  Досжанов 

тағы  да  басқа  танымал  қаламгерлер  келе 

бастады.  Талантты  жастар  легі  керінді. 

Р .О т арбаев,  а ға й ы н д ы   С ейт ақовт ар, 

Тұрмағамбетовтер,  Ү.Елубаева,  А.Шахин, 

Г .Б е й с е н ғ а л и е в а ,  З . С е й с е н ғ а л и е в , 

М .Қосымбаев,  С.Адай,  Б.Баймұқанқызы, 

М.Ілиясова,  Қ.Жаманбаева,  М.Бердалиев, 

Е.Бимұқанов,  Ж .Болтанова,  Н.Кәрімова, 

Д.Нұрашева,  А.Дүйсенова,  А.Маемеров, 

Ж.Мусина,  Т.Мықи,  Ж.Мұрсаловалар  секілді 

таланттар  легі  шүпірлеп  шықты.  Есімі 

аталмай  қалган  айналайындар  ренжімес 

деп ойлаймын.

Ү й ір м е   о т ы р ы с т а р ы   Қ а з а қ с т а н  

Ж азуш ы лар  Одағы,  қа за қ  к ү н т ізб е с і, 

облыстықәмбебап-ғылымикітапханалардың 

мәдени  атауларды  құрметтеу жоспарына 

сүйенеді.  Б іреулердің  әм ірі,  күш т еу  не 

жалыну  принциптерінен  жоғары  тұрады. 

Кейде  студент  жастардың  талап-тілегі 

қа пе р ге   алы нады .  Б ір л е с т ік   ж ұм ы сы н 

көріп жүрсіздер,  тағы да көптеп келіңіздер, 

керіңіздер,  ездеріңіз  де  үлес  қосуға  толық 

құқылы  екендеріңізді  ескеріп  ж үріңіздер! 

Біздіңше,  университет  қабыргасындағы  әр 

үйірме,  бірлестік-  жас  таланттар  ұясы. 

Бұл  -  қарапайым  еңбектің,  тер  төгудің, 

емірдің  үлкен  жолына  шығудың  шәкірттік 

соқпақт ары .  С апарлары ң  оң,  е н е р де гі 

ғұмырларың мағыналы әрі сұлу болғай!».

Байқауымызша, аталмыш бірлестік  қазақ 

әдебиетінің  талай  марғасқаларына  жазу

шеберханасы  іспетті  болған.  Бұл  бірлестікте 

олар  шыңдалды,  жазу  қабілеттері  дамыды, 

әдебиет  әлем іне  алғаш қы   қадам дары н 

жасады.  Б ірлестіктің  белсенді  мүшелері, 

авторлары  Ақ  Ж айықта  ғана  емес,  күллі 

Қазақстандағы  журналистика  мен  әдебиет 

саласында тер төгуде.

Келержылы  Қ.Жұмалиев  атындағы әдеби 

бірлестігіне тура 40 жыл толмақ.  Осы уақыт 

аралығында қазаққа, қазақәдебиетіне қатысты 

ірілі-ұсақты  шаралардың  ұйытқысы  болды. 

Туған  өлкенің тарихына  шолу жасап,  жерлес 

ақындардың  өмірі  мен  шығармашылығына 

назар  аударып,  ұмыт  қалған  тұлғаларды 

дәріптеуі-  б ірлестіктің  басты  ерекш елігі. 

Бірлестік  жыл  бойына  жоспар  құрып,  әдеби 

кештер,  ақын-жазушылармен  кездесулер 

ұйымдастырады.  Бірлестіктің  қай  шарасын 

қарасақ  та,  жоғары  деңгейде,  әдеби  үлгіге 

сай  ұйымдастырылғанын  байқаймыз.  Айта 

кету  керек,  бірлестік  әдеби  бағытта  ғана 

емес, әдебиетті ғылыми тұрғыда да  жастарға 

жеткізуді  көздейді.

Заманалар  ауысқанымен,  өмірде  өз 

құны н,  маңызын  жойм айты н  қа ғидалар 

болады. «Сырлы аяқтыңсыры кетсе де, сыны 

кетпейді» демей мехалықданалығы. Осы сөз 



профессор  Серікқали Шарабасов жетекшілік 

ж асайты н  Қ.Ж ұм алиев  аты ндағы   әдеби 

бірлестікке  айтылғандай.  Сан  жылдар  өтсе 

де,  әдеби  бірлестік  өзінің  маңызын,  өзіндік 

ұстанымын жойған жоқ, қайта күн өткен сайын 

жанданып,  даму  үстінде.  Бірлестіктің  басты 

мақсаты - әдебиетке құштар, жазуға  қабілетті 

студент  жастардың  басын  бір  орталыққа 

біріктіру. 

Қуанарлығы,  университетімізде 

ж а қсы   б а с та м а ға   м ұ р ы н д ы қ  б о л а ты н 

ұйымдардың көп екендігі. Түпкі мақсат - «бұлақ 

көрсең, көзін аш!» деген ұлт даналығын ұстану.

Алтынгүл Сансызбай,

«ҚТӘ»,  02302- топ

«Патриот» (Раігіоі) жаршысының жауапты редакторы -  Мөлдір 

Латифова («ФҚТ»), 02205-топ; тілшілері Зарина Рахметова 

(«ФҚТ»),  02205-топ, 

Алтынгүл Сансызбай,  («ҚТӘ»), 02302- топ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет