Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ



бет4/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Рюмка ала отыр.

  • Маған құймаңыз, Сәке.

  • Неге? – Ішпей-ақ қоямын.

  • Болмайды.

  • Онда кішкене ғана. Болады.. болады, - Гүлбаршын оймақтай рюмкасын өзіне қарай тартып алып кетті. [21,138]

    Ең алдымен, норма дегеніміз не, оның белгілері қайсы, яғни оған қойылатын талаптар қандай? дегенді анықтап алу қажет. Норма категориясын да бұл жерде екіге айырып анықтау керек болады: бірі – жалпы тілдік норма, екіншісі – көркем әдеби тіл нормасы. Тіл білімінде жалпы тілдік норманы анықтайтын мынадай белгілер көрсетіледі:

    1. Тілдің жүйесіне, яғни тілдің өз заңдылықтарына, оның ішінде грамматикалық заңдылықтарына сәйкес келуі;

    2. Дәстүрлік белгісі, яғни әдеби нормаға сәйкес келуі;

    3. Солай қолданылып кетуге, яғни тілдік узусқа қатыстылығы. Бұл үш талапты қазақ тіліне қатыстырып, көпшілікке түсінікті етіп айтып берген еңбектер бар. Солардың ішінде, әсіресе Н.Уәлиевтің «Сөз мәдениеті» атты кітабын («Мектеп» баспасы, 1984, 11-44 беттер) атауға болады. [8,191]

    Демек, жалпы тілдік норма дегеніміз белгілі бір кезең ішінде көпшілік қабылдаған, тұрақталған қолданыстар, яғни сөздердің мағынасы, олардың фонетикалық-графикалық көрінісі (тұлғасы), сөз жасау және сөз өзгерту модельдері, синтаксистік амалдары. Әрине, норма, яғни дәл солай қолданыс (сол мағынада, сол тұлғада, солайша құбылтуда т.т.) бір уақытта пайда болып, ешбір өзгермей, қатып қалатын категория емес. Тіпті әріберіден соң сол қолданыс дәл сол кезеңде дұрыс деп қабылданған норма болғанмен, тіл тіршілігінде өзгеріп, «үлгілік» сипатынан айрылып отыруы мүмкін немесе «норма осы» деп көрсетілгеніне қарамастан, оған бағынбаған кейбір элементтер күнделікті қолданыста көпшідік тарапынан баспасөзде, теледидар мен радиода, ғылыми әдебиет пен шаршы топ алдындағы шешендік сөздерде қолдау тауып, кеңінен қолдана бастайды да, жаңаша нормаға айналады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық нормасы бойынша етістіктің барған жоқ па, келген жоқ па, деп қолданылуға тиісті тұлғалары барды емес пе, келді емес пе болып жұмсалуы етек ала бастады. [12,81]

    Жалпы әдеби тілдік норманың кейбір сәттерін өзгеріп, жаңаларының әлеуметтік қолдау табуы, әсіресе сөз жасау саласында көзге түседі. Бұған норма ретіндегі кейбір жұрнақтардың пассивтенуі, оның есесіне бірқатар сараң қолданылатын жұрнақтардың активтенуі немесе екі тұлғаны біріктіріп бір сөз жасау сияқтылар мысал бола алады. Бұлардың баршасы тілдің жалпы құрылымдық нормаларына қатысты айтылғандар. Ал норма мәселесіне келгенде, жоғарыда айттық, әңгімені екіге бөліп сөз ету керек болады:

    Бірі – жоғарыда көрсетілген жалпы әдеби тілдің құрылымдық нормалары.

    Екіншісі – сол тілдің көркем әдебиетінің ұлттық нормалары.

    Соңғы тұрғыда норма проблемасы қазақ тілі білімінде әлі мүлде сөз болмай келеді. Сондықтан ең алдымен қазақтың ұлттық көркем сөз нормалары қандай деген мәселелерді анықтап алу керек.

    Көркем әдебиет, оның ішінде проза үлгілері қазақ жазба әдебиеті тілінің әрі қарай дамуында басты орын алды. Халықтың ұлт болып қалыптасу дәуірінде көркем әдебиет қоғам өмірін мейілінше кең қамтиды, сондықтан, жалпыхалықтық тілдің бар байлығын молынан пайдаланылады. Көркем әдебиет бұл кезеңде ұлттық тілдің қалыптасып, ілгерілеу процесінде зор ұйымдастырушы фактор болып табылады.

    Қазақтың жалпы ұлттық әдеби тілінің басты сипатының бірі Қазақстанның кең даласының барлық түкпіріне бірдейлігі, яғни диалектіге бөлінуден жоғары тұрған (орысша айтқанда, наддиалектный характер) ортақтығы болса, бұл сипатқа көркем проза бірден ие болды. ХХ ғ. 10-жылдарында жазылған көркем проза үлгілері Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгімелерінің тілін алсақ, бұларда қазақ жерінің қай өлкесіне болса да бейтаныс элементтер жоққа тән, қазақ өлкесінің барлық жеріндегі оқырмандарға мейлінше түсінікті деуге болады.

    Қазақтың дәстүрлі поэзиясы мен жазба әдеби тіліне тән екінші бір сипат бейнелілік (образдылық) болса, жас қазақ прозасы әуелден-ақ сөз мағынасын ауыстырып қолдану – метафоралауды кең пайдаланған. Метафоралау – образ жасайтын құралдардың қайнар көзі. Метафора затты (құбылысты, іс-әрекетті) атамайды, сипаттайды. Метафоралаудың негізінде салыстыру мен теңеулер жатады. Бұлардың алғашқы әңгіме, повестерден бірден орын алғаны көзге түседі.

    Аллегория (астарлап атау), перифраза (затты, құбылысты, іс-әрекетті суретеп атау) сияқты сөздің образды-сипаттама мүмкіншіліктерін, яғни сөздің ауыспалы-бейнелеуіш мағынасын кең және еркін пайдалану – қазақ көркем сөзінің ұлттық басты белгілерінің бірі.

    Қазақ көркем әдебиет стилінің табысы да, кемістігі де метафоралауда, дәлірек айтсақ, сөздің тұспалды, суреттеме мағынасын қолдануда анығырақ байқалады. Табысы көркем тіл нормасына сай түсіп дағдыға айналып жатса, кемістіктері шеберлік жағынан нормадан ауытқушылыққа соқтырады. Әрине, алдыңғы құбылыс басым. Ал соңғы құбылыс «уәжді, уәжсіз ауытқулар» деген тақырыпта арнайы сөз болады.

    Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормаларының келесі сипаты – лексикалық мүмкіндіктердің молдығы.

    Лексикалық мүмкіндіктердің молдығын танытатын элементтердің бірі – поэтизмдер, яғни белгілі бір экспрессивтік-эмоциялық реңкі бар, кез келген ситуацияда қолданыла бермейтін, көбінесе бейтарап параллелі көрініп тұратын сөздер. Мысалы, биік, сияқты, тәрізді,заман, жамандау деген сөздер – бейтарап мағыналы элементтер, ал осылармен мағыналас асқаралы, заңғар, сынды, замана, ғайбаттау деген сөздер белгілі бір стильдік бояумен (мақсатпен) қолданылатын, олар жай хабарлау үшін емес, суреттеу үшін жұмсалатын элементтер.

    Лексикалық байлықты пайдалануда көркем тіл нормасы тұрғысынан келгенде, оның қалың көпшілікке түсініктілігі, ортақтығы, жалпылығы сөз болуға тиіс.

    Лексикалық түсініктілік дегеніміз ортақтық пен дәстүрлікті талап етсе, ол белгілер әдеби нормаға саяды. Демек, көркем әдебиеттегі лексикалық норма қалың оқырман қауымға түсініксіз болатын сөздерді себепсіз (стильдік уәжсіз) қолданудан сақтандырады.

    Түсініксіз болатын сөздер – белгілі бір аймақта ғана жұмсалатын жергілікті сөздер, олардың ішінде диалектизмдер мен жергілікті кәсіби сөздер, көне немесе сирек қолданылатын сөздер және жазушының өзі ұсынған жаңа қолданыстар. Демек, лексикалық норма проблемасының бір ұшы – көркем шығарма тілінде диалектизмдердің көрінісіне барып тіреледі.

    Д.Досжанов сияқты аса танымал, талантты жазушының көркем туындылары тілінде көпшіліке жат жергілікті сөздер көбірек қолданылады деген сындар соңғы онжылдықтар ішінде жиірек естіліп жүр. Бұл сындарда Қазақстанның барлық түкпірінің тұрғындарына түгел таныс емес сөздердің ешбір стильдік жүк арқаламай, шамадан тыс молынан қолданылатындығы айтылды.

    Сөз жоқ, қазақ көркем прозасы тілінде диалектизмдерге стильдік статус беріп, оны орнымен жұмсау тәсілі бар. Бірақ ол бірден бой көрсетпеген деуге болады. 10-20-шы жылдардағы қазақ прозасы тілінде жергілікті элементтер өте сирек кездеседі, барларының өзі стильдік мақсатпен қолданылған. Диалектизмдерді көркем проза тілінде алғаш рет әдейі жұмсаған – Мұхтар Әуезов. Ол 1934 жылы жазылған «Білекке білек» атты повесінде белгілі бір өлке тұрғындарының, атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік өлкесін мекендеген қазақтардың ауызекі сөйлеу ерекшелігін көрсету үшін жергілікті сөздерді қолданған.

    Жазушы, біріншіден, қазақ жерінің оңтүстігіне тән жергілікті ерекшеліктерді дұрыс аңғарып, дәл тапқан және оларды тек қана кейіпкерлер аузына салып, белгілі стильдік мақсатпен жұмсаған.

    Қалауын тауып колдана білсе, эстетикалық кызметте жұмсалатын сөздердің бір алуаны- диалектизмдер. Қаламгер өз шығармаларындағы кейіпкерлердің іс-әрекетін ғана емес, сөзін де әлеуметтік ортасына сай кәсіп қызметіне, білім-танымына лайық етіп беруді мақсат етеді. "Ондай шығармалардың тіл кестесін де әдеби тіл нормасынан тысқары жатқан диалект, қарапайым сөздер, архаизмдерде кездестіріп отыру заңды. Өйткені әдеби тілден тысқарылау тұрған жергілікті ерекшеліктер кейіпкерге мінездеме беру, олардың білім дәрежесін, ой өрісін, мәдени деңгейін көрсету үшін, кейіпкер сөзіне сөйлеу типіне тән сипат беру мақсатымен жұмсалады. Кейбір жазушыларымыздың қаламы неге диалектизмдерге іш тартып тұрады деген сұраудың бір жауабы, міне, осыған саяды. Бірақ бейәдеби қолданыстарды тек кұбылыс, зат атауы ретінде жұмсау (жалаң комммуникациялық кызметте қолдану) жеткіліксіз. Мысалы: "Аттың жайылуынан тұруы көп. Ауыт-ауыт оттауын доғара қойып, күнмен бірге көтерілген даланың анау-мынау қозыдай дәубас көк соналармен айқасып кетеді [22,75]. Әкесі құдықтың жанындағы цемент науаға өлермендене топылған саулықтарды таяғымен мошқап қойып тәртіп орнатып жүр [22,85] .

    Диалектизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылудың тағы бір себебі - қаламгер соны сөз іздейді. Тіл қойнауының тыңында жатқан, жалпы жұртқа беймәлім сөздер (мысалы: балықтың мәлігі "ұрпағы", қан шілде "нағыз шілде", құс қанаты "көктемде болатын соңғы қарлы жауын-шашын") өз сонылығымен оқырман назарын аудармай қоймайды. Өйткені әдеби тілде баламасы ұшырай бермейтін, жоқтың орнын толтыратын ондай сөздердің соны қолданыс ретінде әсері оқырман үшін айтарлықтай. Бірақ амал не, кейбір роман, повестерді оқып отырсаңыз, шығарма авторы бейәдеби элементтерді стильдік зәруліктің немесе сөзге мұқтаждықтың өтеуі ретінде қолдануға көп көңіл бөле бермейді. Нәйеті, ексемдеп, әлімәлі, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды, мәнейі, аңыстама т. б. тәрізді "жергілікті маңызы бар" сөздердің арқалап тұрған жүгі болмаса, қазіргі оқырмандарды баурай қоюы екіталай. Әрине, жазушы нәйеті мен мәнейілердің бәрімізге түсінікті әдеби тілдегі баламаларын білмеген деуден аулақпыз. Алайда дағдыда бар сөзден (әдеби тілде. баламасы бар атаулардан) қаламын аулақ салып, автордың экзотикалық лексика іздеуін сәтті дей аламыз ба? Мұндайлар көбіне ауылдастың сөзі жерде калмасын деген ниетпен төркіндес тәрізі көрінеді.

    Әлеуметтік диалектизмдерді, оның ішінде кәсіби сөздерді әдеби тілге тән өзге жүйедегі сөздерге қарама-қарсы қоя отырып, эстетикалық мақсатта жұмсау - 20-30 жылдарда, мысалы, Ж.Аймауытовтың «Баушы мен бала» әңгімесінде айқын аңғарылады:

    - Неге екенін айтайын, бау бір басқа, бақша бір басқа. Бауда алуан-алуан жеміс ағаштары өседі: алма, өрік, мейіз, үзім, жиде, тұт, бадам сияқты.- Міне, мұны бау дейді.

    - Ал бақша деген немене?



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет