Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


кВ және одан жоғары тиімді жерлендірілген бейтараптамалы жерлендіру –қондырғыларын есептеу



бет26/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
12.3 110 кВ және одан жоғары тиімді жерлендірілген бейтараптамалы жерлендіру –қондырғыларын есептеу 
Жерлендіргіш құрылғыларды есептеген кезде рұқсатты кедергі есебі
Rз ≤ 0,5 Ом өткізгіштік материялдар және еңбек ақталмайтын шығынына алып келеді. 110 кВ және одан жоғары ТҚ қолдану тәжірбиесі жанасу кернеуін нормалауға өтуге болатынын көрсетеді.
Адам денесіне нақты түрде кедергі әсер етеді
Uч=Uпр-Uс,
мұнда Uс = IчRс— адамның екі табанының кедергісі арқылы жерге өткенде кернеудің түсуі.
Егер табанның радиусы r = 8 см, диск ретінде қабылдасақ онда:
.
Адам арқылы өтетін тоқ келесі өрнекке тең болады,
.
Тоққа түсу қаупі тоқ мәнінен және оның адам денесінен өту ұзақтығына байланысты болады. Қабылданған нормаларға сәйкес рұқсатты тоқ келесідей анықталады:
Әсер ету ұзақтығы, с……...………………….0,1 0,2 0,5 0,7 1,0
Рұқсатты тоқ, мА……………………………..500 250 100 75 65
Сонда рұқсатты жанасу кернеуі келесідей Uпр ≤ IчRч + Uc.. Нәтижесінде Uc және Rc, мәндерін орнына қойып келесі өрнекті аламыз Uпр ≤ IчRч + 1,5Iчρв,с. 
13 дәріс. Оперативтік тоқ көздері
Дәрістің мазмұны:
- элетктр станциялары мен қосалқы станциялардағы оперативтік тоқ көздері.
Дәрістің мақсаты:
- оперативтік тоқ көздерінің түрлерін және оларды таңдауды меңгерту.
13.1 Тұрақты тоқ қондырғылары 
ЭС және ҚС-да сигнализациялардың, автоматикалардың, апатты жарықтандырулардың басқару тізбектерін және де өзіндік мұқтаждық механизмдерінің неғұрлым жауапты қондырғыларын қоректендіру үшін аккумуляторлық батареялар орнатылады. Бұл барлық тұтынушылар тұрақты, уақытша және қысқа мерзімді қосылған болып үш топқа бөлінеді.
Тұрақты тоқтың негізгі көзі сілтілік қышқылды аккумуляторлар СҚ, болып табылады. Олардың қызмет ету мерзімі үлкен және жұмысқа тұрақты болып келеді. Аккумуляторлардың СҚ түрі СҚ-1 ден СҚ-148 дейін 46 түрлі болып шығарылады .
СҚ-1 аккумуляторлары келесі сипаттамаларда болады:
Разряд режімі, сағ…………………….…10 7,5 5 3 2 1
Разрядты тоқ, А…………………………..3,6 4,5 6 9 11 18,5
Номиналды сыйымдылығы, А∙сағ………..36 33 30 27 22 18,5
Қосалқы станцияларда СН типті аккумуляторлар кеңінен қолданыс тапты, олардың өлшемдері шағын және разрядты сипаттамалары жақсы болып келеді. СН типті аккумуляторладың құндылығына жұмыс процесінде сілтілік қышқыл буының аз бөлінуі жатады.
ЭС және ҚС-да аккумуляторлық батареялар тұрақты зарядталу режімінде жұмыс істейді. Аккумуляторлық батареялардың тұрақты зарядталуы өздік разрядты қарымталауға жеткілікті (СҚ типті батарея тоғы — 0,03N), аз мәнді тоқпен жүзеге асырылады. Өздік разрядталу деп пластиналардағы сыртқы реакциялар әсерінен аккумулятордағы сақталған химиялық энергияның тұрақты шығынын айтады. Зарядтау құрылғылары ретінде кремнилік вентилді статикалық түрлендіргіштер (түзету құрылғылары) қолданылады.
Аккумуляторлық батареяларда элементті коммутатор 2 деп аталатын 13.1. суретінде көрсетілгендей элемент сандарын реттеу құрылғысы болады . Қосылуы пластиналардан сырғып, батареяның жеке элементтерін қосатын 3 және 4 щеткалар арқылы іске асырылады .
Шинадағы кернеуді реттеу үшін разрядты щеткасы 4 қызмет етеді, ол кернеу реттегіш құрылғысымен (АКР) басқарылатын шағын электрқозғалтқыш арқылы ауыстырылады. Батарея зарядталуы уақытында 3 зарядты щеткасы қолданылады. Сұлбада зарядтау үшін түзету құрылғысы 5 және батареяны зарядтау үшін қозғалтқыш-генераторы 1 көрсетілген. Қарстырылған сұлба кемшілігі инерциялылығы болып табылады.



I –сигнализация және басқару тізбегі; II – электрқозғалтқыштар-дың апатты жарықтандыру; III -қосылу электромагниті
13.1 Сурет - Аккумуляторлық батареялардың
элементті коммутатормен тұрақты зарядталу режіміндегі
сұлбасы

Кернеу деңгейін ұстап тұрудың неғұрлым жаңа әдісі - элементті коммутатолардан бас тартып тиристорлы зарядты-асқынзарядты түзеткіш агрегаттарды қолдану болып табылады. Бұл кезде батарея әртүрлі шартта болатын екі бөлікке бөлінген, разряд заряд режимінде және қалыпты жұмыс режімі.
Қуаты 200 МВт-қа дейінгі жылулық (ЖЭО) бөлігі көлденең байланысқан жылу электростанциясында бір аккумулятор­лық батарея орнатылады, ал қуаты 200 МВт астам болса, бірдей сыйымдылықты екі аккумулятор­лық батарея орнатылады. Блоктық ЖЭС әрбір ББҚ-да бір батарея орнатылады, қуаты 300 МВт және одан да жоғары энергоблокта — әрбір энергоблокқа бір батареядан орнатылады. АЭС-да аккумуляторлық батареялар қауіпсіздік жүйесінің, СУЗ, апатты жарықтандырудың апатты қорек көзі болып табылады, және де басқару құрылғысының, автоматиканың, сигнализация және релелік қорғаныстың оперативті тоқ көзі болып табылады.
110 — 330 кВ қосалқы станцияда тұрақты оперативті тоқпен бір аккумуляторлық батарея орнатылады, 500 — 750 кВ қосалқы станцияда —тұрақты толықтырғы заряд (подзаряд) режімінде жұмыс істейтін, коммутаторлық элементсіз 220 В екі батарея орнатылады. Қуаты 1000 МВт-қа дейін СЭС-да бір, ал 1000 МВт-тан жоғары болса, басты корпуста екі аккумуляторлық батарея орнатылады және АТҚ алыста орналасса, АТҚ аймағында батареялар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет