ҒАБДУЛЛА ТОҚАЙ: ҒҰМЫРБАЯН ҒИБРАТТАРЫ
Аннотация .Мақалада қарастырылған мəселелер. Татар халқының ұлы ақыны Ғ.Тоқайдың
өмірі мен шығармашылығы. Ғ.Тоқай өміріндегі Қазақстанның орны. Ғ.Тоқайдың қазақ
əдебиеті мен мəдениеті туралы ойлары.
Тірек сөздер: Татар əдебиеті, Ғ.Тоқай, өмірбаян, шығармашылық, қазақ əдебиеті.
Ж. Дадебаев
ГАБДУЛЛА ТОКАЙ: УРОКИ БИОГРАФИИ
Аннотация.
Вопросы, рассматриваемые в статье
. Жизнь и творчество великого татарского
поэта Г.Токая. Роль Казахстана в жизни Г.Токая. Мысли Г.Токая о казахской литературе и
культуре.
Ключевые слова: татарская литература, Г.Токай, биография, творчество, казахская
литература.
ZH. Dadebaev
GABDULLA TOKAI: LIFE EDIFICATIONS
Abstract. The issues dealt in this article. The life and works of the great Tatar poet G.Tokai. The
role of Kazakhstan in the G.Tokai’s life. Thoughts of G.Tokay on Kazakh literature and culture.
Keywords:
Tatar literature, G.Tokai, autobiography, art, Kazakh literature
Жер басып жүрген адам баласының
айналасы жарық пен жарқылға, қызық пен
думанға толы. Тіпті қайыршының айналасында
да қызық бар. Қызыққа қызығып, жарық пен
жарқылдың артынан қуып, жалынан ұстауға
ұмтылған,
соған
бар
ғұмырын
арнаған
жандардың қаптаған тобыры бұрын да болған.
Негізінде бұлардың тарапына сын айтудың да өз
жөні болу керек. Өйткені адамзат табиғатын
түзетуге, оны өзгертуге əркім-ақ ыңғай
танытқанмен, оның жолы мен жөнін білетін,
оған батылы жететін, батылымен бірге ақылы
жететін жан болмаса, басқа адамнан, қатардағы
қалған пенделерден игілікті іс күту бекер.
Мұндай іске тар жолда таймай, бел буып, білек
сыбанып кірісетін жандар өте сирек. Олай
болатын себебі – мұндай іске бел мен білек
емес, ақыл керек. Ақыл болғанда, əркімде бар,
бірде ұйқылы, бірде ұйқылы-ояу ақыл емес,
тереңіне дейін сəулемен нұрланған кемел ақыл
керек. Білемін деушілердің сөз ыңғайына
қарағанда, ондай ақыл бір халықтың ішінде бір
адамға, оның өзінде бір ғасырда бір-ақ қонады
екен. Түркі əлеміндегі сондай асыл ақыл, дарқан
дарын дарыған ақық адамдардың бірі Ғабдулла
Тоқай болды.
Татар халқының ХХ ғасырдың басындағы
ұлы ағартушы-демократ ақыны Ғабдулла Тоқай
1888 жылы 26 (14) сəуірде Қазан артындағы
Қошлауыш аулында дүниеге келді. Ақынның
естеліктері мен хаттарында, мақалаларында
Қазан арты татарларының мəдениеті мен
əдебиетінің сыртқы əсерге ұшырамаған бірегей
табиғаты, тілінің тазалығы, ақындық өнерінің
өнегелілігі ерекше жоғары бағаланады. Ол
осындай рухани бай, таза ортада туды.
Ғабдулланың өмірінің басты кезеңдері
«Есімде
қалғандар»
атты
ғұмырбаяндық
повесінде баяндалды [1]. Атасы Мұхаметғалым
Қошлауыш аулында молдалық еткен. Əкесі
Мұхаметғариф Мұхаметғалымұлы он төрт-он
бес жасында Қышқар медресесіне оқуға
қабылданады. Медіресені бітірген соң, ауылы
Қошлауышқа оралып, сол жерде молдалық
құрады. Қарт əкесіне қарайды. Үйлі-жайлы
болады. Бірақ оның от басындағы бақыты
ұзаққа созылмайды. Əйелі қайтыс болып, Ғазиза
атты қызы, Мұхаметшəріп атты ұлы жастай
35
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
қалады. Мұхаметғариф екінші жолы көрші
Үшүйлі аулының молдасы Зинатулла хазреттің
Мамдуда атты қызына үйленеді. Ғабдулла
Тоқайдың туған анасы - осы кісі. Бибімамдуда
(1864-1890) заманына лайық білім алған, өлең
жазған, қолөнермен де айналысқан. Қалпақ
тігуге шебер болған. Зинатулла хазреттің өзі де
білімді, кітап көшіріп жазатын, сонымен қатар
өлең шығаратын ақындығы бар кісі екен. Оның
«Шайырдың тұрмыс тауқыметтерінен» деп
аталатын
өлеңі
қызы
Мамдуда
қайтыс
болғаннан кейін жазылған. Өлең Ғабдулланың
əпкесі Сəжиданың естелігінде беріледі. Ғабдул-
ланың бес айлығында əкесі Мұхаметғариф
қайтыс болады. Бибімамдуда баласы Ғабдул-
ланы уақытша ауылдағы Шəрипа атты бір
кемпірдің тəрбиесіне беріп, өзі тіршілік
қамымен жиырма үш жасында алпыс тоғыз
жастағы Мұхаметшəкір деген молдаға күйеуге
шығады. Бұл шақта Ғабдулланың туғанына екі
жас сегіз ай болған еді. Жасы келген кемпірдің
Ғабдулланы бағып-қағуға мұршасы болмайды.
Жас бала қыстың ақ қар, көк мұзында жалаңаяқ
қар кешіп, суыққа ұрынады. Анасы барған
жерінде орнығып болған соң, 1889 жылы
көктемде Ғабдулланы өз қолына алады. Содан
бір жылға жетпей жиырма алты жасында Бибі
Мамдуда қайтыс болады. Үш жас тоғыз
айлығында тас жетім қалған Ғабдулланы өгей
əкесі Үшүйлі аулындағы нағашы атасының
қолына əкеліп тапсырады. Бұл кезде болашақ
ақынның нағашы апасы да дүние салып, нағашы
атасы Зинəтулла алты баласымен бір жесір
əйелді алған екен. Үшүйлінің өзі шағын, халқы
кедей еді. Оның үстіне Ғабдулла келген жылы
қыс қатты болып, тапшылық пен жоқшы-
лықтың, аштықтың азабы бұл ауылға да жеткен-
ді. Жетімнің жайы болмады: қарны ашса, ешкім
тойындырмады; тоңса, ешкім бауырына басып
жылытпады;
қайғырса,
ешкім
қабағына
қарамады; жыласа, ешкім көз жасын сүртпеді.
Ауырды. Əлсіреді. Жалғызсырады. Шешек
шықты. Өлмей, əрең тірі қалды. Үйдегі
балалардың
ішіндегі
ересегі
əрі
естісі,
Ғабдулланың анасымен бір əкеден туған (анасы
бөлек) Сəжидə əпкесі ғана жетім балаға жаны
ашып, оны үлкендерден жасырын еркелетіп,
есіркеді. Ақын кейін Сəжидə əпкесін өзін
бұғанасы қатпаған, буыны бекімеген бала
кезінде желеп-жебеген ақ қанатты періште
кейпінде еске алады.
1891 жыл шамасында нағашы атасы
Ғабдулланы Үшүйлі аулының бір арбакешінің
арбасына отырғызып, алпыс шақырым алыстағы
Қазан қаласына жіберуге мəжбүр болады.
Қазанның пішен базарына келген арбакеш
жалпақ жұртқа: «Тəрбиеге бала беремін. Кім
алғысы келсе, соған беремін», - деп жар салады.
Арбакештің жар салып айтқан сөзін естіген
Мұхаметуəли деген иман жүзді біреу келіп,
баланы үйіне алып кетеді. Ғабдулланы тəрбиеге
алған Мұхаметуəли де, оның жұбайы Ғазиза да
жетімге жайлы, мейірімді, жақсы адам болып
шығады. Жас Ғабдулла Мұхаметуəлиді əке деп,
оның жұбайы Ғазизаны ана деп атайды. Əкесі
Мұхаметуəлидің жұмысы базарда болса, анасы
Ғазиза үйде отырып, татар байлары мен
байбатшаларына арнап зерлі тақия тігеді. Жас
Ғабдулла анасымен бірге кейде байлардың
үйлеріне, кейде жəрмеңкеге барып жүреді.
Баланың көңілі жарым дегенмен, киімі бүтін,
тамағы тоқ болады. Жаңа ата-анасы жаны
қалмай қабағына қарап, бағып-күтеді. Екі
жылдай өткенде, Мұхаметуəли мен Ғазиза
қатты ауырады. Сырқаттарының беті қатты
көрінеді. Екеуі ауырып жүріп Ғабдулланың
жайын ойлайды. «Егерде олай-бұлай болып
кетсек, балаға кім қарайды?» - деп, қатты
алаңдайды. Мұхаметуəли баланы Қазанға,
пішен базарына алып келген арбакешті іздеп,
тауып алады. Өзінің жағдайын айтып, баланы
туғандарына аман-есен жеткізуді соған қатты
тапсырады. 1892 жылы Ғабдулла, осылайша,
Үшүйлідегі нағашы атасына қайта келеді.
Нағашы атасы баланы көп ұстамай, көрші
Қырлай аулында тұратын Сағди деген кісіге
береді. Бұл Ғабдулланы бала қылып асырап
алушылардың алтыншысы еді. Сағди да
балажан, адамгершілігі мол, өзіне жетерлік
шаруашылығы бар жақсы адам болып шығады.
Оның əкелік мейірімінен баланың суынған
көңіліне жарық пен жылу құйылады. Анасы да
жақсы қарсы алады. Ғабдулла ауыл-аймақпен
жақсы танысады. Күзгі жиын-терін кезінде ата-
аналарына қолғабыс тигізеді, қазылған кар-
топты қапқа салып, жинауға көмектеседі. Қысқа
қарай ата-анасы баланы оқуға береді. Ауылдағы
Фатхерахман хазіреттің əйелі Маһрубике ауыл
балаларымен бірге Ғабдулланы да оқытады.
«Иман шарты» кітабы негізінде сауат ашу
сабағы жүреді. Шəкірттер қыс бойы осы
сабақты оқиды.
Ғабдулла сауат аша жүріп, өзімен бірге
оқитын шəкірттердің қызықты істеріне куа
болады. Бір жолы, мұғалима жоқ кезде, шəкірт
қыздар өздері құрастырып шығарған төрт жол
тақпақ айтады. Онда мұғалиманың сырт пішіні
сынға алынады. Төрт жол тақпақ ұйқасы,
ырғағы, мазмұны, көкейге қонымдылығы
жағынан өте əсерлі болып шығады. Сондықтан
оны жаттау да қиынға түспейді. Басқа
шəкірттермен бірге Ғабдулла да оны бірден
жаттап алады. Тіпті үйге келе жатқанда да сол
тақпақта жатқа айтып, аяғын соның ырғағына
36
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
сай басатын əдет табады... Қырлай аулындағы
алғашқы қыс осылай өтеді.
Көктем шыға той-томалақ, түрлі ойын-
сауық, балуандар күресі, ат бəйгесі, балалар
жарысы басталады. Сабан той болады. Неше
алуан əндер, өлеңдер айтылады. Ғабдулла
солардың бəрін көріп, қызықтайды. Лайықты
ойындарға өзі де қатысады. Күзде оқуын
медреседе жалғастырады. «Əптиекпен» қатар
кітап болып басылып шыққан халық əдебиеті
үлгілерін де оқу құралы ретінде оқиды.
Олардың ішінде «Бəдəвам», «Кесік бас» сияқты
асыл үлгілер де болды.
Шəкірт бала медресе дəрістерін өте жақсы
меңгеріп алады, оқу үлгерімі төмен шəкірттерді
қамқорлығына
алып,
олардың
оқуына
көмектеседі. Оқуда озат болумен қатар үй
шаруасына да араласады. Қазан артындағы
Қырлай аулының тамаша табиғаты, салт-
дəстүрі, əдебиеті мен мəдениеті, Сағди əкесінің
тəрбиесі Ғабдулланың рухани өсуіне зор ықпал
етті. Баланың көңілі жадырай бастайды.
Күзгі күндердің бірінде ауылға Бəдретдин
деген бір кісі келіп, Сағдиға Ғабдулланы өзімен
бірге алып кетпекші екенін айтады. Қазақ-
станның Орал қаласында баланың əкесінің
қарындасы күйеуі екеуі Ғабдуллаға іздеу салып
жүр екен. Бірнеше жылдар бойы баланың қайда
кеткенін біле алмапты. Енді, сəті түсіп, баланың
Қырлай
аулында
екенін
білгенде,
оны
алдыртуға арнайы адам жіберген екен.
Бəдретдин осы жайларды Сағди əбзиге
түсіндіріп айтып береді.
Бəдіретдиннің хабары Сағдиға қатты
батады. Анасы да қарсылық білдіреді. Бірақ
Бəдретдин де алған бетінен қайтпайды. Баланы
мұнда қалдыруға ешкімнің құқығы жоқтығын,
тіпті болмаса, урядникке шағым жасайтынын,
онда да болмаса, бұларды сотқа беретінін
айтып, күш көрсетеді. Бұған дейін баланы
бермеуге бекініп отырған ата-ана Бəдретдиннің
мына сөзінен кейін жуасып қалады.
Бəдіретдин əбзи Оралға барардан бұрын
Ғабдулланы Қошлауыш аулына алып келеді.
Қошлауышта болған бір оқиға Ғабдулланың
«Есімде қалғандар» атты естелігінде кейін
былай суреттелді: «Менімен көрісерге Сыдық
есімді аулымыздың мəртебелі кісісі келді. Мас
екен. Маған сəлем берді - мен сəлем
қайтармадым. Қолын созды - мен қолын
алмадым. Себебін сұрады. Мен сонда «Бəдəвам»
кітабынан:
Есірікке сəлем берме,
Ол берсе де сен алма... –
деген бəйітін айтып салдым» [1].
Шəкірт бала аз уақыт оқыған оқуынан
осындай пайдалы ғибрат алып, оны тұрмыста
орнымен пайдаланады. Бұл жас баланың талабы
мен талғамын, білімі мен тəрбиесін мəшһүр
еткен, Қошлауыш аулы түгел таңырқаған ғажап
оқиға болған еді.
1895 жылдың басында Ғабдулла Оралға
келеді. Əпкесі Ғазиза мен саудагер жездесі
Ғалиасқар баланы оқуға орналастырады. Бұл
кезде Оралда үш медресе болды: Мұтыйғия;
Рақымбия; Ғайния. Ғабдулланы əпкесі мен
жездесі
солардың
ішіндегі
дұрыстауы
«Мұтыйғияға» береді.
Шəкірт сабаққа өте ықыласты болды.
Əпкесі кейін өз естелігінде інісінің оқуға
ынтасы туралы: «Сабақты бек көңіл беріп
оқыды. Қай кездерде, сабаққа кешігіп қалам
деп, ертеңгі асын ішпестен кетіп қалар еді» [2],-
деп есіне алады. Медреседе Фатхетдин
Рахматуллин халфе Ғабдуллаға араб əдебиеті
кітаптарын, Құранды, араб харпінде басылған
əдебиеттерді, əдеп кітаптарын оқытады. Шəкірт
солардың бəрін меңгеріп алады. Əпкесі мен
жездесі баланың жанжақты білім алуына көңіл
бөледі. 1896 жылы Ғалиасқар он жастағы [2]
Ғабдулланы үш кластық орыс оқуына кіргізеді.
Шəкірт үш кластық орыс оқуы мен медресенің
сабақтарын қатар оқиды. Орыс оқуының
мұғалімі Əхметше Сиражетдинов (1850-1919)
Орынборда мұғалімдер мектебін бітірген, əдеби
білімі мол, кітапханасы бай кісі екен. Орыстың
атақты
ақындары
мен
жазушыларының
шығармаларын Ғабдулла осы мұғалімнің
кітапханасынан алып оқыған [2].
1899 жылы Ғабдулла медресе ішіндегі үш
жылдық орыс оқуын бітіреді. Осы жылы Оралда
А.С.Пушкиннің дүниеге келгеніне 100 жыл
толуына орай «Пушкин жұрты» атты əдеби іс-
шаралар өтеді. Оған қаланың шығармашылық
жұртшылығы, зиялылары қатысады. Ғабдуллаға
мұның əсері ерекше болды. Шікірт баланың
əдеби білімінің, эстетикалық талғамының
өсуіне, кісілік келбетінің, көзқарасының қалып-
тасуына Орал қаласының, ондағы білім ордала-
рының, зиялылардың, ерлі-зайыпты Ғазиза мен
Ғалиасқардың тікелей ықпалы болды. Сонымен
қатар медресенің бас имамы Мотыйғулла
хазреттің
(Мотыйғулла
Тех-фатуллаұлы
Техфатуллин: 1846-1920) өлең өлшемдері, ақын-
дық туралы оқыған пəндерінің медресе оқу
жүйесіндегі орны мен маңызы үлкен болған.
Хазіреттің бай кітапханасымен танысып, одан
кітап алып оқу да болашақ ақынның шығарма-
шылық тынысының ашылуына, əдеби білімінің
тереңдеуіне септігін тигізген. Хазіреттің ержет-
кен ұлының еуропаша алған білімі мен тəрбиесі,
шығыс ақындарын жатқа айтуы, орысша,
37
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
арабша
жақсы
білуі,
жыршылық
өнері
Ғабдуллаға оң əсер еткен. Мотыйғулла хазрет
Ғабдуллаға ерекше мейіріммен, қамқорлықпен
қараған. Оның бір себебі хазреттің шəкірт
Ғабдулланың білімге деген құштарлығын,
ақындық талантын тануымен байланысты.
Оның үстіне хазірет Мотыйғулла Ғабдулланың
əкесі Мұхамет-ғарифпен Қышқар медресесінде
бірге оқыған [2].
1900 жылы Ғабдулланың əкесіндей жақын
болған жездесі Ғалиасқар асқазан ауруынан
қайтыс болады [2]. Ғалиасқардың мезгілсіз
қазасы Ғазизаға да, Ғабдуллаға да қатты батады.
Осы кездердегі күйінің төмендігін, жоқшылық
жағдайын ол сабақтас болған достарының біріне
жазған хатында қатты торығып айтады [2].
Үшүйлідегі əпкесі Сəжидаға хатында (1902)
қамқоршы жездесінен айрылған шəкірт былай
деп жазады: «Өзім қазір медреседе оқып
жүрмін. Биыл оқуға ақшам жоқ еді. Солай болса
да, Алла Тағала бір жол ашты: Гурьевтегі
туғандарым он бес теңге ақша берді һəм
өзіміздің ақын жездеміз бес қадақ шəй берді.
…жиырма бес теңге бар еді. Сол ақшалармен...
оқып жүрмін. Алла Тағалла пайдалы ғылым
берсе игі деп, əруақыт қайыр-фатихада тілек
тілеймін һəм солай болуынан үміт етемін» [3].
Тұрмыс
тауқыметі
шəкіртті
қатты
қажытады. Бірақ өмір бойы қиыншылық көріп
келе жатқан жастың бар сенгені, сенері
болашағы еді. Болашаққа деген сенім оны алға
жетеледі, алдағы күндері үшін күреске
құлшындырды. Оның бойына күрескерлік рух
дарыды. Осындай күйде жүргенде, жастай
жабысқан аурудың сызы белең алып, қатты
құлайды. Осы аурудан ол кейін де құлан-таза
айығып кете алмады [2].
Ғабдулла сабақтан бос уақытында өзімен
бірге оқитын шəкірттермен бірге Жайық пен
Шаған өзендерінің түйіскен жерінде балық
аулағанды жақсы көрген. Осы жерде балық өте
көп болғанға ұқсайды. Екі өзеннің тоғысы
туралы Ғабдулла сол кезде (1902 жылы) өлең де
шығарған. Ол жайында ақынның медреседе
бірге оқыған сабақтасы Ғали Хикматуллин
бірқатар бағалы мəліметтер береді. Ол осы
жылы Ғабдулла шығарған оннан астам
өлеңдердің аттарын атайды. Ал медресенің бас
имамы
Мотыйғулла
хазіреттің
айтуына
қарағанда, Ғабдулла өлең құрылысы туралы оқу
кітабы бойынша дəріс алып, өлең құрылысының
он алты түрлі уəзінін меңгереді. Қолына қалам
алса, тоқтаусыз жазатын ақындық қуат табады.
Сонымен бірге «Мұхаммедия», «Бақырған»
секілді шығармалардың қолайына жаққан уəзін
өрнектерін таңдап игереді. Осындай ойларын
айта келіп, Мотыйғулла қазірет Ғабдулланың
ақындық талантының анық ашыла бастағанын
көрсетеді, османлы жəне орыс əдебиеттерінен
тəржіма жасап жүргеніне де назар аударады [2].
Негізінде, Ғабдулла кішкентайынан өлең-жырға
құмар болып өседі. Өзінің осы күйін ол «Халық
əдебиеті» атты еңбегінде еске алады. Медреседе
«жыршы» деген атағы шыққанын да ұмытпай-
ды. Бойында табиғи таланты бар жастың өнері
осылай күн санап өсе береді. 1902 жылы хазірет
Ғабдулланы өзінің кеңсесіне жұмысқа алады [2].
Кеңседегі жұмысы үшін оған айына 1 сом 50
тиын еңбекақы тағайындалады [2]. Осы жыл-
дары ақын И.Крыловтың мысалдарын аударады
[2].
Шəкірт ақын жақындарына, туғандарына,
жақсылық жасаған қайырымды адамдарға
шексіз разылығын білдіруді өзі үшін үлкен
парыз санады. Бұл қасиет оның бойында
кішкентай кезінен бар еді. Ақындық таланты
ашыла бастаған шағында, осы қасиет оның
көңілінен керемет таза, мөлдір сезімдердің
тууына негіз болды. Соның бір үлгісін 1903
жылы жазда Сəжида əпкесіне жазған хатынан
аңғаруға болады: «Сенің маған жасаған жəне
қазір де жасап келе жатқан жақсылығыңды
қабірде жатсам да ұмытпаймын» [4], - деп
жазды он жеті жастағы бозбала Ғабдулла. Хат
иесінің еріннің ұшымен емес, шын жүректен
тебіреніп, егіліп жазған осы сөздерінен оның
тазалығы, періштедей пəктігі, еңсесін езген
ауыр ойының салмағы қатар сезілгендей
болады. Шəкірт баланың Гурьевтегі туғандары
Абдуловтарға
хатында (1904) мынадай
мəліметтер сақталған: «Жіберген он сом
ақшаңызды
алдым...
Инша
Алла,
бұл
ізгілігіңізге ізгілік қыла алармын деген Алладан
үмітім бар. Мен қылмасам, жетімдер мен
шəкірттер атасы Алла Тағала сізге ізгілік қылар.
Шəһəріміздегі дамулла ахун Мотыйғулла
хазірет пен Сиражетдин халфеге сіздер жіберген
он сомды көрсеткен едім. Олар сіздерге: «Я
Рабби иллаһи, осы жетім шəкірттің халіне
мейірімі
түсіп,
ақша
жіберген
Гурьев
байларының көңілдерін əруақыт шат қыл жəне
(...) осы байлардың сұлтаны Абдуловтарды жер
жүзіне түгел мəшһүр əрі даңқты қыл, түрлі бəле,
қазалардан өзің сақта...», - деп қайыр-дұға
қылды» [5]. Хатта Ғабдулла осы қайыр-дұғаны
өлеңге айналдырып жазады. Бұл жерде де
Ғабдулланың əдеби білімі, əдебі, жан байлығы,
сезім тазалығы ғажап ажарымен мөлдіреп
көрінеді.
Мотыйғулла хазірет Оралда «Жаңа ғасыр»
журналын ашады (əуелі қолжазба түрінде).
Ғабдулла
оның
жұмысына
бар
ынта-
ықыласымен кіріседі. Онда өзінің шығарма-
ларын жариялайды, толмаған беттерді өзі
38
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
толтырады, түскен материалдарды өзі қарайды,
редакциялайды. Журнал 1905 жылы мамырда
тоқтайды. Осы жылы Мотыйғулла хазірет
«Оралдық» («Уралец») деген газетті типо-
графиясымен сатып алады. Ғабдулла сол
газеттің типографиясында теруші болып жұмыс
істейді. Газеттің шығармашылық ұжымымен де
тығыз байланыста болады. 1905-1907 жылдары
сонда ақынның бірқатар өлеңдері, өткір
публицистикалық шығармалары жарияланды.
Ғабдулла ақын əрі журналист ретінде танылды.
Сонымен қатар ақын «Пікір» («Фикер»)
газетіне, «Уклар» журналына редакторлық
етеді, өлең, мақала жазумен шұғылданады.
М.Лермонтовтың,
И.Крыловтың
бірқатар
шығармаларын татар тіліне аударады. Ақындық
өнер,
халық
өлеңдері,
сонымен
қатар
мемлекеттік думаның халі, думаға сайлау, ел
ішіндегі партиялар, дінбасылар туралы ойлар
айтады,
қоғамдық
сананың
оянуына,
жаңғыруына күш салады. 1907 жылдың
қаңтарында Ғабдулла өзінің медреседегі оқуын
тамамдағанын, ендігі шақта Оралдағы «Қазан»
қонақ үйінде тұратынын «Фикер» газетінің
бірінші санында жариялап, мекен-жайын
көрсетеді. Осыдан бастап ол кəсіби шығарма-
шылық еңбек жолына түседі. Оралдағы татар
оқығандары Ғабдулланың ақындық, журна-
листік,
аудармашылық
талантын
жоғары
бағалап, құрмет көрсете бастайды. Сол
тұстардағы танымал ақын Кəшшəф Патии
Ғабдулланың ақындық өнеріне бек сүйініп, ізгі
тілек білдірді.
1907 жылы сəуірде «Фикер» газетінде
жарық
көрген
«Шайырларымыз»
атты
мақаласында
автор
татардың
ғашықтық
өлеңдеріне талдау жасай отырып, ондағы
көркемдік кестеге, мағына мен мазмұн жүйесіне
көңілі
толмаған
күйінен
хабар
береді.
Қазақтардың ғашықтық өлеңдерінің үлгісі
қатарында мына мəтінді ұсынады:
Қарағым, айналайын, сіз қызғалдақ,
Сіздерге берген екен мал менен бақ.
Жапанда жалғыз жүріп қалғанымнан
Айрылған егізінен мен бір ылақ.
Көз көріп, қолым жетпей, күйінемін,
Мен де бір суда жүрген жалғыз шабақ.
Құрбының арманы не сізді құшқан,
Аузың бал, тілің шекер, қойның ұжмақ.
Ұжмақта хор қыздары жүрсе былай,
Солардай көйлек киіп, мінсең пырақ.
Жүзіңді сағат сайын бір көрмесем,
Мен үйде тұра алмаймын жалғыссырап.
Ақын қазақтың осы өлеңін татардың
өлеңдерінен əлдеқайда биік қояды. «Көрдіңіз
бе? – дейді ақын. – Қазақ шайырлары өзінің
сүйгенін қалай мақтай білген! Біздің татарлар
ақындық жағынан қазақтардан да артта қалғаны
осыдан көрінеді» [6].
Мақаладан,
ондағы
талдаулар
мен
ойлардан автордың биік көркемдік, эстетикалық
талғамы, əдеби білімі, теориялық дайындығы
көзге түседі. Қазақ жəне татар ғашықтық
жырларының табиғатын тамаша таразылайды.
Жиырма жасқа толмаған жас талант үшін бұл
үлкен жетістік екенінде сөз жоқ.
1907 жылы 9 июньде Ғабдулла Қазандағы
баспагер Ғылметдин Шəріп деген кісіге
баспадан бастырып шығару үшін өзінің өлеңдер
жинағын жіберіп отырғанын жазады. Баспагер
бұл кітапты сол жылы қарашада бастырып
шығарады. Осы жылдың аяғына қарай Қазанда
Ғабдулланың тағы бір кітабы («Шүрəллə»)
жарық
көреді.
Оралдың
талантты
жас
ақынының аты енді Қазанда, Орынборда,
Петербургте белгілі бола бастайды. Еліне,
Қазанға қайту тілегі таланты ашылған жас
қаламгерді
қатты
толғанысқа
түсіреді.
Ғабдулланың Оралда жазған жырларының бір
тобы «Жырлар дəптері» деген атпен Қазанда
Ғ.Ибрагимов атындағы институттың мұраға-
тында сақтаулы. Онда жиырма сегіз жыр
болған. Бəрі автордың өз қолымен жазылған.
Ортасында «Хан қызы» атты жыры жазылған
бет жыртылып алынған [6]. Осы өлеңдер
ақынның бес томдық шығармаларының екінші
томында «Жырлар дəптері» деген атпен
топтастырылып жарияланды. Айтылған жайлар
Ғабдулланың шəкірт баладан азамат болып
өскенге дейінгі өмір жолында, белгілі ақын
болып
қалыптасуында
қазақтың
Орал
қаласының орны ерекше екендігін көрсетеді.
Орал ХХ ғасырдың басында тарихы бай,
халқының көзі ашық, батыспен де, шығыспен де
тығыз сауда-саттық, мəдени, саяси қатынас
жолындағы өркениетті қала болатын. Пугачев
көтерілісінің өрісі болған, Даль мен Пушкиннің
жолы
түсіп,
арнайы
келіп
аялдаған,
В.А.Жуковский, Лев Толстой тоқтаған көп
ұлтты Орал қаласы саудагерлердің, қолөнер-
шілердің, өнердің өнімді орталығы еді.
Ғабдулла осы қалада оқып, білім алады, тəлім-
тəрбие
көреді,
өседі,
шығармашылықпен
айналысады, қызмет етеді, таланты ашылып,
дарынды ақын болып қалыптасады.
1905 жылғы революцияның ақырғы бір
толқыны іспетті болған 1907 жылғы Үшінші
июль оқиғасы Ғабдулланың көңілін қатты
толқытады. Оның үстіне думадағы оңшыл
депутаттардың парықсыз сөздері татар халқы-
ның тағдырына қауіп төндіруге бағытталған
мазмұнымен құйындай ұйтқыды. Уфадан
сайланған депутат Кəлимулла Хасанов думаның
мамыр
айындағы
мəжілісінде
мұсылман
39
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
мектептерінің жағдайының жамандығын, мем-
лекет тарапынан ешқандай көмек болмай
отырғанын айтқанда, Пуришкевич, Сазанович
жəне басқа депутаттар орындарынан өре тұрып,
жұдырықтарын түйіп, татар халқының Ресей
жерінен мүлде кетуін, Түркиеге қоныс аударуын
талап еткен еді. Бұл татар халқының көзі ашық
азаматтарының, солардың ішінде Ғабдулланың
да үлкен наразылығын, ашу-ызасын туғызды.
Осы тұстағы көңіл күйі мен азаматтық
ұстанымын жас ақын «Кетпейміз» деген
өлеңінде оттай жанған, жалындай шалқыған
сезіммен білдірді. Ақын осы өлеңінде қоғамның
ішкі
қайшылықтарын,
бір-біріне
дұшпан
əлеуметтік
топтар
мен
таптардың
ара-
қатынастарын, қазынаға қол салған сұғанақтар
мен қайырымсыз байлардың, жаны аяулы
жақсыны аңдып, тырнақ астынан кір іздеген
патша жансыздарының, қылп еткенге қылыш
сермеуге, қыңқ еткенге қамшы сілтеуге дайын
тұрған жазалаушы қолдың қалпын, бостандық
пен құлдық жайын азаматтық биік тұрғыдан
пайымдады, халықтың еркіндік, бостандық
аңсаған рухын жалаудай желбіретіп, көкке
көтерді.
1907 жылдың аяғына қарай Ғабдулла сегіз
жасында панасыз жас бала шағында қалдырып
кеткен туған еліне, сүйікті Қазан қаласына қазақ
жерінен аты мəшһүр ақын, белгілі публицист,
айтулы азамат болып оралады.
Қазанға келгеннен кейінгі жағдайы
жайында ақын Г.Қариевке жазған хатында
былай дейді: «Мен қазір Қазандамын. Оралда
Қазан туралы сөйлей-сөйлей аузымның суы
құрғап, ол жайлы жырлар жазушы едім. Енді
осындамын. Мұнда көңілді. Достар, зиялылар
көп, сөйлесеміз, кеңесеміз, оқимыз. Өзіміз де
жазамыз» [7]. Осы хатында Ғабдулла Оралдың
мұсылмандарының
қараңғылығына
жаны
ашитынын аңғартады. Оралдың ескілігін,
шағындығын айта отырып, Қазанның ауа
райының өзінің денсаулығына аса жайлы
болмағаны жайында бір ойдың ұшын шығарып
қояды. Ғазиза апасына хатында Қазанға келгелі
тағы бір өлең кітабын жазғанын айтады [8].
Оралдың ақын өміріндегі орны, маңызы
қанша жоғары болды дегенімізбен, нағыз ұлт
ақыны үшін өзінің ұлттық ортасынан, ұлттық
əдебиеті мен мəдениетінің орталығынан тыс
болу бақытсыздықпен парапар. Ғабдулланың
Қазан туралы, Қазанға келгеннен кейінгі көңіл
күйіндегі шалқыған сезімнің лебін осы
тұрғыдан түсінген парыз. Отанына оралу
ақынның шығармашылық, қоғамдық өмірінің
жаңа белесінің, жаңа дəуірінің басы болды.
Қазанда Ғабдулланың ақындық, азаматтық
өмірінің маңызды да мəнді, жемісті кезеңі
басталды. Қазан университетінің оқытушылары,
профессорлары, ғылыми кітапханасы, Қазанның
əдеби,
мəдени
ортасы,
шығармашылық
айналасы білім іздеген, рухани азық іздеген
талантты жан үшін есепсіз зор байлық, қымбат
қазына еді.
Ғабдулла келгенге дейін Қазанда халық
əдебиеті, балалар əдебиеті үлгілерін жинау,
зерттеу ісі қолға алынбаған еді. Ол енді өзі үшін
де, халқы үшін де қымбат, аяулы осы қазынаны
ел игілігіне айналдыру жолында еңбектенді.
Өлеңдері мен дастандарын, мақалаларын,
публицистикасын жазумен қатар халық əдебиеті
үлгілерін жинау, бастыру, насихаттау, зерттеу
ісімен айналысты. Нəтижесінде 1907 жылдан
1913 жылға дейінгі аралықта халық əдебиеті
бойынша төрт, балалар əдебиеті бойынша он
үш, барлығы отыздан астам кітап дайындап,
бастырып шығарды. Халық əдебиеті мəселелері
бойынша зерттеу жүргізді, лекциялар оқыды.
Халық əдебиеті үлгілері негізінде өлеңдер,
дастандар жазды. Халық əдебиеті үлгілерін
іріктеп, мектеп оқушыларына арналған оқу
құралдарын, оқулықтарын дайындап шығарды.
Ғабдулланың асыл уақытының мектеп
оқушыларына арналған кітаптарын дайындауға
кетіп жатқанына өкініш білдерген Сағит деген
тілектесіне жазған хатында Ғабдулла мынадай
түсінік береді: «Мен мектептеріміздің менен
жəрдем күткенін көрдім. Мен оған салқын қарай
алмадым. Мектеп кітаптарын жаза бастадым.
Мен
жазған
кітаптарымда
(əлбетте,
хрестоматия) орыстардың Пушкині, Лер-
монтовы, Аксаковы, Майковы, Плещееві жəне
басқалары да көп болғанын құп көремін. Мен
тəржіма еткен жəне пайдаға асқан шығар-
маларым татар мектебінде (маңыздылығы
жағынан) бірінші орын алмақ. Осы іске мен өз
ықтиярыммен кірістім. Бұған менің моральдық
та, заңды да хақым бар еді. Иншалла, татар
балаларының
рухына
пайдалы
ықпалым
болмақ» [9].
Хаттың өзегіндегі ең басты ой ақынның
соңғы сөйлемінде. Ақын мектепте оқып жүрген
татар балаларының рухының татар халық
əдебиетінің негізінде, əлем классиктерінің
шығармалырының асыл үлгісінде қалыптас-
қанына ерекше мəн береді. Оны өзі үшін де, ел
болашағы үшін де маңызы зор іс ретінде
бағалайды. Ақынның ағартушылық, демократ-
тық қызметінің жарқын бір қыры осы бағытта
көрініс тапты.
«Халық əдебиеті» деп аталатын еңбегінде
Ғабдулла өзінің əдеби білімінің молдығын
көрсетті. Бұл еңбек əуелде 1910 жылы 15
сəуірде лекция түрінде оқылған. Осы еңбегінде
ақын: «Халық жырлары - біздің бабаларымыз
40
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
қалдырған ең қадірлі жəне ең бағалы мирас»
[10],- деп, биік пікір айтты. Кей тұстарда халық
өлеңдерінің мазмұны мен пішініне өзінің көңілі
толмайтынын да ашық білдіреді. Осындай
пікіріне мысал ретінде ақын татар халық
өлеңдерінің тобынан мына бір өлеңді келтіреді:
Қалпағым бар, шəлім жоқ
(Калфагым бар, шəлем юк),
Шəлі алдырмай халім жоқ
(Шəл алдырмый хəлем юк).
Сенен басқа сүйгенім жоқ
(Синнəн башка сөйгəнем юк),
Сені алмай халім жоқ
(Сине алмый хəлем юк).
Ақын айтыс жайында да өз ойларын
тереңнен таратып баяндайды. Татар халық
əдебиетіндегі айтыс жанрының үлгілерін қазақ
халық
əдебиетіндегі
айтыс
жанрының
үлгілерімен салыстырып пайымдайды. «Қазақ
халқында болған бір-бірімен айтысып жырлау
біздің халықта да бар,- деп жазады ақын. -
қарама-қарсы жырласқанда, біздің халық бір-
бірінің есімдерін жырға қосып, еш керексіз,
мағынасыз сөздерді айтқандықтан, жырлары
дəмсіз шыққан»[10].
Ақын халық əдебиетінің елдің рухани
өміріндегі маңызын өте жоғары бағалайды.
«Шын халық тілін, шын халық рухын бізге тек
халық жырларынан ғана табуға болады» [10],-
деген қорытындыға келеді. Бұл Ғабдулла
Тоқайдың өз заманының қоғамдық ойынан озып
барып білдірген биік эстетикалық көзқарасы еді.
Ақын Қазан айналасындағы, одан алыс
жатқан халықтың тұрмыс-тіршілігін көріп,
елінің қараңғылығына, надандығына жаны
ауырады. 1908 жылы жазда Фатих Əмірханға
хатында осындай жағдайда көргендері мен одан
көңіліне түйгендерін жабырқап отырып жазады:
«жетімдер, фақырлар, ашыққандар, ауылдан
ауылға сатылып жүргендер, рақымсыз татар
байларында малай болу... Бұл хал əбден
тойдырды мені. Фатих Кəрімов Орынборға
шақырған еді...» [11]. Халықтың өмірін,
қайыршылық жағдайын өз көзімен көрген,
солардың бəрін кезінде өз басынан өткізген
ақын ойланбай, толғанбай тұра алмайды.
Халқына қалай қамқар болудың, игілік
жасаудың жолдарын іздестіреді.
1910 жылы 9 қарашада Сағит Сүйншəліге
жолдаған хатында елдің, өзінің жағдайына
көңілі толмай: «Мен өзім тұрмыстан, оны
түсінуден, ол туралы ойлаудан мүлде безіндім»
[12],- деп жазды. Ал келесі жылдың наурызында
Сағит Рəмиевке жолдаған хатында осы көңіл
күйінен арыла алмай: «Көз алдым қараң-
ғыланды, бар тұрмыстан, бар тірліктен жəне
өзімнің қиялдарымнан толық үміт үздім» [13],-
деп, мұң шақты. Əрине, ақын мұны бір сəттік
əсердің негізінде жазбағаны анық. Өзінің
тұрмыс жағдайының ауырлығы, халықтың
қайыршылық жағдайы, патша тыңшыларының
тіміскі істері, байлықтың басын ұстағандардың
қайырымсыздығы, биліктің басында жүрген-
дердің зорлығы, қулық пен сұмдық ақынның
ағартушылық, демократиялық көзқарасына,
танымына мүлде қайшы еді. Осы қайшылық
оны осындай торығуға дейін алып келеді. Əйтсе
де ақын шығармашылықтан қол үзбейді. Өз
шығармаларымен қатар осы жылда бірқатар
аудармалар
жасайды.
М.Ю.Лермонтовтың
«Пайғамбарын»
татар
тіліне
аударады.
Аудармасының шамадағыдай шыққанына көңілі
толады, бірақ оны оқырмандарға ұсынуға
батылы бармай отырған жайынан хабар береді
[12]. 1911 жылы «Сөз өнерінің теориясы»
сияқты еңбектің жасалмағанын айта отырып,
ақындар үшін өлең құрылысының теориялық
жүйесінің жоқтығына қарамастан, уəзін мен
келісімдер түрліше болса да, терең мағына,
гөзəл пішін керектігіне назар аударады [14].
Осы ойларына қарағанда, ақынның татар
өлеңінің теориясын жасау туралы ниетте
болғаны аңғарылады. Бұл ниет туған халқының
əдебиеті мен өнерін шексіз сүйген, соның
өркендеуі жолында бар күшін, білімін жұмсауға
даяр, бірақ мүмкіншілігі шектеулі ғазиз жанның
биік мұратынан хабар береді. Осы жылы Сағит
Сүйіншəліге жазған басқа бір хатында ақын
ерекше мəнді шығарма жазбақ ойда жүргенінен
хабар береді. «Бір поэма хақында басымда түрлі
қиялдар жүр. Ол - татарша, татар рухында, татар
геройларыменен дүниеге бір «Евгений Онегин»
алып келу. Алла не берер. Сен, қолыңнан келсе,
тырысып көр. Мен де» [15]. Айтылған жайлар
Ғабдулланың ойында бір емес, бірнеше
шығармашылық ой өзегінің қатар пісіп-
жетілгенін көрсетеді. Оның үстіне ол осы
шығармашылық ойларын жасырмай, ақын
досына айтады, айтып қана қоймай, оған өз
көкейіндегі осы тақырыпта кесек туынды жазу
туралы кеңес береді. Мұндай ұсыныстың,
кеңестің негізінде де үлкен азаматтық, ірі кісілік
жатыр деп білу парыз.
Ақын «Пеш үсті хиссасы» естелігінде
(«Бастан өткен бір іс») 1911 жылы күзде болған
бір жайды баяндайды. Күзгі қара суықта ақын
от жағылмаған суық пəтерде қатты тоңады. Осы
күндердегі ахуалын ақын «Тоңушы» өлеңінде
де баян етеді. От жағылмаған суық пəтерде
тоңған ақынға безгек жабысады. Бойын жылыту
үшін ыстық шəй ішеді. Бүкіл денесі жүріп келе
жатқан пойыз секілді селкілдеп, дірілдегенде,
шəй ішудің өзі қиынға айналады. Бірақ ақын
қалтыраған қолымен кеседегі ыстық шəйін
41
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
үзбей ішіп, бой жылытуға тырысқан. Одан да
медет болмаған жағдайда, бар киімін, көрпесін
жамылып, бүркеніп жатуға мəжбүр болған.
Осылай жатып жіпсіп, терлегенде ғана аурудың
құрсауынан босанып, жан шақырған. Мұндайда
аурудың азабы басылғанмен, өзі əбден
қалжырып, сүлдесі құрып тұрар еді [16]. Ақын
өзінің осындай жағдайына сабырмен қарауға
дағдыланады. Сағит Сүйіншəліге хатында:
«Ауруымның ұстамағанына бүгін сегізінші күн.
Ауруыма қайғырмағаным секілді саламат-
тығыма да қуанбаймын. Бəрібір» [17]. Осындай
халден қажыған ақын қысқа қарай ауылға
кетеді.
1912 жылы 1 қаңтарда Ғылметдин
Шəріпке жолдаған хатында ақын ауылға
келгенін, Үшүйліден өзіне шағын бір үй
берілгенін, күніне екі рет от жағылатынын,
үйінің жылылығын айтады. Ертеменен жаңа
сауған сүт ішеді. Біраз əлденіп, денсаулығы
жақсарып қалады. Он бес күннің ішінде
Қазанның қара суығында басынан өткен
тауқыметтің бəрін ұмытқандай болады.Осы күні
Ахмет
Орманшиевке
жолдаған
хатында
Грибоедовтың
«Ақылдан
азабы»
мен
Лермонтовтың «Толық шығармаларын» жіберу
туралы өтініш білдіреді. Аурудың құрсауынан
босанғандай болғанын сезінген ақын шығарма-
шылық ізденіске түседі.
Біраздан соң ауылдан он шақырымдай
жердегі базарлы ауылға барады. Сол жерде бір
орыс шалдың үйіне түседі. Қасындағы серіктері
базарға кеткенде, бұл үй иесінің қасында қалып
қояды. Сол үйде денесі тоңазып, ауруы қайта
белгі бере бастағанда, қожайын мұны пештің
үстіне жатқызыды. Пеш үстінің жылылығынан
ақынның тұла бойы балбырып, рахат күйге
түседі. Осы күйіне бек разы болған ақын былай
дейді: «Егер мен бай болсам, үй иесі қартқа
оның пешінің үстінде жатқан уақытымның əр
минутына бір теңге берер едім» [16]. Осылай
рахат күй кешіп жатқанда, ақынның есіне
ілгеріде бір жазған өлеңінің жолдары түседі.
Онда ақын қартаймайтынын, қарт болып қарап
отырмайтынын, Құдай қос көрсе, жылу іздеп
пеш үстіне де шықпайтынын, керек қызуды
шайырлықтан алатынын жазған екен. Енді пеш
үстінде жылынып жатып, сол өлеңінің осы
мағынадағы төрт жолын есіне алғанда, ақын
өзінен-өзі күліп, былай дейді: «Иə, шайыр бір
басқа да, дүниені айналдырушы шығыр бір
басқа» («шигырь
башка
да,
дөньяны
əйлəндерүче чыгыр башка») [16].
Ғабдулла Үшүйліде біраз əл жинаған соң,
сол жылы қыста Қазанға қайтып келеді. Қазанда
жеке
пəтер
жалдап
тұрады.
Пəтердің
қожайындары жайсыз келеді. Өзінің де жағдайы
болмайды. Одан басқа пəтерге көшеді. Осы
жылы ақын Самараға, одан Уфа арқылы
Петербургке келеді. Дəрігерлерге қаралады.
Дəрігерлер Петербургтің ауа райы денсау-
лығына жайсыз екенін, елге қайтып, қымыз ішуі
керектігін айтып, кеңес береді. Дəрігер
Ғабдулланың денсаулығының жайын оның өзіне
ашық айтпай, қасындағы достарына айтады.
Олар
дəрігердің
сөзінен
Ғабдулланың
ағзаларының төрттен үш бөлігі туберкулез
ауруынан тозғанын біледі. Ақын Питерде он үш
күн болып, мамырдың басында Уфаға оралады,
онда бірнеше күн демалып, Тройцк қаласына
келеді. Осы шақтағы жағдайына қарай ақын
естелігінде («Мəкалəй махсуса») былай дейді:
«...менің аурудан басқа ісім жоқ. Бір зор іс
тындырып жүрген секілді əлдеқайда барып
ауырып жүрмін. Ауылда ауырдым. Қазанда
ауырдым. Самарда ауырдым. Уфада ауырдым.
Патша тұрып жатқан шəһəр Петербургкке
барып ауырдым. Троицк халқы да көрмей
қалмасын деп, мұнда да ауырдым» [18]. Ақын
Тройцкіден қазақ аулына келеді. «Қаланың
қоқысынан, зауыттардың түтінінен, бұзылған
ылғал ауадан қашып шығып, арбадан кемеге
отырып, кемеден отарбаға ауысып жүріп əбден
есім ауған мен бейшара, ақыры, бір рахатқа,
тыныштыққа жетіп жығылдым, - деп, қымызды
ауылға
келгендегі
көңіл
күйін
сүйініп
сипаттайды. – Бұл - сахара. Бұл - қазақ жері.
Əуелі «бисмилла» деп, шешініп тастадым.
Даланың құрғақ ауасы. Сүт, қаймақ, жаңа ғана
сауған саф саумал. Бүгін ғана сойылған малдың
жас еті. Бəрі табиғи, бəрі алдаусыз» [18]. Қазақ
даласының табиғи тазалығы, кеңшілігі мен
молшылығы, қайырымы мен мейірімі ақынның
жан сарайын жаздай жадыратады. Жарты əлемді
шарлап, ойындағы жеріне шаршап жеткен ауру
ақын алғашқы күнгі осы көңіл күйін өзінің
«ОллаҺи» атты өлеңінде көркем тілмен,
шынайы шабытпен жеткізді. Қазақ даласына
дертіне дауа, ауруына шипа іздеп келгендіктен,
айналасына сүйіспеншілікпен, өмірге деген
құштар сезіммен қарайды. Ауруына емді,
дертіне дауаны қазақ даласынан табатындай
үміт құшағында тербетіледі. Өлеңде сурет-
телген қазақ даласының саф ауасы, аспанда
қазақтардың өзі секілді көшіп жүрген ақша
бұлт, жайнаған жасыл жер, сайраған құстар,
желпіп ескен самал жел – осылардың бəрі
ақынның жабырқаған көңіліне, қажыған тəніне,
шаршаған жанына жайлы əсер етеді. Ақын
осындай жағдайда қазақ даласында екі айдан
аса тұрады.
Ақын 1912 жылы жазда Ғылметдин
Шəріпке былай деп жазды: «Мұнда хəлім
жақсы, етке тоқ, қымызға қарық болып тұрмын.
42
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
Тройцкіден 25 шақырым жерде тұрамын. Екі
қазақ үйінен басқа айналада көзге ештеңе
көрінбейді. «Ауруым, тағы басталмаса, енді
қайтты», - деп қараймын өзіме» [19].
Ғабдулла шілденің аяғында Қазанға
қайтады. Қазанда ол қонақ үйде тұрып, ақын,
жазушылармен,
журналистермен,
баспа-
герлермен қоян-қолтық, қызу жұмыс жасайды.
Шығармашылық жолдағы зиялылармен бас
қосып, əдебиет, мəдениет, білім, ел тұрмысы
туралы пікір алмасады. Ағартушылық, демокра-
тиялық ойларын жүзеге асырудың жолдарын
іздестіреді. Елдің, ел жастарының оқуына, білім
алуына зор көңіл бөледі. Осы мақсатта
жорналдар, кітаптар шығару ісіне белсене
араласады. Өзі де бірнеше кітап шығарады.
«Жан азығы» атты өлеңдер жинағы жарық
көреді. Мектеп балаларына арналған əдебиеттік
оқу кітабы (хрестоматия) баспадан шығады.
Күзге салым ақынның денсаулығы нашарлайды.
Патша үкіметінің Қазандағы көзі мен құлақтары
ақынның ниеттестері мен өзінің басқан іздерін
аңдып, соңдарына тыңшы салып қояды. Ауру
айналдырып, дерт меңдеген ақын қатты
шаршап, шалдығады. Ұйқысы бұзылады. Сəл
нəрсеге ашуланып, əр нəрсеге үрке қарайтын
болады. Көңіліне үрей ұялайды. Əйтсе де ол
шығармашылық жұмыстарын бір сəтке де
тоқтатпайды. Меңдеген ауру, тұрмыс тауқыметі,
толассыз еңбек, санаға салмақ салған сыртқы
қысым нəтижесінде ақынның халі мүлде
төмендеп кетеді.
1913
жылдың
ақпанында
Ғабдулла
ауруханаға түседі. Аурухана емшілері ақынның
жағдайын көріп, жанашырлық көрсетеді. Осы
шақтағы жайының қаншалықты ауыр екендігін
ақынның Фатих Əмірханға хатында көрініс
тапқан мына сөздерден аңғаруға болады:
«Аурухана дəрігерлері маған:
-Ауруханаға неліктен ертерек келмедіңіз?
- дейді. Мен оларға:
-Біз аурухананы өлімнің əуелгі стансасы
деп білеміз. Аз да болса жарық дүниеде жүре
тұрғым келгендіктен сөйттім, - деп жауап
бердім» [20].
Ақынның сөзінен əзіл лебі сезілгендей
болады. Əйтсе де онда шындық бар еді.
Ақынның өз жағдайын жақсы білгенінде сөз
жоқ. Сарқылуға таяған өмірінің əр сəтін
шығармашылыққа арнады. Қолына қалам
ұстауға күші барда, ақыл жарығы сөнбей
тұрғанда шығармашылық мақсаттарын іс жүзіне
асырып үлгеруге асықты. Өмірінің ақырғы сəті
таянғанда, ақын осы ісінің нəтижесін көріп,
көңілін демдегендей күй кешеді. Сол күйдің
əсерімен ең соңғы мақаласында былай деп
тебіренді: «... тыр жалаңаш қалып, талансам да,
тұрмыста бек қатты алдансам да, жасымаймын,
Аллам жол ашар əлі дедім... Алла жол ашты...
Əй, жер жүзіндегі түркі баласы, ғалымсың ба,
хəкімсің бе, падишамысың, қайыршымысың,
енді кетерде мен сенен ұялмаспын, енді сен кім
болсаң да, мен саған жазған кітабымды мақтана-
мақтана ұсына аламын... Алла - тілекке
жеткізуші» [21]. Осыдан көп ұзамай ақын дүние
салды.
Татар халқының ұлы ақыны Ғабдулла
Тоқайдың өмір жолы азапты жол болды. Сəби
кезінен жабысқан жетімдік, жоқшылық, дерт
оны өз құрсауынан бұл дүниеден өткенше
шығармады. Сондай жағдайда, тұрмыстың
қайғысы мен қасіретінің сазын толарсақтан
кеше жүріп, жарығы мен жарқылы жаһанның
жанарын жайқағандай жақұт жырлар жазды.
Татар халқының əдеби тілінің негізін қалады.
Татар халқының азаматтық, қоғамдық санасы-
ның жаңаруына ықпал етті. Татар əдебиетінің
дамуына өлшеусіз зор еңбек сіңірді. Ауру күн-
дерінің қайғысына күйінбегені, сау күндерінің
тыныштығына сүйінбегені секілді жоқ күн-
деріне тарынбады, бар күндеріне табынбады.
Мақтанға салынбады. Бəріне бірдей қарады.
Бəріне төзді. Бəріне шыдады. Бұ дүниенің азабы
мен мехнатынан ол өліп қана құтылды.
Алла рақым етсін Ғабдулла Тоқайдың
рухына.
ƏДЕБИЕТ
1.Тукай Г. Исемдə калганнар // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 5. -
Казан: Татар. кит. нəшр., 1986.
2. Тормыш һəм ижат елъязмасы. // Габдулла Тукай:
Тормыш һəм ижат елъязмасы. - Казан: Татар. кит.
нəшр., 2003.
3. Апасы Сажидəгə хат (Уральск, 1902 ел) // Тукай Г.
Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
4. Апасы Сажидəгə хат (Уральск, 1903 ел, 30 июнь)
// Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
5 Туганнары Абдулловларга хат (Уральск, 1904 ел,
26 апрель) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
6. Тукай Г. Шигырьлəремез // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 5.
7. Тукай Г. Жырлар дəфтəре // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 2. Шигырьлəр. Поэмалар (1909-1913). -
Казан: Татар. кит. нəшр., 1985.
8. Габдулла Кариевкə хат (Казан, 1907 ел6 30
декабрь) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
9 Апасы Газизə Госмановага хат (Казан, 1908 ел, 27
март) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
10 Тукай Г. Халык əдəбияты // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 4. - Мəкалəлəр. Хикəялəр. Фельетоннар
(1907-1913) - Казан: Татар. кит. нəшр., 1985.
11. Фатих Əмирханга хат (Казан, 1908 ел, 13 март)
// Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
12. Сəгыйть Сүнчəлəйгə хат (Казан, 1910 ел, 9
ноябрь) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
13. Сəгыйть Рəмиевке хат (Казан, 1911 ел, 4 март)
// Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
43
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
14. Сəгыйть Сүнчəлəйгə хат (Казан, 1911 ел, 1
гыйнвар) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
15. Сəгыйть Сүнчəлəйгə хат (Казан, 1911 ел, 4
март) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
16. Мич башы кыйссасы // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 5.
17. Сəгыйть Сүнчəлəйгə хат (Казан, 1911 ел, 20
октябрь) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
18. Тукай Г. Мəкалəй Махсуса // Тукай Г. Əсəрлəр. 5
томда. – Том 5.
19. Гыйльметдин Шəрəфкə хат (Казан, 1912 ел, 1
гыйнвар) // Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
20. Фатих Əмирханга хат (Казан, 1913 ел, февраль)
// Тукай Г. Əсəрлəр. 5 томда. – Том 5.
21. Тукай Г. Уянгач беренче эшем // Тукай Г.
Əсəрлəр. 5 томда. – Том 4.
22. http://gabdullatukay.ru
* * *
АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ
А13 Абдикова К.Т.
Методические рекомендации разработаны в соответствии с
Законом РК « Об образовании» от 27 июля 2007 года,
приказом МОН РК №125 «Об утверждении Типовых правил
проведения текущего контроля успеваемости,
промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в
высших учебных заведениях» от 18 марта 2008г., приказом
МОН РК №427 «Требования к уровню подготовки магистров
в рамках экспериментальных образовательных программ»,
«Требования к магистерской диссертации» от 22 июня
2005г.
Методические пособие предназначено для магистрантов и
преподавателей.
ББК 84.2
К 11
Мұсалы Л. Оқытудың инновациялық технологиялары
(əдістемелік нұсқаулар). – Алматы;2009. - 18б.
Əдістемелік нұсқауда оқыту үдерісінде ақпараттандыру
құралдарын қолдану арқылы іске асатын инновациялық
технологиялар, сабақ түрлері бойынша түсініктемелер
берілген.
ЖОО ұстаздары мен жас оқытушыларға арналған.
Абай институтының хабаршысы. № 1 (7). 2011
ТІЛ БІЛІМІ
М. Мəмбетова
Достарыңызбен бөлісу: |