Батпақтану – табиғи және антропогенді факторлардың нәтижесінде табиғи ландшафттардың гидрогенді сукцессиясы. Топырақ және беттік сулардың көтерілуінен, атмосфералық жауын-шашындардың мол түсуінен, агротехниканың орынсыз әдістерінен (жерді суландыру ғимараттарын салу, ауылшаруашылығының ауыр техникасын қолдану) және т.б. болады. Қазақстан Республикасында жерлердің батпақтану проблемасын маңызды деп айтуға болмайды.
Топырақтың сортаңдануы сондай-ақ, табиғи (бірінші реттік сортаңдану) және антропогенді (екінші реттік сортаңдану) факторлармен себептелген. Ол топырақтардың сортаңданғандығымен, дұрыс суармаламау кезінде топырақ немесе беттік сулармен тұздардың шығарылуымен себептелуі мүмкін. Бұл топырақтар қуаңшылық аудандарында аса кең таралған (құрғақ далалар, шөлейттер, шөлдер); олар сорлармен және сортаңдармен берілген. Сорлар – сортаңдану дәрежесі жоғары, күңгірт тұздармен жабылған топырақ типі. Сортаңдар – құрамында жұтылған натрийдің едәуір мөлшері бар және жер бетінен қандайда бір тереңдікте тез еритін қосылыстары бар топырақтар. Құрамында өсімдіктер үшін улы салмағы бойынша 0,1% артық тұздар болғанда топырақ сортаңданған болып саналады. Тұздардың құрамын 1% дейін ұлғайту түсімділікті үштен бір бөлікке төмендетеді, ал 2…3% дейін – егістің шықпауына әкеліп соғады. Сортаңданудың пайда болу себебі – алқаптарды су басу әдістерімен немесе арықтар құрылғысымен суармалау. Мұндай тәжірибе кезінде алдымен су көп сүзіледі. Тұздар төмен қарай шайылады, түсімділік артады. Бірнеше жылдан кейін кері процесс жүреді: топырақ суларының деңгейі жоғарылайды, сүзу азаяды, булану ұлғаяды да, тұздар топырақ бетіне шығарылады. Қазақстанда сортаңданған жерлердің ауданы 200 мыңнан астам гектарды құрайды.
Топырақтың құнарсыздануы үлкен мөлшерлердеқоректендіру заттарын алу арқылы жерлердің асқын жүктелуімен байланысты. Топырақтар органикалық заттарын – қара шіріндіні жоғалтады, ол құнарлылықты қамтамасыз етеді; топырақтың құрылымы, су және ауа режимі нашарлайды, биогенді және тотығу-тотықсыздану режимін нашарлатып, тығыздалу пайда болады. Жыртылған жерлер ғана емес, сонымен бірге, жайылымдар мен шалғындар да құнарсызданады.
Адамның қызметі жердің техногенез өнімдерімен ластануына, литосферадағы химиялық элементтердің табиғи жылыстауының бұзылуына әкеліп соғады.
В.Б. Кадацкий және К.И. Лукашев "техногенді морфогенез" ұғымын енгізді, оның астарында қоғамның техногенді қызметімен байланысты бедер жаралу түсіндіріледі. Нақты түрде техногенді морфогенез үстіңгі беттегі, не болмаса жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі (террикондар, үйінділер, картерлер, шахталар және т.б.) өндірістік қызметтің нәтижесі болып табылатын, рельефтің (техноформалардың) көптеген түрлерінің құрылуынан айқындалады.