Тақырыбы:Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс- әрекетін жобалау және жүзеге асыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Мұғалімнің бірлескен шығармашылығы мен қолдауы жағдайында оқушының белсенді танымдық қызметі.
Оқушылардың ұжымдық, топтық, жеке және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару.
Математикалық біліктерді қалыптастыру, когнитивті дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтездеу, жіктеу, қолдану), логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді, математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін және математиканы бейнелеу, әлемді модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамыту.
Бастауыш сынып математика курсындағы стандартты емес есептер.
Пайдаланған әдебиеттер:1.«Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі»Т.Қ.Оспанов;Ш.Х.Құрманалина;С.Қ.Құрманалина
1.1Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
«Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады.
Оқу мақсаттарының қойылуы.
Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |