Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі



бет46/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:



    1. Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.

    2. Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.

    3. Оқытудағы ізденістік тұғыры.

    4. Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.

    5. Оқытудағы дифференцияциялау.

    6. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру. Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті.


Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс- әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.Оқушылардың өз бетімен білім алуы,ақпараттық,коммуникативтік,құзыреттілігі,функционалды сауаттылығы-олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі.Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық іс- әрекеттерінің нәтижесі.Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері.

Оқушының оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды.Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова,


Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет
етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.
Қабылдау түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, оның физиологиялық негізі бірнеше анализаторлардың бір мезгілде бірлесіп қосақталған әрекетінен туындайды.Мәселен, дыбысты көркем фильмді адам көру, есту анализаторлары арқылы қабылдайды.Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның тұтастығы.Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, адам оларды бүтіндей тұтастай қабылдайды.Қабылдау ойлаумен тығыз байланысты.Обьектілердің мазмұны белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталғанда ғана, толық қабылданады.Заттар мен құбылыстардың мағыналығы және оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады.Бала түсініксіз тілде айтылатын сөздердің мағынасын қабылдай алмайды.Жалпылау тәсілі қабылдаудың мағынасын арттырып, адам сезіміне және ой- әрекетіне әсер етеді.Қабылдаудағы иллюзиялар дегеніміз - заттардың бейнесін бұрмалап, теріс бейнелеу.Иллюзиялар әр қилы себептерге байланысты.Көру талдағыштарының ерекшеліктері, қабылдау жағдайының өзгеруі, көргенді бейнелеп болжау, көздегі әр түрлі кемістіктер иллюзияға себеп болады.Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға үйрету - ұстаз қызметіндегі басты міндет.Бақылау мен байқағыштық туралы мәселе де маңызды нәрсе.Өйткені, бақылау арқылы адам белгілі бір нәрсені, құбылысты жүйелейді, жоспарлы түрде бейнелеп, оның дамуы мен өзгерісін танып біледі.Байқағыштық адам зейінінің шоғырлануын, қызығуын, нақты әрекетін талап етеді.Бақылау мен байқағыштық - адам тіршілігі үшін қажетті қасиет.
Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:

  • ақыл - ой белсенділігі;

  • интеллектуалды белсенділік

  • танымдық белсенділік;

Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады.Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:

  1. Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы – зерт теу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде; 2.интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде;

Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды.Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады.Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .
Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие.Білім ді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукин а және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

    • Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин, Т.Рибо).

    • Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)

    • Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)

    • Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)

    • Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмты лыс (Н.А.Половников)

    • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А.Низамова)

    • Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)

    • Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет