Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2. Жалпы тілдік нормалар сипаты
“Сөз мәдениеті” деген ұғым 1) тілдік норма; 2) этикалық норма; 3) коммуникативтік норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік қарым-қатынастың белгілі бір жағдаятына қарай, сөз саптау этикасын сақтай отырып, коммуникативтік мақсатқа тиімді түрде жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей тілдік құралдарды талғау, саралау, олардың басын қосып, біріктіруде әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары негіз болады.

    1. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар. Екі немесе одан да көп вариант болғанда, олардың біреуін талғап, таңдап қолдану қажеттілігінен бірнеше варианттың біреуі ғана норма деп танылады: көбі – көбісі емес, туралы – турасында емес, т.б. Кей жағдайда екі немесе үш вариант та норма деп танылады мұны/бұны, келуімен байланысты/келуіне байланысты. Алайда бұлардың ішінде қайсыбіріне артықшылық берілетін нұсқалары болады.

    Сөйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бөлігі болады. Сөйлеу тілінің кодификацияланған нормалардан бөлек, өзіне тән нормасы бар: саған бірдеңелерді ала кеп едім тәрізді қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат болып есептеледі. Бірақ сөйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-ақ Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек, сөйлеу тілі мәтініне жат, сөйлеу тілінің нормасы емес.

    2. Этикалық норма. Сөз этикасының нормасына а) моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген тілдесу нормалары мен ә) сөз этикетінің нормалары жатады. Сөз этикасы, сөз этикеті белгілі бір жағдаятта (ситуацияда) тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Сөз мәдениетінің этикалық компоненттері негізінен сөз актісінде, яғни өтіну, сұрау, ризалық білдіру, сәлемдесу, құттықтау, қоштасу, т.б. тәрізді белгілі бір мақсатқа көздеп айтылған сөз әрекетінде көрінеді.

    Сөз актісі қоғамда қабылданған, лингвистикалық емес факторлармен байланысты ерекше ережелер бойынша жүзеге асады. Сөз актісіне қатысушылардың жасы, жынысы, олардың арасындағы қарым-қатынастың ресми, бейресми түрімен байланысты. Егер сәлеметсіз бе, амансыз ба, аман-есенсіз бе, сау болыңыз, т.б. жағдай таңдамайтын бейтарап реңкте болса, сәлем бердік, хал-ахуал қалай дегендерді, жасы қатарлас коммуникаторлар арасында болмаса, кез келген жағдайда қолдана беруге болмайды. Сондай-ақ кітапты әперіңізші дегенмен кітапқа қол жалғап жіберіңізші деген өтініштің сыпайылық реңкі бірдей емес.

    Қоғамда қалыптасқан этикалық норма бойынша, қандай жағдайда болмасын, бейпіл сөз айтуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Біреуге дауыс көтеріп айғайлау, зіркілдеу, т.б. жағымсыз реңктегі интонациялық құралдардың қолданылуы сөз мәдениеті үшін теріс әркеттер деп бағаланады.

    3. Коммуникативтік нормалар. Сөз мәдениеті ұғымының коммуникативтік компонентіне қатысты нормаларға ең алдымен тілдің функционалдық ерекшеліктеріне тән нормалар мен қарым-қатынастың прагматикасына тән нормалар жатады. Тілдік нормада коммуникативтік компонент сөз мәдениетін айқындауда ерекше орын алады. Қарым-қатынастың нәтижелі болуы коммуникативтік компонентпен тығыз байланысты. Мысалы, тілдік норманы сақтағанмен, этикет тәртібін бұзылмағанмен тыңдаушыны // оқырманды ескермей, көңілдегідей мәтін құрастыру мүмкін емес. Мұның өзі сөз мәдениетінің коммуникативтік жағын мықтап ескеруді қажет етеді. Бұл ретте тілдің функционалдық тармақтарға тән ерекшеліктері мен қарым-қатынас прагматикасының шарттарымен санасудың керек екенін байқатады.

    Тілдің әрбір функционалдық тармақтарының өзді-өзіне тән сипаты бар. Мысалы, тілдік тұлға ғылыми дискурста көбіне “ұғымдармен” (терминдермен) жұмыс істесе, ал ресми дискурста оған дайын штамптар, дайын формулалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Ал сондағы дайын сөз үлгілерін, штамптарды сөйлеу тілінде, көркем дискурста, уәжсіз қолдану сөйлеушінің // жазушының функционалдық тармақтардың ерекшелігін ойдағыдай меңгермегенін көрсетеді.

    Сөйлеу тілінде функционалдық тармақтар болмайды. Сөз мәдениеті төмендеу адам кез келген коммуникативтік ситуацияда, ресми, бейресми қатынаста бір ғана сөйлеу тілінің нормасымен сөйлей береді, қарым-қатынас ситуациясының парқын ажырата бермейді.

  Тілдік норманың негізгі сипатын ашуда тілдік жүйе – тілдік норма параллеліне сүйену, әрине, жеткіліксіз, сондықтан проф. Р.Сыздық тілдік жүйе – тілдік норма – узус үшендерін бірлікте ала отырып, “узус” деген ұғымды тілдік жүйеден ауытқып кеткен, бірақ дағдыға айналған құбылыс” деп таниды [4, 11]. Мысалы, мынадай сөздерде тілдік “жүйе” мен “узус” сәйкеспейді: -тұса – тұсаула емес, ертте – ерле емес, тізерле – тізеле емес, келтір– келдір емес, қозда – қозыла емес, сөйлесөзде емес. Тілдік жүйе мен норма сәйкес болса, ерле, тізеле, қозыла болар еді [14, 46]. Бұл жерде жүйеге сәйкес болмаса да, тілдік узус норма деп танылады.

  Тілдік жүйе бойынша есептік сан есімдерге қосымша -ыншы, -інші түрінде жалғанады: бесінші, алтыншы, жетінші т.б. осы сияқты жиырманшы болуға тиісті ретік сан есім дағды бойынша жиырмасыншы түрінде қолданып, норма ретінде танылды. Оралман атауы да дағды (узус) бойынша қалыптасқан норма.

  Белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі бірдей теріс әрекет бола бермейді. Белгілі бір коммуникативтік мақсатқа, діттемеге байланысты жөн біле отырып ауытқу прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқуға жатады да, коммуникативтік әсер-ықпалы ерекше болады.

 Тілдік қарым-қатынас кезінде “іріктелген”, “тұрақталған”, “уақыт сынынан өткен” қолданыстағы жүйелер белгілі бір себептен “бұзылып” жатады. Сөз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық, стильдік тәсілі мен амалы ретінде сөзді тіркеспейтін сөздермен тіркестіруі, сөзді әдеттегі, үйреншікті мағынасынан өзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм, паремологизмдердің тұрақты құрылымын “бұзып” қолданады, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық тәртіптен ауытқиды. Сөйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі (процесіндегі) автоматизмді “әлсіретуге” тырысады. Белгілі бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды прагматикалық ауытқу деп аталды.

  1. Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу. Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма дегеніміз қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан өтіп тұрақталған тілдік жүйенің бөлігі, жиынтығы. Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру; сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру; фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану; орфографиялық норманы бұзып қолдану; орфоэпиялық норманы бұзып қолдану.

   2. Мәтін нормасы/сөз нормасынан (норма речевые) прагматикалық ауытқу. Мәтіннің, сөздің тұтастығын мәтіннің құрылымдық бірліктерінің өзара байланысын, мәтіннің бір мәнді сипатын, белгілі бір стильге, жанрға жататынын қамтамасыз ететін жазбаша немесе ауызша сөз саптаудың, мәтін құрудың ережелері. Сөз әрекеті кезінде прагматикалық мақсатқа байланыста сөз, мәтін нормасынан әдейі ауытқу риторикалық тәсілге жатады. Тілдік норма бұзылмайды. Сөз сөйленім, мәтін нормасынан ауытқудың риторикалық тәсілдеріне амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, т.б. жатады.

  3. Логикалық нормадан прагматикалық ауытқуәдеттегі, қалыпты сөзде формалды логика заңдарының сақталуы логикалық норма дегенге саяды. Прагматикалық мақсатпен байланысты ауытқу паралогикалық риторикалық тәсіл деп аталады. Мысалы, бір нәрсенің бір мезгілде әрі жалған, әрі ақиқат болуы мүмкін емес. Мысалы, күн шайдай ашық кезде жаңбыр жаумайды, күн жауса, шайдай ашық болмайды. Алайда бұлтсыз күнгі найжағай деген қолданыс ешкім күтпеген, табан астында болған оқиғаға байланысты айтылады. Осылайша логикалық нормадан мақсатты түрде ауытқи отырып, ақылға қонымсызды ақылға сыйдыру сөз шеберлігінің бір қырына жатады. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді; Қалауын тапса қар жанады дейтін мақал-мәтелдер паралогикалық тәсіл арқылы жасалған.

    4. Онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу. Онтология – ақиқат дүниенің тілдік бейнесі, болмыстың жалпы адамзатқа тән, я болмаса белгілі бір мәдени-тілдік қоғамдастыққа тән құрылымдары, заңдары, формалары. Мысалы, қазақ қоғамындағы мәдени, тұрмыстық санада құда “сыйлы адам”, “мыңжылдық жекжат”. Осы түсінік құрмаласқан құда, құшақтасқан дос, т.б. сөз орамдары арқылы репрезентацияланады. Тілдік ұжымның санасындағы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрнекті ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңіндегі мына жолдар дәлме-дәл береді: Қазақ – осы құда бол деп қинайтын, құдаларын құдайдай-ақ сыйлайтын.

  Ұлы Абай өзінің “Қыс” деп аталатын өлеңіндегі осы онтологиялық норманы прагматикалық мақсат көздей отырып бұзған. Ақын қысты әлекке түсіретін кәрі құда түрінде сипаттау арқылы, яғни параонтологиялық тәсіл арқылы оқырман зейініндегі автоматизмді бейтараптандырады.

  5. Этологиялық норма. Норманың бұл түріне сөз саптаудың, қарым-қатынастың постулаттары мен максималары жатады. Осылардың белгілі бір прагматикалық мақсатқа байланысты бұзылуы параэтологиялық тәсіл деп аталады.

 Қазақтың қоғамындағы, мәдени дәстүрінде этикалық нормамен байланысты түсінік бойынша “қымыз – көптің асы”: бие байлап отырған үй келген бөгде адамға, әлеуметтік мәртебесінің жоғары/төмендігіне қарамастан, қымыз ұсынуға тиіс. Бұл – этологиялық норма. Ал осы дәстүрлі мәдениеттегі этологиялық нормадан ауытқуды жазушы Ғ.Мүсірепов оқырман зейінін тоқтату мақсатында қолданады.

  Бұл жерде үй иесінің келген жандарға қымыз ұсынбауы назар аударатындай тосын көрінеді. Жазушы мұндай параэтологиялық тәсілді белгілі бір әсер тудыру үшін қолданғандығын байқаймыз. “Сол күні мырза бала үйіне таң ата келіпті ғой. Ертеңіне Қайныш келіннің де өңі кірмей жүріпті. Келген кісіге қымыз да бермепті … […]. Біздің Кенжем де “осыларда бірдеме бар” деп жүретін, айтам ғой. Бірдеме болғаны. Бұлар тегін емес ...”.

Сөзді осылайша тілдік, тілдік емес норманың түрлерінен ауытқудың ыңғайына қарай құру автордың прагматикалық мақсатына бағынады. Сонымен, прагматикалық мақсатқа қарай, яғни адресатқа ықпал ету үшін, оның зердесіндегі автоматизмді бейтараптандырып айтылған/жазылған сөзге зейінін тоқтату үшін тілдік нормадан, мәтін нормасынан этологиялық нормадан, ортологиялық нормадан ауытқудың ыңғайына қарай сөз саптау тілді әсерлі, бедерлі етудің тәсілі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет