Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ


КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ТІЛІНДЕГІ НОРМАДАН АУЫТҚУШЫЛЫҚ



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ТІЛІНДЕГІ НОРМАДАН АУЫТҚУШЫЛЫҚ

2.1 Нормаға сай келмейтін қолданыстар
Ең алдымен, «сөз таңдау» дегеннің өзін айқындап алу қажет. Көркем шығарма тілінде жұмсалатын сөз екі ұдай мәнге ие. Сондықтан орындылық (функционалдық), яғни сөздің, тұлғаның, синтаксистік амалдың дұрыс өз орнында жұмсалуы және жарыспалылық (сөз таңдау) — көркем тіл мәдениетінің өзекті, басты проблемалары болмақ. Сөйтіп, жазушы сөз тандауда екі түрлі принцип ұстайды: бірі — жалпы тіл дұрыстығын, әсіресе жалпыға ортақ ұлттық әдеби тіл нормасын сақтау. Бұл, әрине, тек көркем дүние иесі — жазушы үшін ғана емес, барлық стильде жазатындар үшін де міндетті шарт. Екінші — көркем дүние қажеттігін өтеу, яғни дәл осы жердегі (сол сөйлемдегі, сол микротекстегі) айтпақ (білдірмек) ойына сай келетін, бермек әсеріне дәл түсетін сөзді іздеу. Жазушы үшін ең қажеті де, қиыны да осы. Нормалылық та, одан ауытқушылық та осы жерде көзге түседі. Демек, сөз таңдаудың бір ұшы шеберлікке барып тіреледі [8,89].

Көркем шығармада сөз таңдаудың негізінде бірнеше фактор жатады. Солардың бірі — көркемдік-эстетикалық мүддеден шығу. Ал көркемдік-эстетикалық талап сөзді образ үшін жұмсауды қалайды, яғни сөз арқылы образ жасау дегенмен астарласады. Сондықтан «сөз таңдау» проблемасы сөздің текст ішіндегі «қылығын» (орысша «поведение слова») қарастыруды мәжбүр етеді. Ал сөздің контекстік немесе ситуациялық қылығы сөздерді мағыналык модификацияға (құбылуға) ұшыратуы мүмкін немесе контекст талабына қарай мағыналас сөздердің бір жерге шоғырлануын туғызуы ықтимал. Демек, бұлардың барлығы жазушыға сөз таңдауға ерік береді.

Сөз таңдайтын қойманың (арсеналдың) өзі де әр түрлі болады. Олар: синонимдер қатары, жарыспалы қатарлар (варианттар, дублеттер т.б.), қарама-қарсы келетін әр алуан оппозиттер, яғни бір-біріне қарама-қарсы келетіндер: әдеби тіл — сөйлеу тілі, әдеби сөз — диалектизм, төл сөз — кірме сөз, бейтарап мағыналы — экспрессивті сөз т.т.

Көркем әдебиеттегі сөздерге әр алуан стильдік жүк артылады. Ондай жүкті көтере алатындар — таңдалған сөздер болмақ. Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Оянған өлкеде» Игілік бидің аузына ырбай-тырбай деген ауызекі тілдік қарапайым сөзді әдейі салады: Бұл елдің бір күн олай, бір күн бұлай ырбай-тырбайы бола береді. Бұл контексте жазушыға осы сөзді таңдау ұтымды, өйткені әңгіме жай тұрақсыздық емес, берекесіз, ұсақ мақсат көздейтін тұрақсыздық жайында, соңғы реңкті ырбай-тырбай сөзі дәл береді. Бұл мысал сөз таңдаудың тек мағына (айтпақ идея, ой, сурет) үшін ғана емес, сол мағынаны айқындау үшін, үстемелеп, күшейте түсу үшін де жиі орындалатын акт екенін танытады. Мұндайда әсіресе синонимдер қатарын түзу көзге түседі. Айталық, ең шағын микротексте бір тұлғаны қайталамауға тырысу – жалпы норма. Әсіресе бұл жазба әдебиеттің барлық жанрында, поэзия тілінде, сондай-ақ ауызша сөйлейтін шешендер тілінде кең орын алады. Бір ұғымды құбылтып, әр түрлі сөзбен ұсыну әрі көркемдік-әсерлілік мақсатты көздейді. Сөз таңдау - әрдайым әр алуан варианттар қатарынан біреуін іріктеп алу актісі ғана емес, сонымен қатар бір реңдес модальдік реңкі біркелкң сөздерді шоғырлап қолдану болып келеді. Көркемдік әсерлілік мүддесін көздеуде сөздерді іріктеу (даралау) және шоғырлау (жинақтау) әрекеттері қатар жүреді. Соңғы әрекет текст лексикасын түзу немесе текст түзімі деген мәселені алға қояды.

Сөз таңдауда әр алуан стилизация, яғни белгілі стиль тезіне салу құбылысы үлкен орын алады. Мысалы, тарихи стилизация үшін историзмдерді, архаизмдерді тауып, таңдап алу немесе бүгінде жоқ, бұрын болған зат, құбылыс, ұғымдардың атаулары сақталмаған болса, оларды жаңадан жасау әрекеттері байқалады. Жазушы Мұхтар Мағауин «Аласапыран» романын да бұлғаң, оғлан, түменбегі, мыңбегі, алашбегі, ұлысбегі, бahaдүр, тентек, аламан, жасауыл, есіқағасы, қалға сайлау, дат сұрау, сандал тақ, ертауыл, анда, бақауыл, құма, лек, отаман, маңдай субе, ажырғы, жандар (телохранитель), жәсір (тұтқын), байтақ (астана), қоллық, тізелік, бұтырлық, көтерме (арбаның түрі), түзем (строй), қазақ шығу сияқты сандаған көне сөздерді таңдап тауып, орынды жұмсаған. Сонымен бipre осылардың қатарын да жазушының өзі жасаған дастарханшы, некелі қосақ (хатун), сабадар (бас қымызшы), көріс (аудиенция), жұбапхана (ответная палата), елшілік дуаны (посольский приказ), саясаткер (политик) сияқты сөздер де, архаизмдер де тарихи стилизация үдесінен шыққан сөздер.

Стилизалияның енді бip тypi жанрлық ерекшеліктерге байланысты, яғни шығарманың ертегі түрінде немесе ауызша сөйлеу түрінде т.т. ұсынылуына қарай, тіптi дәлірек айтсақ, автордың өзінің суреттеп отырған оқиғасына кейіпкерлердің көзқарасын, яғни мысқылдап-әжуалап отырғанын немесе аяушылық, жылылық, сыйластық білдіріп отырғанын танытатын сөздер мен тұлғалар таңдалынып, әдейі қолданылады. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада оқырманға әсер ету мақсатымен жасалатын стильдік үн (тон) болатыны мәлім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет