Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы - Әділбек, Асылбекпен -бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізетін бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы - Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқайдан былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етер. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері - баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмегеи бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді (.......). Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалды [25,126]

Егер тілдегі мағынасына қарай анықтама берсек, шам сөзі "жарық беретін құрылғы" дегенді білдіреді.

Ал жоғарыда мысалға алынып отырған мәтіндегі шам қандайда болмасын "жарық беретін құрылғы" деген абстракті ұғымда емес, сол ұғымға енетін заттың нақтылы бір түрі туралы екендігін байқаймыз. Мысалы, ол - тас шам, ол - ала көлеңкелеу жанған тас шам, ол - үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам.

Сондай-ақ бөрік сөзі "елтірі, аң терісінен істелген құлақсыз бас, киім" деген мағынаны білдірсе, контекстегі бөрік сөзі әйтеуір бөрік атаулы жайында емес, кәмшат бөрік, ондада Тоғжан киген кәмшат бөрік туралы. Тексте кездесетін білезік, шолпы, сырға тәрізді зергерлік бұйымдар жайында да осыны айтуға болады. Тоғжан таққан шолпыны көз алдымызға елестетіп қана қоймай, сылдырлаған үнін де естігендей күй кешеміз. Бұл - көркем контексте сөздің образға көшуінің белгісі. Образдылық сипат тек есім сөздерде (шам, бөрік, шолпы) ғана емес, етістіктерде де бар: "Абай... Тоғжан жүзінен көзін ала алмай телміре қарап қалды" дегендегі телміру етістігі - нақтылы әрекетті бейнелейтін аса қажетті сөз образ.

Көркем әдебиет тілінде диалектизмдердің, кәсіби сөздердің немесе басқа да тосын қолданыстардың орын алуын сөз еткенде, оларды әрдайым нормадан ауытқу, тіл мәдениетін бұзу деп тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзінің тіл мәдениетін сақтау дегенде, біздіңше, ең алдымен сөзді дәл қолданбау, яғни сөзді орнымен дұрыс жұмсай алмау, қажетсіз кірме сөздерді енгізу, әдеби норма сыртында тұрған элементтерді ешбір зәруліксіз текске енгізуді айту керек.

Сөйтіп ауызекі сөйлеу тілі қазынасын кеңінен пайдалану – көркем әдебиеттің өзге стильдерде жоқ ерекшелігі. Демек, сөйлеу тіліне тән элементтер, олардың ішінде диалектизмдер образ жасауға, ең негізігісі диалогтер құруға, сол арқылы шығармаға ұлттық, типтік сипат беруге қатысады. Бұл әрекет орыс көркем әдебиеті тілінде өткен ғасырдың 30-40 жылдарында басталса, қазақ көркем сөзінде проза жанрында бірте-бірте бой көрсетті деп түюге болады.

Көне сөздер, олардың көнерген (архаизм) түрлері де, тарихтық сөз (историзм) деп аталатын түрлері де бірнеше мақсат көздей жұмсалады. Көнерген сөздер бұл күнде қолданыстан қалып, мағыналары көмескі тартқандар, орнын өзге тұлғалар басқан сөздер, ал тарихтық сөздер бұл күнде қолданыстан шығып қалған заттардың, құбылыстардың, ұғым-түсініктердің атаулары, сондықтан бұлардың жұмсалуы тек қана зәруліктен тууы қажет. Ал зәрулікті тудыратын фактордың бірі – өмір шындығын дәл суреттеу принципін ұстау. Айталық, өткен дәуірлерде болған, оқиғалар, іс-әрекеттер, адамдар жайында жазылған көркем шығармада сол дәуірге тән, бірақ қазір ұмыт болған немесе қасаң (пассив) қолданылатын көне заттардың, құбылыстардың, қарым-қатынастардың атауларын жұмсау – көркем әдебиеттің негізгі талабы, бұл талапты дұрыс орындау суреткердің мамандық (профессионалдық) парызы.

Демек, заман шындығын танытатын көне элементтер: жеке атаулар, сөз жұмсау модельдері, сөз құрастыру үлгілері, көне жалғау-жұрнақтар мен ескіше сөз қосарлар т.б. – көркем әдеби тіл нормасына сай түсетін, уәжді, орынды қолданыстар болып саналады. Бұл заңдылықты түсініп, оны көріктеу әдісінің бірі деп тұту – қазақ прозасында, әсіресе тарихи роман, повестерде әуел бастан дұрыс танылып, орын алып келе жатқандығын айтуға болады. Бұған жөн сілтеп, жол салған – Мұхтар Әуезов. Тарихи эпопея – «Абай жолында» жазушы күні кешегі болса да, өткен ғасырдың ІІ жартысындағы өмір шындығын дәл атау үшін көптеген архаизмдер мен тарихтық сөздерді (историзмдерді) әдейі қолданады. Әсіресе бүгінгі өмірден кеткен заттар мен құбылыстардың атаулары – историзмдер бұл шығармада жақсы келтірілген.

Қазақ көркем прозасында (поэзиясында да) синонимдерді қабаттастыра (тіркестіре) қолдану – әсерлі әрі актив тәсілдердің бірі деуге болады. Әсіресе кейбір жазушылар бұл амалға жиі жүгінеді. Мысалы, Ғ.Мүсірепов: [Жұрт] бұл дауды жалқы қалдырмай, егіз-егізекті, айыр-айқас, тармақты етіп шығаруды ойлап жатқанда, Игілік істі бітіріп те қойды («Оянған өлке») деп, егіз және егізек, айыр және айқас деген мағыналас сөздерден синонимдік қабаттар жасаған. Осы жазушыда кездесетін қорынып – ығысып, иін - иілісі, болдырған – бұрлыққан сияқты ондаған тұлғалар, біріншіден, қабаттасқан синонимдердің сәтті үлгілерін танытса, екіншіден, бұндай элементтердің тілдік емес, индивидуалдық, яғни авторлық қолданыстар екенін көрсетеді.

Қазақтың ұлттық көркем сөз нормаларының келесі саласы өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетінің икемділігінде болса, ол жөнінде мыналарды айтуға болады. Өзге тілдерден әр алуан көздер (каналдар) арқылы сөз қабылдау – жалпы тілдерге тән қасиет. Кейіпкерлер тілін (олардың сөйлесу үлгісін) шынайы көрсету арқылы образ жасау үшін, жалпы әдеби тілде қабылданған өзге тілдік сөздер қолданыла алады. Ол сөздер ауызекі тілдік те, кітаби тілдік те болып келе береді. Мысалы, Қалихан Ысқақовтың «Қара орман» романында қазіргі ауыл адамдарының өмірі суреттеледі. Оның кейіпкерлері «өз тілдерімен» сөйлейді, яғни бүгінгі болмысымызда тілге құрметімізді жоғалтып, қалай болса солай, орысша-қазақша араластырып сөйлейтінді шығардық, бұл әдет тек ауыл адамдарында емес, қалаларда да бар. Осы шындықты көрсету үшін,кейіпкерлер образын нақ беру үшін «Қара ормандағылардың» диалогтерінде: Каждый год келіп тұратын кәлымщик те...; ендеше осыны Жақыптың дружбасына бесінші балташы етіп апормит қыл...; жарықтық, бү шіркінді іштің не, оптират қылдың не... сияқты болып келеді. Мұнда өзге тілдік сөздер макаронизмдер ретінде қолданылған. Бірақ бұлардың осы қолданысы көркем шығарма үшін нормаға қайшы емес, өйткені олар жоғарыда айттық, кейіпкерлердің сөйлеу үлгісін беру үшін жұмсалған. Ал егер макаронизмдерді, яғни бөгде тілдерден сыртқы тұлғасын өзгертіп, стильдік мақсатсыз қолданылған сөздерді автор ешбір уәжсіз өз баяндауында (немесе тіпті кейіпкерлер тілінде де) жұмсаса, ол нормадан ауытқушылық болар еді. Бұл орйда қазіргі қазақ көркем прозасы үлкен ұқыптылық білдіріп келе жатқанын айту керек. Міне, қазақ тілінің ұлттық әдеби белгілері, оның қазіргі күй-қалпы, негізінен, осы айтылғандар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет