Оқу материалының проблемалы болуының қажетті шарттары мыналар:
а) проблеманың түсініктілігі; б) оның танымдылығы;
в) проблеманың мазмұндылығы.
А.А. Смирнова мен П.И. Зинченко «проблемалық ахуал оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады» десе, А.В. Брушлинский, Т.В. Кудрявцев
«проблемалық оқыту оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытады» - деді. Әрбір проблемалық ахуалдың өзіне тән педагогикалық сипаты болады. Оның біреуі оқушыларды ұғымдарды өздігінен меңгеріп, оның анықтамасын тұжырымдауға бағыттайды. Екіншісі, белгісіз заңдылықтарды ашуға арналған болжамдарды көрсетеді. Үшіншісі, қойылған проблеманың практикалық және теориялық мәнін түсіндіруге түрткі болады т.с.с.
5.1Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады.
Дамыту ойындар баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары баланың басқалардың ойындағы қателігін көріп өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.
Дамыту ойынның екі аспектісі бар:
Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.
Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.
Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.
Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.
Баланың қалыптасуын ойын арқылы және жаттығу, тапсырмалар арқылы қалай анықтауға болады.
Баланы мәселесі көп жағдайға әкелу. Оның іс-әрекеті жұмыс барысында өзіндік қанағаттандыруға әкелді, кейіннен ол сұрақтар тудырады, олардың өзіндік танымдық мағынасы болады.
Дамыту ойындар
Ойындағыны іске
асыру -
ойын жағдайына балалар кіреді және ол өзінікіндей
қабылдайды.
Ойын әрекеті -
белгілі қозғалыстар, құралдармен алмасу, құралдарды
іздеу және тағы басқалар жатады.
Оқыту тапсырмалары
-
ойындағы жеке жетістіктерінің маңызды жағдайы және оның басқа қатысушыларымен эмоционалдық
байланысы.
Ойындағы мәлімет -
ойынға баланы талаптандыру, үйрету және дамыту
үшін ерекше мағына береді және сонымен бірге ойынның ниетін жүзеге асыру.
Ойынның ережесі -
ойынды іске асыру үшін ойын әрекеті мен оқыту
тапсырмасын, балалардың санасында ойынды іске асыру.