Литосфера – бұл жердің қатты қабығы (тереңдігі 200 км жуық), оның астында мантия және ядро бар.
Топырақ – бұл климаттың, биологиялық факторлардың және адам қызметінің әсер етуімен үздіксіз өзгеретін, жердің құнарлы қабығының борпылдақ беттік қабаты. Бұл биосфераның өмірдің аса жоғары тығыздығымен және тірі заттың аса көп геохимиялық энергиясымен ерекшеленетін бөлігі. Топырақ пен организмдер биосфераның алғашқы құрылымдық бірліктерін – биогеоценоздарды құрайды, олармен биомасса және биоөнімнің құрылуы, зат пен энергия алмасуы, биосферада органикалық заттың жиналуы және т.б. байланысты болады.
Топырақтың 70…80%-і минералдық заттардан – топырақ түзуші жыныстан және 20…30%-і органикалық бөліктен тұрады. Топырақ түзуші жыныстардың типі топырақтардың сипатын анықтайды – құмды, балшықты, сазды және т.б. Топырақтардың қасиеттеріне, топырақтың түзілу сипатына әртүрлі топырақ түзуші факторлар: климат, бедер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, микроорганизмдер, гидрологиялық шарттар, адамның қызметі әсер етеді.
18.2 Жер ресурстары мен топыраққа жағымсыз әсер ету түрлері Адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тас материалдары мен табиғи суларды алғаш рет пайдаланған кезден бастап, литосферамен, жер ресурстарымен тығыз байланысты. Алдымен оның геологиялық қызметі жер бетінің өзімен ғана шектелген болатын, кейіннен адам металды, мұнайды, көмірді, артезиан суларын өндіре бастады. Қазіргі уақытта жер бетіне көптеген миллиондаған тонна пайдалы қазбалар жеткізіледі, тұщы және минералданған сулар тартып шығарылды, қоршаған ортаның жағдайын нашарлататын, оны техногенді өнімдермен ластайтын, тау-кен жұмыстарының, өнеркәсіптің басқа салаларының көптеген қалдықтары жинақталуда.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму және қоймаландырупроблемасы өте маңызды болып табылады. Бұл – бос жыныстар, қалдық қоймасының, күл, шлак қоймасының, қоқыстар үйіндісінің және т.б. террикондары. Қазақстан Республикасында 21 млрд. тоннадан артық өндіріс және тұтыну қалдықтары жинақталған, оның ішінде - 5,2 млрд. тонна улы қалдықтар, олардың 4 млрд. тоннаға жуығы – тау-кен өндірісінің үйінділері, 1,1 млрд. тоннасы – байыту қалдықтары және 105 млн. тонна – металлургиялық қайта жасау қалдықтары. Жыл сайын 1 млрд. тоннаға жуық өнеркәсіптік қалдықтар құралады,
олардың ішінде 100 млн. тоннадан артық емес мөлшері және 14 млн. м3 тұрмыстық қалдықтар пайдаланылады.
Геологиялық ортадағы өзгерістер көбінесе құлауды, сырғымаларды, іргетастар негіздерінің деформациясын тудырады. Динамикалық жүктемелер, дірілдер жер бетінің түсуіне әкеліп соғады. Жер қойнауларынан пайдалы қазбаларды күш салып алудың, ірі инженерлік ғимараттар (ең алдымен су қоймалары), жерасты ядролық жарылыстар ауданында геостатикалық жүктемелерді қайта үлестірудің және басқа факторлардың әрекетінің нәтижесінде, жер қыртысының шөгу жылдамдығы 1...2 ретке ұлғаяды. Мұндай құбылыстардың нәтижесінде тураланған сейсмикалылықтың пайда болуы мүмкін. Ірі инженерлік ғимараттардың салынуымен тудырылған, жер сілкіністерінің ошақтары, әдетте 5...8 км тереңдікте орналасады. Жер сілкіністерінің магнитудасы 4...6 баллға дейін жетуі мүмкін. Мысалы, Койн су қоймасы ауданындағы жер сілкінісі (Индия, көлемі 2,7 км3, көлемі бойынша әлемдегі үшінші су қоймасы) 6,3 баллға жетті және жер бетінде жарықшақтар пайда болды, бөгеттер бұзылды.
Топыраққа жағымсыз әсер ету түрлерінің бірі оның эрозиясы болып табылады. Топырақ эрозиясы деп топырақ жамылғысы бұзылуының және су мен жел ағындарымен шығарылуының алуан түрлі процестерін түсінуге болады. Топырақ эрозиясы табиғи геологиялық процесс болып табылады. Табиғи эрозия өте баяу жүреді, сондықтан топырақтың үрлеу мен шайылудан бұзылуы және шығындалуы топырақ түзілу процестерімен теңестіріледі. Сонымен бірге, адамның өзі эрозия процестерін жеделдету үшін жағдай жасайды (жерді дұрыс суландырмау, агротехниканың бұзылуы, ормандарды кесу және т.б.). Топырақ шығындарының топырақтың табиғи түзілу процестерімен орны толтырылмайды да, топырақ жартылай немесе тіпті толығымен өзінің құнарлылығын жоғалтады. Топырақ эрозиясының бірнеше түрлерін ажыратады. Жел эрозиясы әдеттегідей, қуаңшылық аймақтарында, құрамында көптеген ұсақ шаң тәрізді бөлшектері бар және өсімдіктері жоқ топырақтарда таралған. Су эрозиясы жазықтық, ағыстық, жыралық, сондай-ақ сел ағындары және сырғымалар түрінде болуы мүмкін. Жазықтық эрозиясы кезінде топырақтың беттік қабаты еріген сулармен және жаңбырлармен аса төмен жерлерге шайылады. Ағыстық эрозия көктемде қар қарқынды еріген кезде және қатты нөсерлер нәтижесінде өсімдіктері жоқ беткейлерде дамиды. Жыралық эрозия ағаштары жоқ, өсімдіктері нашар дамыған беткейлерде дамиды. Сел ағындары мен сырғымалар – таулардағы су эрозиясының аса қауіпті түрлері. Олардың пайда болуының басты себебі – беткейлер бойындағы орманның дұрыс кесілмеуі, сондай-ақ, малдың шамадан тыс жайылуы және қар көшкіндері. Жағалық эрозия өзендер жағаларының шайылуымен байланысты, ол адамның ықпалынсыз да болуы мүмкін. Сондықтан өзендердің жағаларын, су қоймаларын және каналдарды бекіту әбден қажет. Қазақстанда эрозияға ұшыраған жерлер 18…20 млн. жуық гектарды құрайды.
Жерді суландырудың нашар бақылануы, жайылымдардың орынсыз пайдаланылуы, орманды кесу көбінесе батпақтар мен шөлдердің пайда болуына әкеліп соғады. Шөлге айналу - табиғи экожүйенің тұтас өсімдік жамылғысын, оны әрі қарай адамның қатысуынсыз қалпына келтіру мүмкін еместігімен жоғалтуына әкелетін процесс. Табиғи және басым көпшілігінде антропогендік факторлар (ормандарды жою, жайылымдарды шамадан тыс пайдалану, жерлерді суармалау кезінде су ресурстарын орынсыз пайдалану және т.б.) нәтижесінде болады. БҰҰ мамандарының есептері бойынша, "жасанды" шөлдердің ауданы 9 млн. км2 артық. Бұрынғы КСРО-ның азиялық бөлігінде аумағының 55%-і шөлге айналған жерлерге келеді. Қазақстан Республикасында оған топырақ және өсімдік жамылғысының құнарсыздануы жататын, шөлге айналу процесін жеделдетудің даму бағыты бар. Тұтас алғанда шөлге айналған жерлердің ауданы 179,9 млн. артық гектарды немесе ел аумағының 60%-тен астамын құрайды. Шөлге айналу және жайылымдардың құнарсыздануы нәтижесінде Қазақстанның жыл сайынғы шығындары 1 млрд. жуық долларды құрайды. Жайылымдарды қалпына келтірудің құны шамамен 10 млрд. долларға тең.