150
оқылатынын және ең алғаш
түрік
және
тәңір
сөздерін оқыған соң, жазудың
толық құпиясы ашылып, В.Томсеннің оқу әдісімен 1894 жылдың қаңтарында
В.Радлов Күлтегін ескерткішінің тұңғыш аудармасын жасайды. Осыдан соң
Европа, Ресей, Монголия, Қазақстан елдерінің бірлескен және жеке ғылыми
экспедициялары археологиялық тұрғыдан жан-жақты (суретке түсіру,
көшірмелерін алу және жариялау, аудару, ғылыми талдау т.б.) зерттеу,
жәдігерлерді жинау, лингвистикалық жағынан оқылу теориясы мен
грамматикасын жазу, сөздігін құрау, философиялық, этнопсихологиялық
тұжырымдамаларын жасау, саяси баға беру тәрізді жұмыстары түркітану
ғылымында кең құлаш жайғандығы мәлім. Бұл салада, әсіресе батыстан
(В.Томсен, Н.Витсен, Н.Спафарий, Д.Мессершмидт, П.Паллас, Ф.Страленберг,
А.Ремюза, М.Кастрен, И.Аспелин т.б.) гөрі орыс түркітанушылары жан-жақты
ғылыми зерттеу жағынан жемісті еңбек етті: В.Радлов, Г.Байер, Г.Спасский,
П.Мелиоранский, А.Самойлович, В.Бартольд, Ю.Тугушева, С.Малов, В.Котвич,
А.Кононов, И.Батманов, В.Насилов, В.Кондратьев, С.Киселев, С.Кляшторный,
Д.Васильев, Е.Убрятова, И.Стеблева т.б. Моңғол ғалымдары да атсалысты:
Н.Сэр-оджов, Д.Баяр, Ц.Доржсүрэн, Г.Сүхбаатар, М.Шинэхү, Г.Менэс т.б. Түркі
ғалымдары да зор үлестерін қосты: Х.Оркун, Т.Текин, Г.Абдурахманов,
К.Аширалиев, Л.Кызласов, М.Ахметов, А.Юлдашев, К.Сартаев, Н.Гаджиева,
Ғ.Айдаров, Ғ.Мұсабаев, А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлы, М.Жолдасбеков т.б.
Соңғы кездегі статистика негізінде көне түркі руника жазба ескерткіштерінің
ұзын-ұрға саны алты-жеті жүз (
Достарыңызбен бөлісу: