Конспектісі «Экология»


Жер ресурстарын қорғау бойынша шаралар



бет52/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

18.3 Жер ресурстарын қорғау бойынша шаралар
Топырақтың қасиеттерін сақтау және жақсарту проблемасы аса маңызды болып табылады, өйткені қазіргі уақытта адамзатта ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды топырақ ресурстары жоқ деуге болады. ФАО бағалауы бойынша 70% дейін жер ресурстары аз өнімді пайдаланылатын жерлермен берілген, 20%-ін жайылымдар мен шабындықтар алып жатыр және тек 10%-і ғана ауылшаруашылығының дақылдарын өсіру үшін пайдаланылады. Келешекте 1…1,2 млрд. гектарды жыртуға болады. Бірақ бұл өте қымбатқа түседі, өйткені жыртылмай қалған жерлер - өте нашар жерлер: сорлар, сортаңдар, қуаң немесе батпақтанған, тасты, қатты балшықты немесе құмды, ауыр және қымбат тұратын жақсарту жұмыстарын талап ететін жерлер. Бұл кезде планетаның биосфералық кешенінің экологиялық теңестірілуін сақтап қалу қажеттігін есте сақтау керек, яғни ормандардың жеткілікті түрде үлкен алаңдары болу керек, қалалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, демалыс орындары және т.б. үшін жерлер керек.
Жер ресурстарын сақтау бойынша шараларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. топырақ эрозиясымен және басқа жағымсыз құбылыстармен күресу, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру;

  2. шөлейттер, батпақтар мен теңіздер есебінен жақсарту жүргізу арқылы аудандарды кеңейту;

  3. топырақтардың өндірістік, шаруашылық және адамның өзге қызметінің қалдықтарымен ластануын болдырмау, елді мекендердің топырақтары мен аумақтарын санитариялық тазарту.

Топырақтарды жел және су эрозиясынан қорғау үшін келесі шаралар әзірленген:

    • жел эрозиясы кең таралған аудандарда – егістер мен парктер жолақтық орналасқан топырақты қорғайтын ауыспалы егістер, көп жылдық шөптерден жасалған буферлік жолақтар, қар тоқтату, құмдарды бекіту және орман өсіру, алқапты қорғайтын орман жолақтарын өсіру, сондай-ақ алқаптар бетінде орылған егістің орнын қалдырып, топырақты үйіндісіз өңдеу;

    • су эрозиясы кең таралған аудандарда – топырақтар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін беткейлерге көлденең өңдеу, жерді контурлық жырту, жыртылатын қабатты бекіту және беттік сулардың ағындысын азайтатын, өңдеудің басқа тәсілдері;

    • таулы аудандарда – селге қарсы ғимараттар құрылғысы, террассалау, орман өсіру, беткейлерді көгалдандыру, малдың жайылуын реттеу, таулы ормандарды сақтау.

Топырақтардың сортаңдануымен бірнеше тәсілмен күресуге болады:

  • суармалаудың жаңа әдістерін қолдану – жаңбырлату арқылы, жабық құбырлармен суармалау, тамшылата және түбінен суармалау. Егер жер қарқынды екінші реттік сортаңдануға әлі ұшырамаса, берілген әдіс тиімді болады;

  • қыстың алдында немесе ерте көктемде шаюды қолдану, бұл тұздардың жердің төмен жатқан қабаттарына және топырақ суларына орын ауыстыруына себебін тигізеді. Алайда берілген шара қысқа мерзімді, қымбат тұратын және тиімділігі аз болып табылады. Шаюдың алдында топырақтың бетін терең жырту арқылы тегістейді, кейде су баяу сіңірілуі және ерітілген тұздарды тереңге алып кетуі үшін тырмалайды және жазады. Шамалы сортаңданған топырақтарда 1...2 шаю жеткілікті, ал қатты сортаңданған топырақтарда 4 және одан көп шаю керек;

  • топырақ суларын тігінен тартып шығару;

  • топырақты әктендіру немесе гипстендіру. Әктендіру – бұл топырақтың қышқылдылығын төмендету үшін топыраққа әк енгізу. Нәтижесінде өсімдіктер үшін зиянды қозғалмалы натрийдің әрекеті жойылады, пайдалы микроорганизмдердің тіршілік әрекеті және өсімдіктер үшін қоректендіру элементтерін жұмылдыру күшейтіледі. Әкпен бірге топыраққа әдетте кальций енгізіледі. Енгізілетін әктің мөлшері топырақтардың гидролитикалық диссоциациясының шамасымен анықталады және орта есеппен алғанда бір мәрте енгізу кезінде 1 гектарға 2...6 тонна СаСО3 және ауыспалы егіс бойынан 7...10 тоннаға тең. Гипстендіру немесе топыраққа гипсті енгізу, натрийға және содаға бай сорлар мен сортаңды топырақтар үшін қолданылады. Бұл кезде жұтылған натрий кальциймен ауыстырылады, соданың зиянды әрекеті жойылады, топырақтың агротехникалық қасиеттері жақсарады. Гипстендіру бидай, тазартылмаған мақта, қант қызылшасы өнімдеріне жақсы түсім береді. Гипстендіру үшін ұнтақталған гипс қолданылады, ал фосфогипс болса, тіпті жақсы болады. Орта есеппен алғанда тыңайтқыш құрамына 1 гектарға 3...4 центнер енгізіледі, ал жұтылған натрийді толығымен ауыстыру үшін - орта есеппен 1 гектарға 10...25 тонна және одан артық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет