Self-directed: педагог, обеспечивающий ориентацию образования на личность
Motivated: педагог мотивированный
Adaptive: педагог адаптивный
Resource free: педагог, имеющий свободный доступ к ресурсам
Technology embedded: педагог, активно использующий технологии.
Образ SMART-педагога «Өрлеу» в контексте внутренних и внешних факторов
деятельности Института определяется тремя профилями: Я – лидер в команде; Я –
исследователь; Я – методист. Каждый из профилей, в свою очередь, представлен
актуальными компонентами и характеристиками.
Модель SMART-педагога «Өрлеу» – это то идеальное состояние, к которому стремится
каждый член нашего коллектива – сотрудники кафедр, центра, отделов.
Формат выступления не позволяет мне остановиться на других инновациях Карагандинского
Института.
Качественный уровень кадрового потенциала организации, новая система управления
организацией курсовой и посткурсовой деятельности, основанная на адаптации
15
зарекомендовавших себя международных практик, сегодня позволяет Институту стать
своеобразным драйвером для карагандинских учителей по доступу к профессиональным
знаниям, технологиям, нарабатываемыми, в том числе 17-тью Институтами АО «НЦПК
«Өрлеу». А это, очевидно, обеспечит их дальнейшую конкурентоспособность.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ЗАМАНҒА САЙ
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДАҒЫ РӨЛІ
Жаркинбеков Темирхан Ниязович,
Ш.Ш.Уалиханов ат. КМУ проректоры,
г-м ғ. кандидаты,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі,
Рессей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында айтылған
дағдарысқа қарсы басты стратагема «үш қарапайым, бірақ
маңызды
– өсім, реформалар, даму» ұғымдарымен үндесіп, бүгінгі қазақстандық жоғары, орта
және бастауыш кәсіби білім беру жүйесінің алдына жаңа үндеулер мен міндеттер қойып
отыр.
2016 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті өзінің 20 жылдық
мерейтойын атап өткелі отыр. Университет 1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
педагогикалық институты, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институты
және Қарағанды политехникалық институты Көкшетау филиалының бірігуі негізінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1996 жылдың 23 мамырындағы
№143 бұйрығымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті құрылған.
Алайда, біздің облыста жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау ісі бұдан біраз
уақыт бұрын, яғни 1962 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 25 шілдедегі №563
Қаулысымен Көкшетау педагогикалық институтының құрылуымен басталған еді.
Енді, міне, елу жылдан астам уақыт ішінде өзіндік бай білім беру дәстүрлері қалыптасып,
инновацияларды оқыту үдерісіне енгізуді үйлестіре отырып, мұғалімдердің сапалы
даярлығын жүзеге асыру үстінде.
Слайдта Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де бүгінгі таңда оқытып жатқан мамандықтар
туралы ақпарат берілген.
Соңғы 5 жыл ішінде университет көптілділікті дамыту мен көптілді мамандардың
даярлығына баса назар аударып келеді.
2012 жылы-ақ біздің университет көптілді мұғалімдер даярлығын жүргізуді бастаған
пилотты жоғары оқу орындарының тізіміне енген. 2012 жылы көптілде оқытатын
топтардың бірінші легі қабылданып, биыл (2016 жылы) көптілді бакалаврлардың бірінші
түлектері, яғни, өз пәндерін үш тілде бере алатын математика (18 адам), химия (5 адам),
физика (4 адам) мұғалімдері, сондай-ақ экологтар (14 адам) оқу үдерісін тамамдап,
университетті аяқтағалы отыр.
Университетте тұлғаның кәсіби және өздігінен дамуына баса назар аударылады және
жоғары білікті профессор-оқытушы құрам болашақ мұғалімдердің кәсіптік даярлығын
жүзеге асырады. Соңғы 4 жылда 50-ден астам оқытушы ТОП-500-ге енетін шетелдік
жетекші ЖОО-да ұзақ мерзімді (жарты жылдан үш жылға дейінгі) тағылымдамалардан өтті.
Атап айтсақ, 14 адам жаратылыстану-математикалық бағыт негізінде «Болашақ»
бағдарламасы бойынша, 7 адам еуропалық елдердің «Еrasmus Mundus» бағдарламасы
бойынша білімін жетілдірді.
Алғашқыда бакалавриат бойынша 4 мамандық, атап айтсақ, химия, математика, физика
және экология мамандықтары көптілді оқыту бағдарламаларымен қамтылса, 2013 жылы бұл
тізімнің аясы кеңейіп, оған биология, информатика, география мамандықтары қосылды.
16
2014 жылдан бастап көптілде оқытатын магистрлік бағдарламалар ашылып, ағымдағы
жылы алғашқы рет бастауыш мектепке көптілде білім беретін мұғалімдер тобы
қабылданды.
Пилотты жоба режимінде көптілді оқыту үдерісін жүзеге асыратын әрбір ЖОО білім беру
бағдарламаларын өздігінен, дербес құрастырады. Соның дәлелі ретінде: университетте
пәндердің 50% негізгі оқыту тілінде, 30% екінші (орыс немесе қазақ тілінде) және қалған
20% ағылшын тілінде оқытылады.
Келесі слайдтарда болашақ түлектердің білім деңгейлері мен мамандықтар тұрғысынан
сандық мәліметтері беріледі.
Кәсіби құзыреттіліктердің тиімді дамуы үшін теориялық және практикалық
дайындықтың арақатынасы маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта оқу үдерісінің
барлық курстарын қамтитын педагогикалық практиканың, яғни оқу, үздіксіз, өндірістік
түрлерінің жалпы көлемінің тұрақты ұдайы артып отыратын үрдісі байқалады.
Мұғалімдер мен университет оқытушыларының кері байланыс жасау, мониторинг жүргізу
және педагогикалық практика бағдарламалары мен тапсырмаларын жаңарту үшін тұрақты
негіздегі коллаборативті (бірлескен) өзара тиімді іс-әрекеттері маңызды болып табылады.
Еліміздің педагогикалық ЖОО-да 2015 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде
әзірленген педагогикалық кадрлар даярлығын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының
бітіруші курс студенттерінің қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасын» енгізу айқын
инновациялық қадам болды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың оқытушылары (2015 жылы
7 оқытушы, 2016 жылы 8 оқытушы) Астана қаласындағы
ПШО НЗМ ДБҰ-да
(Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев зияткерлік мектептер» дербес білім беру
ұйымында) арнайы дайындықтан өтті.
Бағдарламаның теориялық және әдістемелік мазмұны болашақ мұғалімдердің
төмендегідей негізгі және түйінді кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған: 1)
сыни тұрғыдан ойлау; 2) критериалды бағалау қабілеттері; 3) оқытуда ақпараттық-
коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану; 4) дарынды оқушылармен
жұмыс жасау машықтары және т.б. Осы бағдарлама саралаудан нәтижелі өткеннен кейін,
университеттің Ғылыми Кеңесінде бітіруші курс студенттері мемлекеттік педагогикалық
практиканың алдында 2 апта қосымша білім беру аясында «Педагогикалық шеберлік»
курсынан өту туралы шешім қабылданды.
Білім алушының оқудан тыс дамуына және оқу үдерісінде психологиялық тұрғыдан қолдау
көрсетуге үлкен мән беріледі. Сонымен, университетте қалыптасқан білім беру ортасы білім
алушының
белсенді кәсіби-танымдық қызметіне, оның тұлғалық дамуына, өмір бойы
оқуына және жаңа заманға сай мұғалімнің сана-сезімін, қарым-қатынасы мен тәртібін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
17
СЕКЦИЯ №1
ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
РОЛЬ СИСТЕМЫ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ В РАЗВИТИИ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ И
КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ ПЕДАГОГА
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДА МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кобжасарова Жумабеке Катимхановна,
деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты
Білім беру реформасы – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі. Елбасы Н.Назарбаев
Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті
білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматының әлемнің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады», - деген болатын [2].
Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Технологиялар ерекше дамыған
заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалімнің рөлін ешнәрсемен ауыстыруға
болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетуде. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті
мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелей алады.
Қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі білімді педагог кадрларды әзірлеу және
қалыптастыру, оның ішінде мұғалімдер біліктілігін арттыру мәселелері болып қала бермек
және осы бағытта елімізде күрделі жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында №118 Президент жарлығымен
бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап
етеді [1]. Білікті педагогтер педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы
болып табылады. Педагогтің мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке
тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру
жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін
педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер енгізу қажет.
Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының басты миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру,
бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде
білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қазіргі таңда педагогикалық
кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық
педагогтердің сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды.
Орталық ғылымилық пен инновациялық, үздіксіздік, көптүрлілік, қоғамға бағыттаушылық,
көшбасшылық принциптерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі мұғалім мәртебесін арттыруда төмендегідей
стратегиялық бағыттар анықталды:
-
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін жасау;
18
-
жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы
оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту;
-
үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау;
-
білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс
жасауына қажетті жағдайлар туғызу.
Елімізде білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Соңғы жылдары білім
мен ғылымды дамудың жаңа сатысына шығаруға байланысты қажетті ресурстар мемлекет
тарапынан толығымен қамтамасыз етілді. Білімге бөлінетін қаржыны белгілеу принциптері
өзгерді. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтерді қолдаудың заңды негізі белгіленді. Педагог
қызметкердің мәртебесі деп аталатын 7-тарауда 50-53 баптарда педагог қызметкердің
мәртебесі, педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, тиесілі әлеуметтік кепілдіктер
анықталды.
Әрбір педагог өзінің қызметінде нормативтік құжатқа сүйене отырып өз жұмысын
дұрыс құруға міндетті. Педагогтердің мәртебесін арттырудың бірден-бір жолы – өз құқығын
білуі және шығармашылықпен жұмыс жасау. Педагог қызметкер ғылыми зерттеу,
тәжірибелік-зертханалық жұмыспен айналысуға, педагогтік тәжірибеге жаңа әдістемелер мен
технологияларды енгізуге құқығы бар. Бұл қазіргі жағдайда педагогтер үшін бісекеге
қабілетті болуына қажетті негіз болып табылады.
90-жылдары білім және ғылым жүйесіндегі кадрлардың көп бөлігі қызметтің басқа
түрлері мен салаларына ауысып, шетелге де кеткендер болды. Нәтижесінде педагогикалық
құрамның қартаюы, оның білімдік және интеллектуалдық әлеуетінің әлсіреуі байқалды.
Сонымен қатар педагогикалық салаға феминизация тән екендігі мәлім. Ғалымдардың
пікірінше, бұл құбылыс білім беру жүйесінің жұмыс жасау және даму сипатына, бұдан
шығатын қорытынды, жалпы қоғам мен мемлекеттің дамуына ерекше әсерін тигізері анық.
Осылайша қалыптасқан жағдай өз шешімін қажет ететін бірқатар қарама-
қайшылықтармен белгіленеді. Олар:
-
білім жүйесін өзгерту қоғам тарапынан қойылатын талаптардың артуы мен білім
сапасының артуын қамтамасыз етпейтін мұғалім мамандығының төмен әлеуметтік
мәртебесі арасындағы қайшылық;
-
педагогтердің кәсіби дайындығына қойылатын жоғары және педагог мамандығы
беделінің мәртебесінің күрт төмендеуі арасындағы қайшылық;
-
болашақ педагогтерді дайындау деңгейі мен жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінің
мүмкіндіктерін педагогтің кәсіби мәртебесін қалыптастыруда жеткіліксіз деңгейде
қолдану арасындағы қайшылық.
Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз біліктілікті арттыру институты тарапынан
курстарды өткізу, әдістемелік көмек көрсету және т.б. бағыттары бойынша мынадай
педагогикалық шарттар кешенін есепке алуды ұсынамыз:
-
педагог тұлғасын педагогикалық қызметтің құндылықтарына бағыттау;
-
педагогикалық мәдениетті дамыту және жетілдіру;
-
педагогтердің өз қызметінің әмбебап сипатын, кәсіби білімі мен іскерлігін
қызметтің басқа да салаларында қолдану мүмкіндігін ұғынуы;
-
кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен байланысты жетістікке жету
жағдаятын туғызу;
-
қосымша кәсіптік білім жүйесіне педагогтерді ендіру.
Біліктілік арттыру дегеніміз – бұл қайталап оқыту емес, мұғалімнің бұрынғы біліміне
қосымша соңғы жылдары пайда болған және мұғалімнің күнделікті қызметіне қажетті жаңа
білімдер мен әдіс-технологияларды игеру. Біліктілік арттырудың бір ерекшелігі, бұл курстар
нәтижесі бойынша жаңа мамандық берілмейді, білім қызметкері өз мамандығы бойынша
білімі мен білігінің аясын кеңейтеді.
19
Қазіргі кезеңде педагогтерге тіпті Кеңес дәуірі кезінде болмаған құзірет берілген.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Сол
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бар ынта-жігерін қосып, елінің келешегі үшін аянбай
еңбек етіп, жан-жақты дамыған, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – жаңашыл
мұғалімнің басты міндеті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
МОНИТОРИНГОВЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
НА ОСНОВЕ ИНДИКАТИВНОГО ПОДХОДА В УСЛОВИЯХ
ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Ядгарова Наталия Курбановна,
начальник отдела мониторинга и анализа
филиал АО НЦПК “Өрлеу” Институт повышения квалификации
педагогических работников по Южно-Казахстанской области
г.Шымкент
Мариева Альбина Орынтаевна,
главный специалист отдела мониторинга и анализа
филиал АО НЦПК “Өрлеу” институт повышения квалификации
педагогических работников по Южно-Казахстанской области
г.Шымкент
Происходящая в стране модернизация образования состоит в создании механизма
устойчивого развития системы образования, обеспечения ее соответствия новым реалиям,
социально-экономическим потребностям развития страны, личности, общества, государства,
требует мобильности и адекватного решения задач текущего периода.
В этой связи актуализируется потребность в изменении структуры и качества
содержания системы повышения квалификации педагогических кадров, обеспечении
системы образования квалифицированными, подготовленными на современном уровне
педагогическими кадрами. [1]
Одним из инновационных инструментов в условиях модернизации дополнительного
образования является Акционерное общество «Национальный центр повышения
квалификации «Өрлеу», использующий в своей деятельности научные принципы
корпоративного управления, трансферт лучшего мирового и казахстанского опытов.
Одним из главных интеграционных звеньев в создании и распространении нового
уникального опыта воспитательной и образовательной работы в региональной системе
дополнительного образования является институт повышения квалификации педагогических
кадров по Южно-Казахстанской области.
Южно-Казахстанская область один из самых уникальных регионов Казахстана. Сейчас
в 1031 школах области обучаются более полумиллиона (531804) детей и работает более
шестидесяти тысяч учителей (60110). Ежегодно филиал АО НЦПК «Өрлеу» по ЮКО
охватывает повышением квалификации более 8000 педагогических работников.
Институтом по Южно-Казахстанской области на протяжении 3-х лет проводится
планомерная работа по реализации эффективной мониторинговой системы оценки
учебных достижений педагогов и оказанию качественных образовательных услуг.
Мониторинг образовательных услуг – одна из самых актуальных проблем системы
дополнительного образования, в частности, профессиональной подготовки педагога,
20
представляющая определенную систему постоянного измерения эффективности обучения,
самоанализа деятельности на всех уровнях профессионального роста.
В повышении качества образования, в том числе и качества дополнительного
профессионального образования, особую роль играют мониторинг и управление
образованием на основе индикаторов.
Цель мониторинга качества образования на любом уровне сводится не просто к сбору
значений индикаторов и показателей, констатации того или иного состояния качества
образования, а к определению причин низкого или высокого качества образования и
выработка мер (рекомендаций) по устранению имеющихся недостатков, то есть управление
качеством образования. [2]
Для управления качеством образования нашим институтом осуществляется
мониторинг образовательных услуг по ключевым, взаимосвязанным направлениям
функционирования и развития образовательной системы по показателям и индикаторам:
1. Показатели и индикаторы состояния системы образования (областные доклады о состоянии
областной системы образования);
2. Показатели и индикаторы качества образовательных услуг системы повышения
квалификации (аналитические отчеты об эффективности курсов повышения квалификации
и о деятельности педагогов в межкурсовой период);
3. Показатели и индикаторы эффективности образовательной среды (образовательные
проекты и программы). [3]
1. Показатели и индикаторы состояния системы образования (областные доклады о
состоянии областной системы образования)
В целях изучения эффективности образовательной среды разработана система
комплексного мониторинга качества образования на индикативной основе. Наработаны
необходимые методики, определены параметры и показатели по оценке качества.
В рамках данной системы проводится социолого-педагогический мониторинг:
разработана модель, технология, инструментарий; определены основные параметры оценки
качества образования, состоящей из 58 показателей, по уровням образования: дошкольное
воспитание и обучение, общее среднее образование, начальное профессиональное
образование, среднее профессиональное образование.
Для каждого уровня образования определены наиболее значимые показатели и
индикаторы, которые учитывают: масштаб и доступность образования, условия и ресурсы
функционирования системы образования, результаты деятельности, характеризующие
состояние образования. Большая часть отобранных показателей и индикаторов (24)
характеризуют условия функционирования системы образования, 20 показателей и
индикаторов – результаты деятельности, 14 – процесс образования. [4]
По проведенным мониторинговым исследованиям ежегодно готовится областной Доклад о
состоянии системы образования области, представляющий общую характеристику развития
образования, достигнутые результаты, предложения по ключевым направлениям
областной системы образования.
Актуальной задачей Доклада является подведение итогов деятельности системы
управления образованием, ориентированной на позитивный результат. Сбор и анализ
информации, мониторинг развития образования являются ведущими функциями
управления образования, условием принятия адекватных управленческих решений. С
этих позиций Доклад — это аналитическое описание развития системы образования на
основе аналитических показателей, характеризующих состояние и тенденции ее
развития.
Представленные в Докладе материалы помогают получить исчерпывающую
информацию о приоритетных задачах, основных тенденциях развития, возможностях
21
образовательной системы области по обеспечению доступности качественного
образования.
Сопоставление статистики позволяет оценить сложившиеся соотношения и
тенденции развития образования в области, а также выявляет проблемы и достижения,
характерные для ЮКО. [5]
Доклад о состоянии системы образования являясь аналитическим описанием,
обеспечивает информационную открытость и прозрачность областной системы образования,
привлекая широкую общественность к участию в управлении образовательным процессом.
Достарыңызбен бөлісу: |