13
П. Устинов.
О себе лю бимом.
Пер. Т.Л. Черезовой.
М .Д 9 9 9 Д 8 8 б.
әрекет екенін ескерттім. Британдықтар өз талаптарын орындамау-
ды әділетсіздік деп түсінді, сөйтіп кәдімгідей қатайды.
Ақырында,
маған олардан делегация келіп, өз талаптарын қойды: олар шай
ішуді қоя тұрады, бірақ барлық есептерде олардың шайға үзіліс
алғаны жазылуы тиіс. Мәселе айқын, Лондонның суық кабинетін-
де отырғандар ереженің не үшін бұзылғанын түсінбеуі мүмкін. Ер-
кіндіктің қан тамырларында атеросклероз ойнай бастады: ерек-
ше құқықтың немқұрайды диктаты ережеге сүйенетін диктатқа
айналды. Жақсылыққа жанашыр жандар үшін
құтылудың жалғыз
жолы қалды - бағыну».13
Тайландтық студенттер орыс әдебиетінен лекцияға қатысудан
бас тартады. «Ол бізге дауыс көтереді», - деп түсіндіреді олар се-
бебін, оқытушының сабақ үйрету барысында қатты, анық әрі нақ
сөйлеуін жақтырмай. Бұл орыстың педагогикалық дәстүрі болға-
нымен, өзге фонетикалық және риторикалық параметрлерге үй-
реніп қалған тай студенттері үшін оғаш естілген.
Мәдени қақтығыс америкалық бағдарлама бойынша білім
алып жатқан орыс студенттері мен АҚШ-тан келген оқытушы-
лар арасында да болды. Бірнеше студенттің
емтихан барысында
көшіріп отырғанын байқаған америкалық оқытушылар барлық
студентті төмен бағалап, «қанағаттандырмады» деген балл «ря
ды. Бұл студенттер үшін моральдық турғыдан ауыр соққы болған
еді, оның үстіне ресейлік студенттердің қалтасына біраз салмақ
түсіріп кетеді. Америкалықтар көшіруге берген және оны көріп
отырып, ол туралы оқытушыға ескертпеген студенттерге көшірген
студенттерден де қатты ызалы еді. «Ұсталмаған ұры емес» және
«сөз тасығанға - жаза» идеяларынан ештеңе өнбеді. Осы жазба-
ша емтиханды тапсырушылар оны
қайтадан тапсыруға және ақ-
шасын төлеуге мәжбүр болды. Ресей студенттерінің басым бөлігі
осы жағдайға өкпелеп, бағдарламаны жалғастырудан бастартты.
1998 жылдың сәуір айында ағылшынның Бат қаласында «Мә-
дениеттердің өзара ықпалдастығы» тақырыбында халықаралық
симпозиум өтті. Сол симпозиумда немістің бір іскер ханымы Рига
қаласындағы орыс серіктестерімен бірге құрған консалтингтік
фирманың ыдырауы туралы сәтсіз тәжірибесімен бөлісе келе:
«Орыс досым екеуіміз үшін достығымыз бизнестен де жоғары
сияқты еді. Бір жылдан кейін біз бәрін жоғалттық», - деді.
Мәдениеттер қақтығысына тән мына афоризмдерді де сол
немістің іскер ханымы айтқан еді: 1) «Ресейде
бизнеспен айна-
лысу қалың джунглиді биік өкшелі туфли киіп аралағанмен тең»;
2) «Ең бастысы, Ресейді орыс тілінің мұғалімдері жақсы көреді, ал
бизнеспен айналысатындар жек көреді».
«Сый, кәде сыйлаудағы» кейбір түсініспеушіліктер көп жағ-
28
дайда іскерлік және жеке түлғалардың арасындағы қатынастың
бұзылуына алып келеді. Ресейде гүл, кәдесыйлар, қымбатәрі баға-
лы сыйлықтар сыйлау Батыс елдеріне қарағанда жиі кездеседі.
Ал Батыс елдерінен келген қонақтар өздеріне сыйланған бағалы
кәдесыйларға кеңпейілділік пен қонақжайлылық деп қарамайды,
керісінше ерекшеленудің немесе материалдық әл-ауқатты жасы-
рын білдірудің белгісі, иә болмаса пара беру деп түсінеді. («Мун-
дай
қымбат сыйлық сыйласа, ол соншалықты кедей емес» деген
қорытынды шығарады, дегенмен бизнестегі орыс серіктестерінің
тұрмыстары олар ойлағандай өте жақсы болмауы да мүмкін: олар
өз мәдениетінің сақталуын талап етеді.) Бүл ешқандай бөтен ойы
жоқ орыс халқын ренжітуі де мүмкін.
ММУ-дің (Мәскеу мемлекеттік университеті) түлектеріне дип
лом табыстау рәсімі кезінде Америкадан келген ағылшын тілінің
оқытушысына орыстың әйгілі фарфоры мен орыс халқының өнері-
не арналған альбомды сыйлайды, ал
ол басшылыққа батыстық
үлгімен безендірілген үлкен қорапты сыйға тартады. Ол сыйлық
сол жерде, сахнада ашылды. Оның ішінде кәдімгі унитаз болды.
Мұндай «ерекше» сыйлығы арқылы ол Ресей дәретханаларының
жай-күйіне риза еместігін, үнатпағандығын көрсеткісі келген бо-
лар. Бірақ бүл университет иелері үшін мүлдем қолайсыз сыйлық
еді. Сол жерде болған адамдардың барлығы аңырап қалды, бұл
сыйлық бәріне ерсі көрінген еді. Келесі жаңа оқу жылында бүл
оқытушы жүмысқа шақырылмады...
Өзге салаларда, мәселен
медицинада мынадай заңдылық
бар: бөтен ағзаны емдеуде өзіңнің тәсіліңмен, өзіңнің ұстанған
бағытыңмен жүре алмайсың. Өйткені ауырып түрған жерді емес,
науқас адамды емдеу керек, емдеу кезінде емделушінің өзіндік
ерекшеліктерін, оның психологиясын, дүниетанымын, өмір сүру
салтын, мінез-қүлқын ескеруге тиіспіз. Осыдан мың жыл бүрын
ғулама Авиценна (ибн Сина) былай деген екен: «Егер үндіске сла-
вянның табиғи жаратылысын беретін болсақ, онда үндіс
ауырып
немесе көз жұмуы мүмкін. Керісінше, славянға үндістіңтабиғи жа
ратылысын берсек не болар еді...14 Мүндағы «табиғи жаратылыс»
үғымы - үлттың мәдениеті дегенді аңғартады.
Таяудағы болған мына бір мысалға назар аударайық: атақты
орыс актері Евгений Евстигнеевтің жүрегі ауырады. Шетелдік кли-
никада оған коронография жасаған батыстық дәрігерлер өздерін-
де қалыптасқан әдетпен әртістің жүрегінің графикалық бейнесінің
нәтижесін көрсетеді. Жүрегінің жүмысы туралы толығымен түсін-
діреді, сөз соңында: «Көрдіңіз бе, жүрегіңіздің қаншама қантамы-
ры тарылған, сізге шүғыл ота жасау керек», - дейді. Актер бәрін
түсіндім дейді.
Өкініштісі, ол кісі сол жерде қайтыс болады. Ал
Достарыңызбен бөлісу: