154
қазақ халқының негізін құраушы
үйсін, қаңлы, арғын, қыпшақ
,
керей, найман,
қоңырат, үңгіт (уақ)
т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады.
Көне түркі руника жазба ескерткіштерінің кең тараған жерлері – қазіргі
Қытайда Шыңжаң, Монғолияда Орхон, Тоғул, Селенгі, Тола, Сібірде Енесей,
Лена өзендері бойы, Оңтүстік Қазақстан далалары мен тау шатқалдары, Талас,
Сырдария, Ертіс өңірі, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан және Алтай аймағы,
Тува, Хакас, Тибет,
Қарашай-Балқар, Дунай, Донецк бойы т.б. Бұл жазба
нұсқалардың басым көпшілігі тасқа қашалған, біразы металл, күйдірген саз
балшықтан жасалған заттарға, кейбіреулері ағаш немесе сүйектен
істелген
бұйымдарға жазылған. Соған қарап, кейбір зерттеушілер көпке дейін көне түркі
руника жазуы тек қатты заттарға қашап, ойып жазуға бейімделген, қағазға жазуға
келмеген, лайықталмаған деген пікірді ұстанып келді. Алайда, бұл пікірдің де
жансақ екендігі анықталған. 1906-жылы А.Стейн экспедициясы Шығыс
Түркістандағы бір үңгірден көлемі бірнеше беттік кітап тапқан. Бұл көне түркі
руника жазуымен жазылған шағын кітапша «Ырық битиг» деп аталады. Демек,
көне түркі руника жазуы қағазға да түсіруге тым қолайлы жазу болған. Ата-
бабаларымыз өзінің төл жазуымен кітап та жазған, озық үлгідегі өзіндік
мәдениеті бар мемлекет те құрған.
Жалпы түркі-қазақ руника жазуы – көптеген
ғасырлар бойғы процестерді
басынан өткерген тарихи туынды дүние және өте ерте дәуірде қалыптасқан.
Жазудың алғашқы сұлбалары табиғат болмыстарымен (күн, ай, өзен, ағаш,
балық, жан-жануарлар т.б.) байланысты болып, олар ру-тайпа таңбаларына
танылып, уақыт өте келе суретті жазудан біртіндеп әріптік жазуға ұласып
жеткен. Алғашқы тас бедеріне қашалып салынған суретті жазудан былайғы
ежелгі Сақ дәуірінен жеткен күміс тостағандағы жазудан бастап бүгінгі
жазуымызға дейінгі 2500 жылдық жазу тарихымыз
бен жазба мәдениетімізді,
рухани қазынамыз бен ұлттық құндылықтарымызды келешек ұрпақ қастерлеп,
мақтан етіп, мәңгі жадында сақтайтынына сеніп үміт артамыз.
Достарыңызбен бөлісу: