Коммуникация



Pdf көрінісі
бет158/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246
27В.А.  Сухарев.
  М ы   гово­
рим   на  разны х язы ках. 
М„  1998, 46 б.
189


28 3. 
Трестерова. 
Некоторые особенности 
русского менталитета  и 
их отражение в неко­
торых особенностях 
русского языка// IX Меж­
дународный  Конгресс 
МАПРЯЛ.  Русский язык, 
литература  и  культура  на 
рубеже  веков. Т.  2.  Бра­
тислава,  1999,179  б.
данысы  қоршаған  ортаға деген  жақсы  қарым-қатынасты,  құрметті, 
әдептілікті көрсетеді.
Әсіресе бұл  жұрнақтар  балаларға  қарата  айтылған  сөйлеу тілін- 
де  жиі  қолданылады. Дүкендерде жасы  үлкен  әйелдер өз тілдерін- 
де дайте хлебушка,  колбаски,  молочка, маслица деп сөйлейді.
Бүгінгі  күннің  саудагерлері  орыс  халқының  мұндай  «әлсіз» 
ерекшелігін  тілдік  қару  ретінде  ұтымды  пайдаланады.  Олар  өз 
өнімдерін, айталык, сэры  майды  «маслице»  (мүндай  еркелету мән- 
ді  сөз  орыс  халқының  тілдік  санасына  жақын),  сүлы  жармасынан 
дайындалған  печеньені  «Овсяночка» деген жазуымен таңбалап  са- 
тылымға ұсынды.
Химкиде орналасқан әскери-сауықтыру госпиталіндегі бір таны- 
сымның қал-жағдайын  сүрап барғанымда,  бойы  үзын  әскери  адам- 
ның  өзі  аүруханада  жатса  да,  туыстарына  телефон  арқылы  «Я тут 
попал  в  госпитолек»  деп  сөйлегенін  естіп  қалдым.  Әдепті  орыс 
адамы  өздерінің  жақын  адамдарын  «госпиталь»  сөзімен  қорқыт- 
пау үшін,  оны  жумсартып  жеткізу  мақсатында  кішірейту  мәніндегі 
жұрнақтарды  утымды  пайдаланады.  Ал  госпитальдің өзі  алдырмас 
үлкен  бекініске уқсайды.
Ұшақтағы  стюардесса жолаушыларға  қурмет көрсету үшін  олар- 
ды  қолындағы  билетіне  қарап  «третий  салончик,  второй  салон- 
чик,  пожалуйста» дейді.
Еркелету  мәнді  реңк  тудыратын  жұрнақтар  кез  келген  сөзге, 
тіпті  өзге  тілден  енген  кірме  сөздерге  де  жалғануы  мүмкін.  Мәсе- 
лен,  Мәскеуде «Парфюмчик» деген дүкен  ашылған.
Словакиялык,  профессор  Зденька  Трестеров  орыс  халқының 
өз  ана  тілдерінде  мундай  журнақтың  жиі  қолдануын  Кеңес  одағы 
кезіндегі  ауыр  тағдырдың  әсері  болуы  керек  деген  пікір  білдіреді. 
Адамның әл-ауқаты, турмыс жағдайы  нашар  болған  сайын,  ол жақ- 
сы  өмір сүруге ұмтылады.  Әсіресе зиялы  қауым  өкілдерінің барлық 
әдемі  нәрселерге  деген  қызығушылығын  (киім,  иіс  су,  жииаз  т.б.) 
жатқызуға болады.28
Тұрмыстың  жутаңдығы  мен  өмірдің  тұрпайылығы  орыс тілінде 
әдепсіз, былапыт сөздердің мол  қорын  цалыптастырса да, әдептілік 
пен  құрмет  көрсетудің  белгісі  ретінде  кішірейту-еркелету  мәнді 
жұрнақтардың  белсенді  қолданысы  да  сақталып  қалған.  Олар  жай 
ғана  книги емес, книжечка сатып  алады  және оқиды, огурчики,  по­
мидорчики,  капусточку  жейді.  Мәселен,  Ахматованың  мына  өлең 
жолдары:  «А  мне  ватничек  и  ушаночку».  Мұнда  әрі  фольклор- 
мен  байланысын,  әрі  қай  жаққа  жер  аударылғанын  тұспалдайтын 
мән  бар.  Әдебиетте  белгілі  бір  ұғымдарды  шектен  тыс  ұлғайту  не 
кішірейту  тәсілдері  крлданылады.  Мысалы:  Я  возьму  свеколки, 
капустки,  морковочки,  все  нарежу  меленько  и  варю  на  малень-
190


ком  огонечке,  добавлю  лучка,  петручешки,  укропчика  (кезек  күтіп 
тұрған сәтте естілген  әңгіме).29
Беделді мәскеулік шипажайлардыңбірініңесігінде «Медсестрич­
ки» деген жазу бар.  Шипажайдың қызметкерлері асханаға  қарай  қа- 
лай өту керегін былай түсіндірді:  По коридорчику направо.  Ал дәріні 
қабылдау  кезінде  былай  дейді:  «Это  вам  анальгинчик,  стрепто- 
цинчик и ноотропильчик».  Ағылшынтілді өкілдердің өз тілінде dear 
little corridor)  немесе dear little hospital деп  сөйлеуі мүмкін  емес.  Мұ- 
ның мүмкін еместігі ағылшын тілінде кішірейту және еркелету мәнді 
жүрнақтардың  мүлде  қолданылмауынан  емес,  ағылшын  халқының 
менталитетіне тән  болмауы  негіз болып  отыр.
Кез келген тілде менталитетке тән емес нәрсе тілдік жүйеде бей- 
нелене  алмайды.  Ағылшын  халқы  тілдегі  мүндай  «нәзіктікке»  үй- 
ренбеген.  Орыс тілді  өкілдердің  көтеріңкі  эмоциялыққа  бейімділі- 
гі,  атап  айтқанда,  әсірелей  бағалауда  (overstatement),  ең  алдымен, 
пунктуациядан, леп  белгісінің қолданысынан  байқалады.
Орыстіліндеағылшынтілімен салыстырғанда леп белгісі көбірек 
қолданысқа  түскен.  Өйткені  бұл  үдеріс  орыс  халқының  эмоциялы 
халык,  екенін,  оларға  көтеріңкі  эмоциялык,  тән  екенін,  өз  эмоция- 
сын  ашық  көрсететінін  білдіреді.  Орыс  тілінде  леп  белгісі  жазбаша 
формада -  кез  келген  жанрда,  ресми  стильде  қаратпа  сөзден  кейін 
қолданылады. Ал ағылшын тілінде  қай жанрда болсын үтір қойыла- 
ды.  Мұның өзі  мәдени  ңақтығыс тудырады.
Ағылшын  тілінің  өкілдері  тарапынан  орыстармен  хат  алмасуда 
қолданылатын леп  белгісі түсінбестікке әкеп  соқтырады:  Dear John! 
Dear Smith I Dear Sir /  Madam I
Орыс  тілділер  адам  есімінен  кейін  қойылатын  үтірге  ренішпен 
қарайды:  олар  бізге  құрмет  көрсетпейді,  біз  үшін  леп  белгісін  аяй 
ма, Dear Svetlana,  -  бұл  не деген  сөз!
«Aeroflot»  журналының  ағылшын-орыс  тілінде  қатар  берілетін 
мәтіндерін  аударуда  сауатты  аудармашылар  ағылшын  тілінде  леп 
белгісін  қоймайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет