Тарату арналар олардың деңгейлерін құраушы сандары бойынша сипаттауға болады. Тарату арналарының деңгейі – бұл тауарды түпкі сатып алушыға жақындату бойынша қандайда бір жұмысты орындайтын кез–келген делдал. Арнаның ұзындығы ондағы аралық делдалдардың санымен анықталады.
Тауар қозғалысының арналары – бұл тауарлар өндірушіден тұтынушыларға жылжып жететін жол болып саналады. Соның арқасында кімдер тауарды пайдаланғысы келеді, тауарлар мен қызметтерден бөліп тұратын уақыт, орын және меншік құқық арасындағы үлкен алшақтықтар жойылады. Маркетинг жүйесінде тауар қозғалысы арналары алуан–түрлі қызметтерді орындайды:
өткізуді ынталандыру – тауар туралы хабарларды жеткізетін коммуникацияларды құру және тарату;
байланыстар орнату - әлеуеттік сатып алушылармен байланыстарды қалпына келтіру және ұстап тұру;
тауарды бейімдеу – сатып алушылардың талаптарына тауарды келтіріп отыру.
Жарнама – бұл белгілі бір демеушінің атынан идеяларды, тауарлар немесе қызметтерді алға жылжытудың жеке көрсетілмейтін кез–келген ақылы формасы.
Оның үлкен және географиялық жағынан шашыраған нарықты өзіне тарта алушылығы, жарнаманың оңды жақтарының бірі болып саналады. Өндіруші өзінің өнімдерін өткізу мүддесі тұрғысынан, оны болашақ иегерлерінің қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыратындай етіп жасайды. Осы мақсатпен өндіруші сондай-ақ, буып–түюден, сатудан кейінгі сервиске дейін – сатып алушы үшін қызмет көрсету кешенін жасайды. Дегенмен, тұтынушы тауардың қандай екендігін және оны сатып алудың ыңғайлылығын бағалау үшін, ең алдымен қарапайым түрде ондай тауардың бар екендігін білуі қажет, осы мағынада жарнама–маркетингтің ең басты қызметі болып саналады.
Сондай–ақ, қажет тауарларды қайда сатып алу және оның қандай тауар екендігін білудің одан басқа да көптеген тәсілдері бар. Бірақ, қоғамның молшылыққа қарай алдыға жылжыту мүмкіндігі және нарықтың тұтынушылар нарығына айналуы, тіпті тауар туралы болу процесінің өзі өндірушілер үшін өте маңызды іс. Сондықтан қазіргі өндірушілер адамдардың қандай бір қажеттіліктерін қанағаттандырушы тауарлардың бар екендігі жайында тұтынушыларға тұрақты түрде хабарлап отырады.
Жарнама ерекшеліктері: