2-Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет мазмұны. Кәсіпкерлік ойлау. Кәсіпкерлік түрлері-2сағат. Дәріс жоспары 1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
2. Кәсіпкерлік ойлау.
3. Кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері.
4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің түрлері.
5. Инновациялық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Кәсіпкерлік ойлауды дамытудың 6 жолы: 1.Сізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Сіз беріліп жұмыспен айналыссаңыз, әлем салынған күш-жігеріңізді ақша түрінде қайтарады.
2.Бар нәрсеге қуаныңыз, бірақ әрқашан көп нәрсені қалаңыз. Бұл Сізге әрқашан алға жылжуға мүмкіндік береді.
3.Дұрыс ортаны жасаңыз. Сіз ұмтылған нәрсеге қол жеткізген адамдармен сөйлесіңіз.
4.Адамдарға не қажет деп ойлаңыз. Сіз өз клиенттеріңізге қажет нәрселерді ұсынғанда ғана пайда табуға болады.
5.Қателерді жасауға қорықпаңыз. Қателіктен оқиды.
6.Ең алдымен өзіңізге салым жасаңыз, оқуды және дамуды тоқтатпаңыз.
Кәсіпкерліктің субъектілері:мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. “Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.