26
тең болса, онда бұл екіпозициялық код.
Хабарламаның бір дискретті элементіне
сәйкес келетін элементар
сигналдардың жиынтығы кодтық комбинация деп аталады.
Дискретті
хабарлама
элементтеріне
сәйкес
келетін
кодтық
комбинациялардың жиынтығы код деп аталады.
Кодтық комбинацияны құрайтын элементар сигналдардың саны кодтық
комбинация ұзақтығын сипаттайды және кодтың мәні деп аталады.
Кодтар
біркелкі және біркелкі емес деп ажыратылады.
Біркелкі код деп - кодтық комбинациясы бірдей элементарлық
сигналдардан тұратын кодты айтады.
1.16 сурет - Екілік кодтың кодтық комбинациясы
Біркелкі емес код деп - кодтық комбинациялар элементар сигналдардың
әртүрлі санынан тұратын кодты айтады.
Бөгеуілге орнықты кодтар бойынша
қарапайым және түзетуші болып бөлінеді.
Қарапайым код - қателерді
анықтауға және түзетуге мүмкіндігі жоқ код.
Қарапайым кодтарда барлық
кодтық комбинациялар дискретті хабарламаның белгілі бір (дискретті)
элементіне бекітіледі, яғни бос пайдаланылмайтын
кодтық комбинациялар
болмайды.
1.17 сурет - Кодек
Түзетуші кодтар қатені табуға және оны жөндеуге мүмкіндік береді.
Түзетуші қасиеттер - қосымша артық символдарды енгізу арқылы пайда
болады. Жалғыз қателікті табуға болады. Жалғыз қателікті түзеу үшін
қосымша символды енгізу керек.
Кодтауды жүзеге асыратын құрылғы кодер
деп аталады.
27
Кері процесті жүзеге асыратын құрылғы декодер деп аталады.
1.5.4
Кездейсоқ сигналдардың сипаттамалары.
Кездейсоқ сигналдың
детерминирленген
сигналдардан
басты
айырмашылығы, оның кейбір
параметр
мағыналарын
алдын
ала болжау мүмкін емес.
Барлық кездейсоқ сигналдар
мен бөгеуілдер белгісіз, сондықтан олар
үшін лездік шамаларды есептеуге болатын математикалық модельді
(формуланы) таңдау қиынға соғады.
Бұл тапсырманы шешу үшін ықтималдықтар теориясы қолданылады.
Барлық кездейсоқ құбылыстар
кездейсоқ оқиғаларға, кездейсоқ
шамаларға, кездейсоқ процестерге бөлінеді.
Кездейсоқ оқиғалар - бұл тәжірибе нәтижесінде орын алатын немесе
орын алмайтын кез-келген факт (мысалы, мәтінді қатесіз жіберу).
Кездейсоқ
оқиға
Достарыңызбен бөлісу: