Конспектісі «Экология»


Шаң, газ тәріздес лақтырыстарды тазалаудың әдісі және тәсілі



бет39/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

16.3 Шаң, газ тәріздес лақтырыстарды тазалаудың әдісі және тәсілі
Зиянды заттардың пайда болу көздерінен зиянды затарды тазалау – маңызды және шынайы міндет. Зиянды лақтырысы бар кәсіпорындарда шаңгазды ұстайтын қондырғылар болу керек және олар дұрыс жұмыс жасау үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Өнеркәсіптік шаң және тұманнан әуелі бассейнді қорғаудың негізгі шаралары шаң- және тұманды ұстайтын аппараттар және жүйелерді кең түрде қолдануды қарастырады. Тазалау үрдісінің қағидалы ерекшеліктеріне негізделген шаңды ұстау жүйелері классификациясынан шаңды тазалайтын жабдықты бес топқа бөлуге болады: құрғақ түрде шаңды ұстағыштар, сулы түрде шаңды ұстағыштар, электросүзгілер (сүзгілер), химиялық және термиялық өңдеу. Зиянды қоспалардан және олардың қосындыларынан ауаны тазалаудың әртүрлі әдістері тазалаудың жоғары нәтижелілігімен қамтамасыз етіледі. Әр түрдегі шаңды аулағыштар, оның ішінде электросүзгілер ауадағы концентрация қоспасы жоғары болған уақытта қолданылады. Сүзгілер қоспалар концентрациясы 100 мг/м3 аз болған жағдайда ауаны тазалау үшін пайдаланылады. Егер ауадағы концентрация жоғары болып ауаны дұрыс тазалау талап етілсе, онда жүйелі қосылған шаңды аулағыштар және сүзгілер көмегімен тазалайды.
Құрғақ түрде шаңды ұстау. Құрғақ түрде шаңды ұстауға Кориолис инерциясы, гравитация көмегімен механикалық жолмен ауа тасқынынан қоспалар бөліктерін тазартатын барлық аппараттарды жатқызамыз. Құрғақ түрде шаңды ұстағыштар циклонды, ротационды, боранды, тарамдалған, жалюзалы болып бөлінеді.
Газдарды құрғақ түрде ұстау үшін әр түрдегі циклондар қарастырылады (4.1-сурет).
Газды толқын корпустың ішкі беті жанамасы бойынша патрубок 2 арқылы циклонға кіргізіледі және бункерге 4 қарай корпус бойымен айналу-жіберу қозғалысын орындайды. Шаңдар бөліктерінің күшімен циклон қабырғасында шаң қабаты пайда болады және бұл шаң газдың бөліктерімен бункерге түседі. Бункерге түскен шаң бөліктерін газдан бөлу газ толқынын бункерге 1800 бұру көмегімен орындалады.







4.1-сурет - Циклон



Шаңнан босаған газды толқын боранның пайда болуына мүмкіндік беріп, бункерден шығады. Циклон тұрба 3 арқылы кетеді. Циклон дұрыс жұмыс жасау үшін бункер герметикалық болу керек. Егер бункер герметикалық болмаса, онда тұрба арқылы шаң толқынмен бірге шығады.
Олардың гидравликалық кедергісі төмен және жай циклон-дармен салыстырғанда тазалау нәтижелігі төмен. Тура дәл циклондар газды толқындарды ірі түйіршікті шаңнан тазалау үшін қолданады.
Циклонға газды толқын шамалы жылдамдықпен кіргенде СК–ЦН–34 циклоны нәтижелі жұмыс жасайды, сондықтан ол басқа циклондарға қарағанда шаңдарды уатуға арналған.
Газдардың массасын тазалау үшін – қатты отынды, шаңды және басқаларын жаққанда параллельді орналастырылған циклонды элементтерден тұратын батареялы циклондарды қолданады. Олар бір корпуста қосылған және газды жалпы береді және бөледі. Батареялы циклондарды эксплуатациялау дағдысы циклондардың тазалау нәтижелілігі циклонды элементтердің арасындағы газдың ауысуы бөлек элементтердің нәтижелілігінен төмен болатынын көрсетті.
Ротациялық шаңды аулағыштар (4.2-сурет) орталықтан тепкіш әрекеттегі аппаратқа жатады, ол ауа айналғанда шаңның ірі фракцияларынан тазартады (5…8 мкм аса). Жоғарыда көрсетілген қондырғымен салыстырғанда олар компакттық болып келеді, өйткені бір агрегатқа желдеткіш және шаң аулағыш орналастырылған.
1 желдеткіш дөңгелегі жұмыс жасаған кезде орталықтандырылған күшпен шаңдардың бөліктері спираль тәріздес қаптаманың қабырғасына қарай лақтырылады және 4 саңылауға қарай бағытталады. Шаңмен араласқан газ 3 арнайы саңылау арқылы шаң қорапшаға қарай шығарылады, ал тазартылған газ тұрбаға түседі.

Шаң
Тазаланған газ




4.2-сурет - Ротациялық
шаң аулағыш
Боранды шаңды аулағыштар, циклондар және ротациялық шаңды аулағыштар сияқты орталықтан тепкіш әрекеттегі аппаратқа жатады. Боранды шаңды аулағыштардың ерекшелігі – ұсақ фракциялардан (3…5 мкм төмен) газды тазалаудың жоғары нәтижелігі және оларға сүзгілермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Боранды шаңды аулағыштардың екі түрі болады: күрекшелі және арналы түріндегі боранды шаңды аулағыштар. Бұндай шаңды аулағышта шаңсыздандыру үрдісі келесі көрсетілген түрде болады: шаңданған газ майысқан патрубоктан камераға түседі. Алдын ала шаңданған газды камераға түсіру үшін камераға «розетка» түріндегі күрекшелі иірілгіш орналастырылады. Патрубокқа газ толқыны көтерілу барысында газ толқыны иірілгіштен келетін ауаға соғылады, осыған байланысты ол қайтадан айналмалы қозғалыс жасайды. Тасқынды айналдырғанда пайда болатын орталықтан тепкіш күштің әрекетімен шаңдардың бөліктері оның перифериясына ұмтылады. Одан спиральды ағыспен аппарат түбіне сақиналы тұрба арасындағы кеңістікте орналасады. Бункерге шаңдардың қайтымсыз түсуі тіректі шайбамен 3 орындалады.
Қосалқы ауаны беру еңкіш күрекшелері бар сақиналы бағыттағыш аппаратқа берудің конструкциясын қиындатады, бірақ газ тасқынының қарқынды айналуымен қамтамасыз етеді, демек тазалау үрдісін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қосалқы ауаның саны тазаланатын газ санынан 40…65% шегінде болады. Қосалқы ауа ретінде қоршаған ортаның ауасын, шаңданған немесе тазаланған газды қолдануға болады. Экономика жағынан қарасақ ластанған газды қолдану қолайлы. Бұл жағдайда қондырғының өнімділігі 40…65% өседі. Экономикалық ең қолайсыз вариант қоршаған ортаның ауасын пайдалану болып табылады және де бұл вариант алдын ала салқындатуды талап ететін ыстық газдарды тазалаумен аяқталады. Қосалқы ауа ретінде тазаланған газдың қайта өңделген бөлігін қолдануда тазалаудың жоғары нәтижелілігіне жетеді. Бұл жағдайда дұрыс тазаланбаған ауаның бөлігі – тасқын перифериясында – тазалауға қайта жіберіледі.
Тарамдалған шаңды аулағыштарда (4.3-сурет) қатты денелерден газды тасқынды бөлу гравитациялық және инерттік күштің іс-әрекетімен іске асырылады.


Тазаланған газ

Шаң

4.3-сурет - Радиалды шаңды аулағыш

Соңғысы газ тасқыны кіретін тұрбаның 2 қиылысында 1800 бұрылғанда пайда болады. Қорапшада 1 газдың көтерілу орташа жылдамдығы 1 м/с аспайды, сонымен қатар бөліктер тұну үшін бөліктер ұшуының жылдамдығы газ көтерілуінің жылдамдығынан болу керек. Мөлшері 25…30 мкм бөліктен газды тазалау нәтижелілігі 0,65…0,85 құрайды. Тарамдалған шаңды аулағыштар ұсақ дисперсті шаңдарды тазалау нәтижелілігі төмен болғандықтан өте жиі қолданылады.
Созып алу шатырлары әр түрдегі технологиялық жабдықтар үстіне қондырылады. Созып алу шатырларын механикалық және табиғи желдетуде қондыруға болады.
Жалюзді күлді аулағыштар ауаны жылытатын қондырғылардың бетін, түтінді сору роторлардың шаңынан сақтау мақсатымен күйеден түтінді газдарды тазалау үшін қазандықтардың газды трактосында қондырады.
Күлді аулағыш қондырғыдағы жалюзды тор жүрісі 50 мм болатын бұрышты болаттан 40х40 жасалған. Оны 7…8° бұрышпен вертикалды немесе горизонталды газ өтетін тура телімдерге орналастырады. Жалюзді тордағы бұрыштардың саны 11…75 дана, ал тордың биіктігі 595-тен 4038-ге дейін болады. Газ температурасы 450°С-тан аспау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет