Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет74/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127
Н.Базылхан пікірінше мыңнан асады
) шамасында 
көрінеді. Көлемі жағынан олар әр қилы. Мәселен, Енесей өзені мен аңғарынан 
табылған ескерткіштердің ең көлемді дегені 10-15 жолдан тұратын шағын болып 
келеді. Кейбіреулері 2-3 жолдан ғана тұрады. Талас жазбалары да осы тәрізді 
шағын болып келеді. Бұларға қарағанда Орхон, Селеңгі өзендері бойынан 
табылған мұралар едәуір көлемді: Білге қаған ескерткіші – 80 жол, Күлтегін 
ескерткіші – 79 жол, Могилян құлпытасындағы жазу – 20 жол т.б. Сонымен бірге 
қағаз бетіне жазылған Ырық бітіктен басқа көлемі шағын жазба мұраларымыз 
жеткілікті екені бүгінде құпия емес. Жазба мұраларда көптеген тарихи, мәдени, 
жағрапиялық, саяси деректер, сол кездегі халықтың өмірінен, тыныс-
тіршілігінен, таным-болмысынан, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар 
беріліп қана қоймай, сол кездегі ел қорғау барысындағы тарихи оқиғаларын, Ұлы 
даладағы білгір қағандар мен батыр қолбасшылардың тәуелсіздік пен береке-
бірлік үшін жасаған жорықтарын баяндау үлгіде әдеби, көркем тілмен жеткізген. 
Сол себептен көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. 
Поэзия түрінде жазылған деушілер де жоқ емес. Біздіңше, әдеби жазба 
мұраларымыздың жанрын жылнама немесе шежіре немесе поэзия дегеннен гөрі, 
бұлар – сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен тұрмыс-тіршілігін т.б. біздерге өсиет-
естелік ретінде жазып қалдырған прозалық жазба мұралар тәрізді. 
Көне түркі руника жазуы түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның 
ішінде үндестік заңдарын жақсы сақтайды және жазудың ерекшелігі оңнан солға 
қарай оқылады, жазылады дедік. Тағы бір ерекшелігі, негізінен консонант 
(дауыссыз) дыбыстар таңбаланады (
консонантты жазуға б.э.д I мыңж. 


151 
египет, батыс-семит жазуы жатады
) және олардың «жуан-жіңішке» деген 
түрлері болады. Көне түркі руника жазуының жалпы әріптік формасы бізге тасқа 
қашалған түрде, «баспа әріптерімен» жетті. Оның бас не кіші әріпі немесе 
жазбаша түрі дегені жоқ. Алғаш көрген адам бұл жазуларды бір қарағанда-ақ 
қазақ руларының таңбаларына ұқсататыны сөзсіз. Яғни, жазулар 
жебе, ай, 
тұмар, көз, аша, балық, тарақ, сырға 
т.б. тәрізді таңбалардан тұрады. Осы 
орайда C.Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының 
мәселелері» атты еңбегінде қазақтың ру таңбаларынның біразы жинақталып 
берілген. Ғалым кейбір таңбаларға қатысты өзінің түсініктемесін береді [2, 11- 
17]. Мақала соңында қазақтың ру таңбаларының көне түркі жазба әріптерімен 
салыстырылып берілген кестесін ұсынамыз. Ғылымда түріктанушылардың бір 
тобы көне түркі руника жазуын ешбір бөгде алфавиттің ықпалынсыз-ақ түркі- 
қазақ ру-тайпаларының ен-таңбалары негізінде қалыптасқан түркілердің төл 
жазуы деп санайды (Н.Аристов, И.Батманов, Қ.Молгаждаров т.б.). 
Шындығында, көне түркі руника жазуы ешқандай халықтан ауысып келген де 
емес немесе басқа бір елдің жазуының әсерінен қалыптасқан да емес. Ол – 
ежелден, ата-бабаларымыздан келе жатқан ру-тайпа таңбаларынан қалыптасқан 
жазу және мұны естен шығармағанымыз жөн. 
Қазақ жазуына қатысты ғаламторда болсын, баспа беттерінде болсын әртүрлі 
қарама-қайшылықта көзқарастар айтылып жүр. Мысалы, Әбдеш Дайырбаевтың 
ой-негізін бере кетелік: «Біріншіден, Орхон-Енесей – жазудың аты емес, 
өзендердің аты. Екіншіден, руника – ең соңғы сына жазуы. Карелияда ерте кезде 
Рун дейтін тайпа болған. Соның атымен аталған сына жазудың бұл соңғы түрін 
Палестинадан алып Еуропаға таратқан – осы тайпаның адамы болған. ...Ал 
Орхон-Енесей жазбаларын, «жырларын» жазу деп шатасып жүргендер аз емес. 
Ол – жазу емес. Олар – сына жазумен жазылған жазбалар. Түрік хандарының 
ғұмырнамалық жырлары. Олардың өзін де қытай мамандары жазғандығы әбден 
анықталған ақиқат. Ал қытай мамандары оларды қытай сына жазуымен жазған. 
Сына жазулары немесе жартылай буындық, жартылай дыбыстық жазулар ертеде 
ең алдымен екі елде: араб және қытай елінде пайда болған. Шын мәнінде сына 
жазулары дегеніміз қазақ пен түрік халықтарында ешқашан да болған емес. Оны 
түрік қағанатына әкелген қытай мамандары. Қытайлар сол жазумен тасқа түрік 
(түркі емес) қағандарының, қолбасшыларының ғұмырнамалық дастандарын 
жазып берген. Сонымен ол жазудың да саудасы біткен. Ол жазуды түрік пен 
қазақтың өзі өмірде ешқашан қолданған емес. Ол жазуды түрік пен қазақ түгілі 
қытайдың өзі де толық мағынасында қолданбаған» деген пікірі біржақты 
ұғымнан туындаған жансақ пікір болып отыр [1, 64-65]. 
А.Сейдімбектің руна жазуы жайлы айтқан пікірін бере кетелік: «Байырғы 
түркілік бәдіз (рун) жазуы – исі түркі халықтарының, соның ішінде қазақ 
халқының да ең ұлы тарихи мұраларының бірі. Бұл жазудың тек-тамыры туралы, 
пайда болу тарихы жөнінде осы уақытқа дейін үш түрлі пікір қалыптасқан. 
Біріншісі – түркі руникасы Алтай алабында, Монғолия даласында, Енесей 
өлкесінде пайда болып, батысқа қарай тараған деген пікір. Екіншісі – түркі 
руникасы Талас өңірінде пайда болып, екі бағытқа тараған, 


152 
яғни шығыс пен батысқа тараған деген пікір. Үшіншісі – түркі руникасы, яғни 
дыбысты жазу батыстан шығысқа қарай тараған деген пікір. Осы үш түрлі 
пікірдің ішінде қазір ғылым жүзінде бел алып отырғаны – батыстан шығысқа 
қарай тарады деп келетін еуро-орыстық ой-тұжырым...» дейді [1, 71-72]

Ғалым 
ары қарай Батыс-семит жазуымен байланыстыратын пікірді сынға алып, оның 
төрт түріне сипаттама береді де, мұндай хронологиялық сәйкессіздік ғалымдар 
арасында бірауыздан мойындалмай келетіндігін ашық айтады. Сонымен қатар 
соңғы жылдары табылған байырғы түркілердің бәдіз жазуы түскен 
археологиялық олжалар (Есік қорғанының табақшасы, Монғолиядан табылған 
алтын найза т.б.) жаңаша жыл санауға дейінгі ІІ-І-мыңжылдықтар мұрасы екенін 
де алға тартады 
Нәпіл Базылханұлы мен Мехмет Түркелі пікірлеріне назар аударалық: 
«...Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері орнатылғалы 1300-дей жыл 
өткен. В.Томсен түрік жазудың «кілтін тапқалы» 130 жылға аяқ басса да, түрік 
қағанатының тілі бүгінгі түрік жұртының, елінің тілінен бір адым алыстап кеткен 
жоқ. Тіпті Мөде орнатқан қағанат халқының тілі де солай деп батыл айта 
алатындығымыз осыдан. Түрік жазуын арабша немесе бүгінгі кириллица 
тұрғысынан түсінуге болмайды. Көне түрік жазуы негізінен тасқа оңнан солға 
қарай жазылған. Алайда тік жазылған деген негізді де айта кетуіміз керек. Қазіргі 
Моңғол мемлекетінің қолданып отырған ресми ұйғыр жазуы тік жазылып, тік 
оқылатын жазу. Бұл көшпелілердің заттың басы аспанда, аяғы жерде болады, 
яғни Күлтегін жазуындағы «жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, ортасында 
адам баласы пайда болды» деген ұғымдағы көшпелілердің дүниетанымдағы 
ойлау жүйесі бойынша өмірге келген әліпби болса керек. Ал бұл тас жазуларды 
қағазға түсірген еуропалықтар түрік бітігін көлденең пішінге түсірген. Мінеки, 
биік тастарда тік жазылған жазуымыз әлемге осылай 
«көлденең» тізіліп танылды. Біз әлі сол көлденең күйінде қате пайдаланып 
жүрміз. Ал балбалдарда баба жазуымыз сол баяғы жоғарыдан төменге қарай, 
яғни тік бағытта жазулы тұр. Әрбір мәдениет туындысының алғашқы кебінде 
болғаны оңды. Шынтуайтына келсек, біз тік бітігімізді білместікпен құлатып 
жүрміз. Түрік ғалымдары көне жазуымызды түп нұсқадағыдай тік қалыпта 
жазып пайдаланғаны орынды. Өйткені, көне түркінің тік жазуының бүтін 
тұлғасы түгіл әрбір нүктесінде күрескер халқымыздың терең тарихы жатыр» деп 
тұжырымдайды [1, 74-75]. Біздіңше, бұл мәселеге қатысты ойымыз субъективті 
болмас үшін, жазудың жазылу бағытын анықтау үшін көне түркі руника 
жазуымен жазылған барлық естелік ескерткіштер мен әртүрлі заттарға (тас, 
темір, ағаш, қыш, қағаз, тері, сүйек) жазылған жазу бағыттарымен салыстыру 
нәтижесінде ғана қорытынды түйіндеме жасауға болады. Әрине, үлкен тас 
ескерткіштерге ең бірінші жатқызылған күйі естелік жазуды жазып алған, содан 
соң жазып болғаннан кейін тік тұрғызып қойғаны анық. Алайда осыған қарап 
немесе сол кездегі түркілердің дүниетанымына, наным-сеніміне қарап жазудың 
жазылу бағытын, жазылу тәртібін жоғарыдан төмен «тік жазылады» деп айту 
ойға қонымсыздау сияқты. Егер Көк түріктерше көкке, аспанға, тәңірге табыну 
тұрғысынан пайымдайтын болсақ, онда керсінше жоғарыдан төмен емес, 
төменнен жоғары жазылу керек болады. Өкінішке орай 


153 
жазу бағыты бұл мифтік ұғымға сәйкес келмейді. Себебі, біздің зерттеу, 
зерделеуіміз бойынша жазу бағыты оңнан солға қарай жазылған. 
Белгілі ғалым Қ.Сартқожаұлы 3-ші түркі қағанатын орнатушы Ел-етміш Білге 
Тұр-айын қағанның 3-ші ескерткішіндегі «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет