Конференция материалдары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет49/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
Сәнік 3. Тұғырыл хан. Демежан батыр. Тарихи эсселер, ғылыми 
зерттеулер. - Алматы: «КАЗ ақпарат», 2005 ж., - 269 бет. 
2.
Әлиев Н. Халқымыздың байырғы күн қайыруы // «Ана тілі». - Алматы, 
1992 ж., - № 1-17. 
3.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының 
дәстүрлі жүйесі. 1-том. -Алматы: «Азия Арна», 2014., -840 б. 
ӘӨЖ 82-941 
Телейхан Мөлдір Телейханқызы 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
t.moldir55@mail.ru
 
Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, 
Көкшетау, Қазақстан 
asya_2309@mail.ru
 
МҰХТАР МАҒАУИННЫҢ «ЖАРМАҚ» РОМАНЫНДАҒЫ 
ДИХОТОМИЯ 
 
Аннотация: Қазақ әдебиетіндегі ерекше романдардың бірі- Мұхтар Мағауиннің 
«Жармақ» туындысы. Себебі дәл бұл шығарма фантастикалық жанрда жазылған. 
Аталмыш роман 2007 жылы Прага қаласында жарық көрді. «Жармақ» романы қиял- 
ғажайып пен мистикаға жақын болғанына қарамастан, шын өмірден алынған. Дихотомия 
терминін грек тілінің екі сөзінен шыққан. Яғни, «екіге» және «бөлу» сөздерінен құралған. 
«Жармақ» шығармасының сюжеті да жеке тұлғанынң екіге бөлінуі салдарынан туындаған 
оқиғалар негізінде құрылған. Атап айтқанда, романда ұлтсыздық мәселесі, тәуелсіз 
мемлекет болашағы мен қазақ халқының тағдыры қамтылады. Екіге бөлінуі демекші, әр адам 
өз ішінде үнемі екі ойдың жетегінде жүреді, екі жолдың таңдауында тұрады. Әдетте, бұны 
мистикалық фильмдерде көретін «транс» жүйесі, ал бұл жерде қазақ әдебиетінің өзгешелігі 
болып тұр. Мақалада осы жайлы жан-жақты қарастырылған. 
Тірек сөздер: дихотомия, роман, ұлттық құндылық, Алаш 
 
Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы 
жазушылардың бірі де бірегейі. Оның шығармалары оқырманның жүрегінен 
орын алатынын сөзсіз. Жазушының шығармашылығында «Тазының өлiмi», 


102 
«Қара қыз», «Бiр атаның балалары» сияқты повестер, «Көк мұнар», «Көк балақ», 
«Аласапыран», «Сары қазақ», «Шахан серi» романдары және «Мен» атты 
мемуарлары бар. 
Ал жазушының ерекше туындыларының бірі – «Жармақ» романы. Себебі 
фантастикалық жанрда жазылған. Романда әлеуметтiк-қоғамдық өмiрiмiз 
көркемдiк тұрғыда жанды кейiпкерлер арқылы бейнелен. Сонымен қатар, iс- 
әрекеттер арқылы дараланатын мiнездер әлемiне көркем шығармада толық 
ашылған. 
Қаламгердің айтуынша, романның негiзгi тақырыбы – Алаш руханиятының 
алыптарының бiрi Иман Қазақбайдың қолжазбасына негiзделген романның бас 
кейiпкерi Мұрат Бейсенұлының бейнесiне негiзделген оқиғалар тiзбегi. Ал 
шығарманың атауына тоқталатын болсақ, "Жармақ" сөзi қазақ тiлiнiң түсiндiрме 
сөздiгiнде басқа бейне, бiр заттың бiр бөлiгi мағынасында берiлген. Яғни, 
аталмыш туынды бойынша "жармақ" сөзi-бүтiннiң бiр бөлiгi, екiншi жартысы 
дегенді білдіреді. Иман Қазақбайдың "Қилы тағдылар" романының қолжазбасы 
жазушының өтiнiшi бойынша "Жармақ" деп өзгертiледi. Кiрiспе тарау авторға 
тиесiлi. Қалғандары Иман Қазақбайға тиесiлi. Бірақ, бұл тек автордың көркемдiк 
тәсiлi ғана. Негізінен, роман уақыттың ауыртпалығын көтередi. 
«Жармақ» романында жеке тұлғаның екiге бөлiнуi салдарынан туындаған 
мәселелер туралы жазылған. Жоғарыда атап өткендей, олар азат ел 
болуымыздың болашағы, қазақ халқының тағдыры мен ұлтсыздық мәселесі. 
Алғаш тәуелсiздiк алған жылдары кетеуi кеткен қоғамда ұлттық мемлекет құру 
идеясы ескерусiз қалды. Тіпті, ақша мен мансапқа жаны тұрмақ арын саудалаған 
қоғамнан бет бұрғызар, тәуелсiз ұлттық мемлекет құру жолына соны бағыт 
алуды көздеген «Жармақ» романы жайында «асығыс жазылған», 
«көркемдiк бояуы аз, жалаң публицистика» деген сияқты сыни пiкiрлер де 
айтылған болатын[3]. Бірақ бүгінде пікір өзгергені анық. 
Мұхтар Мағауиннiң сипаттамасындағы «iшкi-сыртқы» дихотомияның 
поэтикасында үш аспекті қарастырылған. Яғни, адам бейнелерiн бейнелеудiң 
бiрiн-бiрi толықтыратын үш аспектiсi талданды. Олар: 
1)
кейiпкерлердiң кеңiстiктiк және тұрмыстық ортасы (үйдi, бақшаны 
суреттеу); 
2)
қарым-қатынас процесiнде кейiпкерлердiң пайда болуы (портреттiк 
сипаттама, қимыл); 
3)
кейiпкерлердi қоршаған орта, макроәлем, бүкiл әлем. 
Автордың сипаттамасында ұсынған кейiпкерлердiң сыртқы әлемi негізінен 
олардың «iшкi» мағынасын бiлдiредi. Яғни: 

Кеңiстiктiк және күнделiктi орта - бұл адамның алғашқы кеңiстiгi және 
оның қалыптасуының табиғи негiзi. Бұл-адамның микрокосмының бiр түрi. Бұл 
дегеніміз дәл осы жерде адамның елеулi «кодын» табуға болады; 

Қаламгердің сипаттамасындағы кейiпкерлерiнiң сыртқы көрiнiсiн 
сипаттау (портреттiк сипаттамалар, ым-ишара) олардың iшкi әлемiн түсiну үшiн 
маңызды. Адам кейiпкерлерiн бейнелеуде жазушының назары табиғи 
«сыртқы» көрiнiстерге - кейiпкерлердiң тәндiк мiнез-құлқына аударылған; 


103 

Батырларды қоршаған әлем - бұл макроәлем (табиғат, қоғам, ғалам) 
кейiпкердiң көркем мiнездi ашуда маңызды бола бастайды. Кейiпкерлер үшiн 
сыртқы әлем - бұл тек тiршiлiк ету ортасы ғана емес, сондай-ақ, бiрге өзiн тану 
құралы. Оған қоса болмыстың құпияларын, жалпы болмыстың мәнiн түсiнудiң 
өзiндiк тәсiлi. 
Осы тұста жазушы Герольд Бельгер роман туралы былай деп айтады: «… 
«Жармақ» публицистикалық серпiндi, дiлгiр мәселелердi қозғайды, тартысты. 
Мен мұндай сапаны артықшылық деп есептеймiн. Мұндай сипат менi елiктiрiп, 
қызықтыра түседi, ойлануға, кешегi өткенге мұқият үңiлуге итермелейдi, 
қайшылығы мол бүгiнгi тiрлiк көңiлге күмән ұялатып, болашақ туралы ойға 
жетелейдi. Болмысқа ұлттық һәм жалпы адамзаттық тұрғыдан қарайсың. Бұл – 
роман-толғаныс, 
роман-эссе, 
роман-айтыс 

тартыс. 
Мен 
осылай 
қабылдадым…Роман басқа тiлдерге де аударылса да жүрек қылын дөп басар едi 
деп ойлаймын. Өйткенi ол тар ұлттық құбылыс аясына сыймайды». Бұл 
«Жармақ» романы жазушының жан айқайы, қаншама дүрбелеңнен кейiнгi 
кеудедегi шерiн тарқатуы сияқты[1]. 
Басты кейiпкер өзiнiң екiншi бетiндегi даңқ және дақпырттың табы 
басылған сатқындықтың қарғыс таңбасын өшiрiп, бiр беттi, ар-ұятты ұлтының 
мүддесi үшiн өмiр сүрудi армандайды. Өзiнiң екiншi жартысы Жармақ 
парламентке өтiп, тура Подонок сияқты өз ұлтын арандатып, «Қазақтарсыз 
Қазақстан» деген ұранды мемлекетаралық деңгейде жүзеге асыруға көшкенде, 
оның екiншi жартысы – өзiне-өзi қол салады. Ол сол өзiнiң өлiмi арқылы ғана 
Жармақты сатқындықтан арашалап қалады. Өйткенi, онсыз, екiншi сыңарынсыз 
Жармақтың өмiр сүруi мүмкiн емес көрiнедi. 
Маратымсыз – Мұрат, Мұратымсыз – Марат. Марат өзiн өлiмге қию арқылы 
Мұраттың жолын кеседi. Яғни, ұлттың мұраты үшiн Марат өзiн де, Мұратты да 
құрбан етедi. Мұндай шарасыздықты әрбiр қазақ зиялысының басынан кешiп 
жүргенi аян[8]. Тiптi, осындай амалсыз тәуекелге барған шығармашылық 
иелерiнiң тылсым тағдыры жанымызға батып жүргенi де аян. Олар да Марат 
сияқты өз еркiмен өмiрден бас тартуы арқылы қалғанымызға ой салғысы келiп, 
жанын пида еттi ме деп те ойлайсың. Ойлайсың да еркiн өмiрдiң тұйыққа тiрелуiн 
азат қоғамды тұйық қоғамға әкеп тiреген себептерден iздейсiң. Соның 
жауабының бiр 
тұсы 
Мұхтар 
Мағауиннiң 
«Жармақ» 
романында 
публицистикалық пафоста көркем сараланған. Соның нәтижесінде қазақ 
әдебиетiне жаңа заманға сай тыңнан қалыптанған, тосын мiнездi, ұлттық сыр-
сипатқа мейлiнше бай, әлемдiк өредегi әсем үлгiлер қосылды[8]. 
Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Жармақ сынды жаңа сипаттағы хикаят- 
романы автордың айрықша жамалды, бiрегей бiтiмдi, жаһани шығармашылыққа 
бет бұрғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, бұрынғыдан да биiгiрек сатыға 
көтерілгені мен көркем суреткерлiк өрiске шыққанын дәлелдеді. Бүгiнгi күндер 
суретiн кескіндеген, ұлттық дiлiмiздiң қақ жарылған қасiретiн таңбалаған бұл 
роман ұлттық прозамыздың ұмтылар замани меженi меңзейтiндей сияқты. 
Әр жазушыдың өз өмір шыңдығы бар. Соған сай өз шығармашылығында 
әртүрлі көрсетеді. Атап өту керек, қазақ әдебиетiнде постмодернистiк ұғымның 


104 
да жат емес. Яғни, дәл осыны Мұхтар Мағауиннiң Прага қаласында жарық 
көрген «Жармақ» романынан көремiз. Шығармада қазіргі Қазақ елiнiң екi ғасыр 
шегiндегi көкейкестi мәселелерi көтерiледi. Одан бөлек қазақ қоғамында 
асқынып, қатерлi сыпат алып бара жатқан мәселелер қарастырылады. Олардың 
қатарында өз ұлтынан жатсыну, дүниенiң бар байлығын ақшамен есептеу, 
тәуелсiз елдiң жарқын болашағы, халық тағдырына байланысты терең 
толғаныстар сияқты дүниелер бар [5]. 
Романның тынысы күнделiктi өмiрде мың құбылып өзгерген заман ырқын 
пайымдау арқылы кеңейе түсті. Сондай-ақ, ұлт психологиясына сызат түсiрген 
құбылыстарды суреттеу арқылы да кеңейгенін атап өту керек. Романда авторлық 
позицияны жеткiзуде көркемдiк құрал ретiнде қолданған шартты, қажеттi әдеби 
тәсiлдер, шығарманың замана шындығын аңғартуда реалистiк сыпат екендiгiне 
көз жеткізесің. Осы «Жармақ» туындысы қазіргі таңдағы ұлттық дiлiмiздiң, 
тiлiмiздiң қасiретiн таңбалағаны хақ. Соның арқасында ұлттық прозамыздың 
көкжиегiн кеңейте түскенін алға тартқан жөн. 
Адам мiнез-құлқының себеп-салдарын, «сана ағымының» екiге қақ жарылу 
себептерiн, қос тұлғалықтың тұйыққа тiрелiп жол таба алмай жолайрыққа 
тiрелуiн, кейiпкер әлемiне терең бойлау арқылы жоғары философиялық- 
моральдық деңгейде шешуi авторлық позицияның жарқын көрiнiсi «Жармақ» 
романында бүгiнгi кеңiстiк және уақытты мифтiк сана, аретиптiк жады арқылы 
кейiнге шегерiлiп түс көру, елес, аян беру мифтiк-фольклорлық тәсiлдермен жаңа 
көркемдiк формаға келтiрiле суреттеледi[5]. Негізі осы көркемдiк тәсiлдер қазақ 
әдебиетiнде бұрыннан бері бар. Яғни, осыған дейін де қолданыста болған үрдiс. 
Бұлардың түп-төркiнi мифологиядағы: тотемистiк, магиялық, анимистiк және 
т.б. нанымдар мен сенiмдерге барып тiреледi. Осы тұрғыда «Жармақ» 
романының күрделi және қайшылықты психологиялық iшкi сана тартысына 
құрылғаны туралы ғалым С.Қасқабасов келесідей пікір қалдырды: «Бiр адамның 
екiге бөлiнуi философиялық тұрғыдан алғанда өте күрделi құбылыс, көркем 
өнерде, әдебиетте өмiрдегi қайшылықтарды, кейде ашық айта беруге болмайтын 
әлеуметтiк, саяси, қоғамдық, рухани келеңсiздiктердi көрсету үшiн кейiпкердi 
екiге жарып, суреттейтiн аллегориялық тәсiл». Мұны М.Мағауиннiң 
«Жармақ» романында тереңнен суреттелгендiгiнен байқауға болады. 
«Жармақ» шығармасында көтерiлген негiзгi идеялық нысана- қазақ 
ұлтының тарихы және ұлттық құндылықтары. Кеңестiк солақай саясаттың 
тоқпағынан өз тарихына, өзiнiң рухани байлығына ие ете алмауы кешегісі болса, 
бүгiнгiсi- жеке тәуелсiз мемлекет болғаннан соң әлi де мәңгүрттiктен, қоғамдық 
дертке айналған жемқорлықтан арылмауы. Яғни, автор адамдардың бiрi-бiрiне 
жаны ашымайтын қатыгез, тасбауыр ниеттерiнен әлі де арыла алмай санасының 
солғын тартқанын ашына жазады. 
Жалпы алғанда жазушының суреткерлiк қолтаңбасы арқылы біз кеңестiк 
кезеңдегi қазақ қоғамының жалпы кескiн-келбетiн, iшкi иiрiм-ағыстарын
сондағы дала қазағының да, қала қазағының да заман ырқымен өзгерiп жатқан 
мiнез-құлқын, психологиясын көреміз. Тағы бір ерекшелігі- автордың 
шығармашылығында бір мақсатты жүйе бардай. Мүмкін жазушының баяғыдан 
келе жатқан қазақ өнерi мен ұлттық дiл-дәстүрдiң әрбiр саласына бiр-бiр 


105 
сүйектi шығармасын арнауы тегiн емес шығар. Қай жазушының шығармасын 
алсақ та олар өткенге көз тастап, сол өткендi шеберлiкпен суреттеуге тырысады. 
М.Мағауиннiң өткен ғасыр келбетiн көрсететiн шығармаларымен де таныспыз, 
бірақ бұл "Жармақ" бүгінгі күннің жаңалығы десек артық болмас... 
«Жармақ» романының басты мақсаты бiреудi сынау емес, қайта тұтас ұлтты 
сын арқылы рухани тоқыраудан алып қалу. Оған қоса ғаламдық сипаты бар 
апаттарды ескерту. Жазушының бұл жағынан талант-талғамы жоғары деңгейде. 
Оны шығармада анық байқаймыз. Бiр адамның бойындағы iшкi арпалыстар, 
яғни, дихотомия әдiсi арқылы екiге бөлiнуiн жiктедiк. Романда бiр адамның екi 
түрлi сипатта ғұмыр кешуi сияқты дүниелер де бұрыннан бар екенін атап өттік. 
Бұл бүгін де, ертең де жалғаса бермек. 
«Жармақ» романында оқиға қилы-қилы мiнездер, түрлi-түрлi оқиғалар 
арқылы өрбитінін атап өттік. Бұл шығарма Мұхтар Мағауиннiң шимай- 
шытырық жазбалары көпшiлiк жұрт үшiн елеусiз, бәлкiм мүлде белгiсiз 
қаламгер, шын мәнiнде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып 
тұлғалардың бiрi Иман Қазақбайдың архивiнен табылды. “Марқұммен өжеттес 
дос болмасақ та, ара-кiдiк телефондасып тұратынымыз бар едi, азалы топырақ 
үстiнде өкiнiшке әрi ризашылыққа толы екi-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы 
өтпей, бейбақ жесiрi де дүние салып едi, әке жолынан аулақ балалары мынау 
алмағайып заманда тiршiлiк қамында кетiптi, ала қағаз бетiндегi барлық 
мұрасына жанашырлық танытқан”, - деп немере iнiсi оның қолына әр түрлi 
сипаттағы, тура жарым сандық қолжазбаны жазушыға тапсырғанын айтады. 
Мұхтар Мағауин «Жармақ» романын адамзаттық, ұлттық шындыққа 
негiздеген. Ақ және қараның айқасы етiп көрсетіп қана қоймай, шындық пен 
жалғандықтың аражiгiн ашқан. Алаш ардагерi Иман Қазақбайдың атынан 
«Қайыр, есен-сау тұрыңыз. Иманыңыздан айырылмасаңыз, барлық Мұрат 
орнына келерi күмәнсiз» – дейдi. Шындығында, адамның үлкен тiрегi иман екен. 
Қазақта «имансыз» деген сөз бар. Жүзiқара, сатқын деген суық сөздер де 
имансыз деген сөзден ауыр емес. Иманы кеткен адамның мәртебесi төмендеп, өзi 
әлсiреп, қасiретке ұшырайды екен. Жағымпаздық, көрсеқызарлық, сатқындық 
сияқты ұнамсыз қасиеттердiң барлығы да иманның әлсiздiгiнен, тiптi 
жоқтығынан. Жазушы ұрпаққа, бүгiнгi жастарға осындай қасiреттi ескертедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет