«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер


Электр тогымен зақымданган жагдайда көрсетілетін алгашқы медициналық көмек



бет7/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Электр тогымен зақымданган жагдайда көрсетілетін алгашқы медициналық көмек

Электр тогына соғылғанда III-IV дәрежедегі күйік және естен тануға дейінгі органикалық және функционалдық өзгерістер болмаса, оның шамалы ауыртатыны сезіледі.

Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек көрсетушілерге зиян келмейтін, оларғы ток таралмайтындай сақтандыру шараларын сақтай отырып, электр желілерінен, ток әсерінен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе қолмен құрғақ матамен орап алып, құрғақ тақтай мен кілемшеде тұрып токтан ажырату).

Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек, қан-тамыр жүйесі жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегінің ортасының сол жағына қарай минутына 40-60 рет алақанмен тез-тез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының аузын жауып, терең көкірек кере дем алып, зақымданушының аузына демді марлі немесе таза қол орамалмен жіберу) немесе мүрынмен мүрынға дем жіберу қажет.

Қолдан дем алдыру минутына 16-18 рет жиілікпен жүргізіледі. Сонымен қатар, арнайы жедел жәрдем тобы шақырылады.

Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының дем алысы қалыпқа келгенше, не арнайы көмек көрсетілгенше жүргізіледі.

Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсіреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек, мақтамен мүсәтір спиртін иіскетіп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы) кордиамин қүю, жағын шапалақтау қажет.

Теріге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрігерге көрсету қажет. Күйген теріні зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерітіндісімен сүрту керек.

Информатика кабинетінде дәрігер келгенге дейінгі алғашқы жедел жәрдем көрсету қобдишасы болуы қажет, оның құрамының қандай болуы керектігі № 7 қосымшада көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет