Конспектісі «Экология»


Сулы түрде шаңды аулағыштар



бет40/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Сулы түрде шаңды аулағыштар. Сулы түрде шаңды тазалаудың аппараты кең түрде қолданылады. Өйткені ол бөліктер диаметрі 0,3…1,0 мкм болатын ұсақ дисперті шаңдардан тазалау нәтижелілігімен, сонымен қатар, шаңдардан ыстық және жарылатын қауіпті газдардан тазалау мүмкіншілігімен сипатталады. Бірақ сулы түрде шаңды аулағыштардың көптеген кемшіліктері бар, осыған байланысты оларды көп қолданбайды: тазалау үрдісінде шламның пайда болуы, сондықтан оны қайта өңдеу үшін арнайы жүйелер қажет; атмосфераға ылғалды шығару және шық нүктесіне дейін газды салқындатқанда газ жүретін тұрбаларда шөгінділердің пайда болуы; шаңды аулағышқа суды берудің айналмалы жүйесін жасаудың қажеттілігі.
Сулы түрде тазалаудың аппараттары шаңдар бөлігін немесе жер бетіне сұйықтық тамшысын немесе пленка бетіне сұйықтықты тұндыру қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Сұйықтыққа шаңның тұнуы инерция күшінің әсерінен немесе броундық қозғалыстың әсерімен болады.




Тазаланған газ




Су
4.4-сурет - Вентури скруббері

Осы негізгі күштерден басқа тұндыру үрдісіне турболентті диффузия, электрмен зарядталған бөліктердің қарым-қатынасы, конденсация үрдісі әсер етеді. Сулы түрде шаңды аулағыштарда газды тазалаудың барлық жағдайындағы маңызды фактор бөліктердің сұйықтықта суландырылуы болып табылады – суландырылу неғұрлым жақсы болса, одна соғұрлым тазалау үрдісі нәтижелі болады.
Тамшылар бетіне шаңды тұндыратын сулы түрде тазалайтын аппараттар арасында тәжірибеде қолдануға қолайлы Вентури скруббері (4.4-сурет) болып табылады. Скруббердің негізгі бөлігі –Вентури 2 арнасы, оның конфузорлы бөлігіне шаңданған газ тасқыны кіреді және орталық форсункадан 1 суландырылады. Конфузорлы бөліктегі арнада газды айдайды, ω=15…20 м/с жылдамдықтан 60…150 м/с жылдамдыққа дейін. Сұйықтық тамшысында шаңдар бөлігінің тұну үрдісі сұйықтық массасы, тамшылар беті соплдың конфузорлы бөлігіндегі шаң және сұйықтық бөлігінің жылдамдығымен дәлелденген. Тазалау нәтижелілігі арнаның конфузорлы бөлігінің қимасы бойынша сұйықтықты бөлуден тәуелді. Арнаның диффузорлы бөлігіндегі тасқын 15…20 м/с жылдамдыққа дейін тежеледі және тамшыны ұстағыштарға 3 беріледі. Тамшы аулағыштар әдетте турадәл циклон түрінде болады.
Вентурри Скруббері қоспалар концентрациясы 100 г/м3 дейін болған кезде бөліктердің орташа мөлшері 1...2 мкм болғанда және 0,96...0,98 аэрозолді тазалаумен қамтамасыз етеді. Суландыруға кететін судың шығыны 0,4…0,6 л/дм3 құрайды.
Бөліктерді тұндыру арқылы шаңдарды аулайтын аппараттардың бірі форсункалы скруббер болып табылады (4.5, а-сурет). Шаңданған газды тасқын 3 патрубок бойынша скрубберге түседі және судың айнасына бағытталады, онда ірі шаң бөліктері тұнады. 1 қораптың қимасы бойынша бөлінетін газды тасқын және ұсақ дисперсті шаң форсункалы белдік 2 арқылы скрубберге берілетін тамшылар тасқынына көтеріледі. Форсункалы скруббердегі судың шығыны 3,0…6,0 л/м3 құрайды. Форсункалы скрубберде жалпы тазалау нәтижелігі шамалы, 0,6…0,7 шегінде болады. Форсункалы скрубберде мөлшері 10 мм болатын бөліктер нәтижелі ұсталады. Форсункалы скруббер арқылы өтетін тазаланған газ сонымен қатар қанығу жағдайына дейін қанығады және салқындайды.



Тазаланған газ Тазаланған газ




4.5-сурет - Орталықтан тепкіш циклон

Орталықтан тепкіш аппарат (4.5, б-сурет) түрінде газды тасқынның айна-луында пайда болатын орта-лықтан тепкіш күштің көмегімен 2 сұйықтық плен-касына шаңдардың бөліктері лақты-рылады.
Қалыңдығы 0,3 мм аспайтын сұйықтық план-касы 1 арна арқылы суды берумен пайда болады және бункерге 4 шаңдар бөлігін бірге төмен ағызып алып кетеді. Осындай аппараттардағы шаңды тазалаудың нәтижелілігі аппарат 3 қорапшаның диаметрінен, шаңның дисперстілігінен және кіріс патрубоктағы газдың жылдамдығына тәуелді.
Соққылы-инерциялық аппараттар түрі 25…50 м/с жылдамдықпен қозғалатын шаңгазды тасқын 1800 бұрылғанда сұйықтық бетіне тұну қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Газ құрамындағы өлшенген шаңдардың бөлігі арнадан шыққанда инерция күшінің әсерінен тасқын кесіндісіне жете алмай сұйықтық бетіне түседі. Мөлшері 20 мм болатын бөліктер жақсы ұсталады. Соққылы-инерциялы аппараттардың артықшылығы – суды тазалауға кететін судың шығыны аз, ол 0,03 л/м3 құрайды және шламмен бірге сұйықтықты жоғалту және буланумен анықталады. Бұндай аппараттағы газды тазалаудың нәтижелігі сұйықтық айнасы және арнаның қиығы арасындағы арақашықтықтың өзгерісіне сезімтал болады.
Сулы түрде шаңды аулайтын аппараттарға опырылған және қотарылған торы бар барботажды-көбікті шаңды аулағыштар жатады (4.6-сурет).


Су
Тазаланған газ




2.6-сурет - Барботажды-көбікті шаңды аулағыш

Бұндай аппараттағы газ торға 3 түседі, тордың тесігі арқылы өтіп газды көпіршіктердің ішкі бетіне тұндырумен сұйықтық және көбік 2 қабаты арқылы барботтайды. Аппараттардың жұмыс тәртібі торға ауаны беру жылдамдығынан тәуелді. 1 м/с дейін жылдамдықта аппараттың барботажды жұмыс тәртібі байқалады. Аппарат 1 қорапшасындағы газ жылдамдығы 2,0…2,5 м/с өскенде сұйықтық бетінде көбік қабаты пайда болады, осыған байланысты газды тазалау нәтижелілігі ұлғаяды. Замандас барботажды-көбікті аппараттар су шығыны 0,4…0,5 л/м3 болғанда газды ұсақ дисперсті шаңнан 0,95…0,96 тазалаумен қамтамасыз етеді.
Барботажды-көбікті аппараттарды тәжірибеде эксплуатациялау опырмалы тор арқылы газды бірқалыпты бермеуіне өте сезімтал болатынын көрсетеді. Егер газды бірқалыпты бермесе, онда тордан сұйықтық пленкасы ұшып кетеді. Сонымен қатар, аппарат торы ластануға бейімді.




4.7-сурет - Электрлісүзгі
Э лектросүзгілер. Электрмен тазалау – газдарды ондағы өлшенген шаң бөліктерінен және тұманнан тазалаудың ең қолайлы әдісі. Бұл үрдіс корондаушы разряд зонасында газдың соққылы иондалуына, қоспа бөліктеріне заряд иондарын беру және қоспалар бөліктерін тұндырғыш және коронациялайтын электродтарға беруге негізделген.
Электросүзгіге түсетін ластанған газ әр түрлі ішкі әсерлер есебінен иондалған болып келеді, сондықтан олар екі электрод арасындағы кеңістікке түсе алатын мүмкіншілігі бар. Тоқ күшінің мөлшері иондар санынан және электрод арасындағы қысымнан тәуелді. Қысым өскен сайын электродтар арасындағы қозғалысқа көптеген иондар кіреді және қозғалысқа газ құрамындағы барлық иондар кіргенге дейін тоқтың мөлшері өсе береді. Сонымен қатар, тоқ күшінің мөлшері қысымның өсуіне қарамастан тұрақты болады. Ірі қысымда қозғалып келе жатқан иондар мен электродтар тез жылдамдықпен жүргенде газдардың молекулаларымен қақтығысып, оларды иондайды және бейтарап молекулаларды оң иондарға және электрондарға айналдырады. Пайда болған жаңа иондар мен электродтар электрлік өріспен тездетіледі және газдың жаңа молекулаларын иондайды. Бұл үрдіс газды соққылы иондау деп аталады.
Газды соғу әдісімен иондау цилиндрлік конденсатор сипатына келетін бір текті емес электрлік өрісте тұрақты ағады. Тұндырғыш 2 және тәждейтін 1 электродтар арасындағы саңылауда тұндырғыштан және тәждейтін электродқа немесе керісінше бағытталған күштің кесіндісінен 3 төмендейтін қысымның электрлік өрісі пайда болады. Электродтарға қысым түзеткіштен 4 беріледі (4.7-сурет).
Электросүзгілердің конструкцияларын жұмыс шарттары анықтайды: тазаланатын газдардың қасиеті мен құрамы, өлшенген газдардың қасиеті мен концентрациясы, газды тасқынның параметрі, тазалауға талап етілетін нәтижелік және басқалары.
Өнеркәсіпте сулы және құрғақ түрде тазалайтын электросүзгілердің бірнеше типтік конструкциясы пайдаланылады, оларды технологиялық лақтырыстарды тазалау үшін қолданады.
БГ (бірыңғайлы горизонталды) түріндегі құрғақ түрде тазалайтын электросүзгілер газды әртүрлі шаңдардан тазалау үшін қолдануға ұсынылады. Электросүзгінің қорапшасында тұндыратын және коронациялайтын электродтардың үш тобы орналастырылған. Электродтарға газды біртекті беру үшін сүзгі аузына бөлу торын орналастырады. Тұндыратын және тәждейтін электродтарды механизмдерді сілку көмегімен тазалайды.
Электросүзгілерді газды майлы тұманнан, шайырдан, өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы шаңдардан тазалау үшін де қолданады.


Тазалан-ған газ




4.8-сурет - Екіаумақты электросүзгі

Әртүрлі шаңдардан желдеткіш лақтырыстарды және рециркуляциялы ауаны тазалау үшін екіаумақты электросүзгілер қолданылады (4.8-сурет). Құрамына оң 1 және теріс 2 электродтар кіретін ластанған газ электросүзгіге ионизатор арқылы кіреді. Ионизатор шаңдар бөлігі 2 м/с жылдамдықта зарядталып үлгеретіндей және электродтарға тұнып үлгермейтіндей етіп жасалған. Шаңның бөліктері газды тасқынмен зарядталғаннан кейін тұнбаға түседі және пластин-электрод 3 және 4 жүйе ретінде болады. Зарядталған бөліктер тұндырғыш ауданында тұнады.
Электросүзгілердің эксплуатациялық сипаттамасы: олар сүзгі аузындағы жылдамдықтың бір текті өзгерісіне өте сезімтал. Тазалауда жоғары нәтижелілік алу үшін электросүзгілер аузындағы бөлгіш торларды қолдану, келетін газ жолын дұрыс ұйымдастыру көмегімен электросүзгіге газды бір текті беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет