Көмірсулардың аралық алмасуы ағзада көмірсулар түрлі өзгерістерге ұшырайды, нәтижесінде энергия және ыдыраудың соңғы өнімдері – сүт қышқылы, СО2 және Н2О бөлінеді.
Жасушадағы көмірсулардың өзгеру жолдары аэробты және анаэробты тотығу жолдарымен жүреді.
Анаэробты тотығу глюкоза ыдырауынан (гликолиз) да гликогеннің ыдырауынан да (гликогенолиз) басталуы мүмкін.
Анаэробты гликолиз(гликогенолиз) үрдісін екі сатыға бөлуге болады:
1. Дайындық кезеңі: глюкозадан екі молекула триоздың, яғни фосфорлы эфирлердің түзілуі.
2. Гликолиттік тотығу-тотықсыздану реакциясы жүзеге асады да, АТФ түзіледі.
3. Митохондриядағы электрондарды тасымалдау тізбегі.
Кребс циклінің маңызы:
1. Жасушаны тотығу-тотықсыздану реакциясы негізінде АТФ энергиясымен қамтамасыз етеді;
2. Циклдің метаболиттері (қымыздық сірке қышқылы мен а-кетоглутарь қышқылы) амин қышқылдарын трансаминдеу, аминдеу реакциясы нәтижесінде амин қышқылдарының синтезін қамтамасыз етеді, яғни белок синтезіне қатысады.
3. Глюкозаның аэробты ыдырауы барлық мүшелер мен ұлпаларды АТФ-пен қамтамасыз етеді
Көмірсулар алмасуы
Гликолиз – глюкозаның катаболизмі, ферментативті реакциялар жиынтығы.
Жыныс және бүйрек үсті бездерінде, эритроциттерінде, бауырда белсенді жүреді.
Ерекшелігі – пентоздың түзілуі, нуклеин қышқылдарының, холестериннің, май қышқылдарының, белсенді фоль қышқылы мен АТФ-тың түзілуіне қатысатын НАДФ жиналуы.
Биологиялық маңызы:
1. Артық энергия бөледі
2. Жасуша НАДФ*2Н-ты май қышқылдарының синтезі үшін қолданады.