Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КІРІСПЕ

     


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.

Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру “сөз мәдениеті” деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.

Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды [1; 2; 3].

М.Балақаев, Р.Сыздықова, М.Томанов, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының зерттелуі; Б.Әбілқасымовтың еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбановтың әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсіресе ақын, жыраулар поэзиясының сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін теориялық материалдармен байыта түсті.

Тілдік норма сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы (М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық, Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық), варианттылық пен норма (И.Ұйықбаев, С.Бизақов) т.б. жөніндегі зерттеулер тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті.

  Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлының терминдік лексиканың нормалық қасиеті туралы ой-тұжырымдары, Б.Момынованың газет лексикасын, ондағы қоғамдық-саяси атауларды ерекше номинативтік әрі функционалды бірлік ретінде қарайтын ізденістері тілдік норманың қолданыстағы қырларын айқындауға негіз болады.

Тілдік норманың тарихи сипатын, “ескі” мен “жаңа” норманы айқындауда Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б. ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін кеңейте түсетіні сөзсіз.

  Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет