212
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың және студенттердің
әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын
негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік
қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен
қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын,
байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан
өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп,
білім құмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі.
Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай
дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады.
Осындай білім құмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді.
Педагогтар сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып
бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда
отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс
жасау мұғалімге қойылатын басты талап болып табылады. Ендеше, осындай
жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау
қажеттігін көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің
жарқын болашағы. Елбасымыз Қ.Тоқаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық
қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен
қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің
болашағы жастарға үлкен мән берген[2].
Сонымен қатар
Достарыңызбен бөлісу: