Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері



бет42/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері


    • Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі

    • Тақырып бойынша модель құруға үйрету

    • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.

    • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

    • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

    • Өзіне – өзі талап қоя білуі

Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:


  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

  2. Жан-жақты ақпараттандыру;

  3. Коммуникативті бейімдеу;

  4. Білімнің бағасын арттыру,

  5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,

  6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

  7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Рефлексия балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет, оны асығыстықпен қолдануға
болмайды. Рефлексияны сабақтың әр кезеңдерінде жүргізуге болады, сабақтың арасында, соңында. Біртіндеп оқушының ішкі рефлексиясына
жалғасу қажет. Рефлексия – қызықты, көп қырлы, кіріккен әрекет. Оқушы үшін рефлексияның тиімділігі:



    • өз-өзіне есеп беруге үйренеді;

    • оқушының қажеттілігі білінеді;

    • өзіндік, сыни көзқарасы қалыптасады;

    • білім сапасы артады;

    • өз-өзін бағалайды;

    • білім алуға қызығушылық жоғарылайды;

    • бәсекелестікке ұмтылады.

Рефлексияның бірнеше түрі бар, оны жеке, жұптық, топтық түрде өткізуге болады.

    • Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы;

    • Көңіл-күй, эмоция рефлексиясы;

    • Іс-әрекет рефлексиясы.

Мұғалім оқушыларды рефлексия жасауға үйрету үшін, оның психологиялық жағына үлкен мән беруі тиіс. Оқушы мен мұғалім арасында
сенімділік сияқты байланыс болу қажет. Мұғалімнің жақсы мінез-құлқы
оқушыға дариды және әсер етеді. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді деуге әбден болады. Сондықтан мұғалім сабаққа дұрыс мақсат қойып, үнемі өзін-өзі біліммен қаруландырып, ізденіс үстінде болуы тиіс. Оқушы өз ойымен бөлісетіндей, өз ойын ашық айтатындай психологиялық жағдай
жасау мұғалімнің қолында. Оқушы өз қолымен жасаған әрекетіне
байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алатындай, соны қағазға түсіретіндей жағдай жасау үшін психологиялық ахуал орнату тиімді. Іс-
әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау арқылы рефлексия өрбиді.

Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу — бүгінгі заман талабы. Осындай адам өзінің тұлғалық және кәсіби таптаурынын (стереотиптерін) шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл дегеніміз — сана,


өзін-өзі ұйымдастыра білу, өз-өзіне талдау жасау, өзін-өзі іске қосу, бағалау сияқты сапалармен сипатталады. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына
мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексиялық
қабілеті бар мұғалім алдында отырған шәкірттерінің бойына осы дағдыны кіріктіріп, дамытады, өмірлік қажеттілік екенін есінен
шығармайды. Мұғалімнің басты міндеті — білім алушыны рефлексия жасауға үйрету. Тіл мен әдебиеті сабағында мұғалім де, оқушы да өз
жұмысына талдау жасау керек. Әсіресе, мұндай мүмкіндік әдебиет
сабағында тиімді. Әдебиет — өмір туралы сабақ. Ал қазіргі қарастырып отырған мәсле, рефлексия арқылы баланы болашақ өмірге дайындау әр
ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Оқушы көркем шығарманы өз бетінше оқып, мазмұнын игереді. Кейіпкердің іс-әрекетін талдайды, зерттеу жүргізеді. Өзін кейіпкер орнына қойып, пікірін білдіре
алады. Кейіпкердің жан-дүниесіне үңіле отыра оған баға береді. Тақырып бойынша, әр түрлі технологияларды, интерактивті әдістерді, АКТ-ны
қолдана отырып, оқушыларға ой қорыту, тұжырымдама жасату, өз ойын еркін жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет