Конспектісі «Экология»



бет53/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

Батпақтанған жерлерді басқа агротехникалық тәсілдермен қатар құрғату жұмыстарын жүргізу жолымен кептіреді.
Жерлерді шөлге айналудан сақтаудың басты шарасы орман отырғызу және теріскен, камфоросма және т.б. сияқты бұталар мен шала бұталардан жасанды бір жылдық жайылымдар жасау жолымен топырақтың үрленуін болдырмау болып табылады. Құмдарды механикалық тәсілдермен 2…8 м арақашықтықта соқалық бораздаларға қойылған қамыстан, биіктігі 0,5…0,8 м құмды сұлыдан жасалған бауларды орнатудың, сабаннан, шөпшектен жасалған және топырақтың бетінде ені 1…1,5 м немесе тұтас жолақтармен салынған, төсек құралдарының көмегімен беріктендіреді. Құмдарды құмды сұлыны, түйе бұршақты, жоңышқаны және тағы басқа қуаңшылыққа төзімді шөптерді егудің көмегімен беріктендіреді.
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру (құнарсыздануды болдырмау) бойынша аса маңызды шаралар мыналар болып табылады:

  • органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу, ауыспалы егіс мерзімдерін сақтау және арам шөптерді жою арқылы топырақты өңдеу;

  • көлденең егістерде күздің соңында жер жырту; елеулі еңістердегі топырақты арнайы өңдеу; жыра түзілуімен күресу үшін гидротехникалық ғимараттарды қолдану; осы мақсатта ағаштар мен бұталар отырғызу;

  • көктемде топырақты үйіндісіз қарулармен өңдеу; топырақтың кесекті құрылымын сақтау немесе қалпына келтіру.

Топырақ жамылғысының техногенді қызмет өнімдерімен ластануын болдырмау мақсатымен әртүрлі шаралар жүргізіледі. Соның ішінде топырақтағы ластаушы заттардың шектеулі мөлшерлі шоғырлану деңгейлерін анықтау да бар. Топырақтағы ластаушы заттарды нормалау принциптері оларды суаттар, атмосфералық ауа және тағам өнімдері үшін нормалау негізіне салынған принциптерден едәуір ерекшеленеді. Айырмашылық мынамен себептелген: ластаушы заттар топырақ арқылы адам организміне тікелей көп түспейді, онымен тікелей жанасудың аз ғана жағдайларымен шектелген (жерді қолмен өңдеу, топырақ шаңы және т.б.). Топыраққа түскен химиялық заттар, адам организміне басты түрде топырақпен түйісетін орта: су, ауа және өсімдіктер арқылы, топырақ - өсімдік – адам; топырақ - өсімдік – жануар – адам биологиялық тізбектері бойынша және т.с.с. келеді. Сондықтан топырақтағы химиялық заттарды нормалау кезінде онымен тікелей түйісу кезінде топырақ білдіретін қауіптілік қана емес, сонымен бірге басты түрде топырақпен түйісетін орталардың екінші реттік ластануының салдары да ескеріледі.
Қазір топырақтың санитариялық жағдайы негізінде химиялық, бактериологиялық және санитариялық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Химиялық көрсеткіш – санитариялық сан, яғни топырақтың белокты азотын азоттың жалпы санына бөлуден шыққан бөлінді. Бұл кезде әдетте 100 г құрғақ топырақ алынады. Таза топырақ үшін бұл көрсеткіш – 0,98-ден 1-ге дейін, қатты ластанған топырақ үшін 0,7 және одан төмен болады. Бактериялық ластану ішек таяқшасының титрларын және анаэробтарды көрсетеді, олар топыраққа фекалиялармен түседі. Бұл титр неғұрлым аз болса, топырақ соғұрлым ластанған болады.
Санитариялық көрсеткішті реттеу үшін топырақ пен жерлерді санитариялық қорғау жүргізіледі, оған топырақты тұрмыстық қоқыстан, микробтардан, споралардан және басқа әртүрлі ауруларды қоздырғыштар мен таратқыштардан қорғау кіреді. Бұл жағдайда өндіріс, тұтыну және коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтың әртүрлі қалдықтарын жою және қайта өңдеу аса маңызды проблема болып табылады. 4.1-суретте Қазақстан Республикасындағы қалдықтардың жалпы көлемдері көрсетілген.
Қалдықтарды жоюдың бірнеше негізгі әдістері бар: қоқыс үйінділерін, үйінділерді, жинақтағыш-полигондарды ұйымдастыру, жағу, пиролиз, сондай-ақ, тауар өнімін өндіру үшін екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қалдықтарды қайта өңдеу.
Қоқыс үйінділері деп нормативтік талаптарға сәйкес жайғастырылмаған және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау талаптарының ауытқуымен пайдаланылатын қалдықтардың орналастырылуын атайды.
Полигон – қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін, ауру тудыратын микробтардың таралуына кедергі келтіретін қалдықтарды орталықтандырылған түрде жинауға, зиянсыздандыруға арналған табиғатты қорғау ғимараты. Полигондар топырақ және беттік суларды құрғатуға арналған жүйемен, қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің жағдайын бақылау жүйесімен жасақталған, полигонның түбі мен жағаларына бетоннан, балшықтан немесе басқа материалдардан жасалған оқшаулаушы қабат төселген.
Жағу – газ тәрізді өнімдер мен күлдің пайда болуына әкеліп соғатын, қалдықтарды отқа жағу арқылы жою әдісі.
Пиролиз – термохимиялық процесс, онда қалдықтардың органикалық бөлігі ыдырайды және арнайы реакторларда жоғары температураның әсер етуімен пайдалы өнімдер алынады.
Жер ресурстары мен топырақты қорғау мен сақтаудың маңызды шараларының бірі жерлерді қайта құнарландыру болып табылады. Қайта құнарландыру деп бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге, сондай-ақ, қоршаған ортаның жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін түсінеді. Пайдалы қазбаларды қазу және өндіру, жолдарды, гидротехникалық ғимараттарды және т.б. салу кезінде көптеген бұзылған жерлер пайда болады. Сондықтан олардың қызметі жерлерді бұзумен байланысты кәсіпорындарда, қайта құнарландыру технологиялық процестердің ажыратылмас бөлігі болу керек. Қайта құнарландыру кезінде екі кезеңді ажыратады: техникалық (бөктерлерді жоспарлау, қалыптастыру, топырақ қабатын салу) және биоло-гиялық қайта құнарландыру – агротехникалық және фитожақсарту шаралары (көп жылдық шөптер, бұталар отырғызу) кешенін қосқанда, құнарлылықты қалпына келтіру.
Жерді пайдалану облысындағы қоғамдық қатынастар 24.01.2001ж. қабылданған (1.09.2002ж. алғанда өзгерістерімен және толықтыруларымен), Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңымен реттеледі. Берілген заң актісі бойынша Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады; сондай-ақ, жер учаскелері Заңмен белгіленген негізде, шартта және шамада жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерлерді қорғауға қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерлерді орынды пайдалануға, жерлерді ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алуды болдырмауға, сондай-ақ, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен жоғарылатуға бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушы, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесі кіреді. Жерлерді қорғаудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  • жерлердің құнарсыздануын және бұзылуын, өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орманды жақсарту және басқа шараларды жүргізу жолымен, шаруашылық қызметінің басқа қолайсыз зардаптарын болдырмау;

  • құнарсыздандырылған немесе бұзылған жерлердің жақсартылуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

  • жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін практикаға ендіру.

Жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар:

  • жерлерді су және жел эрозиясынан, селдерден, екінші реттік сортаңданудан, ластанудан, батпақтанудан, құрғаудан, басқа бұзылу процестерінен қорғауға;

  • ауылшаруашылығы жерлерін өсімдіктер зиянкестерімен және ауруларымен жұқтырылудан, арам шөптер, бұталар мен тоғайлы жерлер басуынан, жер жағдайының нашарлауының өзге түрлерінен қорғауға;

  • бұзылған жерлерді қайта құнарландыруға, олардың құнарлылығын және жердің басқа пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруге және оны шаруашылық айналымына дер кезінде қатыстыруға;

  • жердің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.

Жаңа және қайта жаңартылатын үймереттер мен басқа объектілерді орналастыру, жобалау және іске қосу кезінде, жерлердің жағдайына жағымсыз әсер ететін, жаңа технология мен техниканы ендіру кезінде жерлерді қорғау бойынша шаралар көзделу және жүзеге асырылу керек, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және басқа арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердің, нормативтердің) сақталуы қамтамасыз етілу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет