1.5-сурет. Әдетте сандық зерттеулерде қолданылатын дедуктивтік тәсіл (Creswell & Creswell, 2020, 74б.) (жалпыдан жекеге қарай)
Зерттеуші теорияны нақтылайды немесе таңдайды
Зерттеуші зерттеу мәселелерін нақтылайды немесе теорияларды тексереді
Зерттеуші теория негізінде алынған айнымалыларды анықтайды және жиілендіреді
Зерттеуші балдар мен статистикалық деректерді алу мақсатында сандық құралдарды (мысалы, сауалнама жүргізу) пайдалана отырып, айнымалыларды(құбылыстарды) өлшейді және тексереді.
1.5-суретте көрініс тапқандай, зерттеуші сандық зерттеулерде теорияны дедуктивті түрде қолданады да, оны ұсынылатын зерттеудің басында келтіреді. Кресуэлл және Кресуэлл атап өткендей, «зерттеуші теорияны тексеру мақсатында емес, оны әзірлеу үшін деректерді жинап, оларды нәтижелермен бірге растау не жоққа шығару туралы ойланады. Теория сұрақтардың ұйымдасқан моделі немесе зерттеу болжамы, деректерді жинау үрдісі ретінде зерттеудің тұтастай негізі болып шығады» (Creswell & Creswell, 2020, 100-б.).
Сандық зерттеулерді ұйымдастыру барысында зерттеліп отырған әлеуметтік құбылысты қарастыруда пайдаланылатын теорияның немесе ұғымның жүзеге асуын есепке алу қажет (1.5-сурет, 4-қадам). Өз зерттеуіңізде сіз К. Маркстың таптық күрес теориясын қолдануды шештіңіз деп алайық. Осы теорияның негізінде сандық көрсеткіштер мен айнымалыларды қалай жасауға болады деген сұрақ сандық зерттеулерде теорияны/тұжырымды жүзеге асырудың әдіснамалық мәселесіне жатады. 1.4-кестеде ары қарай зерттеуге қатысушылардың сауалнамасы негізіне жататын сандық көрсеткіштерде К.Маркстың теориясын жүзеге асыру мысалы ұсынылады.
1.4-кесте Таптық күрес теориясы мысалында зерттеудің бекітілген дизайнындағы айнымалыларды жүзеге асыру үлгісі
Теория
|
К. Маркстың таптық күрес жөніндегі теориясы
|
Конструкт (ұғым-түсінік)(зерттеу пән)
|
Орта тап
|
Индикаторлары
|
Орташа байлық және өмір сүру деңгейі
Кәсіптің беделі
Өз ұстанымына деген сенімділік
|
Айнымалылар(құбылыстар)
|
Ай сайынғы табыс деңгейі
Білім деңгейі
Кәсібі
Өз табысын тұрақты бағалау
Өз жұмыс орнын тұрақты бағалау
|
Мәні
|
Өз табысының тұрақтылығын анықтау (4-5 баллдық бағалау межесі)
Өз жұмыс орнының тұрақтылығын анықтау (4-5 баллдық бағалау межесі)
|
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, теориялық ұғым-түсініктің көпшілігі квантификацияға (сандық бағалауға) бағынады. Сауалнамалық зерттеу (survey research) мәнмәтінінде «конструкт» (ұғым-түсінік) деп аталатын бөлік сауалнаманың ең маңызды да алғашқы өнімі болып табылады. Конструкт – зерттеушінің сауалнама сұрақтарының көмегімен өлшенетін жалпылама идеясы, басты тақырып немесе зерттеу пәні. Ол өзінің мазмұндық күрделілігімен ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде алғанда, олардың кейбірін қарапайым (мысалы, саяси партияға қатысты) деуге болады, тек бір немесе бірнеше сұрақ арқылы өлшенуі мүмкін. Ал басқалары күрделірек (мысалы, мұғалімдердің мектеп жағдайына қанағаттануы) болып келеді және оларды зерттеушінің толыққанды жүзеге асырып, аталған ұғым-түсінікті (конструкт) пайдалана алуы үшін бірқатар сұрақ қажет болуы мүмкін (Әлеуметтік ғылымдар зерттеу әдістерінің энциклопедиясы)8 .
1.6-сурет сапалық зерттеу теорияларын әзірлеудің индуктивті әдістерін ұсынады (Creswell & Creswell, 2020). Зерттеуші зерттеуге қатысушылардан сұхбат алып, деректерді жинауда деректердің бәрін бір тақырып төңірегіне жинайды9 . Тақырыптар, өз кезегінде, зерттеушінің тәжірибесі арқылы немесе аталмыш мәселе бойынша қолда бар әдебиеттермен салыстыратын тұжырымдамалар мен теориялар түрінде рәсімделеді (Creswell & Creswell, 2020).
Достарыңызбен бөлісу: |