12-тақырып.Қаржы жоспары. Негізгі қаржылық көрсеткіштер мен болжамдар. Кәсіпкерлік тәуекелдердің мәні, жіктелуі және басқарылуы. Жобаны іске асырудың тәуекелдері-4 сағат.
Дәріс жоспары
1. Қаржы-бизнес-жоспардың ең басты бөлігі.
2. Бизнес-жоспардың тәуекелі.
Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі соңғы орында тұр, себебі бұл бөлімде біз алдыңғы бөлімдерде жоспарланған және талданған барлық нәрсені пайдаланамыз.Бизнес-жоспардың қаржылық бөлігі біздің бизнес идеямыз қаржылық өмірге қабілетті ма, жоқ па, және осы бизнесті бастау керек пе? Біз көптеген нәрселерді жоспарладық және қарастырдық, оның ішінде қалай өндіру, сату, жалақы қанша ақша кейінге қалдыру және т.б. бірақ енді біз осы жоспарлар тұрақты немесе жоқ екенін тексеру керек.
Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімін не қамтуы тиіс?
Қаржылық жоспардың қысқаша мәліметтері.
Бастапқы қаржыландыру көздерінің сипаттамасы.
Негізгі қаржылық болжамдар.
Негізгі қаржылық көрсеткіштер.
ROI кестесі.
"Пайда / шығындар" болжамын көрсету.
Ақша ағындарының болжамын көрсету.
Баланстық болжам.
Тәуекел-бұл жағымсыз оқиғаның пайда болу ықтималдығы, оның әрекеті ресурстардың кейбір бөлігін жоғалтуға, толық көлемде пайда алуға немесе шығыстардың қосымша бабының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Көптеген тәуекелдер бар, сондықтан кәсіпкерлер барынша ықтимал болып табылатын тәуекелдерді бағалау керек. Ол үшін сізге керек:
Барлық ықтимал тәуекелдерді анықтау;
әрқайсысының келу ықтималдығын бағалау;
пайда болған кезде күтілетін шығындарды есептеу;
пайда болу ықтималдығы бойынша тәуекелдерді тану;
тәуекелдің рұқсат етілген деңгейін анықтау және пайда болу ықтималдығы рұқсат етілген деңгейден төмен тәуекелдерді ескермеу.
Бизнес-жобалардың тәуекелдері мынадай себептер бойынша пайда болуы мүмкін:
ақпараттық ресурстардың жеткіліксіздігі;
оқиғалардың алдын ала болжанбаған болуы;
ішкі және сыртқы ортада (бәсекелестер, қызметкерлер, билік, мердігерлер және т.б.) саналы іс-қимыл жасау кезінде.
Жобаның барлық тәуекелдері уақтылы сәйкестендірілуі және бағалануы, содан кейін олардың салдарын азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуі тиіс. Осылайша, тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:
Тәуекел факторларын сәйкестендіру;
тәуекел факторларын сандық және сапалық талдау;
тәуекелдерді болдырмау немесе олардың салдарларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау;
тәуекелдерді басқару мониторингі;
тәуекелдерді басқару тәсілдерін, сондай-ақ оларды қолдану дәйектілігін айқындау; болашақта тәуекелдерді болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Тәуекел – ресурстарға қатысты сіздің шығындалуыңыздың (қаупі) ықтималдығы, өндірістік және қаржылық қызмет нәтижесінде қосымша шығындардың туу қаупі немесе табыстарды ала алмай қалу қаупі.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік тәуекел - кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материялдық шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натурлды сипаттағы материялдық объектілердің тікелей шығындары (үйлер ,ғимараттар,өнім,жартылай шикізаттар ,материялдар ,шикізаттар,құраушы бөліктер)
Еңбек шығындары-кездейсоқ немесе күтпеген жағдайлардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану(өлшем бірлігі-«адам-сағат»немесе адам және күн)
Қаржылық шығындар - тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ашалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардың жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қағазды әртүрлі себептерден ала алмауы нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары - кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімнен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, айлармен,тәуліктермен өлшенеді ) пайда болады
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар
кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
өндірілетінөнімгесұраныстыболжау;
тәуекелділіктіжобағақатынасушылардыңөзарабөлісуі;
сақтандыру;
болжамсызшығындардыжабуғакеректіқаражаттыкезеккеұстау.
Тәуекелдер түрлері.
Өндірістік
Коммерциялық
Қаржылық
Инвестициялық
Нарықтық
Бақылау сұрақтары:
1.Тәуекелдер түрлері.
2.Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау.
3.Ситуациялық жағдайды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |