Кокенова Мохидил



бет17/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
білім беру ортасы. Білім беру үдерісі субъектілерінің тұлғалық саласының дамуына әсер етуді қамтамасыз етуші ішкі педагогикалық шарттар. Элементтер жүйесін процессуалды құраушылар қалыптасуына ықпал етуші сыртқы пеагогикалық шарттар.

Осылайша, біз ұсынып отырған білім жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің моделітөрт компоненттен тұрады.

Аталған құрылымды-мазмұндық модельге сәйкес білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінде күтілетін нәтиже бізге білім беру жүйесінде диагностикалық құзыреттілік қалыптасуының жоғары деңгейіндегі болашақ педагог-психолог ретінде көрінеді. білім беру жүйесінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі қалыптасуы үдерісі әдістерін толығырақ зерттеуді дипломдық жұмысның келесі бөлімдерінде қарастырамыз.

2 бөлім бойынша тұжырым.

Екінші бөлімде зерттеудің екінші міндеті жүзеге асырылды: білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктері қалыптасуының теориялық негіздеріне талдау жасалынды, диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялары ұсынылды.

білім беру жүйесінің диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудағы құзыреттілік тұғырды жүзеге асырушы фактор ретіндегі мәні ашып көрсетілді. Түрлі авторлардың көзқарастарын зерттей отырып бізге, университеттің білім беру ортасы бір қырынан студентке педагогикалық әсер ету құралы ретінде көрінсе, екінші қырынан бұл әсер етудің тиімділігі студенттің оны қабылдауына ықпал етеді, және де үшінші қырынан шешуші мәні студенттің бұл үдерісте өз орнын сезіне білуіне, эмоциялық хал-ахуалына, өзіне деген қарым-қатынасы ретінде байқалатыны айқын көрінеді. Бұның барлығы дерлік білім беру ортасының нақты құрылымға ие екендігін нақтылай дәлелдейді, дегенмен педагогикалық ғылымда білім беру ортасының компоненттерін бөліп көрсетуге жалпы тұғырлар қалыптаспаған.

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігінің мазмұны мен құрылымы, өлшемдері мен оның қалыптасуының деңгейі анықталған қалыптасу үдерісінің моделі жасалып, негізделді. білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілік қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі өзінде оның тұтастығын қамтамасыз ететін өзара байланысты компоненттерді кіріктіруші үдеріс сипаты болып табылады. Жасалынған модель интегративтілігімен (барлық компоненттерінің өзара байланысымен), басқаруға икемділігімен (кез-келген компонентке өзгеріс ендіре алу мүмкіндігі), нұсқалылығымен (вариативтілігімен) (студенттер үшін білім беру траекториясына түзетулер енгізе алу мүмкіндігі), кәсіби бағыттылығымен (тәжірибеге бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыруымен) сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет